Баяндама «Баланы тәрбиелеудегі заманауи технологиялардың маңызы мен орны»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Баланы тәрбиелеудегі заманауи технологиялардың маңызы мен орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
бәріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Баланы тәрбиелеудегі заманауи технологиялардың маңызы мен орны»

«Бала жүрегі – кішкентай күйсандық.

Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Тәрбиеші қолында әр кезде сол кілт жүруі керек»

дейді заңғар ақын Мұхтар Шаханов.


Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті балабақша түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».(Н.Ә.Назарбаев).
Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану.

Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы мемлекеттік білім сапасын арттыру.

Қазіргі кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «ХХІ ғасыр бәсеке ғасыры, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, әрбір білікті, білімді педагогтардың міндетті» деп айқындап айтып берді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі екені баршамызға мәлім. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің іс-тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді бірнеше технологияларды пайдалана отырып сабақ жүйесінде қолдандым. Ақпараттық технология арқылы сабағымды өттім.



Қорытынды: Осы сабағым барысында ата-аналармен бірге өткізілді және де ата-аналарда өзінің ой пікірін айтты.Сабақ барысында қолданылған технологияларым.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиымды әдістерінің бірі - ой толғаныс.Ой толғанысы әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады.

Мыс: Жұмбақ шешу, суретті ребустар арқылы.Осы әдістің ішінде сабақ барысында балаларды жұмбақ шешу арқылы шапшаңдыққа,ойлау қабілетін дамытуға,қандай бейнені жасырып тұрғандығын таба білуге үйрету.Сабақ барсысында дамыта оқыту технологиясының ой толғаныс әдісі қолдандым.

Монтессори технологиясы.Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Монтессори технологиясындағы балаларға құрастыру әдісін алдым.

Ғажайып сәт.Балалар суретті ойын арқылы құрастыруды сабақ барысын түсінеді және де сауал арқылы түсініп жауап беріп оны тез арада құрастырады.Сұрақ жауап әдісінде қолдандым.Дамыта оқыту технологиясының ішіндегі ассоциация әдісін қолдандым.
Қазіргі таңда білімді ұрпақ келешек кепілі демекші, міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, жан-жақты біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді. Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын   баланың өсіп, өмір сүретін орыны.













Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.

2. Қазіргі заман оқыту технологияларының теория-әдіснамалық негіздері М., Педагогика, 1989.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
1009
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі