Материалдар / Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу."

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне оқу әдістемелік материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
1782
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

   Оқыту  барысында  шәкірттердің

 танымдық  қызығушылығы  мен  ізденімпаздығын 

арттырудың  маңызы  зор.

Сократ.

Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет дәрежесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттардың бірі-өз жеткіншегін жан-жақты дамыған, парасатты адам етіп тәрбиелеу болып отыр.

 Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

        Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше.

      Менің  ұстаздық тәжірибемде, оқыту-тәрбиелеу  барысында алдыма қойған мақсатым – әлемнің  бүтіндей  бейнесін  қабылдай  алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасайтын  жаңаша,  тәуелсіз  ойлай  алатын   шығармашыл  тұлға  қалыптастыру.

Шығармашылық-бұл адам іс-әрекетінің түрі, бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімі дер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.

Өзім жетекшілік ететін сыныбымда ана тілің терең оқыту арқылы баланы шығармашылыққа баулуды мақсат тұттым.

Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс шәкірттерге қосымша тапсырмалар беріп отыруға тура келді. (Әрине, баланың денсаулығын, қабілетін есепке алып).

Атап айтқанда, алғашқы күннен бастап, тілді жаттықтыру үшін, өлең, тақпақты ата-аналар көмегімен жаттауды қолға алдым.

Сюжетті суреттер бойынша сұрақ, жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме айту. Мектеп, сынып, жыл мезгілдері туралы әңгіме құрау, оған сурет салу. Осыдан кейін осы тақырыптарға арналған дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсетіп, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып отырдым.

Сөз үйрету. Кіші жастағы балалар сөздің мағынасын түгел білмейді. Сондықтан сөз-ол заттың, құбылыстың аты екенін көрнекілік арқылы көрсете отырып таныстырдым.

Баланы жинақы, дұрыс сөйлеп, өз ойын анық айтып жеткізуге дағдыландыру.

Ол үшін алғашқы кездерде мұғалімнің сұрағына жалаң сөйлемдермен жауап беруге төселдіру.

Осылай дамыта оқыту барысында алдыңғы сабақтарда үйренген сөздік қорын пайдаланып, өз ойларын, яғни сөйлемді де толықтырып айтуға төселеді.

Сонымен тілді тереңдетіп оқыту арқылы шығармашылыққа үйрету мақсатымызды жүзегемасыру үшін мұғалімге ізденіс керек. Әр оқушының сөздік қорын, сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін зерттеуді қажет етеді. Әрине бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек. Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады. Алдымен оқушының мәтін мазмұнын қағаз бетіне түсірмес бұрын әр сабақтың белгілі бір бөлігінде диктант түрлерін жүргізіп отырдым. Мақсатына қарай оларды өткізудің тәсілдері түрлі-түрлі. Диктанттардың ішіндегі ең күрделісі-шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.

Сөз байлығы жеткілікті бала әңгіме, шығарма, мазмұндаманы еркін жазатын белгілі. Бағдарлама бойынша ана тілі, қазақ тілі пәндерінде әр тақырыпты өткен сайын алған білімді шығармамен, мазмұндамамен қорытындылап отыру керек.

Шәкірттердің ойын жазуға үйрететін екінші бір әдіс-өзіміз оқып отырған тіл сабақтарындағы «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені әрі қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор. Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, шығармашылығына жол ашары анық.

         Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Педагогикалық психология бастауыш сатыда  оқушының эмпирикалық (көрнекі-бейнелі және көрнекі әрекеттің) ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық(теориялық) ойлауы да тиімді дамиды деп есептейді. Осы саладан түйгенім-оқушылардың оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуі, өздігінен жасайтын жұмыстары олардың белсенділігін арттырады, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амалдарын қалыптастырады.

     Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияны тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың негізгі міндеті.

  Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы – өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер  жасайтын жеке тұлға.Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе – оқушының өзіне деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау.

  В.Сухомлинский «Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп» деген екен.

      Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білемін.

         Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

     Ойын сабақтар. Қазіргі оқыту технологиясының ең қажетті әдістерінің бірі-ойын. Ойын теориясы өте ертеден-ақ дидактиканың    саласы.

       Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес» деген. Ойын формасын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады: біріншіден-ойнау үшін білу, үйрену қажеттілігі; екіншіден-адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттілігі.

     Ойын кезінде бала көңілі көтеріледі , өзіне сенімділігі артады, білімге деген ынта-ықыласын жетілдіреді. Ойынды ойнағанда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек, оқушылардың ерекшелігіне сай таңдап алынуы тиіс. Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары-тіл дамытудың әсерлі құралы.

      Ойын түрлері сан алуан. Оларды қайталап ойната беру де жалықтырады. Әр ойынның өз жаңалығы болуы қажет. Сонда ғана оның дамытушылық маңызы болады. Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-дейді. Ендеше, оқытумен қатар тексерудің де түрлерін ауыстырса, бала ізденісі арта түседі. 

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыру да мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!