Материалдар / Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2020
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Баяндама

Тақырыбы :Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру



Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.                                        

Питер Клайн.


 Елдің ертеңі болашақ ұрпақтардың білімінің тереңдігімен өлшенеді .Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамзаттан қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.

Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты- оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге жетуге , өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға болып қалыптасуына ықпал ету болып табылады.

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік-бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Сондықтан оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы жоғары болатынын әрқайсымыз білеміз. Бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса бала кішкентай кезінен өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.

Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Оған қол жеткізетін тиімді әдістердің бірі- зерттеуге негізделген оқыту.Оқытудың осы түрін кеңінен қолдану оқушы бойында зерттеушілік іс-әрекетті қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Зерттеушілік іс-әрекет – алдын-ала шешімі белгісіз және ғылым саласындағы зерттеулерге тән мәселені қою, тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау, практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат жинау, оны талдау және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерден тұруды болжайтын оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік міндетті шешумен байланысты іс-әрекет.

Оқушыны зерттеушілік іс-әрекетке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік іс-әрекеті қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім зерттеушілік дегеніміз не,зерттеушілік тапсырмалар,оларды пайдалану әдістемесі, оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы толық түсінігі болуы керек. 

Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл бөліну керек: 
        -жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; 
         - жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; 
         - алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және өз 
            қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; 
         - өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге  талпыну; 

Белгілі ресей психологы Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

- ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;

- ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу;

- барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі;

Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл бөліну керек: 
        -жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; 
         - жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; 
         - алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және өз 
            қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; 
         - өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге         

            талпыну; 
         - белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс. 

Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек? деген сұрақ туындайды.

Зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабағы барысында хабарламар жазу, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық жұмыстарды айта аламыз.

Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстар ұсынуға болады.

Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз.

Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады.

Көрген, білген, естіген ақпараттарын суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады.

Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады.

Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбекті талап етеді. Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың қызығушылықтары артады(мысалы: ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы).

Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы, еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға

соқпайды.

Осындай шағын зерттеу, бақылау жұмыстары арқылы көзге түскен оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында олармен ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек?

1-сыныпта сабақ тақырыбына кіріспе ретінде проблема қойылып, жаттығуды бірлесе не өз бетінше орындау жоспарланады.

2-сыныпта балалар шағын топта бақылау жүргізеді.

3–4 сыныптарда зерттеу жұмысын жеке орындайды. Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастыруда бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Атап айтқанда: балалар жұмысының тақырыптары оқу пәндерінің мазмұнынан не соған жақын мағынада алынуы тиіс. Баланы қызықтырған жоба не зерттеу жұмысының проблемасы оның танымдық қызығушылығы аясында және жақын даму аймағында болуы тиіс. Жоба не бақылау-зерттеуді орындау уақытын мақсатты түрде сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрінде 2–3 аптамен шектеу керек. Әрбір зерттеу қажетті құралдармен: материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік, ақпараттық және ақпараттық-технологиялық ресурстармен қамтылуы тиіс.

Зерттеушілік іс-әрекеті біліктіліктерін дамыту үшін қойылған мақсатқа қол жеткізерліктей жағдай табу және орнату керек.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік біліктіліктерін қалыптастыру шарттары:

1. Мотивациялау. Оқушыларға өз шығармашылық зерттеушілік іс-әрекетінің маңызын түсінуге, оны жүзеге асырудағы өз таланты мен мүмкіндіктерін, өзін-өзі жүзеге асыру жолдарын көре алуға көмектесу керек.

2.Мақсат көздеу және жүйелілік. Зерттеушілік біліктілікті дамыту мақсатындағы жұмыстар сабақтық және сабақтан тыс іс-әрекет түрінде өтуі тиіс. Мұғалім әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінің материалдарын қолдануы қажет.

3.Шығармашылық орта. Мұғалім шығармашылық орта жасап, зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылығын тудырып отыруы тииіс.

4.Психологиялық жайлылық. Мұғалім міндеттерінің бірі — оқушылардың шығармашылық ұшқындарын көріп, шығармашылық ізденіске ұмтылысын бағалап отыруы тиіс. Олар қателік жіберуден қорықпауы маңызды. Әрбір оқушыға өз күшін байқап, өзіне сенуге мүмкіндік беру керек.

5.Мұғалім тұлғасы. Зерттеушілік іс-әрекетті дамыту үшін шығармашылықпен жұмыс жасайтын, шығармашылық орта құруға ұмтылатын, зерттеушілік іс-әрекетті жүргізу үшін белгілі бір білім мен дайындығы бар мұғалім қажет.

6.Жас ерекшелікті ескеру. Зерттеушілік іс-әрекет баланың қабылдауына, жасына сай, қызықты және пайдалы болуы керек. Аталған шарттар орын алған жағдайда ғана зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру үдерісін табысты жүзеге асыруға болады деп білеміз.

Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы керек.

Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:

  • қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

  • өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;

  • түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;

Фантастикалық тақырыптар – бұл өмірде болмайтын, ой-қиялдан ойлап тапқан объектілерді құру және қорғау. Мысалы, картоннан, қалдық қораптардан сиқырлы ұшақ немесе машина құру.
Эмпирикалық тақырыптарда жүргізілген экперимент бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі. Бұл зерттеу жұмысы  қызықты және перспективті, оқушы зерттеу барысында өзі үшін әлем туралы бір жаңалық ашады. Зерттеу жұмысының объектісі ретінде: адамдар, үй жануарлары, табиғат құбылыстары т.б. болуы мүмкін.

Теоретикалық тақырыптарда – оқушының жұмысы теориялық баспалардан дәйектерді жинап, танысып, қорытынды сараптама жасау. Зерттеу жұмысының объектісі ретінде: басқа адамдармен сауал-пікір жүргізу, кітаптардан оқып алу, энциклопедиямен жұмыс. Мысалы: 4-ші сынып оқушысы «Менің ауылым» атты жұмысында көптеген зерттеулерді архивтік документтермен жүргізеді.

Бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын зерттеу жұмысының тақырыбы анық, мағыналы, қысқа, дәл болуы керек.

  • Тақырып оқушыға қызықты, оларды тартатындай болуы керек.

  • Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

  • Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясында таңдау керек.

  • Тақырып шынайы болу керек. Онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік болу керек.

  • Тақырыпты зерттеу ұзақ уақытқа созылмау керек.

  • Тақырыпты бәрі түсінетіндей және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болу керек.

  • Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек.

Болжам деген сөз – «hypothesis» – ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді.

Таңдалған тақырып бойынша зерттеу жұмысына, жоспар жасалуы керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек? Қандай жолдары бар?Қандай әдістер

дұрыс? » деген сұрақтарды қамтиды.

 Зерттеу кезеңдері:

Осындай сұрақтарды негізге ала отырып, зерттеу жұмысының кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады.

  • Зерттеу мәселелерін теориялық талдау

  • Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу

  • Зерттеу күнделігін жүргізу.

Зерттеу мәселелерін теориялық талдау-мәселенің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойыншаәртүрлі көзқарастырды сипаттау, сонымен қатар бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының бәрі зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды.

Экспериментальды (практикалықбөлім) зерттеу

- Мәселелердің мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге болатын ғылыми әдістерді пайдалануға шақырады. Зерттеужұмыстарының бұл бөлігі маңызды болып табылады. Бұл кезеңде жұмыстың авторы өзінің шығармашылық қабілетінкөрсете алады.

Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б зерттеу әдістері жүреді. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

Тақырыпты әрі қарай аша түсу үшін жас зерттеушінің жеке күнделігі болу керек. Күнделік оқушыға берілген тақырып жайында мақсатын айқындап алып, әрі қарай жұмысын жалғастыруға көп көмек болады.

Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды. Мәліметтер мен деректер жинақтайды, тәжірибе жасайды, бақылайды, зерттейді, зерделейді.Күнделік жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігінде автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Зерттеу ж ұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері

  • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);

  • зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу);

  • зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);

  • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

  • ақпарараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

  • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру

Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, «problema» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық» деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.

Зерттеу жұмысының басты шартыоның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттену

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!