Материалдар / Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
5589
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сепе орта мектеп» КММ










БАЯНДАМА


«Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін білім технологиялары арқылы дамыту»








Дайындаған: Байшева Г. А.
















2018-2019 оқу жылы


Ж О С П А Р Ы

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. «Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту»

  2. Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

  3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі

Кез келген жағдаяттан шығу үшін өзіне сыни көзқараспен сұрақтар қоя біліп, ойдан ой тудырып өз өміріне қажетті білім алып жатса, ұстаз жетістігі осы. Оқушылардың пәнге деген қызғушылығын, өмірге деген құлшынысын оятып жатса, ұстаз алдына қойған мақсатқа жеткен болып саналады. Уақыт ағымы бойынша күннен күнге қарыштап дамып жатқан заман желісіне ере отырып, өз білімін күнделікті өмірде қолданып, өз ойын еркін айта білетін ұрпақты өсіріп жеткізсек басты міндеттің орындалғаны осы болмай ма. Қазақстан Республикасының Президентінің биылғы Жолдауында «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Білім мен ғылымға жетудің бірден бір жолы-базалық білім мазмұнын жүзеге асыру.


«Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту»


А.А.Леонтьевтың атуы бойынша қимылдың іске асыруын операция деп атаймыз. Бір нәрсені хабарлау үшін сөйлесеміз. Сөйлеу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Оқытушыға не сөйлейтінін, оқушыға сөйлеудің мақсатын, мотивтерін білу керек. Баланың жасы, өскен сайын психикасы да өседі, сөйлеу мотивтері де күрделеніп отырады. Сөйлеу әрекеті 4 фазадан тұрады.

  1. Бағыттау (сөйлеуге даярлық)

  2. Жоспарлау (сөйлеу мазмұнын құру)

  3. Орындау (жүзеге асыру)

  4. Тексеру (бақылау сатысы)

Сөйлесу үшін қатынасу шарттарының бағытын білуіміз керек. Одан кейін айтылатын сөзді дұрыс жоспарлау керек. Келесі фазада қатынасудың мазмұнына байланысты орындау болады. Орндау кезінде ойыңды дұрыс жеткізе білу тиіс. Төртіншіден кері байланыстықамтамасыз ете білуі қажет. Егер осы байланыстың түйіні бұзылса, сөйлесуші қатынасу нәтижесіне жетпейді.

Жоспарлау дегеніміз – сөйлеудің  бағдарламасын құрастыру, оның мазмұнын таңдау. Осында сөйлеудің негізгі ойы мен тақырыбы шешуші роль атқарады. Психологтар зерттеуі бойынша бағдарлама алдымен ішкі ойда ой қалпы ретінде табылады. Бұл кезеңде ой сөз арқылы әлі білдірімеген

Сөйлеудің үшінші фазасы бағдарламаның орындау процесіне көшуді қамтиды. Осы фазада сөйлеуші сөздерді синтаксистік вариантта құрады, байланыстырады, өзіне керек тұлғаларды таңдауға тырысады.

Сөйлеудің төртінші фазасы – тексеру, ол кезде сөйлеуші нәтижесін және қатысудың мақсатын салыстырады. Егер алынған нәтиже сөйлеушінің ниетімен үйлеспесе, қателік түйінді іздестіруге әрекет жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып шығады. Сөйлеу мазмұны қисынсыз жоспарланған, әлде сөйлеушінің ойы дәл, анық жеткізілген. Сөйлесу процесінде меңгерілетін дағдалыр практикалық әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмыстыры сөз қорын байытуға, тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға көмектесетін дағдыларды тәрбиелейтін нысандар.

Халқымыз «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деп тегін айтпаған. Бұдан біз сөздің күшін, әсерін ұғынамыз. Сөзді орынды жерінде қолданып сөйлеу байланыстырып сөйлеуге байланысты. Байланыстырып сөйлеуі жетік бала жазба жұмыстарын шебер орындайды. Байланыстырып сөйлеу ерекшеліктері:

1. Байланыстырып сөйлеу процесінің ана тілінде және екінші тілде көп сәйкестіктері бар, бірақ ана тілін және екінші тілді меңгеру процесі әр түрлі жолмен іске асады.

Егер оқушы өзінің ана тілін меңгеру процесінде ең жоғарғы деңгейде еркін сөйлеу дағдалырын қалыптастырса, екінші тілді меңгеру процесі ең қарапайым механизмдерінен, жай іс-әрекеттерден, тілдік тұлғаларды таңдап алудан және сөйлеуге малықтандырудан басталады.

2. Оқушы айналадағы қоршаған дүниенің құблыстарын танып, талдау жасайды. Сөйлеу процесінде психикалық процестердің табиғатын ескеру маңызды. Адамның өмірінде сөйлеу (ауызша және жазбаша) іс-әрекеттерінің де маңызы үлкен, соның арқасында адамдар бір-бірімен керекті мәліметтерді білдіреді, тәжірибе алмастырады. Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы – адамдардың бір-бірімен сөйлесуі.

Деңгейлік тапсырмаларда тез, анық дұрыс орындаған оқушы өзінің ақыл-ойының тереңдігін, тездігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. Индукция құбылысы бойынша жеке фактілерді жинақтап қорытынды пікір жасайды. Дедукция құбылысы бойынша жалпы ереже мен жалпы пікірден жеке қорытынды жасайды.

3. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушалырдың сөйлеу тілін дамыту жұмысын жүргізу үшін сөйлеу тілі қабылдау қабілетімен, бақылағыштық қасиетпен, зейінмен тығыз байланысты болатынын ескеру қажет.

Бір затты білуге құмар адамдар бір затты бақылағыш келеді. Сөйлеуші адамның сезімін байқап сөйлейді. Сөйлеу үшін адам әуелі ойлау операцияларынан өтеді. Анализ (бүтінді бөлшекке болу әдісі) синтез (бөлшекті бүтінге жинақтау әдісі) әдістері арқылы пікір шыққанда сөйлеу процесі қажеттіліктен пайда болады. [90,17.]

Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады. [90,37].

Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі практикалық мағынаға ие болады да, оқу процесінің проблемалық ситуациясына айналады. Байланыстырып сөйлеуге оқыту үшін деңгейлік тапсырмада әңгіме, мазмұндама жазу ұсынылады.

Оқушысы сөйлеу процесін енгізу үшін, оны тілдік ситуациялға кіргізіп, сол ситуацияда өзін ұстай білуге үйрету керек, яғни оқушы өзінің әңгімелесушін, әңгіме процесінің мақсаты мен шарттарын меңгеруі тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушыны сөйлете білудің шарттарына бағынышты болады. Тапсырма түрлері оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін арттырады, тілдік грамматикалық тұлғаларды қолдануға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардағы жаттығулар оқушылардың мәдениетін қалыптастырады.

Сөйлесу тілін дамыту үшін баланың психологиялық жағдайын ескеру қажет. Бала жақсы сөйлеу үшін оның шабытын оятып, құлшыңдырып сабақты қызықты өткізу қажет. Сөйлемді жақсы құра білсе, сөйлесіп үйреніп қазақ тілін игерсе, онда: сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің деп баланы мадақтап қойған жөн. Сонымен бірге «жаз үйрен» деп сенім білдірген дұрыс. Оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымына, өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылтқы оқиғаларды әңгіме ету; оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебін де таныта білу; олардың психологиялық еркіндігін қаматамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.

Сонымен сөйлеу тілін дамытудағы психикалық жағдайға байланысты оқушының сапалық және сандық өзгерістері:

нерв жүйесінің жетілуі

білімнің артуы,

сезім мен мөральдық ұғымдардың пайда болуы

анатомиялық – физиологиялық есеюі және мінез-құлқының қалыптасуы.

Дамыта оқытуда төмендегі психологиялық жағдайлар ескеріледі.

  1. сезімі, түйсігі

  2. қабылдауы, ынтасы

  3. зейіні, еске ұстауы

  4. ұғынуы, еркін билеуі

  5. ойлауы, қиялдауы, болжауы

  6. сөйлеу қабілеті

  7. оқу іс-әрекеті, дағдысы

  8. жауапкершілігі, ізденісі, дербестігі.

Оқушыларды сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рол атқарады. Олардың барлығы өзара диалектикалық байланыста. Адамның көру, есту сезімдерінің дамуы, ойлау қабілетінің артуы сыртқы объективтік шындықтық әсерінен болады.

Психолог Р.Қ.Көшімбаев «Табыс психологиясы» атты еңбегінде әртүрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар арқылы мектеп өмірінде оқу процесіне қажеттілік туғызу, оқушының ойлау қызметін жетілдіру және мұғалім мен оқушыға қиындықтарды жеңу, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту жолдарын үйретеді. Мысалы: Оқушы сабақты дұрыс қабылдамаса, оның зейіні сабаққа ауыспаса, сабақтың ұйымдастырылуы ойдағыдай шықпаса, сіз тез өзіңізді мұғалім рөлінен шығарып, оқушы болыңыз. Оқушыдан қандай ойынды жақсы көретіндігін сұраңыз. Сол ойынды бастап ойнаңыз. Оқушылар көңілденіп ойынға ұйымшылдықпен кірісе бастаған кезде, сабақ бағытын ойынға бұрыңыз да, өзіңіздің мақсатыңызды іске асыруға кірісіңіз – дейді. [90,50].

Міне, осы сияқты психологиялық пікірлерді ұсынады. Оқушыға реніш туғызған мұғалымге өзін сол оқушының орнына қойып, оқушыны мұғалім тұлғасында қарап ойлануды ұсынады. Мұндай жаттығулар мен ойындардың ұстаз творчествосына тигізер жәрдемі мол. Қазіргі кезде мектептегі сабаққа пайдаланылатын ойын түрлері, тренинг тәсілдері, ролдік, іскерлік ойын түрлері өте көп. Сөйлеу арқылы тіл жетіледі, дамиды.

Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастыралды:

  1.  Әңгіме құруға арналған тапсырмалар:

а) ақ қар, биік тау, көп бала, қызық ойын, сырғанақ, ауыл маңы т.б.

ә) мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар.

сен кімсің? Ол кім?

әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?

Қайда тұрасыңдар?

Сендер нешеусіңдер?

Сіздің ағаңыз бен апаңыз кім?

Олар не істейді?

Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптасытру талаптарыны басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі тиіс.

Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған қойылатын талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып, оқушының сөйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан оқулықта, сабақта кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді.

Репродуктивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, елстетуге, еске түсіруге арналған жұмыстар, ал рецептивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, танып – білуге арналған жұмыстар енгізілді. Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының өз бетімен білім алуына жәрдемін тигізсе, екіншіден оның қиялын, ойлауын дамытады.

Сабақтың практикалық мақсаты мен дамытушылық мақсаты қатар жүреді. Әңгіме құру барысында сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақта оқушының еркін отыру атмосферасы туғызылады. Ол оқушының пікірін қорықпай еркін айтуына жәрдемін тигізеді. Оқушылар бір бірін толық еркін көріп бетпе-бет отырып сөйлесе алатындай мүмкіндік жасалуы керек.

Диалог құруға арналған тапсырмалар.

Ләзат мектептен келді ме?

Қыс айлары қандай. Не істеу керек?

Желтоқсан айы қандай жыл мезгіліне жатады?

Эксперименталды бөлім

Сөйлеу тілін меңгерудің негізгі бір жолы — кешенді оқыту.

Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар (пластинка), үнтаспалар (аудиорамма), бейнетаспалар (видеограмма) дидактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б.

Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқушылардың коммуникативтік – танымдық біліктілігін, сөйлеу тілін арттырады.

Оқушының сөйлеу тілі әрқашан тілдік ортада қалыптасады. Баршамызға белгілі қазақ балаларымен ойнаған орыс баласы қазақ тілін ешқандай грамматикалық ережені оқымай – ақ қатысым арқылы үйреніп алады. Сондықтан сөйлеу тілін дамытудың тағы біртиімді жолы – жағдайлық ойындарды ұйымдастыру.

«Сен дәріханаға келдің» деген тақырыпқа ситуациялық жағдай туғызып, тірек – сызба арқылы сұрақ – жауап әдісімен әңгіме жүргізу.

Сөйлеу тілін дамыту кезінде сөздік ойын жаттығулар, оқушыларды өздігінен сөйлеуге мәжбүр етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) грамматикалық жаттығулар, әдеби текстер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, мақал, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Ойын барысында мұғалім оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, тапсырманы күрделендіре береді.

Ойын «Диалог — әңгіме»

Бір оқушы ойдан шығарып, бір әңгімені бастайды. Келесі оқушылар оны жалғастырады.

Динара: Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр

Гаухар: Көктемде күндер ұзақ болады

Мақсат: Көктемде түндер қысқа болады

Гулмира: Жылы жаңбыр жауады

Раушан: Құстар ұшып келе бастайды.

Ұсынылған тапсырманың түрлері мен жаттығулар жүйесі сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға көмектесті, тіл үйретудің практикалық, қатысымдық бағытталуына септігін тигізді.

Егер оқушылар тіл арқылы түсініссе, өздері коммуникативтік тапсырма орындаса, олар біртіндеп диалогтарға инсценировка жасауға үйренеді. Оқушылар талдау, қорытынды жасауға жаттығады. Олар адамның көңіл-күйі, жайы туралы тереңірек біле түседі, өзінің әлеуметтік рөлдерде шамасының неге жететінің білуге ұмтылады, мұғалімнің жеке басына деген қызығушылығы, ілтипаты артады, сөйлеу тілі дамиды.


Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Дамыта оқытудың ең басты мақсаты –әр оқушының өздігінен білім алу және оны практикада қолдана алу дағдыларын қалыптастыру. Яғни, оқушы өздігінен оқуға және өзінің танымдылығын басқара отырып өзін – өзі бақылай алуға үйрету. Енді осыны қалай іске асыру керек екендігін іздестірдім. Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеу біліктілігінің қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгі өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Бастауыш сыныптарда өздігінен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өздігінен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өздігінен жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өздік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өздігінен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.

Өздігінен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өздігінен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш  жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:

1.           Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма) өздігінен жұмыс түрлері; Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).

2.           Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)

3.           Жаңа форматтағы оқытудың  әдістері. Яғни, қазіргі таңдағы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының үшінші  /базалық / деңгей бағдарламасы оқушының өздігінен білім алуына бағыттайтынын айта кеткім келеді.

Өзім  осы бағдарламаның үшінші /базалық / деңгейін аяқтадым. Сондықтан осы бағытта жұмыстанып, оқушылардың білімді өздігінен игеруіне баса назар аударып келемін.

Өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларды алдымен топтық, жұптық жұмыс түрлерін жүргіздім.  Оқушылардың білімді менің көмегімсіз өздінінен меңгеруіне баса назар аудардым.  Бұл ретте мен тек бағыттаушы, оқушыға жәй бағыт беруші ретінде қалуға тырыстым.

Сабақтарымда оқытудың жаңа әдістерінің ішінде стоп кадр, сұрақты ұстап ал, /ойлан,  жұптас, талқыла, сұрақтар шеңбері, рөлдік ойын, мозаика сияқты әдіс- тәсілдерді сабақтарымда жиі қолданамын. Аталған әдістердің көпшілігі оқушының сыни ойлау жүйесін қалыптастырады, оқушылар өз ойларымен еркін бөліседі. Сөйлеу дағдысы, яғни, топ алдында сөйлеу, пікір алмаса білу сияқты қасиеттері артады. Оқушыларым да оқытудың бұл түріне төселіп, бағытталып қалды. Бұның бәрі  диалогтік оқытудың жемісі деп білемін. Сонымен қатар,  сабақтарымда жиі қолданатын әдістерімнің бірі сыни тұрғыдан ойлау әдістері. Жаңа форматтағы оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлау әдістері бір –бірімен тығыз байланысты. Сыни, шығармашылықпен ойлай алу  қабілетін бастауыш сыныптан бастап қалыптастырған дұрыс деп білемін. Сыни ойлай білетін, берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шеше алатан оқушы болашақта өзіне кездескен кедергілерді жеңе алады, өмірлік жолында жолыққан проблемаларды да шеше алатына көз жеткізіп келеміз. Олай дейтін себебім, қазір бүкіл әлем білімнің қарқанды дамуына көңіл болуде. Халықаралық  TIMES  бағдарламалары осының дәлелі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне жете мән беріп осы бағытта жұмыстануға бет бұруымыз керек.

Психологтар ең бірінші оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін, қабілет деңгейлерін анықтау керек екендігін ескертеді.Сондықтан мен олардың зейінін, есте сақтауын, ойлауын, интеллектісін мектепке келген күннен бастап тексердім. Ол үшін олардың мектепке дейінгі дайындығын, қабілетін, зейінін, есте сақтауын, ойлау деңгейін білу үшін бірнеше тапсырмалар бердім. (Есте сақтау түрлері: есту, көру, іс-әрекет арқылы ғой.)

Психологиялық қабілет деңгейін тексеру ( дәптерлерін, диаграмманы көрсету, жұлдызнаманың маңызын айту, көрсету.схема, диагностика)

Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.

Осының нәтижесінде мынадай тапсырмалар жүйелі түрде орындалып отырады. Есту арқылы есте сақтау қабілетін арттыру үшін бірнеше математикалық жай өрнектер және сөздер айтам. Соларды оқушылар есте қалғанын жазу керек, одан басқа тура, кері сандар қатарларын жазу. Не жоғалды? Кім не істеді? Ойындары арқылы дамытылып отырылды.

Алдыңғы сыныптарда да оқушылардың осы қабілеттерін ескере отырып, оларды өзін-өзі бақылай отырып, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізгем.

Өзін-өзі бақылау-бұл оқушының өз жұмысын бағалай білуі. Ол өз-өзіне «Мен дұрыс жауап бердім бе, бәрін орындадым ба ?» деген сауал қойып, өзін-өзі тексереді. Бұдан мынадай схема құруға болады.

ОShape3 Shape2 Shape1 қушы ойлайды жауап іздейді

Shape4 дұрыс, бұрыстығына көзін жеткізеді өз білім нәтижесін, әрекетін бақылайды.

Өз нәтижесін бақылау деген – ол білім сапасын, икем- дағдысын бақылау, бағалау деген. Яғни, оқушы өлеңді жаттап, ережелерді дұрыс меңгердім бе, жаттығуды, есептер мен теңдеулерді дұрыс шештім бе деп өз-өзіне сауал қойып дағдыланады. Ол үшін қазақ тілінен мынадай алгоритм жасадым:

Өзін – өзі тексеру алгоритмі.

  1. Сөйлемді мұқият оқы.

  2. Сөйлем соңынан тиісті тыныс белгісін қой. ( . ? ! )

  3. Әріп тастаған жоқсың ба?

  4. Дауысты : ө – е, ұ – ы, ү – і,

Дауыссыз : н –ң, д – т, б – п, с – з, й дыбыстарының жазылу емлесін ескер, есіңе түсір.

  1. Тасымалың дұрыс па?

  2. Қос дауыссызға назар аудар.

Бұл алгоритмді диктант жазған кезде қолданамын.

Бұндай бақылаусыз оқушылардың нені меңгермегенін білу мүмкін емес. Алгоритмдер пайдалану барысында оқушы жұмысын сауатты, дұрыс орындауға тырысады. Жазба жұмыстарынан кейін қателерін жинақтап, қатемен жұмыс істеу сауаттылыққа әкеледі.

Өзін – өзі бақылаудың тағы бір түрі – ол – оқушы өз жауабын жеке-жеке талдап беруі. Тақтаға шыққан оқушының жауабын отырғандар түзетпейді, сұрақ қоймай жауабын бөлмей тыңдап, алдарында жатқан қағазға цифрланған тапсырмалардың тұсына ( +- ) қойып отырады. Оқушы жауап беріп болғаннан кейін, отырғандардың қайсысы келіспейді, соның пікірін тыңдайды, түзетеді. Ал, әр топ жетекшісі өз тобының жұмысын тексеріп, бағалайды. Осындай талдау кезінде жауап беріп тұрған оқушыны бәрі зейін салып, жауабы қате ме, дұрыс па деп тыңдайды, өз пікірлерін айтады және осы материалды қайталап бекітеді, меңгереді. Өз – өзін, өзара бақылап, бағалау дағдысымен бекіту, практикалық жұмыстар кезінде өткіземін. Онда I оқушы II оқушыға оқып жазғызады, ал II оқушы I оқушыға жазғызады. Яғни өзара диктант жазады. Солай бүкіл жұмысты бітіргенше кезектесіп орындап, бір – біріне емлені өзара түсіндіріп, тексереді, меңгереді. Бұндай тапсырмаларды жаңа материалдарды бекітуде жиі қолданамын. Осындай жұмыстар оқушылардың бойында өздігінен пайымдай алатын, пікірін еркін айта алатын, жаңа материалды өздігінен ізденіп, меңгеріп қорытынды жасай алатын дәрежеге жеткізеді, өз қателерін өздері тауып түзетеді.

Қорыта айтқанда,бастауыш сынып оқушыларының  тілін дамытуда, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, өздігінен жұмыс жасаудың, білімді өздігінен игерудің маңызды екенін түсіндік. Бастауыш сынып оқушылары  жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды өздігінен шеше алатын, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін , функционалды сауатты тұлға ретінде қалыптасады. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

–            жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;

–            оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

–            өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

–            оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

–            оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;

Біздің алдымызда,  келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттің  тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өздігінен жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамыту. Олардың талантын, шығармашылығын ашуда өздігінен іздену, талпыну, өз нәтижесін береді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі


«Білім-басы бастауышта» дегендей, өскелең ұрпақтың өз атын, бабасының тарихын еркін оқып, ойын ашық жеткізе алуына бірден бір негіз болатын білім ол –бастауыш буындағы білім. Ой мен ісі қалыптаспаған. Өздігінен әрекет етуге талпынатын бастауыш сынып оқушыларының ауызша, жазбаша дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдер түрлі тәсілдерді қолданып, өз атын жазуға дағдыландырып жатады. Жазу мен оқуды үйргенген бала өздігінен өз пікірін айтуға қалыптаса бастайды. Осындай деңгейде түрлі әдістерді арасынан сын тұрғысынан ойлау технологиясын ерекшелеп айтуға болады. Онда оқушының ізденімпаздығы, пәнге деген құлшынысы оянып, ойында салыстыру реакциялары жүреді. Ненің дұрыс, ненің бұрыстығын айқындай бастайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – тақырыпты жүйелі меңгеруіне, өз бетімен ізденуіне көп көмегін тигізеді. Осы орайда сіздерге сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлі стратегияларын ұсынбақпын.

Сын тұрғысынан ойлау- бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.

Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.

Сын тұрғысынан ойлау-оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.

Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.

Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:

  • Есте сақтау;

  • Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;

Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;

Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:

  • Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;

  • Екінші-бұл ойын қорыту;

  • Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;

  • Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;

Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.

Сыни ойлаушы:

  • Өз ойын қалыптастыра біледі;

  • Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;

  • Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;

  • Дәлелді пікірталас құра алады;

  • Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;

Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:

  • Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;

Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында:

  • Ой шақыру;

  • Ойлау ;

  • Кері байланыс;

Ой шақыру тапсырмалары:

  • Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;

  • Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;

  • Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;

Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар-

  • Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;

  • Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;

Кері байланыстың тапсырмалары-

  • Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;

  • Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың түрі мен құралдары:

  • Тақырып бойынша жинақ;

  • Мәтіндер талдауы;

  • Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;

  • Ұжымдық пікірталас;

  • Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;

  • Дебаттар;

  • Пікірталастар;

  • Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;

Сын тұрғысынан ойлаудың жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы мұғалім ролі:

  • Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;

  • Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;

  • Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;

  • Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;

  • Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі тәсілдері;

Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.

«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар кестесі

?

?

  • Неліктен, үш түсінік бер.....?

  • Неліктен, түсіндір ......?

  • Неліктен, сіз солай ойлайсыз.....?

  • Неліктен, сіз солай ойлайсыз......?

  • Қандай айырмашылығы бар.....?

  • Не боларын, болжап көр....?

  • Әйтпесе, не .......?

Кім .....?

Не...?

Қашан...?

Мүмкін...?

Болар...?

Алар ме еді....?

Қалай аталады....?


Блум сұрақтарының түймедағы:

Қарапайым сұрақтар-Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек. Дәлелдеуші сұрақтар-«Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»

Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген сөзден басталады.

  • Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.

  • Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.

Бағалау сұрақтары-Неге жақсы, ал жаман?»

  • «… … айырмашылығы неде?»

  • Бұлсұрақтаросынемесебасқадаоқиғалар, құбылыстарменайғақтардыңбағалаукритерийлерінанықтауғабағытталған .

Шығармашылықсұрақтар (жорамал)-«Қалайойлайсыздар, ... кейін (егер) … қалайболады?

  • Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .

Практикалық сұрақтар- «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»

Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.

Кластерлар (ұяшықтары)

Өтілген материал автор өмірбаянын не мәтін бойынша алуға болады.

Өтілетін материалдың көру айғақтарын ұйымдастыру формалары:

Сын тұрғысынан ойлау:

  • Тірек сызбалар;

  • Кестелер;

  • Логикалық-ойлау кескіндері;

Инсерт (шартты белгілері)

V

Егер, сіз өзіңіздің ойыңызбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса білемін десеңіз;

+

(қосу) егер, сіз өзіңізге бұл жаңалық десеңіз;)

-

-"(азайту), егер, сіз өзіңіздің білгеніңізбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса осы туралы білсеңіз;

?

Егер, сіз маған түсініксіз десеңіз, осы сұрақ бойынша толық мәлімет алғыңыз келсе





Ойлану мен оқуға арналған өзіндік белсенділік жүйесінің белгісі:   

" V " – білдім

    " + " –жаңа

    " - " – басқаша ойладым

    " ? " – түсінбедім, сұрағым бар.

«Шатастырылған логикалық тізбек»

  • Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті ұсынады.

  • Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, мәтінді оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.

  • Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін түзейді.

Жорамалдау дағдысын дамытудың тәсілдері:

  • Дұрыс немесе дұрыс емес ойлар;

  • Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша ұғым, соның дұрыс немесе дұрыс еместігін бағалау және өзінің шешімін дәлелдеу қажеттілігі беріледі.

  • Кері байланыс кезінде оқушыларға бекітілген тақырыптың сабақ басындағы өз шешімінің дұрыстығын бағалауды және өз ойымен алмасуды беру.

Проблеманы шешу дағдысын дамыту бойынша тәсіл

  • Миға шабуыл

  • Карусель. Топпен жұмыс.

Топтағы оқушылар санына қарай тапсырмалар немесе проблемалы сұрақтар. Әрқайсысы өз шешімін жазып келесі оқушыға береді, осылай шеңберді айналып жүре береді.

Пікірталасты жүргізу дағдысын жетілдіру тәсілі:

  • Рөлдік ойындар

  • Әрлі-берлі пікірталас

  • Диалог-талас

  • Бұрыштар әдісі (оқушылардың белгілі бір позициялы бұрыштарға тұрады. Бір топтан шыққан дәлелді ойды-келесі топтың оқушылары жалғастырып отырады. Оқушылар келесі бұрыштарға ауысып отырады. Қозғалғыш сыныптың ортасында отырады, кезкелген топтың пікірталасына араласа алады)

  • 6 қалпақ (қалпақтардың түстеріне сәйкес ойлау үшін, оқушы өзінің пікірінің дұрыс немесе бұрысын дәлелдейді)

  • Аквариум

Өз ойы және өзгенің ойын тыңдауды ұсыну тәсілі

  • Тізбек құру (5 жолды өлең, шеңбер бойынша бір-біріне беретін суреттер. Әрқайсысы 5 жолды өлең құрып, өз ойын дәлелдеп шығуы)

  • Еркін хат, эссе

  • Ирек (бірін-бірі оқыту) ауысып отыратын топпен жұмыс.

  • ҰБО әдістемесі.

5 жолды өлең

1 қатарға-тақырыпты бір сөзбен жазу (зат есім) қасқыр

2 қатарға-тақырыпты 2 сөзбен жазу (екі сын есім) үйрелі, азулы

3 қатарға-3сөзбен жазылады (етістік) шошытады, қорқытады, жейді

4 қатарға-4 сөзбен жазылады, тақырыпқа жақын сөзбен (сөз тіркесі) жемтігі үшін күреседі

5 қатар-тақырыпқа қатысты синоним. итқұс

ҚОРЫТЫНДЫ 

Адамды мейлінше толығырақ сипаттайтын оның істеген істері бола тұрса да, сөйлеген сөзінен адамның көптеген қасиеттерін байқауға болады. Адамның сөйлеген сөзінен оның көпшіл екенін немесе тұйық екенін айыруға болады, адамның ақылы, сезімі, еркі оның сөзінен байқалады. Өздері сөз етіп отырған фактілер мен құбылыстары жөнінде адамның ойлауға бейімділігі бар жоғын олардың сөзінен білуге болады.

Адамдар жаратылысынан сезімтал келеді, оқиғалар мен жағдайлар қатты әсер етсе, әдетте сөйлеген сөз де терең сезіммен айтылып, тыңдаушыларға жетіп жатады. Жас оқушылар оның бейнелі және сезімге толы сөздерді жақсы ұғып алады.

Сөз баршамызға мәлім, басқа адамдарға мәлімет беру үшін ғана керек емес, сондай-ақ сол адамдардың көзқарасына, нанымына, іс-әрекетіне ықпал жасау үшін керек. Осы тұрғыдан алғанда адам сөйлеген сөзінің дұрыс екендігіне, керек жағдайларда жұрт оның ақылын алып, айтқанын орындайтынына көзі жетсе оның атқаратын ролі зор.

Сөйлеген сөзінен адам мінезінің (рақымдылық пен мейірімсіздік, биязылық пен тұрпайылық, батылдық пен ұяңдық) көптеген жақтары көрінуі мүмкін. Адамдармен қарым-қатынас жасауда күйгелектік жасау, не болмаса бөлу, тіпті сөйлеу қарқыны адам темпераменттінің ерекшеліктеріне байланысты келеді. Сөйтіп басқа да психикалық процестерімен қатар сөз де адамдардың жеке басының көптеген қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады.

Сөз, сөз сараптау, тілдік қатынас, екеуара сөйлесу, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау, сабақ барысында белгілі бір ситуацияға әңгіме құру арқылы оқушылардың сөйлеу тілі дамытылады.


Пайдаланылган әдебиеттер:

  1. [Мұғалімге арналған нұсқаулық, Екінші (негізгі деңгей), үшінші басылым, 41-42 бб.]-[1]

  2. С. Мирсеитова (1998)-[Сын тұрғысынан ойлау технологиясы]-[2], [11], [12], [13], [14]

  3. Э. Глейзер (1941) – [Сын тұрғысынан ойлауды дамыту эксперименті]-[3]

  4. Джон Дьюи (1910) - [Біз қалай ойлаймыз]-[8], [16], [17]

  5. Д. Шон (1983) - [Рефлексивті практик]-[4], [15], [18]

  6. Б. Блум (1956)- [Блум таксономиясы]-[5], [6]

  7. М. М. Жанпейісова (1998) - [Модульдік оқыту технологиясы]-[7], [10]

  8. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  9. Педагогикалық Шеберлік  Орталығы Кембридж Университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий.

  10. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналы «Зияткер»

  11. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Бастауыш сыныпта оқыту» барлық пәндер бойынша.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!