Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
Материалдар / Баяндама "Бастауыш сыныптардағы оқушылардың білім сапасындағы олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларын құрастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Баяндама "Бастауыш сыныптардағы оқушылардың білім сапасындағы олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларын құрастыру"
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптағы оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Мамыр 2024
305
6 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бастауыш
сыныптардағы
оқушылардың
білім
сапасындағы
олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларын құрастыру
I. Кіріспе
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына
тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер
деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан
өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық
сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер
орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын
және кәсібилікті талап етеді. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани
күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды
ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат.
Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы
өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін
дамытып,
шығармашылығын,
талан-тын
ұштайтындай
болып
ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе
алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп
шығады.
ІІ. Негізгі бөлім
Тақырыптың ғылыми – теориялық негізі.
Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала
тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені
баршаға белгілі. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық
ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге
дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке
баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге, ашуға, өз бетінен білімін толықтыруға
үйрету, аса қабілетті балалардың танымдық мүмкіндіктеріне сай сұранысын
қанағаттандыру аса маңызды. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне
дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру
қазіргі заманға білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі. Қазіргі
таңда еліміздің барлық мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр.
Мұндағы негізгі мақсат-жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік
кеңістігіне енуі. Сондықтан жаңашылдық, яғни инновациялық жүйе негізінде
оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру,
танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, яғни шығармашылық тұрғыдан
ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай
елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның
ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Балаларға
ғылым негізін үйретіп, адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі
тұлға- мұғалім. Өйткені ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті,
идеялды, қажырлы және табанды етіп қалыптастырады.Мұғалім сынып
оқушыларының толық үлгерімі жолында күш-жігерін салып еңбек еткенде
ғана, бұл міндеттерді орындай алады. Мұндай мұғалім өзінің барлық білігі мен
білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін дұрыс ұйымдастырып, тиімді жүргізуге
жұмсайды.
Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқу-тәрбие сапасын
мониторингілеу, оқушылар білімін оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті
стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді
меңгерудегі кемшіліктер мен жетімсіздіктерді анықтау, оны жетілдіру
мақсатында жүргізілетін бақылау. Мониторингілеу - «оқушы-оқытушы-атаана» арасындағы ынтымақтастық, байланыс, бірігіп жұмыс істеу,
шығармашылық одақта болу, бірге басқару сияқты қарым-қатынастардың
орнығуына ықпал етеді. «Оқушы- оқытушы -ата-ана жүйесінде
мониторингілеу- оқушының білімін үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны
білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Мониторинг-белгілі бір нәрсенің
жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі , белгілі бір параметрлерді
анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг бөлшектері мыналар: байқау,
сараптау, бағалау, жетілдіру. Демек барлық оқушының сабақты жақсы оқуын
қамтамасыз ету –әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс. Мұғалім оқушағы
тапсырма бергенде мына жағдайларды есте сақтаған жөн:
1. Әрбір оқушыға сабақ барысында тапсырманы күші мен қабілетін ескере
отырып берген жөн.
2. Оқушылардың үйде орындап келген жұмысын мұғалім үнемі қадағалап
тексеріп отыратын болса, олар үйге берілген жұмысты тыңғылықты
орындауға дағдыланады.
Өткен материалды тексерудің тиімді екі жолы бар.
1. Жеке оқушыны тақтаға шығарып, тиісті сұрақтарға жауап алу.
2. Сұрауды сынып оқушыларына тұтас беріп, олар ойланып болғаннан кейін,
жауап беретін оқушыны атау.
Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл, анық, ұғымды болғаны дұрыс. Оқыту
жұмысының нәтижелі болуы –материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты
дұрыс жабдықтап өткізуге байланысты. Жаңа материалды түсіндіргенде
барлық оқушының зейінін сабаққа аударып, олардың сабақты барынша
ықыласпен тыңдауына қатты көңіл бөлу керек. Жинақтау, қорыту жұмысына
да күнбе-күн көңіл бөліп отыру оқушылардың сабаққа үлгеріміне кепілдік
береді.
Сабақты жүргізудің үшінші кезеңі –үйге тапсырма беру. Ол сабақтың негізгі
бөлімінің бірі болып жоспарға енгізілуі керек. Үйге тапсырма қоңырау
соғылған кезде үстірт, асығыс берілуі өте пайдасыз. Математикадан тапсырма
бергенде кейбір сөздердің мәнін ұғындырып жіберу керек .Есептің қиындық,
жеңілдік жағын мұғалім алдын ала ескеуге тиіс. Оқушылардың сабақты
үлгеруіне оқу құралдарының жеткілікті болып оны орынды пайдалана білуі
сабақтан қалмауы оң әсер етеді. Мектептің бастауыш сатысындағы оқу
пәндері бойынша оқу-тәрбие сапасын мониторингілеу –оқушылар білімін оқу
пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандарт пен оқу бағдарламасына
сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгерудегі кемшіліктер мен
жетімсіздіктерді анықтау, оны жетілдіру мақсатында жүргізілетін бақылау.
Мониторингтің басты ерекшеліктері мыналар:
Ø оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, төмендеу баға
алғанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсаттында тапсырмалар жүйесін
ұсынамыз;
Ø шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз құрбыларынан қалмау үшін не істеу
керегін аңғарады;
Ø өз зейінін тәрбиелейді;
Ø білім жүйелігі мен тізбекті байқайды;
Ø Ойланып оқуға дағдыланады;
Ø Оқушының білім арттыруына жағдай туады.
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған
ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде
асырылады. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен
оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше.
Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін
тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік
бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың
осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалім де, оқушы да табысқа
жетіп, білімін шыңдай түседі. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан,
мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны ісәрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға
болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы,
құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің
өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға
болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық
мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.
Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде
қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала
отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша
тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс
жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі
практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының маңызы зор.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының мақсаты:
Барлық жастағы оқушыларды кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды
сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Міндеттері:
Жоспарлауға дайын болуы;
Бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай білуі);
Қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
Жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
Коммуникативтілігі.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
Сын тұрғысынан ойлауды тәжірибе жинауға уақыт және мүмкіндік беру;
Оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
Оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау.
Оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінде осы технология мынадай жетістіктерге
әкеледі:
Оқушылардың дұрыс оқуын, сауатты жазуын қалыптастырып сыни ойлау,
талдау, дәлелдеу, салыстыру мен түйін шығара білуге бағыттайды.
Оқушының сабақтағы белсенділігін ояту жолдарын көрсетеді.
Оқушыларды сабаққа қозғаушы күш пайда болады.
3-сыныптың әдебиеттік оқуында уақытты көп қажет ететін мәтіндерді
түсіндіруде ДЖИКСО технологиясын пайдалануға болады. Сыныпты 4 топқа
бөліп, мәтінің әр бөлімін әр топқа беріп өзара талқылатып, соңынан әр топтың
ішінен спикерлер шығып, өз бөлімдері жайлы әңгімелейді. Мұнда уақыт
үнемді пайдаланылып, басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге көмегін тигізеді, әрі
мәтіннің мазмұнын толық ұғындыруға әбден тиімді.
«Бес жолды өлең жазу» тәсілі. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Сыныпішілік «Жұлдыз», «Бәйтерек», «Тұлпар» журналдарын ашып,
әдебиеттік оқу мен тіл дамыту сабақтарын байланыстыра отырып, «Туған
елім, туған жерім», «Ата бабам тарихы-менің тарихым», «Жақсыдан үйрен»
тақырыптарына оқушылардың шығармашылық, ізденіс жұмыстарын енгізіп,
гимназиялық компоненттер мен таңдау пәндерінде пікір таластар, сайыстар
және жұмысты қорғау шараларын өткізуге болады.
Сабақта дамыта оқыту мен сыни ойлау технологиясын жүзеге асыруда
қойылатын талаптар:
Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін
көтеру, әркімнің даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта
алатындай, дәлелдей алатындай орта туғызу;
Табиғи ынтасын, ықыласын жойып алмай, үнемі оның алға жылжуға
сұранысын, шығармашылығын жетілдіру;
Өз бетінше іздену, көргенін, үйренгенін ой қорыту арқылы меңгеруге жағдай
туғызу; баға қою соңғы нәтиже үшін емес, кешегі білім деңгейімен салыстыру
негізінде қойылатын есте ұстау.
Бастауыш сыныпта оқыған озат, ынталы оқушылардың қатары жыл сайын
кеми беретіні бәрімізге белгілі. Психологиясы тек айтқанды «орындаушы»
болуға үйренуге, өз бетімен ойлауға, өз деңгейінде білімді меңгеруге
бағытталмаған, тасада қалатын оқушыда өзіне деген құштарлығы жойылады.
Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының
философиясы – баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру,
даралық ерекшеліктерін ескерту, әрі қарай жетілдіруге жағдай жасау болып
табылады. Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана
отырып, мұғалім төмендегідей қағидаларды естен шығармаған жөн:
мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен,
өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.
мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын жете біліп, әр оқушының
жүрегіне жол таба білуі қажет.
мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.
мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде
топтай білуі.
балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек
конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.
сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі
қызықты элементтерді пайдалану.
әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Міне, осы айтылған қағидалар мұғалім сабағында қолданыс тапса, әр сабақта
өнімді нәтижеге қол жеткізері анық.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.
Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық
көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып
жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін
ашық айта алатын ойлы ұрпақ
тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты
кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір,
бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін
болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз
ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс
нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің
“Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды,
ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз”
атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір
адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың
қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол
үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның
элементтерін пайдалануымыз керек.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден
де күрделі маңызды. Өйткені, бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге
лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда.
Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін.
«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан
мәнін жоғалтпақ емес.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)