Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: "Биология сабағында АКТ-ны тиімді қолдану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ақпараттық-коммуникативтік технологияны биология сабағында тиімді қолдану»
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Назарбаев
Жоспар
I.Кіріспе
бөлім:
Білім берудегі жаңа
технологиялар
II. Негізгі
бөлім:
1.Жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану -оқушының өз бетімен жұмысын және шығармашылық қабілетін дамыту.
2.Оқыту жүйесінде қолданылатын АКТ-ның бағыттары.
3.Биология сабағында АКТ-ны
қолданудың тиімділігі.
III. Тәжірибе
бөлімі.
IV. Қорытынды
бөлім:
АКТ-ны қолданудың нәтижелері
VI.Қолданылған әдебиеттер
-
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп,тірек-сызбаларды техникалық құралдар көмегімен түрлендіре отырып,түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Интерактивті тақтаның бұл жағдайда көмегі мол. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж.Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашылады.
Зерттеудегі негізгі мақсатым білім беру үдерісінде оқытудың озық технологияларын, жаңа педагогикалық, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін меңгере отырып бәсекеге төтеп бере алатын,білім деңгейі жоғары,ізденушілік – зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Сол мақсатқа жету үшін оқушылардың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы арттыратын түрлі-түрлі міндеттерді қарастыру қажет. Осы орайда алдыма мынадай міндеттерді қоя отырып, көздеген мақсатыма жету.
Міндеттер:
Оқушыларға биология пәні бойынша білімдерін ақпаратық технология арқылы арттыру;
- Электронды оқулықпен жұмыс жасай алуын;
- Зертханалық тәжірибелер жасату, компьютер, интернетті тиімді пайдалану;
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пйдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2020-жылғы Қазақстан халқына Жолдауында – «Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдалаудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Демек, білімді дамытуға арналған стратегиялық міндеттердің бірі ауылдағы білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай жаңаша саналы тәрбие, сапалы білім беруді талап етеді.
Қазіргі таңда сапалы білімді меңгерту үшін оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру қажет. Бұл жағдайда оқыту барысында арнайы интерактивті әдістер мен заманауи ақпараттық техникалық құралдарды қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық байланыс сабақтың нәтижелі өтуіне ықпалын тигізеді. Игеретін білім мен ғылымды одан әрі терең меңгере түсуіне ақпараттық технологияны қолдану және оны әрі терең меңгере түсуде интерактивті тақтаны қолдану және оны оқу процесінде жүзеге асырудың маңызы зор.
ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпараттық-қатынастық технология құралдарымен етене байланысты. Білімді меңгерту және оны оқыту – күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап – биология пәнін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілу жолы ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану өте тиімді деп ойлаймын. Биология сабақтарының мақсаты – оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, туған жерінің табиғатын сүюге, оны қорғауға үйрету, шығармашылық, ғылыми жобалармен жүмыс жасауға және білім,білік дағдыларын арттыру. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. Оқыту технологиясы мен мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері биология сабақтарында ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта. Интерактивті тақтамен жұмыс істеуде алдымен мұғалімнің басқаруымен, содан соң бала өз бетімен құрылған жоспарға сүйене отырып жұмыс жасауға тырысады. Компьютерде баланы қызықтырады, сауатын ашады, ойлау қабілетін дамытады.
Ақпарат көздері арқылы ізденіс жолын дамыту шаралары: баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ғылым негізінде жоспар құру.
Ақпараттық сауаттылық үйретуде мұғалім қандай әдістерді қолдану керек?
Ақпараттық сауаттылығын арттыруға көбірек оқу.
Ұғымды есте сақтау қабілетін дамыту.
Ұғымды айту арқылы сауатты ғылыми тілін жаттықтыру.
Сыни тұрғыда талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету.
Оқушының ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға жетекшілік ету.
Оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындағанда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасау.
Биология сабақтарында ақпараттық -
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен
жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты
үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары
арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде
физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге
асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің
туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі;
• экономикалық
тиімділігі;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну
немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып
процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны біз өз сабақтарымызда қалай қолданамыз?
- Электрондық оқулықтарды қолдану арқылы;
- Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы;
- Тұсаукесер сабақтарында слайдтар көрсету арқылы;
- Интернет жүйесін қолдану арқылы;
Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге не береді? деген сұрақ туындайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді.
- Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- Білім сапасын арттыра алады;
- Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады;
- Мұғалімнің уақытын үнемдейді;
- Көрнекіліктердің жиынтығын арттырады;
Ал, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану оқушыға не береді?
- Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- Сабақта уақыт үнемделеді;
- Оқушылардың шығармашылығын арттырады;
- Білім сапасын арттыруға әсер етеді;
- Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- Оқушының құзырлығын дамытады.
Биология сабақтарын оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы, оқушылар Интернет желісінен өздеріне қажетті ақпаратты тауып, сонымен бірге қажетті мәліметтермен танысып, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар.
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде тұсаукесерлерді пайдалана отырып, оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы тақырыптың мәнін аша отырып, кез келген тақырыптың мазмұнына сай құрылысы, шығу тегі т.б . мәліметтермен толықтырып содан соң оқушыларға компьютер арқылы немесе бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларға есте қалатындай әсер қалдыруы сөзсіз.
Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық – технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үдеріс. ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан – жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Биология пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары көп, соның бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі сабақта пайдалану.
«Мағынаны тану» әдісі:
1. Суретке қарап (e) Құрбақа мен көлбақаны анықтаңыз.
(f) Құрбақа мен көлбақаның құрылыс және тіршілік әрекетінің ерекшелігі туралы біліміңізге
сүйеніп, қарапайым дихотомиялық кілт құрастырыңыз
«Тұлғаны таны» ойыны:
Жануар және өсімдік жасушасы құрылысының сызбанұсқасы
1. Төмендегі суреттерді пайдаланып, ксилема мен флоэма құрылысын салыстырыңыз.
Нәтижесін кестеге толтырыңыз.
№ Cипаттама Флоэма (сүзгілі түтік)
Тыныс алу мүшесінің құрылымдарын атаңыз.
Қорытынды:
«Биология пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану» атты аталған тәжірибелік жұмысында сүйене отырып, әрбір оқушының қызығушылық әрекеті мен шығармашылығы,белсенділігі, ізденімпаздығы өзара тығыз байланыста дамитындығын айқындадық. Сонымен зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен оқушылардың қызығушылық белсенділігін қалыптастыру жолдары негізінде және тәжірибе,оқу сабақ үдерісіндегі жұмыс нәтижесінде төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
1.Қазіргі кезеңдегі оқушылардың қызығушылық белсенділігін арттыруда ұсынылып отырған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы әдістемесі маңызды болып табылады.
2.Оқушылардың қызығушылық белсенділігін арттыру арқылы оның жеке азаматтық тұлғасын қалыптастыруға әсер етуге болады.
3.Қызығушылық әрекеттегі белсенділік компонеттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады.
4.Оқушының оқуға деген ынтасы артады.
5.Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады.
6.Оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады.
7.Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
8.Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Биология салауатты негіздері» журналы 2011ж №1
2. «Биология анықамалығы» журнал 2012ж №5, 2013ж №2
3. «Биология 6-8» электронды оқулықтар
4. «Оқыту ізденіс ретінде оқу ретінде. С.Мирсеитова 7 Қарағанды 2011ж
5. «Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығарашылық қабілетін дамыту» Л.С.Акашева, Х.К.Айткалиева Орал.қ 2015ж
6. «Мектеп директорының орынбасары» журналы №3, 2013ж
7. «Әдіскер мұғалім» журналы №2, 2010ж.