Материалдар / Баяндама: "ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп жағдайында білім беру процесін цифрландыру жұмысын жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Цифрлық технологияларды енгізу міндеттеріне талдау жасалып және оның білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мүмкіндіктері қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
7777
28 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ


Жукушева К.А.

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ «Лобанов орта мектебі» КММ, Лобанов с.


Аңдатпа. Орта мектеп жағдайында білім беру процесін цифрландыру жұмысын жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Цифрлық технологияларды енгізу міндеттеріне талдау жасалып және оның білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мүмкіндіктері қарастырылған. Цифрлық құралдарды білім беру процесінде қолдануды өзгерту –заман талабы.

Анотация. Рассматриваются подходы к системе цифровизации образовательного процесса в условиях средней школы. Проанализированы задачи внедрения цифровых технологии и их возможная реализация по Государственной Программе развития образования на 2020-2025 годы. Требование времени к изменению использования цифровых средств в образовательном процессе.

Anotation. The approaches to the system of digitalization of the educational process in high school are considered. The tasks of implementing digital technologies and their possible implementation under the State Program for the Development of Education for 2020-2025 are analyzed. The demand for time to change the use of digital media in the educational process.


Бүгінде еліміздің барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі болып отыр. Осы орайда басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттарының бірі – білім беру бағыты.

Шынымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрлық сауаттылық –бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлық сауаттылық –ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Ал цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Бүгінгі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған цифрлік технологияның оқу құралдарымен тығыз байланысты. Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үрдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет.бұл білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеделдету, мекеменің атқарушылық және әкімшілік қызметкерлеріне қажет. Мәселен өткен жетістіктерге тоқтала кететін болсақ Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында біршама елеулі жұмыстар жүзеге асырылды. Мысалы, білім және ғылым саласының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатындамемлекеттік қызметтерді ұсыну, ғылыми гранттарға өтінім беру және есептерді қабылдау бойынша бірқатар рәсімдер цифрландырылды. Сонымен қатар кемшіліктер де жоқ емес екені анықталды. Атап айтатын болсақ: мектепке дейінгі ұйымдардың 60 пайызы, мектептердің 10 пайызы әлі күнге дейін 4 Мбит/с кем интернет желісіне қосылған. Мектептердің оқу процесіне 305 мың компьютер пайдаланылған, оның 30,3 пайызы ауыстыруды талап етеді.[1, б.6-7] Ал қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Ендеше білім беру ұйымдарында ІТ –инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн –курстардың желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажеттігі анықталып Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енді. Ашығырақ тоқталатын болсақ келесі міндеттер анықталды:

Білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын (сымсыз коммуникациялар, бұлтты технологиялар, микросерверлер, компьютерлер мен перифериялық жабдықтар, жергілікті желі, кеңжолақты интернетке қол жеткізу және т.б.) дамыту жұмысы жалғастырылады. Дүниежүзілік банктің "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын іске асыру шеңберінде 5 000-нан астам мектеп 100 000 ноутбукпен және 20 000 принтермен қамтамасыз етіледі. Интернетке қосылмаған не қосылу жылдамдығы төмен 2 500-ден астам мектеп 1200 деректерді өңдеу орталығына ие болады. Нәтижесінде барлық педагогтерді компьютерлермен қамтамасыз ету бойынша "1 мұғалім – 1 компьютер" жобасы іске асырылады. Мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен, STEM-кабинеттермен жарақтандырылады.[2, б.56-57]

Қазіргі уақытта 2017-2021 жылдарға арналған «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Осы орайда THESIS.KZ білім беру порталы «Бірінші қыркүйек» Республикалыөқ ақпараттық – әдістемелік орталығымен бірге “Digital School” – «Цифрлік мектеп» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба ең алдымен мұғалімдерге бағытталған: қазіргі заманғы мектепте ақпараттық мәдениетті дамыту, цифрлік оқыту ортасын құру, жаңа электронды оқу өнімдерді тәжірибелік дамыту.[3]

Қазақ мектептерін цифрландыруға қатысатын барлық ойшыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдрды жсауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мзмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәлелелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Осы сұрақпен айналысатын ғалымдар оларды бірнеше бағыттарға бөліп отыр:

  • Оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

  • Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

  • Мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеруі және оқу үрдісіне пайдалану бойынша кәсіби біліктіліктерін жетілдіру;

  • Оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалуға үйрету;

  • Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Цифрлық білім беру ресурстарының сабақты өткізудегі тиімділігі:

  • Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;

  • Зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, интерактивті модельдерді пайдалану;

  • Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;

  • Сабақ үстіндегі оқушылардың жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.

Цифрлық білім беру ресурстарының оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі:

  • Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, дарынды балалардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі;

  • Кез-келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз білімін автоматты түрде бақылау құрылғысы «жақсы», «өте жақсы» бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды;

  • Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентация дайындауда биологиялық объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады;

  • Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады;

  • Мультимедиялық анықтамалық –сөздіктер мен анықтауыш –атластарды пайдалану мүмкіншіліктері артады;

  • Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып үйренеді.

Оқу процесі барысында цифрлық білім ресурстарының көптеген түрлері қазірдің өзінде қолданылып отыр: анимациялар, интерактивті суреттер мен сызбалар. Келешекте интерактивті тапсырмаларды да кеңінен қолдануға болады. Сабақ кезінде жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді кеңінен пайдалану қажет. Цифрлық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайда бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп, оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіншіліктер берері сөзсіз.[4]


1-сурет. Мектеп оқушылары ағылшын тілі сабағында.


2-сурет. Мектеп оқушылары қазақ тілі сабағында.

3-сурет. Өзімнің мұғалімдер арасында жоба қорғауым.

Электронды оқыту, яғни оқыту барысында цифрлық ресурстарды пайдалану жүйесі ең алдымен оқытушы мен оқушыға үлкен еркіндік береді. Бұл екеуінің де тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қолайлы. Оған дәлел ретінде жоғарыдағы фотосуреттер. Бұл суреттерде біздің мектеп мұғалімдерінің цифрлық ресурстарды сабақ барысында қолдану сәттері көрсетілген. 1,2-суреттерде ағылшын және қазақ тілі пәндерін шет тілі ретінде оқыту барысында мұғалімдердің интерактивті тақта мүмкіншіліктерін және «Bilim Land» сайтының дайын материалдарын қолдану сәтінен көрініс. 3-суретте мен өзім мұғалімдер арасында «Білім беру процесінің дамуы» тақырыбындағы жобаны қорғауым.

Сандық білім беру ресурстары мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады. Яғни сабақ мазмұнын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялы мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушының пәнге деген қызығушылықтарымен және тағы басқа құбылыстармен байланыстырудың қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді.

Әрине, сандық оқыту барлық қиындықтардан құтқарады десек жалған айтармыз. Көп мәселе адамға келіп тіреледі. Адам тұлғасын өсіру одан да маңызды шаруа. Қысқасын айтқанда, цифрландырудың сиқырлы әлеміне ену жөніндегі Қазақстанның қазіргі ынта-жігері және ұмтылысы көптеген бағалаулар бойынша жаман емес. Дегенмен қол жеткенге қанағат қылудың ешбір реті жоқ. Керісінше, үдерісті одан әрі үдете түсу қажет.


Әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: 2010ж.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Нурсұлтан: 2020ж.

  3. 2017-2021 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: 2017ж.

  4. http://nci.kz/ru/content/uchebno-metodicheskie-posobiya-po-ispolzovaniyu-cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov-v-uchebnom - сандық білім беру ресурстарының қолданылу әдістемесі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!