Материалдар / Баяндама "Диалогтік оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің маңызы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Диалогтік оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама деңгейлеп оқытудағы мұғалімнің алған білімін өз сабақтарында қалай тиімді қолдана алғанды туралы жазылған. Баяндама мазмұнында 4 Б сыныбында өткізілген "Астана күні" тақырыбындағы сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің ұтымды пайдаланылуы туралы көрсетілген. Диалогтік оқытудың тиімділігі туралы айта келіп, өз тәжірибеммен бөліскенді жөн көрдім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
790
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Диалогтік оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің маңызы

Благодар орта мектебі ММ. Мейірман Әлия Машырыққызы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз.

Шәкірттерін оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді меңгерген және сол әдістерді түрлендіре білетін мұғалімнің рөлі айрықша болмақ. «Ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс, тым ырыққа жығыла да бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысынан тас тесетін бейнебір- су тәрізді»- деген бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фарабидің сөзі барлық берген білімнің нәтижесін тек оқытушының еңбегінен, ізденісінен, талпынысынан, көрегенділігінен ғана болатындығын айқындай түседі.

Білім берудің талабына сай әр кезеңдегі білім беру жүйелері өз міндеттерін атқарады. Ал бүгінгі талап басқаша. Мұндағы басты мақсат- келешек ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, яғни, терең білімді, рухани шығармашылық қабілеті жоғары, сыни ойлауға мүмкіндігі бар, өз бетімен ізденіп, игерген білімін іс жүзіне асыра алатын тұлға дайындау. Мақсат- айқын. Аталған мақсатқа жетудің тиімді жолы ретінде оқытудың әр алуан технологиясын, әдістемесін пайдалану керектігі сөзсіз. Мұндай жағдайда мен өзімнің де, өзгенің де оқытудағы көзқарасын басқаша қырынан өзгерткен Кембридж тәсілінің мүмкіндігінің зор екеніне еш шүбә келтірмеймін. Кембридж тәсіліндегі сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету (нұсқаулық, 6-бет). «Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай, біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды»- деп ұлы ойшыл Платон айтқандай дәстүрлі білім беруге ұқсамайтын сындарлы оқытудың маңыздылығы мұғалімнің де, оқушының да өзгенің бергенімен емес өз бетімен алған білімін кез келген жерде тиімді қолдануы болатын. Менің бұндай көзқарасым мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде оқушыларыммен жұмыс жасағанда қалыптасты.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние- жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру және жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы , сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі (нұсқаулық, 6-7 бет). Сонымен қатар, қазақ тілін үйретуде оқушының түсінігін қалыптастырудағы қатысымдық әдісті пайдаланудың ең тиімді жолы- адам мен адамның тікелей қарым- қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыру. (Барнс «1971) Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, яғни, сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті(нұсқаулық,39-бет). Сындарлы оқытудың бір саласы- диалогтік оқытудың өзіндік құндылығы ерекше. Диалогтік оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалімнің ең үлкен құндылығы болып табылады. Тиімді әдіс-тәсілдің маңыздылығы оқушылардың еркін, дербес екенін сезінуге мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің өзі сабақта диалогтің маңыздылығына сүйенеді. «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің аттыруына үлес қосады» (Мерсер, Литлтон(2007)) деп көрсетеді(Ман, 103-бет). Ал зерттеуші ғалым Мерсер (2010ж): «Білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» оқушылармен диалог құру аррқылы жүзеге асады». (Ман,49-бет) Мен өз тәжірибемде оқушылармен диалогтік оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерінің маңыздылығының жоғары екендігін сезіне алдым. Төменде іс-тәжірибемнен туындаған сабақ үлгісін ұсынып отырмын. Қысқа мезімді сабақ жоспары

21.04.2017ж

4 «Б» класс

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Астана күні

Сабақтың мақсаты:

Ұжымдық түрде білім алуға ынталану, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану, Отанды сүюге, аялауға тәрбие алу.

Күтілетін нәтиже

Жаңа сөздік қорларын молайтады; сабақтың өзекті мәселесін таба біледі; диологтік тапсырманы түрлендіреді; ауызекі тілін дамытады; бәсекелестік артады; өз ой -пікірін еркін жеткізе алады;

оқыту әдістері

«БЛУМ таксономиясы негізінде - Білу- «Жалауша таңдау»; Түсіну- Ой қозғау сұрақтары; Қолдану-«Біреуі қонақта, төртеуі үйде» әдісі; Талдау-«Даналық ағашы», грамматика лық жұмыс; Жинақтау- «Көзбен көру айғағы», бағалау

Керекті жабдықтар

Оқулық, интербелсенді тақта, мереке тақырыбына сай суреттер (гүл, жалауша), кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Ресурстар

шапалақ, гүл суреттер, алаңқай парақшасы, гүл стикерлері , ғимараттар суреті , оқулық, қиынды суреттер, А3 парағы

Бағалау

үш шапалақ, алаңқайға гүл жинау, бас бармақ, жалауша, бірін-бірі бағалау, гүл жинау, мұғалімге гүл шоғын жасау

Кезеңі

Сабақ барысы

Оқыту тәсілінің маңызы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығу

шылы

ғын ояту



















Кіріспе 7 минут







Білу






Ұйымдастыру- Психологиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады Топқа бөлу -Сыныптың оқушыларын «Ханшатыр», «Бәйтерек», «Ақорда» сөздерін таңдату арқылы топқа бөлу, гүлге назар аударту арқылы көктем мезгілін сәйкестендіре ұйымдастырады, бағалау парағын түсіндіреді 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Жалаушы таңдау» әдісі бойынша өткен тақырыпты сұрайды.

Бір-біріне сәттілік тілейді. «Ханшатыр», «Бәйтерек», «Ақорда» тобына бөлу, гүлдер суреті бойынша көктем туралы, еңбек науқанын, мереке туралы айтады, бағалау алаңқайының сырын түсінеді..

2. Аты аталған оқушы жалаушаны таңдап сұраққа жауап береді.



Білу- Өзіндік мақсатын айқындады, еңбектену керектігін түсінді, топқа суретке сай жарыса ат қойды. (түсінді, қызығушылығы оянды)


Түсіну-6мин

3. Жаңа сабаққа кіріспе- Суретте бейнеленген кім? Қолында не бар? Неліктен жалауша ұстаған? Топтардың реттік нөмірін тақтаға жазайып есептейікші, бүгін қандай мереке туралы жұмыс жасайды екенбіз? Астана күні қашан болады?

3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. (суретке қарап тақырыпты ашады)

1+2+3=6 деп 6 санымен сәйкес Астана күні мерекесін нақтылайды.

Қызығушылық- үндемейтін оқушы есеп шешуін айтуға ұмтылды, мерекеге сай сәйкестіктікті іздеуге тырысты.

Мағынаны тану

Қолдану - 5 мин

«Біреуі қонақта, төртеуі үйде» әдісімен жұмыс жасатамын. Қосымша мәлімет- «Астана» күні қашаннан бері тойланып келеді? Биыл Астана күнін нешінші рет тойлағалы отырмыз? Астанада не бар? Сөздікпен жұмыс:биыл (а)-былтыр

1. Тілші қызметін атқаратын оқушылар келген қонақтардан «Астанада қандай ғимарат бар?», «Биыл мереке қалай тойланады?»

2.Сөздікпен жұмыс жасайды.

Ұжымдық жұмыс қалыптасты, сұрақ қойып-жеткізуде еркіндікті сезінді, дә-лелдеп жеткізуге тырысты, дұ-рыс жауап айтуға дағдыланды.

Талдау-9мин

1.Оқулықпен жұмыс 2-тапсырма. Мына суретке қарап сұрақ құрастырайықшы. 2. Мәтінмен жұмыс,оқыту Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтінді талқылату

1. Суретке қарап сұрақ құрастырады ,ерекшелігін айтады. 2. Мәтінді оқиды, «Даналық ағашы» әдісі арқылы жұмыс жасайды.

Мазмұнды түсінуге, дұрыс сұрақ қоюға, дұрыс жауап беруге тырысты.

1. Астана өлеңін мәнерлеп тізбектетіп оқыту

2.Астана сөзін септеу

1. «Астана» өлеңін оқиды 2. «Астана» сөзін септейді.(Дәптермен,тақтамен жұмыс)

Тән дыбысты, жалғауды дұрыс қолдануға тырысты.

Сергіту -2 минут

Димаштың орындауындағы «Дайдидау» әнін тыңдату

тыңдайды, талқылайды

Отанына деген мақтаныш сезімін жеткізді.

Қорытынды

Жинақтау 8 минут

Көзбен көру айғағы- топтық жұмыс жүргізу






Ой қорыту- Астана, ол....

1-топ: Қашан? ғимараттарды жүйелеп жинақтау; 2-топ: Кім қайда барады? Сұрағына жауап бере отырып жинақтау; 3-топ: Сен не білесің бе? Мереке суретте рін жинақтау. Астана туралы бір ауыз сөзбен бекітеді.

Жүйелеуді, нақтылауды , ойын дұрыс жеткізуді үйренді.

Кері байланыс


Рефлексия 3 мин


2.Бүгінгі сабақ қаншалықты меңгердіңдер? Мен де өзіме мерекелік гүлшоғын ала кеткім келеді.

мен сабақты меңгердім

Picture 4

мен сабақты толықтай меңгере алмадым

мен үшін қиын болды, түсінбедім


Қызғалдақтың ашылған, жартылай ашылған, ашылмаған бастарын алып қалаған қызғалдақтың сабағына жапсырады

Гүл таңдап жапсыру арқылы гүл шоғын жасауда ойын жеткізуді үйренді.



Үйге т

128-б 4-тапсырма өлеңді жаттап келу, 5-тапсырма толықтырып жазып келу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.


Бағалау 2 м

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлер арқылы бағалайды.

Өзіне қойылған баға туралы пікірін айтты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық . Үшінші (негізгі)деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ (2012 жыл)

2. Мұғалім.kz- республикалық оқу-әдістемелік журналы , №6



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!