Тақырыбы: Физика пәнінен оқушылармен жүргізілетін
жеке және топтық жұмыс
ҚР-ның білім туралы заңында
білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылыми және практика жетістіктері негізінде жеке адамы
қалыптастыруға, дамуға және кәсіби жағынан шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек. Жаңа заман талабы
мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді. Мұғалімнің жоғары идеялық
және мамандық деңгейі, азаматтық борыш сезімі, мөлдір
адамгершілігі, терең және жан-жақты білімі мен мәдениеті балалар
мен жастар үшін үлгі болуы керек. Мұғалім оқу және тәрбие берудің
әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, ғылым мен озық тәжірибені білуге және
пайдалануға, үнемі шығармашылық ізденісте жүруге міндетті. Осы
табандылықпен, еңбекқорлықпен өз мамандығымызға деген зор
сүйіспеншілікпен ғана жүзеге асады. Физиканы оқытуда
оқушыбелсенділігі мен ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
мұғаімнің шеберлігіне, сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді орнымен
пайдалана білуіне тікелей байланысты. Білім беру процесінің маңызды
бөлігі – оқушылардың білімі мен білігін
бақылау.
Бақылау
формалары:
1.
Жеке
Топтық
Жан-жақты
Бақылаудың негізгі
әдістері:
-
Ауызша бақылау
жұмысы
-
Физикалық
диктант
-
Дифференциалды бақылау
жұмысы
-
Өзіндік
жұмыс
-
Тест
жұмысы
-
Әртүрлі тапқырлыққа берілген
есептермен жұмыс
Осы мақсатпен сабақ беретін
оқушыларды топқа бөліп жұмыс жүргізіп клемін. Әр топты 3-4 оқушыдан
құруға болады. Әр топта үздік оқушы топ жетекшісі болады.
Жетекшінің індеті күнделікті топ мүшелерінің үй тапсырмаларын
орындауы жөнінде мұғалімге хабарлама жасап тұрады әрі түсінбеген
оқкшыларға көмек жасайды.
Кей сабақтарда топпен шешетін
тапсырмалар орындатылады. Топтық жарыстар өткізуге болады. Әр топқа
алдын-ала дайындалған тапсырмалар мен оның жауаптары жазылған
карточкалар таратуға болады. Топ жетекшілері балалалрдың
әрқайсысына тиісті тапсырмаларды бөліп береді. Әркім берілген
тапсырманы шығаруға және жауап жазған карточкалар болады. Топ
жетекшілері балалардың әрқайсысына тиісті тапсырмаларды бөліп
береді. Әркім берілген тапсырманы шығаруға және жауап жазылған
карточкалар ішінен өз еңбегінің жауабын табады. Оқушылар
тапсырмаларды жеке-жеке орындаған соң карточкалардың 2-ші жағына
жазылған тапсырмаларды топтағы балалар бірігіп шығаруы тиіс. Ол
тапсырмалар: сұрақ, ребус, жұмбақ т.б болуы мүмкін. Топтық әдіс
олардың өз беттерінше орындайтын жеке жұмысы мен ұжымдық еңбегін
сабақтастырады.
Жеке және топтық жұмыс жаңа
технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануға болады. Оны инновация
деп атайды. «Инновация» деген сөз латынның «nobos» жаңалық және
«in» еңгізу деген мағынаны білдіреді.
Әдіс дегеніміз-мұғалімнің
белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология
дегеніміз-көптеген әдістердің жиынтығы. Сабақтарда СТО
технологиясының түрлі стартегиялары оқушының жеке тұлға ретінде
қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Қызығушылықты оятуда
«Топтастыру», «түртіп алу», «INSERT». Ол бойынша оқушыға оқу,
тақырыппен барысында V-«білемін», «мен үшін түсініксіз»: + «мен
үшін жаңа ақпарат», ?-«мені таң қалдырды».
Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі.
Мақсаты-жалпы мәселені алдымен жуыта, сосын ұжымда талқылау.
Оқушыларды бір сарынмен жалықтырмау мақсатында сабақта әртүрлі
әдістерді қолдануға болады. Жекелей жұмыс жүргізу арқылы әр
оқушының жеке еңбегін көруге болады. Аталған әдіс-тәсілдің физика
сабағында берер көмеі 1-ден уақыт үнемдеуге көмектеседі, 2-ден
оқушыларды толық еңбек етуге тартады. Оқушылар сабаққа ынтасы
артып, жалқау оқушылар саны азаяды. Әр сабаққа жоғары талап қойып,
зор жауапкершілікпен қарай білсек, берген білімімізді қабылдамас
шәкірт болмайды демекпін.