Материалдар / Баяндама: "Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
1037
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі


Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан – жақты, мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек – ақ
Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, азат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», – деп үміт артып отыр. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін жан – жақты тәлім – тәрбие ісі көбінесе мектепке дейінгі мекемеден басталып, мектепте педагогикалық үрдістің жалғасын табатыны бәрімізге белгілі.
Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі – өз Отанына деген елжандылық сезімін жас ұрпақ бойына сіңіріп, ұлттық тәлім тәрбие беру, халық педагогикасы арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыру, әр халыққа тән салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты білуге тәрбиелеу болып отыр

Алексей Максимович Горький: «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» - деген. 

     Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады.
    Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды.
    Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.






















Мақал-мәтелдер

Жұмбақтар



Shape2 Shape3 Shape1

Халық ауыз әдебиеті түрлері






Shape4 Shape5

Санамақтар

Ертегілер

Shape6




Жаңылтпаштар






Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
    Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол. 
     Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.
    






«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің


рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»

Ы.Алтынсарин


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі.

Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.

Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады.

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді [2].

Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді  байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет оқу қызметінде алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін. 


    
Ертегі адам даналығының ғажайып туындысы. Ол жас бүлдіршіндерді асқақ сезімге бөлеп, қуанышқа кеңелтеді. Өз күшіне, болашағына деген сенімін ұштап, әсте қол жетпеске қол жеткізуіне болатындығына үндейді. Оның ішінде ұлттық жағдайларға құрылған тұрмыс-салт ертегілерінің орны ерекше. Аңыз әңгімелер мен жануарлар туралы ертегілердің қиялына қанат бітіріп, өмір мен етене екендігі еліктіре түсетіндігі және шындық.

Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді.

1 Қиял – ғажайып ертегілер.

2 Хайуанаттар жайлы еретегілер.

3 Салт (шыншыл) ертегілер.

Қиял – ғажайып ертегілері – оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын. Оқиғалар жүзеге асып жатады.

Қиял – ғажайып ертегілерінің тағы бір ерекшелігі бұндағы кейіпкерлердің заттары құрал-саймандары, т.б. мүлдем бөлек. Мысалы, «Ыста тас» деген кішкене ғана тас тілдің астында жатады. Атын айтса, «Ләббай» деп жауап береді. Нені қаласа, соны жасайды. Ханды жеті дарияның арғы жағына апарып тастайды, немесе ордасымен көшіріп әкеледі. Осының бәрін әп-сәтте, көзді ашып-жұмғанша істейді.

Қиял – ғажайып ертегілері бір қарағанда шындықтан алыс көрінгенімен, ұшқыш кілем, жүйрік тұлпардың орнын басар автомобиль, ұшақ, зымыран секілді көліктер өмірімізден орын алады.

Хайуанаттар жайлы ертегілер – адамзаттың қоршаған табиғатпен жаңа араласып, аңшылық, бақташылық өмірі басталған кезде туған ертегілер.

Мұндай ертегілерде адамдармен бірге жан-жануарлар басындағы оқиғалар, тұспалдар, мысалдар айтылады. Әрі белгілі бір жануарлар не олардың іс-әрекеттері адамдардың немесе олардың қылықтарының, мінездерінің көрінісі болып ұсынылады. Мысалы, түлкі- қулық, арыстан- қара күш, түйе-аңқаулықтың символы болып көрінеді.

Ертегінің түрінде де халық өз кейіпкерлерінің аман болғандығын, жамандықты жеңіп, үстем шыққандығын қалаған, сол арқылы балаларын, ұрпағын мол жігерге, орасан оптимистік сенімге баулыған.

Қазақ ертегілерінің тағы бір мол түрі – шыншыл ертегілер. Қазақтың дүниетанымдығы, өміріндегі, көзқарасындағы барлық ісін, мұң-мүддесін, тартыс-таласын тек осы шыншыл ертегілерден табуға болады. Мұнда жауыздыққа, топастыққа қарсылық айқын байқалады, яғғни халық өзінің нені ұнатып, нені жек көретінін анық танытты. Шыншыл ертегі қазақтың жан дүниесіндегі мұңынан, қайғысынан хабар береді.

Халық әлсізге, нашарға көмектескенді жақсы көреді.

Салт-шыншыл ертегілерде қазақтың малшылық-бақташылық тұрмыс- тіршіліктері көрініс береді. Бұнда жылқышы, қойшы, түйеші, тазша, құл, бай, би, хандар образы арқылы сол кездегі тұрмыс-салт, күйеуін сыйлар әйел, ағаның алдын кеспес қыз, әке тұрып сөйлемес ұл қылығын, жорасын көреміз. Халықтың тұрмысы, тіршілігі ертегінің бір бөлігінде көрінсе, екінші бөлігінде дала танымы, елдің салтын, қазақтың жазылмаған, бірақ бұлжымайтын заңдары сипатталады.

Жалпы алғанда қиялсыз ертегі болмайды, ал көп ретте оның өз тағылымы айтарлықтай болады. Жас бүлдіршіндер шынында да одан өз өміріне үлгі тұтар өнеге алуы – адамгершілік, ізгілік, адалдық, ақыл-парасат, кейде тосын жағдайлардан сытылып шығар ептілікті де үйрену мүмкін.

Егемен еліміздің бүгінгі жас бүлдіршіндеріміздің болашағы біздерге аманат.



Алтын,күміс


Алтын, күміс Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.







Екі лақ

    Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. 
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр: 
- Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады. 
- Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді. 
- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады: 
- Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз. 
- Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады. 
- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр. 
- Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ. 
- Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да: 
- Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді. 
- Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді. 
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады. 
- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. 










Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс - әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.
     Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем.
     Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. 
    Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. 
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды.
     Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.


Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

***

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)








Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
     Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді, 
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы: 
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
    

Жаңылтпаштар қазақта тілді жаттықтыруға, тәлім-тәрбие беруге бағытталған, сонымен қатар, баяу айтылса мәнсіз, шапшаң, жылдам айтылса, қызықтырақ болып келетін түрлі тақырып пен түрліше мағынадағы жаңылтпаш типтері көп. Белгілі бір үлгі тұтарлық адамның шығарған жаңылтпашы мағыналы болғандықтан, халықтың ой елегінен өткізіліп, еш өзгеріссіз ұмытылмай сақталып, ауыздан-ауызға таралып, жатталып отырған. Бұл-бала тілінің кемістігін түзеп, дамыту мақсатында қазақтың ойлап тапқан тиімді әдістерінің бірі саналады. Сондықтан, мұның қолдану аясы кеңей түседі. Алғашында балаға әріптердің дұрыс оқылу нұсқасын меңгертуде, оған ұрысып немесе жекіп, көк айыл боп ұрып, айтқызудан ересектер еш нәрсенің байыбына бара алмайды, керісінше, үдете түседі. Яғни, бала бұдан қатты қорқып, қобалжудан сөздерді мүлде шатастыруы да мүмкін. Соны болдырмаудың жолы, тілі қайсыбір әріпке тез бұрмалауын жетілдіретін әдіс – бұл, әрине, жаңылтпаш. Қазақта мақал-мәтел, нақыл, өнеге сөздер секілді орын толтырарлық құрал іспетті. Жаңылтпаш жаңылдырту үшін құрылмаған, керісінше, мағынасын терең ұғынып, жаттанды түрде жылдам әрі жаңылыспай айтк үшін құрылған қызықты жаттықтыру амалы. Сондай-ақ, «і-ы, ш-с, к-қ,н-ң, р-л» сияқты түрлі әріптер әр сөзде қайталанып келуі, тілді соған дағдыланыруға септігін тигізбей қоймас.

Егер де, бала осылайша жаңылтпашты дұрыс әрі толық меңгеріп, тіл жаттықса, онда есейе келе, бұл оқушы тілі анық әрі таза, ешқандай кедергі, қиындықсыз айтылып, тыңдаушыларға дыбыс не дауыс жақсы деңгейде естіледі. Яғни, осы әдістің нәтижесі болғаны. Сол сияқты жаңылыспау, тез сөйлеуге әбден джағдыланып, машықтанады. Міне, жаңылтпаштың осы сияқты әріпті дұрыс оқи білу, бір-біріне ұқсас санап, шатастырмау, тез сөйлеу, сонымен қатар, беретін тәрбиесі мен айтпақ ойы да мол екенін анық байқауға болады.

Жалпы, қорыта келе, жаңылтпаштардың берер тәлім-тәрбиелік маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Тілді бұрмалап, жетілдірудің басты күші, бал тілін қиындықсыз дамытуды қызықты да тиімді, пайдалы әдісі – жаңылтпаш. Яғни, бұл құралдың жиынтығы осы болып саналады. Ұзын сөздің қысқасы, бала тілінің дұрыс жетілуі-жаңылтпаш әдісінің мол пайдасына шешіледі.


Жаңылтпаштарды жатап үйренеміз

    

Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
     

                                                   

 Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші.. бес пысық.

 

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.



Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.



Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,
Ақ қар аппақ, бәрі аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ
Ақ сүт, айран, қант та аппақ.



Бес түп алма,
Бестік алғандыкі.
Төрт түп алма ,
Төрттік алғандыкі.

Тоғайда шоғайна
Жабысар борбайға.
Кей бала ондайда
Басады ойбайға.

Уәли атты ағасы
Украинадан келемін деп,
Уәлихан жүр, қарашы,
Уақытын күтіп елеңдеп.

Шырша сыпырғыштың
Ұшы шырпылсыншы.
Барша сыпырғыштың
Ұшы қырқылсыншы.

Шешендер шебер,
Шынайы шенер.
Шенелген шіркін,
Шөмиіп шөгер.

Шақпақ тасты, аппақ тасты
Шақпақшы шал
Шығып, шашты.

Үлгілілік — үйретуден.
Үлгерулік - үйретуден.
Үлгілілік - үздіктен,
Үздіксіз үйретуден.

Ұстара, ұстара!
Шаш алуға құштар, ә!
Құштар, ә!
Ұстарада күш бар, ә!

Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.

Жоғалды бес шыбыш,
Жоң өлі еш сыбыс.
Жоқ өлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

Жолаушыны арбалы
Тонаушылар байлады.
Қырда жортқан көп аңшы
Тонаушыны байлады.

Жолы болған жолаушы
Қара жолмен заулады.
Тонаушылар байлаулы
Жаралы аңша аунады.

Доп теп,
Тек,
Дөптен кеп теп.

Киген тоны -
Онды тон,
Өнді тон.

Қызым жүзім же,
Жүзім үзіп же.

Тұз - мұздай,
Мұз - тұздай.

Бұл бір жылтыр шылбыр екен,
Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.

Тері шалбар бар,
Тері шалбар киетін шалдар бар

Үйген жүгерілері,
Түгел ірі жүгері.

Тайғанақта қай тай тайды,
Тағалатпаған тай тайды.

Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.

Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.

Құрақ құрап көрпе көктеді,
Қырық құрақ көрпе көктеді.

Көктемде шөп өнер жер
Мал келер, мал ерер жер.

Шаншар шаршап жатыр,
Қайсар жайша жатыр.

Ерді ел елер,
Ер елге еркелер.

Шын еңбекшіл - өрмекші,
Өрмекші - шын өрнекші.
































Мақал – мәтел, нақыл сөздер  - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамытып, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық сабақта және сабақтан тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді.
    «Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері сабағында:
«Денсаулық – зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.


Қазақ халқының мақал-мәтелдері және нақыл сөздер жинағы


Ел боламын десең бесігіңді түзе.

Бала тілі бал.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Бірлік болмай,тірлік болмайды.

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

Не ексең соны орасың.

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі

Жаяуға жол алыс.

Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.

Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Жоқшылық  ердің қолын байлар.

Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.

Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы

Есекке алтын ноқта тақсаңда есек болады.

Балықшы балықшыны алыстан таниды.

Өтірік өрге баспайды.

Қанағат қарын тойдырады.

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.

Балалы үйде өтірік жатпайды.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол

Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

Жігітке жеті өнерде аз болады.

Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Көз қорқақ, қол батыр.

Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Есектің жүгі жеңіл болса жатаған келеді.

Денсаулық зор байлық.

Ішің ауырса аузыңды тый,көзің ауырса қолыңды тый.

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.

Әке өліп, бала қалса,
Мұратына жетеді;
Бала өліп,ата қалса,
Арманы іште кетеді.

Әке тұрып, бала сөйлесе шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе еркіндігі.

Атадан бала, мойыннан жаға озбайды.

Атасы басқа аттан түс,
Атасы бір, атқа мін.

Алыссаң атаң болса да жық,
Аясаң көтеріп жібер.

Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.

Құлынында кісінемеген ат болар,
Атасын көрмеген ұл жат болар.

Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әр үйлі жанға ортақ.

Өзіңді көрген өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Ата даңқымен ұл өтер,
Ана даңқымен қыз өтер.

Атадан ұл қалса, өзі қалғаны,
Қыз қалса, ізі қалғаны.

Құс балапаны үшін торға түседі,
Ата баласы үшін азапқа түседі.

Тай ат болса, ат тынар,
Ұл ер болса, ата тынар.

Әке-бауыр, бала-тас.

Әке-жезде, шеше-күйме.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.
Әкесі достың баласы дос.

Әкеге баланың алалығы жоқ.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Әке өлсе мүлкі мұра,
Аға өлсе жеңге мұра.

Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп.

Әке отырып, ұл сөйлегеннен без,
Ана отырып,қыз сөйлегеннен без.

Өз қолыңда болмаса, әкеңде жат.

Жақсы әке жездедей-ақ.

Соры қалың әкенің-
Кер бағып ұлы өседі,
Сөз бағып қызы өседі.

Баланың балалығына әкенің даналығы бар.

Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

Аллаға сенген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады.

Жоққа-салауат,
Барға-қанағат.

Кедейшілік есіктен кірсе,
Иман терезеден шыға қашады.

Садақаны сауыңда бер.

Ақ жол-айғақ,
Қара жол-тайғақ.

Адамның басы –
Алланың добы.

Атың жаман болса, қарың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.

Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Сын түзелмей-
Мін түзелмес.

Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.

Иілген басты қылыш кеспес.

Әркім өз кездігімен өлшейді.

Әркім өз бойына қарап-тон пішер.

Көштің байсал тапқаны
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны
Көлденеңге барғаны.

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Сезікті-секірер.

Аузы күйген –үріп ішер.

Керіскеннің кесірі-
Келген бақты кетірер.

Әділ болсаң ақжарма,
Жақсы іске билік қыларсың.

Сараңдықтың соңы-арамдық.

Малым-жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы.

Үмітсіз жаннан без,
Қайырсыз малдан без.

Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.

Сөз-сүйектен өтер,
Таяқ еттен өтер.

Бар барын жейді,
Ұятсыз арын жейді.

Пасық адам белгісі:
Өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.

Ақ пен қараны шындық айырар.

Ар қайда болса,ұят сонда.

Ұрының арты қуыс.

Арыңды жастан сақта.

Қанағат кеткеннен-
Қасиет қашады.

Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.

Алдыңа келсе,
Атаңның құнын кеш.

Малыңа сүйенбе,
Арыңа сүйен.

Ақкөңіл адамға-
Біреудің сырқаты да батады.

Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.

Пейілі жаман бәлеге жолығар.

Өзім білем –өрге апармас.

Ақ көңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да, жамандық шықпас.

Арақ атаңнан қалған ас емес.

Арақты итке құйсаңда ішпейді.

Өзге елдің оты,
Өз еліңнің түтініне татымас.

Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.

Ел аузына елек қойып болмас.

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Адассаң елмен адас.

Елді іс біріктіреді, сөз бұзады.

Елді сөкпе, кенді төкпе.

Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ,

Ел ағыны мен су ағыны тең.

Ел қадірін көрген біледі,
Жол қадірін жүрген біледі.

Ел аузы дуалы.

Ел құлағы елу.

Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.

Есің барда еліңді тап.

Беліңнің мықтысы бір басыңа,
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.

Жер шежіресі-ел шежіресі.

Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.

Жақсы бала-сүйік

Жаман бала-күйік

Бесік баласы бес түлейді


Халық ауыз әдебиеті түрінің бірі – санамақтар.Санамақтар балалардың есте сақтауға, дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Санамақ қарапайым математикалық оқу іс - әрекетерінде жиі қолданылады.


Санамақтар


Санамақ түрлері:


  1. Саусақ санамақ.

  2. Сан санамақ.

  3. Ұлттық санамақ.

  4. Күн санамақ.

  5. Тағы да басқа.

Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ.


Кел санайық, санамақ,

Саусақтарды даралап

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы,

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

 

Мен базарға бардым

Ысқырық сатып алдым.

Қызыл, жасыл, көгілдір

Қайсысын алсаң өзің біл.

 

Ойын ойнаған  басшы таңдау үшін айтылатын санамақ.


Бірім, екім,

Алма текім

Сапар айым,

Сары шымшық

Балтаңды ал да

Жүгіріп шық.

Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол ойыннан шығады.



                                Жаңа санамақ    


Бір- таңертең тұр.

Екі- шынығып бекі.

Үш- тазала тіс.

Төрт- сабындап жу бет.

Бес- сүртін тез

Алты – үйді жина жалпы.

Жеті- киін енді.

Сегіз- асыңды жеп, іш.

Тоғыз- ыдысты жу тегіс.

Он- сабақ оқы.

Осыдан соң, бұл санамақ жаңа

Күнде өстіп сана.


 Саусақ  санау ойыны.                            


  Санамақ.

 

Қуыр-қуыр қуырмаш,                             Бір  дегенің – білеу,

Балапанға бидай шаш!                           Екі дегенің – егеу,

Тауықтарға тары шаш!                          Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бас бармақ,                                                   Бес дегенің — бесік

Балалы үйрек,                                            Алты дегенің — асық

Ортан терек,                                               Жеті дегенің — желке

Шылдыр шүмек,                                       Сегіз дегенің — серке

Кішкене бөбек.                                           Тоғыз дегенің — торқа

Он – дегенің оймақ

Сен тұр – қойыңа бар!                             Он бір – қара жұмбақ.

Сен тұр – қозыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай,                                  Бір дегенім — бесік

Қазан түбін жалап,                                 Шықтық содан өсіп

Үйде жат.                                                     Екі дегенім — елім

Мына жерде құрт бар,                           Дала, тауым, көлім

Мына жерде май бар….                        Үш дегенім — үміт

Мына жерде қатық бар…                      Үміт артар жігіт

Қытық , қытық!                                           Төрт дегенім – төзім

Төзе білем өзім

Бес дегенім — бақыт

Бағалайтын уақыт.

1 дегенім – баспақ

Бұзауды жүр бастап

2 дегенім — ешкі                                         1 дегенім — бірлік

Ешкі қойдан есті                                      Онсыз болмас — тірлік

3 дегенім — үлес                                        2 дегенім – еңбек

Үлес үшін – күрес                                    3 дегенім — үйрек

Жем бер қолға үйрет                              Еңбек бәрін жеңбек

4 дегенім — тайлақ                                    4 дегенім – терме

Тайлақты қой байлап                             Тұрған жақсы ерте

5 дегенім — бие                                           5 дегенім – белең

Құлыныма — ие                                           Сан үйреніп келем

6 дегенім — атан

Мініп жүрсін атам

7 дегенім – жорға

Жорғаны мін жолға

8 дегенім – сиыр

Сиыр тұзға үйір

9 дегенім – тоқты

тоқты жемді соқты

10 дегенім — осы

төрт түліктің досы.

1.  1 – білім алдым.                                     1 дегенім — білмек

2 – есік салдым                                             2 дегенім – еңбек

3 – үй көшірдім                                             3 дегенім – үлгі

4 – төл өсірдім                                              4 дегенім – төзім

5 – белге шықтым                                       5  дегенім – бестік

6 – асық тіздім                                               6 дегенім – алғыс

7 – желім жақтым                                      7 дегенім – жеңу

8 — серке бақтым                                          8 дегенім – сену

9 – тойға бардым                                         9 дегенім – тоқу

10 – отын жардым                                     10  дегенім – оқу.

 

2.   10 рет – ойланып                     1 дегенім – бөрік,кисең бойға көрік

9 рет – толғанып                             2 дегенім – етік, киер сәнді етіп

8 рет – сызып                                     3 дегенім – ішік , теріден тігер пішіп

7 рет – бұзып                                     4 дегенім – тымақ, қыста кисең жылы- ақ

6 рет – қарап                                      5 дегенім – байпақ, іші жылы жайлы-ақ

5 рет – санап                                      6 дегенім – алқа , мойныңа тақ алда

4 рет – түйме қадап                        7 дегенім – жейде , кір болмасын кейде

3  тал үкі тағып                                8 дегенім – сеңсең,жылысы тонның кисең

2  қолым талып                                9 дегенім – телпек , болма бала тентек

1 бөрік тіктім                                    10 дегенім – оймақ , жүрме босқа ойнап

әрең біттім.







































Қорытынды


Сонымен, қорты айтқанда баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұрақтарға толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.


Халық ауыз әдебиеті түрлерін әрбір ұйымдастырылған оқу қызметтерінде білім салаларын байланыстыра отырып түзу арқылы еліміздің болашақ жастарын ұлтжанды етіп тәрбиелеп шығарамыз. Ол әрина тәрбиешінің ұйымдастыра білу шеберлігіне бпйлансты.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.

























Ұйымдастырылған оқу қызметі


Сабақтың тақырыбы «Айлакер қоян»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға «Айлакер қоян» ертегісін түсіндіре отырып, өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

Дамытушылық Оқушылардың танымдық қабілеттерін,

зейіндерін, есін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік Оқушыларды батыл болуға, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақтың әдісі сұрақ – жауап, топтастыру, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі суреттер, оулық.

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

ІІІ Сергіту сәті

ІV Дәптермен жұмыс

V Қорыту

VІ Үйге тапсырма

VІІ Бағалау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Түгендеу

- Керекті заттарын алғызу

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ Жаңа сабақ

Айлакер қоян

Ертеде бір айлакер қоян болған екен. Бір күні ол қалың бұталы сайды аралап келе жатады. Апанның аузында алқынып, шаршап отырған аюды көреді. Қалқиып алдына тұра қалып, оны мазақтап:

Әй Қорбаңбай, Қорбаңбай,

Күнің қараң болған ба-ай! – деп әндете бастайды.

Оның бұл қылығына ыза болған аю тап берген кезде, қоян зыта жөнеледі. Түбір-түбіртектерден орғып, ұстатпай кетеді. Сол бетімен әр жерде жүрген қояндарды жинап алады да:

  • Жүріңдер, мен сендерге бір қызық көрсетейін, - дейді.

Оның лепіргеніне басқа қояндар таңданады. Сонда да әуестеніп:

  • Ол қандай қызық?- деп сұрасады.

  • Еріңдер соңымнан, барған соң білесіңдер

  • Жүр, ендеше, - деп, басқа қояндар соңынан ілеседі.

Сытырлаған сыбдырды естіген аю қалың бұтаның арасында тығыла қалады. Әлігі қоян

аюды апанында жатқан шығар деп ойлап:

  • Әй, Қорбаңбай, тыңда, - дейді де, әндете өлең айту үшін тамағын кенейді.

Сол кезде тасада тұрған аю шап беріп, қоянның едірейген құлағынан ұстай алады.

  • Ә, бәлем, түстің бе қолға! – деп кіжінеді.

Қоян:

-Аю аға, жаңағы ағаттығым үшін кешірім сұрағалы келіп едім, - дейді.жалбарына

айлаға басып. – Мына қояндарды куә болсын деп, әдейі ертіп әкелдім.

Мұны естіген аңқау аю:

  • А, солай ма еді! – деп, қоянды босатып қоя береді.

Осылай, айлакер қоян тағы да амалын асырған екен.


ІІІ Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлерден

Ытқи-ытқи жөнелді.


ІV Дәптермен жұмыс

Ертегі кейіпкерлерінің сурет саламыз


V Сабақты бекіту

Топтастыру


Күшті – Аю – мықты қорқақ - Қоян – мақтаншақ

мейрімді батыл


VІ Үйге тапсырма

Ертегі бойынша сурет салу

VІІ Бағалау

Біліміне қарай бағалау.



Ұйымдастырылған оқу қызметі


Сабақтың тақырыбы « Құмырсқа»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға құмырсқа жайлы мағлұмат бере

отырып, еңбек ете білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, сөздік

қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, күштілікке,

батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақтың әдісі сұрақ – жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі суреттер, оқулық.

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Сергіту сәті

V Дәптермен жұмыс

VІ Сабақты бекіту

VІІ Үйге тапсырма

VІІІ Бағалау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Түгендеу

- Керекті заттарын алғызу

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге не берілді?

-Берілген тапсырманы парта бойынша аралап тексеру.

- Түлкі не ұстап алды?

- Жылан мен қарлығаштың суретін салу.


ІІІ Жаңа сабақ

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуіндегі тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.. Бірде жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен дән тауып алады. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмайды. Сонан соң көмек сұрап өзінің қанатты достарын іздейді. Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады.

  • Досым, бір дән тауып алып едім , жалғыз өзім көтере алмадым. Маған көмектесіп

жіберші., - деп өтінеді.

  • Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - деп ара көнбей қояды.

  • Солайы солай ғой, мейлі, - деп құмырсқа әрі жүріп кетеді.

Ол енді қоңызды тауып алады. Мән-жайды айтып, көмек сұрайды.

-Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп қоңыз ызыңдап ұшып кетеді.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда жолда өзінің

илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

  • Саған не болған. Не істеп жүрсің? –деп, жөн сұрайды.

Құмырсқа басынан кешкен оқиғасын баяндап береді.

-Жалғыздық деген сол, - деп, илеулестері құмырсқаны жұбатып, дәнін көтерісіп, әрі

алып кетеді. Осылай құмырсқа үйіріне қайта қосылады.

«Жаң достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.


ІV Сергіту сәті

1. Еңбек түбі – береке.

2. Ердің атын еңбек шығарады.

3. Жан қиналмай,

Жұмыс бітпес.

Талап қылмай,

Мұратқа жетпес.

V Дәптермен жұмыс

* Құмырсқаның суретін салу


VІ Сабақты бекіту

Топтастыру

еңбекқор күшті

Shape7

қанағатшыл ынтымақшыл



VІІ Үйге тапсырма

Құмырсқа тіршілігі жайлы біліп келу.


VІІІ Бағалау

Біліміне қарай бағалау.













Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі



Топ: ІІ сәбилер
Білім беру аймағы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау.
Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Сөздік жұмыс:__ «Саяхат»___________________________________________
Билингвалды сыңары: _Саяхат - путешествие , ертегі – сказка.__________
Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» - доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар.

Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді.

I аялдамаға келдік. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналау.
Балалар жарты шеңбер құрып отырады.

II аялдама. «Сергіту сәті» - балалар «Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.

III Ертегілердің үзінді аялдама сұрақтар қояды.
Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі?
- «Лақтар мен қасқыр»
- Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап.
- Суретте не салынған?
- Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті?
- Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қасқыр не істеп тұр?
- Ол не үшін аңдып тұр?
- Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар?
- Лақтар не істеп тұр?
- Ең соңғы суретте не көріп отырсыңдар?
- Ешкі лақтарымен не істеп тұр?
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.

IV аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр.
Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды?
- Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай
сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды.
Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі.
Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді.

V аялдама. «Шұбар тауық».
Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемотаблицаны көрсетеді.
- Балалар, сендер мынау мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере
алысыңдар ма?
Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді.
«Шұбар тауық» рақмет айтады.
- Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдар ма? – деп
сұрайды.
Балалар: Ия, біз оны жасай аламыз – дейді. Қыздар суретті салуға кетеді, саусақ арқылы балапандарға тары салады.
Тәрбиеші: Аю, саған біздің ұл балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі.
Аю мен ұл балалар конструктордан үйшік соғады.
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді.

VI Сюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді.
Балалардан сұрайды:
- Мен кіммін?
- Мен кімнен қаштым?
Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын.
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма?
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін.
Балалардың жауабы:
- Біз сиқырлы пойызға отырдық.
- Ертегілер еліне саяхатқа бардық.
- «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік.
- Шұбар тауыққа тары жасадық, Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін
орындадық, қайтадан топқа келдік.
Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.

Күтілетін нәтиже

Білу:__ Суретке қарап мазмұнын түсіне білу. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастырды. _____________________________________________________________
Меңгеру:_ Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді. _ Саусақпен сурет салды, конструктардан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.
Істей алу:__ Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамыттЫ
_[Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтып үйренді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!