Материалдар / Баяндама "Халықтық тәрбие"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Халықтық тәрбие"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Халықтық тәрбие"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
870
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы ертеден қалыптасқан ежелгі халықтардың бірі. Көптеген ғасырдан бері ана әлдиінен тәлім алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың тәрбие дәстүрі әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ, жоймақ та емес.

Еліміз егемендік алуымен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау өнер, мәдениет, ұлттық тіл тәрбие салаларынан көрініс таба бастады.

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалып, онда білім беру жүйесін ақпараттандыра отырып, білім берудің сапасын анықтаудың ұлттық жүйесі тәрізді мәселелер қарастырылды [1].

Қазіргі таңда білім беретін мектептің алдында әдебиеттің, көркем өнердің, музыканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылар бойында әсемдікті сезе білетін, өнер шығармаларын дұрыс қабылдап түсіне, түйсіне білетін, бойында ұлттық Отаншылдық рухы мықты жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.

Тәрбие – адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан процесс. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиесі болады десек, біздің, қазақ халқына тән өзіндік ұлттық нақыштарды көптеп кездестіре аламыз. Ол музыка тұрмыс-салт әндерінен, айтыс өнерімен халықтың салт-дәстүрінен, кәсібінен, қолөнерінен, ұлттық тағамынан, киімінен т.б. көрініс табады. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі өнердің алатын орны ерекше.

Ана әлдиі, музыканың әсері бесіктегі балаға да әсер ете бастайтыны дәлелденген.

Музыка – баланың мінез-құлқына әсер етіп, оның жан-жақты дамып өсуіне көмегін тигізетін өнер түрі.

Кеңес дәуірінде музыка эстетикалық тәрбиенің ғана құралы ретінде танылуда.

Еліміз егемендік алғаннан бері қарай бастауыш мектептің музыка пәніне арналған бірнеше бағдарламалар бірінен соң бірі бой көрсете бастады. Ондағы мақсат – музыка өнерінің құдіретті күшін мектепте пайдалану арқылы жас ұрпаққа Отаншылдық рухта тәрбие беру болатын.

1994 жылы А. Райымбергенов және С.Райымбергеновалар бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арналған «Мұрагер» музыка бағдарламасын жасады. Бағдарламаның ерекшелігі – балаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру көзделген.

1995 жылы М.Х. Балтабаев, Д.А. Берденова, У.Ж. Серікболовалар басшылығымен бастауыш мектепке арналған «Елім-ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Соның ізін ала бастауыш мектептерге арнап жасаған (1-4 сынып) Ш.Құлманова бастаған авторлар тобы даярлаған муызка сабағының бағдарламасы халықтық дәстүрлерді бойына жинаған бағдарлама болды деп айта аламыз.

Қазақ халқының музыка мәдениеті мен фольклорының этномәдени және этнопедагогикалық сипатын аша отырып, егемендік жолына түскен еліміздің жас ұрпағының бойында ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық таным нышандарын қалыптастыру қазіргі басты меже болып отыр. Бұл ретте М.Х. Балтабаев, Р.Р. Джердемалиева, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова, Т.Ә. Қышқашбаев, Ш.Б.Құлманова , С.А.Ұзақбаева, И.Хамитова секілді ғалымдардың іргелі еңбектерін айтуға болар еді [2, 10].

Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар дайындаған бағдарламада Отанға, жерге, елде деген асқақ сезімді тәрбиелейтін туған жер табиғатына арналған ән мен күй орын алған. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, Тәттімбеттің «Сарыжайлауы» жаныңды рахатқа бөлейді, әлдилейді, тербейді.

Мұны мектеп оқушысына өз дәрежесінде жеткізу зерттеуді, ізденісті талап ететін күрделі іс. Оқушының әнді, күйді тыңдаған бойдан оны бірден түсініп кетуі қиын. Оның танымдық, түйсіну процестерін байыпты жүйеге енгізу арқылы ғана қабылдауға болады.

Біз осы зерттеу жұмысымызда қазақ халқының халықтық дәстүрінде сақталып келе жатқан ақындық сөз сайысы-айтыс өнері мен күй тартысу – күй жарысын мектеп оқушыларына қалай жеткізудің тиімді әдістерін түсіну мен түйсіну жолдарын қарастырамыз. Сол арқылы оқушының асқақ сезімін оятып, халықтық дәстүр арқылы тәрбиеге баулимыз. Бұл зерттеу тақырыбына негіз болды.

Зерттеу объектісі. Бастауыш мектептің музыка пәні, оның ішінде айтыс өнері, күй тартысы туралы тақырыптардың бастауыш сыныпта оқытылу жағдайы. Тақырыпты мектепте оқыту әдістемесі жекелеген айтыс ақындарының, күй тартыс домбыраны шебер орындаушылардың шығармашылығына тоқталу, талдау жасау оларды саралау.

Зерттеудің мақсаты:

1. Оқушыларға қазақтың ақындық, күйшілік тұрмыс-салт дістүрлерін тереңірек оқытуды қамтамасыз ететін ғылыми-педагогикалық ізденістер жасау.

2. Сыр бойында туып-өскен туған жер табиғатынан түлеп ұшқан айтыскер ақындар мен дауласқер күйшілер өмірін зерттеу. Олардың шығармашылығын ғылыми айналымға қосу.

Зерттеудің болжамы:

Педагогикалық зерттеу барысында музыка прәні арқылы оқушыларға берілетін этнопедагогикалық білімнің тәжірибелік міндеттері сараланады. Оқушылардың ақындық айтыс өнеріне деген түсінігі молаяды. Күйшілік өнердің қандай жанрына жататыны туралы жан-жақты толық мәлімет алады. Осылайша өнерге деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың ұлттық танымын арттырудың педагогикалық жолдары көрсетіледі.

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. І-ші тарауда музыка пәнінің мақсат-міндеттері, оқу бағдарламаларының бүгінгі күн талапқа сай болуы, музыка пәні арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға мүмкіндік алу жайы сөз болады. Ал, ІІ-ші тарауда Қазақтың айтыс өнерінің танымдық материалдары, оларды оқытудың танымдық сипаты, қазақ еліне танымал болған айтыс ақындары мен қазіргі кездегі айтыс ақындарының өмір жолы, Сыр бойы айтыс ақындарын шығармашылығын сабақ барысында қолдану жайы қарастырылған. Қорытынды бөлімде болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары, ұсыныстар көрсетіледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!