Материалдар / Баяндама Химия сабақтарында виртуалды зертханы қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Химия сабақтарында виртуалды зертханы қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстардың толық және дәл ақпаратты бере отырып оқу сапасын арттыру, материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізу, оқушылардың дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру - мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2022
599
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Химия сабақтарында виртуалды зертханы қолдану

Балқаш қаласы «№24 мектеп интернаты» КММ

химия пәні мұғалімі: Ұлдахан П.Р.


ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер білімді ұрпақ даярлауда мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, оқушының бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Білімді жас ұрпақтан ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын азаматтар шығады.

Қазіргі таңда химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстардың толық және дәл ақпаратты бере отырып оқу сапасын арттыру, материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізу, оқушылардың дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру - мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер.

Химия пәнін оқытуда ақпараттық технология тиімділігі төмендегідей:

- химиялық эксперименттерді виртуальды зертхана арқылы көрсетуге болады;

- оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;

- ақпараттық мәдениеттің дамуына және ақпараттық құралдармен еркін жұмыс жасауына ықпал жасалынады.

Компьютерлік білім беру саласындағы шынайы әлем объектілерінің тәртібін үлгілеуге көмектесетін және оқушыларға өздігінен жаңа білім мен машықтарды игеруге жәрдемдесетін виртуальды зертханалар тәжірибеші-педагогтардың назарын аударады.

Виртуалды зертханалар мен моделдеудің бағдарламалық жүйесі оқушыларды белсенді білім ортасына қызықтыруда тиімді құрал болып табылады. Виртуалды зертханаға үшөлшемді анимация және real – time сызбасының үйлесуін пайдалану арқылы визуалданатын көптеген тәжірибелер кіреді. Оқытуда виртуалды зертхананы қолдану оқушыларға химиялық үдерістерді түсінуге және химиялық тәжірибелер жүргізу дағдысын игеруге көмектеседі. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі интерактивтілік пен мол мультимедиа контенті бар білім беру өнімдерін әзірлеудің тиімді технологиясы сипатталған. Химия сабағында виртуальды зертхананың артықшылығын атап көрсететін болсақ:

Виртуалды зертхананың артықшылықтары

  • виртуалды зертхана оқушыларды ынталандырады және олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді;

  • күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілде түсіндіріледі;

  • кешен оқушыға өз бетінше, сондай-ақ мұғаліммен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.

«Химия. 8-11 сынып. Виртуалды зертхана» электрондық басылымы толық орта білім беретін ағымдағы оқу үдерісінде компьютер сыныптарында, сондай-ақ аудиториялық (көрсету) сабақтарда оқушыларды даярлау кезінде пайдалануға арналған. Бұдан басқа, ЭБ-ны оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне (үйде, кітапханада, медиаорталықта) пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Электрондық басылымның мақсаты – білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу, қазіргі заманғы негізінен интерактивтік оқыту құралдарының және нысандарының көмегімен оқыту үдерісін әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу ісіндегі дербестігін және шығармашылық белсенділігін арттыру.

 Енді осы виртуалдық зертхананы қолданған бір сабақтан мысал келтіре кетейін. Мысалы 8-сыныпта «Қышқылдар мен негіздердің қасиетін зерттеу» деген 7-8 зертханалық жұмыс бар.



Виртуальды зертханалардың негізгі құндылығы оның мазмұндылығында жатыр. Сонымен қатар виртуалды зертхана электрондық басылымында есептер шығару және ақпарат дерек көздеріне арналған бөлімдері де бар.

Мысалы:


Ендеше, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін виртуальды зертханаларды пайдалану электронды білім беретін компьютерлік өнімді ендіру стратегиясындағы сәттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!