Материалдар / Баяндама «Имандылық бастауы –ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Имандылық бастауы –ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама сынып жетекшілерге арналған.Имандылық бастауы ұлттық рухы биік, отбасының тәрбиесі арқылы қаланып ұрпаққа беріледі.Бүгінгі таңда алдымызда тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу , тиянақты білім беру туралы айтылған.Отаншылдық,ұлттық рух,имандылық,жеке тұлға ұғымдары туралы жан-жақты айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
1286
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама «Имандылық бастауы –ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиесі»

Ермуханова Клара Олжабайқызы – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде , оларға жастайынан имандылық пен ұлтжандылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.

Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік–жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары болып табылады»

Н.Ә. Назарбаев.

Әр ата-ана балам бақытты болса екен, үрім –бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен деп тілейді.Осы мақсатпен ХХ ғасырдың басында әкелеріміз бізге қаралы жексенбілерде қан кешіп жүріп, кең байтақ көп ұлтты Отанымызды жасап берді . Осы құрылыс пен бірлікті көздің қарашығындай сақтаңдар деп өсиет етті. Біз бұл өсиетті абыроймен орындап,көп ұлттық отанымызды гитлер сияқты ең жауыз жаудан сақтап қалдық.Туысқандық бірлігімізге титтейде дақ түсірмедік.Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп,бізде сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ!Ол- қазіргі кең жазира сенің Отаның.Соны көздің қарашығындай сақтаңдар.Бір ғасырда бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас.Ондай жауыздардан елді, жерді, қоғамды сақтап қалу- сенің борышың, алғы ұрпақ.Ұлы іс, Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен,аяусыз еткен еңбек пен ерліктен тұрады.Жастарымыз Отаншыл болсын.Отаншылдық – әр адамға керекті, ең ұлы қасиет. Ал Отанға деген сезім - өз отбасынан басталады. Өз әке –шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді.Отбасында бауырмал болмаған, түзде интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.Өз ұлтын жақсы көрмеген,өзге ұлттарды сыйламайды.Олай болса, имандылық бастауы ұлттық рухы биік, отбасының тәрбиесі арқылы қаланып ұрпаққа беріледі.Бүгінгі таңда алдымызда тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу , тиянақты білім беру.Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен мен білімділігін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін талап етеді.Адамның мәдени болмысы өзі туып өскен,тәрбиеленген ортаның болмысымен үйлесімділікте толысады.Оның негізі халқымыздың әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі,тілі,тарихы секілді рухани қүндылықтарымен қалыптасады.

Тұлға –адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті.Адам тәрбие негізінде жетіледі.Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі белгілі,ал оны жүргізу педагогикалық –психологиялық тұрғыдан шеберлікке байланысты.Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі.Әр баланың өзіне тән мінез-құлқы,психологиялық ерекшелігі бар.

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған заңдылықтарының қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған.Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез.

Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.Қазақ халқының инабаттылығын басқа халықтар жоғары бағалайды. Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі.Инабатты, биязы мінезді, қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық “нағыз перзентім” деп үлгі тұтады.

Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын жете түсіндіреді.Ұлы педагог: “Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді” деген тұжырым жасайды.Ал,адамгершілік, ізгілік ,мейірімділік жөнінде ой қозғай қалсақ, парасатты ұл мен ибалы қыз баланың, тәрбиенің дәнін беретін қамқоршы әке , өмірдің нәрін беретін ана есімізге түседі.Осы тұрғыдан келгенде асыл дініміз - адамгершіліктің, иамндылықтың бастауы болса, әке-ана ұрпақтың тәрбиешісі , ұл мен қыз - болашақтың қамын жасайтын, яғни ұлттың ұйтқысы болатын тұлға. Қасиетті құранның Бахара сүресінде: «...белгіленген тәртіпке сәйкес, әйелдердің міндеттері секілді құқықтары да бар» делінген. (Құран, Бахара сүресі-228).Қыз балаға әйелге белгілі бір жағдаяттарға байланысты тиым салу біздің ұлттық дәстүрімізде бар екені белгілі.Ислам дінінде, қазақ салтында да қыз бала тәрбиесіне айырықша мән берілген.Ұлттық дәстүрімізді сақтамаған қыздарымыздың не болып жатқанын уақыт көрсетуде.Өзінің дәстүрін ар –ұятын, ұлттық қағидаларды сақтаған жөн бе, әлде өзім білемге, шектен тыс еркіндікке салынып,өзінің отбасы үшінде қоғам үшінде жараспайтын қылықтар істеген жөн бе ?-деген сұрақтар деңгейіне ойланатын кез жетті. Сол себепті де өзара астасып жатқан ислам құндылықтары мен ұлттық құндылықтарымызды ұл- қыздарымызға ұғындырсақ , ең алдымен өздері тәрбиелі болады, өнегелі ұл, үлгілі қыз күтіп отырған қоғам қарқынды дамиды.Осы орайда, үлгілі отбасылардың тәжірибелерін кеңінен насихаттау қажет және мектептегі әкелер, аналар алқасының, ұлдар,қыздар ұйым жұмыстарының маңызы ерекше.

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап елде дін еркіндігіне жол ашылды. Әркімнің өз ата-бабасынан келе жатқан дәстүрлі дінін ұстануына мүмкіндік берілді.Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес Республикада дінге сенушілердің саны өсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ.Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді.Жалғыз бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»деп жазды.Мемлекетіміздің ертеңгі жастары білімді де тәрбиелі , өз Отанын сүйетін, іздену мен дамудан шаршамайтын патриот жастар болуы керек.Бүгінгі күн талантты , жігерлі болып өсуіне сенетін адамдардың уақыты.Сондықтан,заман талабынан туындап отырған,жаһандану заманында экономикасы әлеуетті, мәдениеті мен салт-дәстүрі берік қалыптасқан,жан-жақты дамыған елдердің қатарынан орын алуымыз керек.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет. Қай заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім – тәрбиесі, үлгі алатын тарихи жеке тұлғалары бар екені белгілі. Әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің, кемеңгерлік сөздерінің тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше. Халық аңыз әңгімелері, ертегілер, шешендік сөздер, тарихи мәні зор батырлық, ғашықтық, эпостық жырлар жас өспірім баланың таным- талғамына жақсы әсер ететіні белгілі. Ол оқушылардың өнерге деген сезімін оятады, құштарлығын арттырады, жақсылыққа, ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді, сұлу сазымен, керемет сөзімен сүйсіндіреді.Имандылық бастауы –ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиесі десек, имандылықты бойына сіңіріп өскен адам еш уақытта аяғын шалыс баспайды.Әлемде болып жатқан азғындық,мейірімсіздік,қатыгездік имансыз тәрбиенің нәтижесі.Жүрегінде иманы жоқ адам- бақылаусыз адам.Адамзатты адамгершілік тұғырына жетелейтін, адалдыққа, мейірімділікке, парасаттылыққа апаратын жол – имандылық.«Қазіргі уақыттағы алма - кезек заманда өскелең ұрпаққа имандылық тәрбиесі ауадай қажет», - деп ойлаймын.Соңғы уақытта әр түрлі өрескел жағдайлар, адамның жаны түршігерлік оқиғалар болып жатқанын ақпарат құралдарынан және қоршаған өмірден көріп жүрміз.Адамның ақылына, санасына сыймайтын осындай жағдайлар, нақтырақ айтсақ миссионерлік, секталық ұйымдардаң жастарымыздың, ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасын улап, тура жолдан тайдырып, бұрыс жолға алдап түсіріп, өз мақсаттарына пайдаланып, исламға қара күйе жағуда. Әрине, бұл жастарымыздың болашағына, еліміздің болашағына қам жейтін ата- аналарды, мұғалімдерді, тәрбиешілерді, біздің қоғамымызды ойландырмай қоймайды. Осы орайда діни сауаттылығымызды арттыру мақсатында мектептердегі дін тану пәніне діни бағытта жоғары білімді ұстаздар дәріс берсе, сынып жетекшілерге,мұғалімдерге діни түсінік беретін курстар ашылып және ата-аналар оқуы жиі ұйымдастырылса.Иманымызды ту етіп соған жету үшін бар күш-жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Н.Ә.Назарбаев: «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық,әдебиеті өрен елдің болашағы да баянды болады» - деген сөзінің мән-мағынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу - біздің парызымыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!