Материалдар / Баяндама: "Интернетке тәуелділік белең алып барады"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "Интернетке тәуелділік белең алып барады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда өте актуалды мәселе болып отырған "Интернетке тәуелділік" мәселесі туралы ата-аналар мен ұстаздарға және оқушыларға арналған баяндамаі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектеп КММ-сі педагог-психологы Досова Жамила Оразгелдіқызы





«Интернетке тәуелділік белең алып барады»

Әлемді жаулап ,белең алып бара жатқан қазіргі кездегі актуалды мәселенің бірі интернетке тәуелділік болып тұр. Оның үстіне бұл тәуелділікке еліміздегі пандемияға кезіндегі карантинге байланысты барлық оқу орындарының қашықтықтан оқу жүйесіне көшу де өз үлесін қосуда. Жасыратыны жоқ күніміздің басым бөлігін телефонмен бірге өткіземіз. Телефон оның ар жағында интернетсіз дәл қазір өмірімізді елестету мүмкін емес болып қалды.Осы мәселе мені педагог және ана ретінде алаңдатады. Сондықтан осы интернетке тәуелділік жайында зерттеп біраз ақпаратқа куә болдым.

Ең алғаш рет "ғаламторға тәуелділік" терминін психолог Айвен Голдберг ғылымға енгізген болатын. Оның ұсынған теориялары психикалық стандартқа сәйкес келмесе де, ғаламторға деген тәуелділікті Голдберг психоактивті заттарды шектен тыс қолдану деп суреттеген. Голдберг ғаламтордың әкелер зияндарын былайша жіктеген:

-Ғаламторды қолдану адамды стрессқа түсіреді немесе дистресс;

-Ғаламторды қолдану адамның физикалық күйіне, жүйке жүйесіне, жеке өміріне, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигіздеді;

1994 жылы психолог Кимберли Янг ғаламтор тәуелділігі жөнінде тест-сауалнама жүргізіп, 500 жауап алған болатын. Жауап бергендердің көбі тәуелді екендерін мойындады. Нәтижесінде, бұл жүйке ауруының таралуы, потологиялық құмарлықпен тең болып шықты, ғаламтор қолданушыларының 4-5 пайызын құрады.

Әр түрлі зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, қазіргі кезде ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді. Қазақстанда ғаламторға тәуелділікті ресми түрде мойындамағанымен, кейбір елдерде бұл ресми түрде ауру болып саналады. Финляндияда ғаламторға тәуелді жас адамдарды әскерге жібереді. 2008 жылы Қытай "ғаламторға тәуелділікті" ресми түрде ауру деп жариялаған. Сонымен қатар неше түрлі емдеу орталықтары ашылған. Олар емдеуде көптеген әдістерді қолданған, соның бірі тоқ беру арқылы емдеу әдісі. Ал кейбір әдістерінен жас пациенттер өліп те кеткен.

Интернетке тәуелділікті анықтау барысында Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Ғаламторсыз 24 сағат" атты зерттеу жұмысын жүргізген болатын. Жоба барысында оқушылар ұялы телефондарын тапсырып, 24 сағат бойы ғаламторға кіруден бас тартты. Сабақтан тыс уақыттарында оқушылар үйреншікті әлеуметтік желілерде отырудың орнына, неше-түрлі қызықыты істермен айналысты. Бұл арқылы қатысушылар қаншалықты ғаламторға тәуелді екендерін түсінді.

Мен психолог ретінде кез-келген мәселенің оң шығу жолы бар деп білемін, тек соны дұрыс түсініп дер кезінде дұрыс әркеттер жасауымыз керек. Интернетке тәуелдікті жеңуге болады.Тәуелділікті жеңудің ең қарапайым, әрі қолжетімді жолы - басқа нәрсеге алаңдау. Салауатты өмір салтын ұстану, табиғат аясында көп уақыт өткізу, шығармашылық заттармен айналысу, мысалыға сурет салу, өлең-әңгімелер жазу. Осындай жолдар арқылы тәуелділіктен шығуға болады

Баяндамамды қорытындылай келе ,интернетке тәуелділіктің алын алу керек және өскелең ұрпаққа соны сіз және біз болып жеткізуміз керек деп білемін

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!