Материалдар / Баяндама "Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study) – мұғалімнің кәсіби жолы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study) – мұғалімнің кәсіби жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study) – мұғалімнің кәсіби жолы"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
11442
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

06 11 18 ж Баяндама

Тақырыбы:

Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study) – мұғалімнің кәсіби жолы

Жоспар:

1.Кіріспе: Іс-әрекетті зерттеуге қарай жасалатын бес қадам.

2.Негізгі бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study)-біздің мектебімізде.

3.Қорытынды: Үдеріс.

1Кіріспе:Іс-әрекетті зерттеуге қарай жасалатын бес қадам

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  төмендегідей жоспар құрылды.

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Зерттеу жүргізудің 1 қадамы - зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін қыркүйек айында 3-11 сынып оқушыларының сабақтарына қатысып,оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алынып, мектеп психологтары мен бірігіп, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланады. 

2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау   үшін пән иелерімен, оқушылармен  сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болады. Таңдалған тақырыпқа сай

 3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін орта мерзімді жоспар бойынша  тізбектелген 3 сабақ жоспарланады.Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді  бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге  негiзделуi. Әpбip модулдi оқытудa ықпaлдaстыpу жолындa  құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap  беpiлу кеpек. Әр сабақтан соң,  «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген     сұрақтарды естен шығармай , әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелері мен кездескен кедергілерді  саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланады.

4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағы анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертіледі. 

5 қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Lesson Study(іс-әрекетті зерттеу) сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бері танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады, сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study нысанының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study-ді енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен практикалық амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады, және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Топтар әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ практиканы жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгіленген тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер шақырылуы мүмкін. Сонымен бірге барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, топ өзіне ол үшін жауапкершілік алады және кез келген оқыту мен сабақты бағалау жеке мұғалімге ғана емес, тұтас барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study-дің тағы бір демократиялық ерекшелігі, мұғалімнің жинақтаған білімімен ауқымды педагог қауыммен бөлісуі болып табылады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Lesson Study нәтижелері жүйелі түрде жарияланып тұрады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту мен оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді және жүргізілген зерттеулер туралы талқылауларды ұйымдастырады.

2.Негізгі бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study)-біздің мектебімізде.

Зерттеу жүргізудің 1 қадамы - зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін қыркүйек айында 3-11 сынып оқушыларының сабақтарына қатысып,оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алынын, мектеп психологтары мен бірігіп, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды. 2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау   үшін пән иелерімен, оқушылармен  сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болатын нысаналы сыныптар таңдалып алынды. Олар бастауыштан 3 Б сыныбы,орта буыннан 6 Б сыныбы,жоғары сыныптан 9 Б сыныптары болды.Таңдалған сыныптарға тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін -орта мерзімді жоспар бойынша  тізбектелген 3сабақ жоспарладық.Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді  бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге  негiзделуi.Зерттеу сұрағымыз «Топтық жұмыс оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға ықпал ете ме?» деген тақырыпта алынды.Осы проблеманы шешу аясында 3 зерттеу сабағы өткізілді.Сабақ өткізер алдын сыныптарға зерттеу топтары құрылды. Зерттеу топтарын мектебіміздегі «Ұшқын» тобы мұшелері нысаналы сыныптар да сабақ кестесіне қарай жоспар жасап,директор алдында апта сайын жасалатын дөңгелек үстел жиналысында бекітілді.


Аналитикалық талдау

Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде 2018-2019 оқу жылында «Ұшқын» тобы апта сайын дүйсенбі күні директор жанында сағат 12 00-де І,ІІ,ІІІ деңгейлік оқыған мұғалімдер жиналып, апталық жоспар құрып,апталық жоспар шығарып отырды.

Әр жиналыста әр мұғалім өзіне тиісті жұмысы жайлы,тобындағы мұғалімдердің іс-әрекеті туралы мәлімет жасап,беріп отырды.

2018-2019 оқу жылының алғашқы жспары01 10-06 10 18ж күні апталығында жасаған жоспарда мектепте жаратылыстану математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға үлес қосу үшін,үштілділік курсына оқып келген мұғалімдерге сабақты өту жоспарларына көмектестік. Мектебімізде қыркүйек айының 3-онкүндігінен бастап пән апталықтары жоспар бойынша апталық ашық сабақтарын өткізді. Сол пәндердің ашық сабақтарына қатысып,қорытынды жасадық. Және мені бастауыш сынып 3 «б» сынып мұғалімі,тәлім алушы Жүзтаева Нұргүлдің сыныбына «Іс-әрекетті зерттеу» тобына көмекші етіп бекітті.Тоқсан соңына дейін

тәлім алушым Жүзтаева Нұргүлдің сыныбымен жұмыс жасадым.

Іс-әрекет зерттеу сабақтары 3 Б сыныбы Жүзтаева Нұргүлдің сабағынан көрініс:

«Бірге ойлаймыз,бөлісеміз» ТОПТАР БАҒАЛАУЫ, ӨЗІН-ӨЗІ ЖӘНЕ ӨЗАРА БАҒАЛАУ. «Күн сәулесі» «Жоғалған әріптер ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАР

А ДЕҢГЕЙЛІ оқушымен сұхбат Үш оқушымен сұхбат Оқушы керібайланыстары

Сонымен қатар «Ұшқын» тобының басқа топ жетекшілері де нысаналы 6Б,9Б сыныптарымен өз жұмыстарын жүргізіп,сабақты зерттеу жұмыстарын жалғастырды.

6 Б сынып оқушыларымен өткізілген сабақ көріністері:

Шеңбер» әдісі «Ой қозғау» Топтағы талқылау «Сұрақ-жауап»

9Б сынып оқушыларымен өткізілген сабақтар көрінісі:

«Ыстық орындық» БАҒАЛАУ ҮШ ОҚУШЫМЕН СҰХБАТ

Сабақтан кейінгі талдау

Сонымен, іс-әрекетті зерттеу сабағын өткізген соң, әр сабақтан соң,  «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген     сұрақтарды естен шығармай , әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелері мен кездескен кедергілерді  саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланды.

4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағы анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертілді. 

5 қадам деректерді талдап, қорытындылап және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарладық.

3.Қорытынды: Үдеріс

Іс-әрекетті жоспарлау( Lesson Study) тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды. Оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерді бүкіл топ мүшелері зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бірден жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, бірлесе жұмыс қайта жоспарланады.

Уақыт өткен сайын іс-әрекетті жоспарлау( Lesson Study) үдерісінде қалыптасып, бекітілген бірқатар қадамдар бар:

  • Іс-әрекетті зерттеу ( Lesson Study ) тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін келісті, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болды.

  • Топ зерттеудің сұрақ түрінде ресімделген түйінді идеяларын келісті және нені, кімдіоқытуды анықтады, мәселен, «Олардың оқуын жақсарту үшін Х-ті Ү-тің мүмкіндіктерін анағұрлым тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз».

  • Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді зерделеді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытты.

  • Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін оқушының» болатынын шешті және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынды.

  • Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара отырып, оны жоспарлады.

  • Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалады және ескертпелерді жазып отырды.

  • Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушылармен сұхбат жүргізді.

  • Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізді. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүрді:

  • жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтау;

  • тұтас сыныпты оқыту;

  • зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;

  • белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын қою.

  • келесі Іс-әрекетті зерттеу сабағын ( Lesson Study) топпен бірлесе жоспарлау.

Іс-әрекетті зерттеу сабағы (Lesson Study )циклінен кейін (әдетте үш немесе одан көп) топ оқу тәсілдері мен оқу бағдарламаларындағы қабылданатын және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келісті Осы іс-әрекетті зерттеу сабақтарын жүргізгенде мұғалімнің сабағына талдау жасалмайды,мұндағы мақсат үш оқушы сабақ жүргізілгенде қолданылған әдіс-тәсілдерді қалай қолданылатындығы,әсері,сол таңдалып алынған әдістен оқушы өзіне нені алды,нені ұқты,өзін және өзге топ мүшелерін бағалауды қалай жүргізеді,топта өзін қалай сезінеді,топтық жұмыстың және таңдап алынған әдіс-тәсілдің тиімділігі бар ма?Міне,осы сұрақтар төңірегінде жұмыстандық.Әрине,1 тоқсанда жүргізілген зерттеу сабағынан соң,өте тамаша керемет өзгеріс бірден болды деп айта алмаймын.Себебі,3 сабақ қана өткізілгендіктен,жақсы нәтиже алу үшін зерттеу сабағы жалғаса береді.

Іс-әрекетті зерттеу жұмысы алдағы тоқсанда да жалғасып,жұмысын тоқтатпайды.

Оқушы қандай нәтижеге қол жеткізді?

  • Топта бірлескен жұмысқа қызығушылықтары артты;

  • Орындалған жұмыстың маңызды екенін,өз үлесін қосып жатқандығын;

  • Басқа топты тыңдап,жауаптарын саралап,керібайланыс жасауға тырысты;

  • Бақылаудың нәтижесінде көшбасшы оқушылар анықталды;

  • Бір-біріне сенімді болуға,бірлесе жұмыс жасай алатындықтарын байқатты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!