Материалдар / Баяндама: Жабық және ашық тапсырмалар құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Жабық және ашық тапсырмалар құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшіноқыту қорытындысын шығару үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
3423
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тараз қаласы білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы

48 орта мектебі» КММ













ЖАБЫҚ ЖӘНЕ АШЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ















Сатылганова Кулайхан Ажикуловна жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі














Тараз

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшіноқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет.

Қалыптастырушы бағалау негізгі түсініктер:

  • Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы

Бағалау тапсырмаларын әзірлеуде қажет құжаттар:

Оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспар

Орта мерзімді жоспар

Критериалды бағалауға нұсқаулық

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі

Shape1

Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарын басшылыққа алады. Оқу мақсаттары сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер тұрғысында анықталған: білік немесе дағды, білу немесе түсіну. Оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі бойынша бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, олар мұғалімнің өз жұмысын жоспарлауына және оқушыларды бағалап, оларға оқудың келесі кезеңі туралы ақпарат беруіне мүмкіндік береді.

Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым. Оқу бағдарламасынан оқу мақсатын қарастырып, бағалау критерйін анықтаймыз. Бағалау критерйіне негіздеп дескриптор құрастырамыз

  • Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.

  • Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

  • Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.

  • Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:

  • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

  • оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

  • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

  • бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

  • әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады

Тапсырманы дайындау кезеңдері мынадай:

Жоспарлау - Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды анықтау;

Құрастыру - Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру;

Сараптама жасау- Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау,

өзгерту енгізу;

Қолдану - Тапсырмана белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес қолдану;

Талдау - Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгерту енгізу;

Бағалауға арналған тапсырма әзірлегенде тапсырманың барлық түрлерін үйлесімді қолдана білу маңызды, мысалы, ылғи жабық тапсырмаларды құрастырып қолдану оқушыларды шектеуі және кері нәтиже беруі мүмкін.

Тақырып «Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы»

Оқу мақсаттары 8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану

Тапсырма 1

Массасы 5 кг суды 100 С-тан 800 С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?




Бағалау критерийі

Жылу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтайды

заттың меншікті жылу сыйымдылығын түсінеді.


Дескриптор

Білімалушы

Жылу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін есептейді;

- меншікті жылу сыйымдылығын кестеден анықтайды.


Тақырып «Қайнау, меншiктi булану жылуы.»

Оқу мақсаттары 8.3.2.15 меншікті булану жылуын анықтау;

Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану

Тапсырма

Массасы 0,5 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін қыздырып, одан кейін 200 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады?


Бағалау критерийі

Меншікті булану жылуын анықтайды


Дескриптор

Білімалушы

Жылу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін есептейді;

Булану кезіндегі жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолданды.



Бағалауға арналған тапсырмалардың түрлері:

- Жабық тапсырмалар

- Ашық тапсырмалар

Жабық тапсырманың түрлері:

- Көп таңдауы бар тапсырмалар

- Сәйкестендіру

- Дұрыс реттілікті анықтау

- «Шындық/Жалған» тапсырмалары

Жабық тапсырмаларпедагогика мен психологияда кең тараған. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл.Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұр бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді

Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, ал дұрыс емес жауаптары дистракторларболып табылады. Тапсырманың мәтіні барынша қысқа болуы және сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі тиіс. Тапсырманың сауатты құрастырылуы өте маңызды. Тапсырма мәтінінің күрделі түрде берілуі тапсырманы түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық жәнеграмматикалық ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс.Тапсырмамәтінінтеріскешығаруарқылытұжырымдауоқушыныңқабылдауымен дұрыс жауабын анықтауына қиындық туғызады. Сонымен қатар оқушының оқу материалынмеңгерудеңгейіннақтыанықтауғамүмкіндікбермейді.Алайдатапсырманы теріскешығаруарқылытұжырымдапберуқажетболғанжағдайда,қосымшаграфикалық әсерлерді қолдану қажет. Мысалы, көлбеу немесе қалың қаріппен көрсету, белгілеу, теріс берілуі бар бөлігін бас әріппенжазу.

Бос орындарға қажетті сөздерді қою арқылы берілген мәтіннің сөйлемдерін толықтыруға негізделген тапсырманы қолданбауға тырысу қажет. Мұндай тапсырмалар ең алдымен оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады, өтілген материалды меңгеру сапасын көрсетпейді.

Көптаңдауыбартапсырмалардажауапнұсқаларыныңсаныәртүрліболуымүмкін. Жауап нұсқалары көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ болжап табу мүмкіндігі азаятыны анық. Дегенмен ұсынылатын баламалы жауаптардың көп болуы оқушылардың тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытының шамадан тыс артуына алып келеді. Жалпы алғанда, 2-ден 5-ке дейін жауап нұсқаларын қолдану ұсынылады.

Жауап нұсқаларын түрлі логикалық реттілікпен орналастыруға болады (әліпби реттілігі бойынша, хронологиялық тәртіппен, өсу/кему ретімен, грамматикалық санатына қарай және т.б.). Осыған орай жауаптардың көрсетілген ретіне байланысты дұрыс жауапты болжап табу мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса, онда олар әлипби ретімен орналасады. Егер жауап нұсқалары саннан басталса, онда өсу/кему ретімен орналасады. Егер бір қарағанда екі нұсқа бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп орналастырған дұрыс.

Тапсырмақұрастыруалгоритмінесәйкескөптаңдауыбартапсырмақұрастырғанда тапсырманың сұрағы мен дистракторларды құрастыруға дейін оның кілтін – дұрыс жауабындайындапалуұсынылады.Бұлтапсырманыңнақтыдұрысжауабыныңболуынакепілдік береді. Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір белгісі бойынша анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет.


«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет.

«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері:

  • Жан-жақтылық. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу үшін бейімдеуге болады.

  • Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің нақтылығы жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде есептеуге болады.

  • Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді нәтижелерін беруі мүмкін.

  • Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы жетілдіруге болады.

  • Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі тапсырмалар құрастыруға болады.

  • Түсінгенін тексеру. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды түсінуін бағалауға пайдалы.

  • Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқуға болатын бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін.

«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар

  • Тұжырым немесе сұрақты құрастыру тілі барынша қарапайым және оқушыға түсінікті болуы қажет.

  • Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды оқуға көп уақыт жоғалтып, оның мазмұны бойынша білімін көрсетуге уақыты жетпей қалуы мүмкін.

  • Оқушылардан тұжырыммен бірге жазу/жазылымды интерпретациялау кезінде қате жібермеудің алдын алу үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазуды сұраудың орнына, кестеде белгілеуді немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын сызуды ұсыныңыз.

  • Тапсырма екіұштылығы жоқ нағыз шындық немесе жалған болып табылатындай тұжырымдарға негізделуі қажет.

  • Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.

  • Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.

  • Оқушының дұрыс түсінуіне жеткілікті ақпарат қосыңыз.

  • Мынадай сөздерден аулақ болыңыз: бәрі, әрқашан, әрбір, ешқашан, ешкім, көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.


  1. Тұжырымдаманың шын (Ш) немесе жалған (Ж) екенін белгілеңіз [1]

Қасиеті

Белгі

  1. Үдеумен қозғалып келе жатқан дене - инерциялық санақ жүйесі


  1. Инерциялық санақ жүйесі – салыстырмалы тыныштығын немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе



Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы
Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады.

Сәйкестендіру түрлері:

1) Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру;

2) Бір-бірімен байланысты фразаларды сәкестендіру;

3) Себебі мен салдарын сәйкестендіру;

4) Өлшем бірлікті басқа өлшем бірлігімен (одан ірі немесе ұсақ) сәйкестендіру;

5) Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру.

Жердің массасы М, радиусы R. Биіктік пен жерді айналып жүрген жер серігінің жылдамдығын тілше арқылы сәйкестендіріңіз


Биіктік

Жылдамдық

  1. h=R

А.

  1. h=2R

В.

  1. h=R/2

С.


Д.


Е.


F.
















Сәйкестендір утапсырмаларының артықшылығы мен кемшіліктер

Артықшылықтары:

Кемшіліктері:

Білу және түсіну деңгейлерін бағалау үшін қолайлы

Орындауға көп уақыт жұмсалады

Фактілері көп материалды тексеруге қолайлы

Жоғары деңгей дағдыларын бағалауға келмейді









Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма.

Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, дұрыс емес жуаптары – дистракторлар болып табылады.

Дистракторлар өтілген материалға сәйкес болуы және шындыққа жанасымды, бірақ дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат – оқу материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Дистракторжабықтапсырманыңдұрысжауабынаұқсайтын,бірақоның кілті болып табылмайтын жауапнұсқасы.

Әдетте «жақсы» дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерінен тұрады, мысалы, ғылыми негізделген «ақылды» сөздер, тапсырманың сұрағындағы терминдер, т.б. Егер дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады, ол оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Ал егер дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, бұдан дистрактор сапасының төмендігін немесетапсырманықұрастырудақатежіберілгенінбайқауғаболады.Егердистракторды бірде-бір оқушы таңдамағ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!