Материалдар / Баяндама Жаңа технологияны пайдалану барысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Жаңа технологияны пайдалану барысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2020
358
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сеславино» шағын жинақты жалпы орта мектебі









БАЯНДАМА


«Жаңа технологияны пайдалану барысы».








Орындаған қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестік жетекшісі: Досанова А.




















2019-2020 оқу жыл



Тақырыбы: «Жаңа технологияны пайдалану барысы».

Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінде жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақтар өткізіледі. Сабақ жоспары қысқа мерзімді жоспарымен жасалады. Мұғалімдер өз сабақтарында пәнге байланысты жаңа технологияны пайдалану барысында түрлі әдіс – тәсілдерді және ойын түрлерін пайдаланады. Интербелсенді тақтамен жұмыстар жүргізілді.

І жартыжылдықта гуманитарлық пәндер бірлестігінде мұғалімдерінің сабағына ену барысында жаңа технологияны пайдалану арқылы өз сабақтарын өткізгенін байқадым. Онда қазақстан тарихы пән мұғалімі Аманкулов Серікқали өз пәніне сәйкес тапсырмаларды ойын арқылы өткізді. Балалардың сабақа деген қызығушылықтары басым. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау көрініс тапты.

Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маинбаева Гулмира өз сабағын өткізді. Сабақ барысында балалардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту мақсатында білім алушыларға әр түрлі деңгейде тапсырмалар беріліп, түрлі тәсілдер мен ойындар арқылы өткізе білді.

Сонымен бірге топтық, жұптық, жеке жұмыстарын тапсырмалар жүргізу арқылы жүргізілді.

Сонымен қатар білім алушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында қалыптастырушы бағалау іске асырылады.

Тапсырмалар бойынша дескриптор құрылады. Сабақ мақсатына қарай бағалау критерилері жасалынады.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша кездесетін кедергілер сабақ жоспарын түзетуде, сараланған тапсырмаларда, қалыптастырушы бағалауда, дескриптор құруда кемшіліктер кездеседі.

Сабақ соңында мынадай тапсырмалар жүзеге асырылады.

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Қабілетті оқушыға қосымша карточкалар беріледі.

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма орындаулары тапсырылады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс орындау барысында олардың толық әрі дұрыс берген жауаптарын бақылайды.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша, житондар тағы басқалар арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырылады.

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында марапаттау, әр оқушы өзін жетістік критерийлері арқылы бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталынады.

Мұғалімдерге қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту тәжірибесінде қандай деңгейде қолданылатындығы туралы ойлануды ұсына отырып, Хайлендтің Тұрақты Біліктілікті Арттыру Кеңесі жүзеге асырып жатқан рефлексиялық бағдарламаның В1 тарауында мынадай мәселе көтерілген: “Сонымен оқушылар сабақта не істейді?” Бұл сұрақ өте маңызды, себебі оқыту тәсілдерін жақсартуды емес, оқушыларды өзінің оқуына анағұрлым тиімді тартылуына мүмкіндік беруді көздейтін қалыптастырушы бағалауды дамытуға бағытталған.

Бұны көрсетудің бірден бір ыңғайлы жолы оқудағы диалогтің рөлі болып табылады. Профессор Пол Блэктің пайымдауынша, ертеректегі қалыптастырушы бағалауды зерттеулер негізінен мұғалімнің жауап алу әдістерін жақсарту жолдары мен ол қоятын сұрақтардың түрлеріне басты назар аударған. Егер де біз балаларды өзінің оқуына тартқымыз келсе, біз ең алдымен сұрақтар мен сауалдардың сапасына көп көңіл бөліп, сыныптағы диалогті дамыту тәсілдерін балалардың өздерінің оқуларына барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ететін дәрежеге дейін зерделеуіміз қажет.

Төмендегі жаттығу Хайлендтің Тұрақты Біліктілікті Арттыру Кеңесі жүзеге асырып жатқан рефлексиялық бағдарламаның диалогтік оқыту туралы В2 тарауынан алынған Роберт Фишердің «Даралап оқу: мұғалімдерге арналған нұсқаулық» мақаласына негізделген. Тарауда күнделікті тәжірибеде қолдануға арналған пайдалы қосымша материал қамтылған.

Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).

Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.

Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.

Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.

Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс.

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.


ҚБ принциптері:

оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);

барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);

бағалау белгіленбейді;

оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;

әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;

ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.

Мұғалімнің рөлі.

- оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;

- бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады;

- тапсырмаға дескриптор құрастырады;

- оқушыларға тиімді кері байланыс береді;

- оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді;

Білім алушының рөлі.

- оқытуға белсене қатысады;

- күтілетін нәтижені түсінеді;

- өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!