Материалдар / Баяндама: Жаңартылған бағдарламамен математика сабақтарында студенттердің функцианалдық сауаттылықтарын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Жаңартылған бағдарламамен математика сабақтарында студенттердің функцианалдық сауаттылықтарын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарламамен математика сабақтарында студенттердің функцианалдық сауаттылықтарын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған  бағдарламамен  математика сабақтарында студенттердің функцианалдық  сауаттылықтарын  дамыту


Бемұратқызы Айгерім -Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің әдіскері және математика пәні мұғалімі.


Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану  тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты  ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім студенттер үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті студенттермен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай  өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне  пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық  курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға  үн тастады  десек те болады.  Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.

Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны студенттке жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, студенттердің пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді

Негізінен жаңартылған білім  жүйесі  құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.  Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – студент тұлғасының үйлесімді  қолайлы білім беру ортасын құра отырып  сын  тұрғысынан ойлау, зерттеу  жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ - ны қолдану, коммуникативті  қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта  жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты  қолдана білуді  және оны тиімді жүзеге асыру үшін  қажетті  тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен  оқу, модельдеу, бағалау  жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған  білім беру бағдарламасының  ерекшелігі спиральді қағидатпен  берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. Ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз  жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде студенттің үлгерімі  алдын ала белгіленген  критерийлердің нақты  жиынтығымен өлшенеді. Студенттердің   пән бойынша үлгерімі  екі тәсілмен  бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылды. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту мен оқу үдерісінің  ажырамас бөлігі  болып табылады және семестр бойы  жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау  үздіксіз  жүргізіле отырып, студенттер мен  мұғалім арасындағы  кері  байланысты қамтамасыз  етеді және балл  не баға қоймастан  оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін аяқтаған  студенттің үлгерімі  туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық  пәндер бойынша қолданылады.

Ұстаздарға баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, студент өзінің колледжден алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелген. Студенттердің бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.  «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны студентке жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін.

Баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Студент өзінің алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе сөз аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.Біліммен қарау деген түсінікті, ал шаруақорлықпен қарау деген не нәрсе? Шаруақорлықпен қарау дегеніміз мынау: Үйде желінбей қалған нанның үзіндерін, қабықтарын және кеуіп қалған нанды ешқашан лақтырып тастамау. Нанның біздің өміріміздегі маңызы туралы – бұл тамаққа ата — ана баласын ізгі құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. Халқымыз нанды ежелден қастерлеп, құрметтеп келеді. Алайда нанның бар екеніне әрі оның әрқашан болатынына деген сенімділік.  Жалпы, бұл жерде ата — ананың функционалдық сауаттылығы, соның ішінде баланың нанға деген ұқыптылықпен қарауы болып отыр.

Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез — құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата — ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата — ананың функционалдық сауаттылығы тұр. Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждаһаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата – ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс.

Екіншіден, функционалдық  сауаттылы дегеніміз өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру.Студенттердің функционалдық сауаттылығы екіншіден, колледжден басталады. Колледж — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Студенттің бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы.

Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой — өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 90минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек.

Мұғалім тек қана колледж бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек. Осындай әдіс — тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Америкалық педагог-математик Д.Пойа: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда да стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару»,- деген болатын. Болашақ математик студенттер математиканы оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмысын нәтижелі жүргізуі үшін төмендегі біліктіліктерді игеруі  қажет:

-математикалық сауаттылықты қалыптастыру нәтижесі болатын құзыреттілік деңгейлері — еске түсіру деңгейі, байланыстарды орнату деңгейі, пайымдаулар деңгейлерін меңгертуге жағдай жасау; 

- математика пәнінің басты мақсаты  болып табылатын оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, оның ең бастысы есеп шығара білуге үйрету;

- оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;

-оқушылардың ақыл-ой қабілетінің, шығармашылық  дарынының  дамуына ықпал ету;

- практикалық есептер шығару жағына көңіл бөлу;

- математикалы қойлау, жалпылау, интуицияға басымдық беру;

- аңғарғыштыққа және дәлелдеуге арналған есептерді жиі рек қолдану;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарына  баулу.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.Қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
    Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті — студенттердің теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғаның қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық, сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу.Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп  Үнді халқының  тарихи  тұлғасы Махатма  Гандидің  «Егер сен болашақтағы  өзгерісті  байқағың келсе, сол  өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті  жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың  кепілі. 


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей. 2012ж

  2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж

  3. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

  4. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!