Материалдар / Баяндама "Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі көп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
655
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты











Shape1



Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері»





Дайындаған: бастауыш сынып

мұғалімі Үмбетова Г.А.









Орал-2017ж.

Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері»

  1. Тренинг «Ұшақ». Түрлі түсті қағаздан ұшақ жасап, өзі туралы критерий жазу. Содан соң ұшақты ұшырып, келесі ұшақты ұстап алып, сол ұшақта жазылған критерийлер бойынша ұшақ иесін табу керек. Содан кейін қайта ұшырып, өз ұшақтарын табады.

  2. Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы оқытудың нәтижеге бағдарлануы, оқушының жеке тұлғасына бағытталуы, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Оқушыларды топтарға бөлуде түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер арқылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері бойынша, есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолданамын. Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:

  • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;

  • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Өз мүмкіндігін біледі;

  • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

  • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

  • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

  • Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.


Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне көшуде. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Оқушыларға сұрақ қойған кезде жабық сұрақтан гөрі, ашық сұрақтар қойған дұрыс. Ашық сұрақтар оқу үдерісін барінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді. Мысалы: Қандай металдар магниттеледі? Жабық сұрақтар «ия/жоқ» деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді. Мысалы: Қасық магниттеле ме?

Ширату жаттығулары міндетті түрде көңілді өту керек, миға шабуыл түрінде емес. Пән бойынша ерекшеліктерге тоқталатын болсақ, сауат ашуға бөлінген сағат саны 6 сағат, математика 4 сағат, дүниетану мен жаратылыстануға (биология, химия, физика) 1 сағат, дене шынықтыру 3 сағат, көркем еңбек (бейнелеу, еңбек) 2сағат, ағылшын 1сағат, орыс тілі 2сағат бөлінген.

Оқулықтармен таныстыру. Ерекшеліктерін атап өту.

Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!