400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Жаңартылған білім-заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру­заман талабы Келеді
ХХІ ғасыр­жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің 
айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің 
білім саясатындағы ғылым­техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның 
басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның 
жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған 
елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Қазақстанды 
дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Жаңа білім берудің негізгі 
мақсаты­ білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс­тәсілдері мен 
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Ғылым 
мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының 
теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Соған орай 
оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, 
жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында 
оқытудың әдіс­тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды 
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән 
мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану 
және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен­күнге 
басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп 
келеді. 
Мен өз сабақтарымда педагог кадрлер біліктілігін арттырудың деңгейлік 
бағдарламалары аясында сындарлы оқыту теориясын негізге аламын. 
Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз 
белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының 
тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Осындай жаңа 
технологияларды қолдана отырып, сабақ беру мені қуанышқа бөлейді.Ал, енді
жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруге келсем, жаңартылған оқу 
жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс­тәсілдер және белсенді 
оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны
анық.
Ұлыбританиядағы білім сапасының сарапшысы М.Барбер «Білім беру 
нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтік 
қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық 
қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға
сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Өйткені, кез­келген білім беру 
ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан 
жоғары болуы мүмкін емес» деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде
жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру 
ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет – ұйым жұмысындағы сапалы 
өзгерістерге қол жеткізудің бірден­бір факторы педагогтерді дамытуға

Shape1

қажетті жағдайлардың жасалуы» деп тұжырым жасаған. Елбасы Жолдауында 
елімізде білім беру саласын дамытудың жаңа міндеттерін нақты белгілеп 
берді. Осы міндетті іске асыру білім саласы қызметкерлері мен ұстаздарға 
үлкен жауапкершілік жүктейді.
Оқушылар білімін критериалдық бағалау оқыту мен білім беруге деген 
әртүрлі тәсілдерді пайдалануға, оқушылардың оқу жетістіктерінің 
мониторингісін уақтылы жүргізуге, мұғалімге сабақты қажетті мазмұнмен 
толықтыруға мүмкіндік береді, оқушылардың оқуға деген уәждерін 
арттырады, оқытудың заманауи әдістерін біріктіреді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған 
бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті тиімді оқыту әдіс–тәсілдері: белсенді оқу, бірлескен оқу, модельдеу, 
саралау, АКТ­ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, 
топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты шығармашылықпен 
қолдана білу. 
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына 
ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті 
дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. 
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз 
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер 
ғана жұмыс істей алады.
Ата­бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, 
ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.
Сөзімнің соңын Ж.Аймауытовтың «Мұғалімнің айналысатыны ­ үнемі 
қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, 
біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды...» деген сөзімен 
аяқтап, ұстаздарды «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей еліміздің 
болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қажымай , талмай, 
жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауға шақырамын және жасап 
жатқан еңбектеріңіздің жемісін жақсы нәтижелермен көріңіздер деп аяқтағым 
келеді. 
Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Ботабай ауылы
« №228 Шәймерден Бәкіров атындағы 
орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
848
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі