5 класта жаңартылған оқу
бағдарламасы бойынша
сабақ берудің
әдіс-тәсілдері
Қазіргі
таңда
қазақ
тілі-мемлекеттік
тіл,
қарым-қатынас
тілі –
орыс тілі және ағылшын
тілі –
әлемдік
кеңістікті
тану тілін
оқытуда
жаңа идеяларды
әр сабақта
жан-жақты
қолданып,
жаңаша
оқытудың
тиімді
жолдарын
тауып,
жүйелі
түрде
қолдану-заман
талабы
болып
отыр.
Білім
берудің
мазмұны
жаңарып,
жаңаша
көзқарас
пайда
болды.
Осыған
байланысты
ұстаздар
алдында
оқытудың
әдіс-тәсілдерін
үнемі
жаңартып
отыру
және технологияларды
меңгеру,
оны тиімді
қолдана
білу міндеті
тұр.
Білім
беру бағдарламасының
негізгі
мақсаты-білім
мазмұнының
жаңаруымен
қатар,
критериалды
бағалау
жүйесін
енгізу
және оқытудың
әдіс-тәсілдері
мен әртүрлі
құралдарын
қолданудың
тиімділігін
арттыруды
талап
етеді.
Жаңартылған
білім
беру бағдарламасының
ерекшелігі
спиральді
қағидатпен
берілуі.
Бағалау
жүйесі
де түбегейлі
өзгеріске
ұшырап,
критериялық
бағалау
жүйесіне
өтеді.
Оқушылардың
пән бойынша
үлгерімі
екі тәсілмен
бағаланады:
қалыптастырушы
бағалау
және жиынтық
бағалау.
Бұл бағалау
жүйесінің
артықшылығы,
баланың
ойлау
қабілетін
дамытып,
ғылыммен
айналысуына
ықыласын
туғызады.
Кеңестік
заманнан
қалған
бес балдық
бағалау
жүйесі
жойылады.
Қалыптастырушы
бағалау
күнделікті
оқыту
мен оқу үдерісінің
ажырамас
бөлігі
болып
табылады
және тоқсан
бойы жүйелі
түрде
өткізіледі.
Қалыптастырушы
бағалау
үздіксіз
жүргізіле
отырып,
оқушылар
мен мұғалім
арасындағы
кері байланысты
қамтамасыз
етеді
және балл не баға қоймастан
оқу үдерісін
түзетіп
отыруға
мүмкіндік
береді.
Жиынтық
бағалау
оқу бағдарламасынның
бөлімдерін
(ортақ
тақырыптарын
және белгілі
бір оқу кезеңін
(тоқсан,
оқу жылы,
орта білім
деңгейі)
аяқтаған
оқушының
үлгерімі
туралы
ақпарат
алу мақсатында
балл және баға қою арқылы
өткізіледі.
Қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша
қолданылады. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын:
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге
бағытталған.
Бұл
төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және
бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет
қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та
күрделене түседі.
Оқушыларды
заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін
азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін
өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның
негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен
жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің
барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту
үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену
керек.
Оқушылар қазақ тілі пәнін
меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым,
тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады.
Олар қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас
жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын
жүйелі де нақты жеткізе алады, қазақ тілінде берілген кез келген
ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала
алады, түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды, оқығаны бойынша
өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары
арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін
бөліседі.
Сондықтан
да оқыту үдерісі оқушының
белсенді әрекетіне негізделуі тиіс. Сол себепті де белсенді оқу мен
оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер түрлерін тиімді пайдалануға
болады. Бірнешеуіне тоқталып өтсек.
Құндылықты-бағдарланған
тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін
қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы
тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды
көздейді.
Тұлғалық-бағдарланған
тәсіл— педагогтің назарын оқушы
тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік
сезімінің ғана емес, сондай-ақ шығармашылық нышандары мен даму
мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа
шоғырландыруды көздейді.
Коммуникативтік
тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың
ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған
мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа
сәйкес тілді қолданып үйренуге
бағытталған.
Интегративтік
тәсіл-оқу үдерісін жобалау және
өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру
есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға
жәрдемдеседі.
Білім беру мазмұнына ортақ
тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді
кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Интербелсенді
оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы
оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп
есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің
әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай
ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай
деген екен : «Маған айтып
берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме
жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан
интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді
әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде
танылады.
Интерактивті әдістерді
қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау
қажет:
Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы
керек.
Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан
дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды
белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне
жол беру.
Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы
қажет .
Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет.
Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін,
көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы
қажет.
Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және
регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып
кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын
сыйлау.
Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында
топқа бөлуге мұқият қарау .
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың
сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі
оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің
аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оған
дәлел: «Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу
үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге
асады» деген Хәтти
(2014)
Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда
белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында
көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін
енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді.
Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін
анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік
пайда болды ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты
……т.б.
Оқыту тәжірибесі барысы
пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын
дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану
тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар
оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып,
алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын
барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау,
яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің
атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында
байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс
пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі
байқалады.
«Маршрут»
ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы
бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас
қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің
соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп,
бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер
толтырады.
Мысалы,
Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз
т.б.
«Екі
ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да,
оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар,
заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше
бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға
мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа
жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды»,
«лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка
сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут
уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация
таңдалады.
«Қара
жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Стол үстіне екі жәші