Баяндама "Жазғы демалыс лагерінде оқушыларды ойын арқылы әлеуметтендіру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Жазғы демалыс лагерінде оқушыларды ойын арқылы әлеуметтендіру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы демалыс лагерін қызықты өткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы,

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы ОМБК тәлімгері Н.Ихсанова



Жазғы демалыс лагерлерінде балаларды ойын арқылы әлеуметтендіру жолдары

Қазіргі күні балалардың арасында айрықша назар аударуды, қамқорлықты қажетсінетін топтар аз емес. Мінезі күрделі немесе ұяң мұндай балалар көбінесе айналасындағы болып жатқан жағдайларға енжар қарайды. Бұл санаттағы жасөспірімдерге дер кезінде әлеумметтендіру жұмыстары жүргізілгенде ғана олар бойларындағы бойкүйездіктен құтылады. Ортаға бейімделіп, көпшілікпен араласу арқылы әлеуметтік белсенділігі артады.

Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздар түрлі жайсыздықтардың себебінен тұлғалық қасиеттері қалыптаспаған балаларды әлеуметтендірудің түрлі жолдарын көрсетіп жүр. Солардың ішінде оқушыларды жазғы демалыс лагерлерінде ойын арқылы әлеуметтендіру оң нәтижесін беретінін көреміз.

Ойынсыз бала өспейді деп жатамыз. Алайда, біз ойынның әлеуметтік, тәрбиелік, танымдық қызметін ұтымды пайдалана бермейміз. Педаготар ойын түрлерін: білім беретін ойындар;тәрбиелейтін ойындар; дамытатын ойындар; жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар; диагностикалық ойындар деп жіктейді. Біз де бүгінгі баяндама барысында ойынның балаларды енжарлық пен бойкүйездіктен арылтып, қоғамдық ортаға араласатыратынын, бойларындағы жат әдеттерден арылатынын көрсетеміз.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, дүниетанымын арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.

Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.

Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі жалпы адазаматтық қасиетке ие.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.


Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.


Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.


Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің «Қырық үшінші қара сөзінде» баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады.

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстаз ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізуі тиіс.

Лагердің негізгі міндеттері көңіл көтеру және ойнау; әр түрлі қызықты шараларды ұйымдастыру; балалар мен үлкендердің арасындағы түсіністік; әрбір баланың қабілетін ашуға жағдай туғызу; баланың қауіпсіздігін сақтай отырып, салауатты өмір сүруге үйрету; рухани мәдениеттілік және оның байланыстарын игеруге тәрбиелеу болып табылады. Негізінен жазғы демалыс лагерінде балаларды көптеген ойындар арқылы қоғамға тарту, ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншіліктер бар.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Мысалы мынандай ұлттық ойын түрлері «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б. ойындар ойнатылады.

Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды пайдалана отырып, балаларға дәріс беруге болады.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын - тиімді тәсіл.

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын - әлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан – жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Ойынсыз ешқандай бала дамымайды. Тіпті, танымайтын ортада тұйықталып, жасқаншақтанатын егде кісілердің өзі бірер ойын, тренингтерден соң ашылып жататынын көріп жүрміз. Мұның өзі ойын арқылы балалардың бойында жеке тұлғалық, азаматтық қасиеттері қалыптасып, әлеуметтенетінін көрсетеді. Бұл ретте жазғы демалыс лагерлері ойын арқылы балалар арасында әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіншілік береді.








Мектеп тәлімгері: Н.Ихсанова





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
1698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі