Материалдар / Баяндама Жеті атаны білудің биологиялық маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Жеті атаны білудің биологиялық маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК




Баяндама


Тақырыбы: Жеті атаны білудің биологиялық маңызы



Жетекшілері: Даулетбаева Ш.Ж.

Баяндамашы:Мырзағали Азамат










Жоспар

  1. Кіріспе бөлімі


  1. Негізгі бөлім

  • Жалпы ататек ұғымы

  • Филогенетикалық ағашты құрастырудың негізгі критерийлері

  • Қазақтың шежіресін құрастыруда кладограмма құруда жаңа ақпатраттық технологияны қолдану

  • Туыстық некенің тиімсіздігі


  1. Қорытынды бөлім


Мәселе: Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен.


Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, туыстық некенің тиімсіздігін білуі және одан сабақ алуы тиіс.

Зерттеу әдістері: Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.

Зерттеудің жаңалығы мен өзектілігі: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: генеалогиялық дәстүрдің генетикалық маңызын ашу арқылы ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.

Зерттеудің негізгі нәтижелері: Өскелең ұрпаққа шежіре талдау және жеті атаның маңыздылығын түсіндіру арқылы түрлі генетикалық аурулардың алдын алу.


І. Кіріспе бөлімі

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.

Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.

Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.

Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған.

Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік.

Жеті атамды зерттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбының негізі ретінде «Жеті атасын білген ер ,жеті жұрттың қамын жер» деп алдым.


ІІ. Негізгі бөлім

Зерттеудің мақсаты: Жасөспірімдер арасында шежіре құрастыруды зерттеу болып табылады.


Зерттеу міндеттері:

  1. Түркістан жоғары медицина колледжінің 1 курс студенттер арасында медициналық бақылау, сауалнама нәтижелері бойынша шежіре құрастыруды зерттеу

  2. Филогенетикалық ағашты құрастырудың негізгі критерилерін анықтау;

  3. Қазақтың шежіресін құрастыруда жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кладиограмма құру


Зерттеу нысаны: ТЖМК ЖББ бөлімі студенттері 374 студент

Зерттеу әдістері:

  1. Осы тақырып бойынша ғылыми деректерге шолу және талдау;

  2. Сауалнамалар жүргізу

  3. Жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кладиограмма құру



Үйірме мүшелері Халықаралық қазақ түрік университетінің б.ғ.к Иманова Д.Н кеңес ала отырып сауалнама түздік.



Менің зерттеулерім бойынша ЖББ бөлімі студенттері арасынан сауалнама жүргіздік


Зерттеу барысында біз 2 әдісті қолдандық:

  1. Зерттеудің барысында біз жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, мәліметтерді салыстыра отырып сауалнамалар түзілді.Сауалнама нәтижесі талданып диаграмма түзілді.

  2. Қазақтың шежіресін құрастыруда жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кладограмма құрылды


Зерттеудің нәтижелері:

1.Сауалнаманың көрсеткіші бойынша – Жалпы бөлімде 374 студент ,оның 68 ғана жеті атасын біледі екен.

374 студенттің 4/1 бөлігіне де жетпейді, яғни 5% пайызы ғана біледі екен.Бұл болашақта қазақ халқының ұрпақтарының арасында туыс адамдардың ата тегін, жеті атасын білмей отбасын құруға алып келуі мүмкін.Яғни, ауру ұрпақтар дүниеге келеді деген сөз. Бұл біздің гендік қорымызға әсер етеді.

Нәтижесінде кейбір отбасылар үшін балаларымен шежірені туралы әңгіме жүргізілмейді екен. Соның нәтижесінде ата – аналар балаларының гендік қорына жауапты екенін түсіндірдік.

2.Біз ақпараттық техногия дамыған заманда қазақтың шежіресін құрастыруда мынадай желі қосымшасы арқылы шежірені оңай әрі қызықты етіп құрастыру жолын көрсету арқылы студенттерге 100% жеті атасын білуді үйрете алдық.

Қазіргі таңда бұндай желі қосымшаларының түрі өте көп.Мысалы:


  • Жалпы ататек

«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.

Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.

Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады. Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата-текті сұрамай отыра алмайды. Ата-текті білу – біздің болашағымыз үшін, арымыз бен қанымыздың таза болуы үшін де қажет. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ. Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс берісті, құда жекжат, жамағайын жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп қаймағымыз бұзылмаған заманадан жеткен ұғым. Өткенімізді қарап отырсақ,. ел бастаған көсем де ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөздерді жиі айтқан. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей ұйып ғұмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе даңкты бабаларының атын ұран қып шақырып, канымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз нуымыз бір Ер Түріктің ұрпағы, алаштың азаматымыз десіп бәтуаласып, баталасып бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп бір байрақтың түбінен табылған.

  • Филогенетикалық ағашты құрастырудың негізгі критерийлері

Эволюциялық ағашты құрастыру бірнеше критерийлерге негізделеді:

  • Тиімділігі(есептеу үшін қанша уақыттың кететіндігі)

  • Қажеттілігі(алынған мәләметтердің қажеттілігі мен қажетсіздігі)

  • Қайталануы(егер әр тексерген сай ын бір мәселелі модельден бір мәлімет алынса,алынған жауаптың қайталануы немесе қайталанбауы)

  • Қателіктерге төзімділігі(Қарастырылған модельдің қателіктерді дұрыстауға шамасының келуі)

  • Ескертулерді көрсетуі (қате қолдану болған жағдайда ескерту)


  • Қазақтың шежіресін құрастыруда кладограмма құру

Кладограмма құрастуруда қазақтың шежіресін алуға болады.Шежіре арқылы біз халықтың құрылымы этникалық құрамы,шығу тегі , таралуы, тұтастығы жөнінде мол мағлұмат аламыз.


  • Туыстық некенің тиімсіздігі

Туыстық некенің тиімсіздігі. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.


Зерттеуіміздің екінші бөлімі бойынша:

Зерттеу жұмысы бойынша біз Түркістан қаласындағы «Санитас» емханасына бардық. Дәрігер терапевт кеңес ала отырып, туыстық неке арқылы тұқымқуалайтын ауруға шалдыққан отбасы туралы мәлімет алдық. Зерттеуі жалғастары отыра үйірме мүшелері аталған отбасыға барып сұхбат жүргіздік. Сұхбат жүргізу барысында мынадай мәліметер алдық және мәліметтерде аталған аты-жөндерге құпиялылығына кепіл бере отырып,өзгертілді.

Picture 1 Picture 1


Зерттеу барысында екі ағайынды бөлелердің туыстық неке құрылғанын анықтады.Туыстық некеден туылған балаларының ішінде 50% ауру 50% сау бірақ тасмалдаушы болып туылған.Тасымалдаушы деген себебім олардың немерелері ауру болып туылған.Ауру болып туылған балаларының барлығы мүгедектік жәрдем ақы алатындығы және арнайы тізімде тұратындығын білдік.

Қорытынды:

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың “генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.

Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады”, – деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейдi. Бүгiнгiдей кең байтақ жерi бар, киелi төрi бар қазақ – шын мәнiнде, жұлдызы жанған бақытты халық. Алайда, бұл бақыт бiзге оңайлықпен, өздiгiнен келген жоқ. Қазақ өз тарихында ұлт ретiнде талай мәрте жойылып кете жаздады. Тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметiн тартты. Бүгiнгi тәуелсiздiкке дейiнгi аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелi тағдыры, арманы мен аңсары арпалысқа толы күресiп жатыр. Iштей булыққан бұлқынысы мен өкiнiшi, жеңiстерi мен жеңiлiстерi де жатыр. Бүгiнде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы iстердiң, ұлағатты дәстүрлердiң, iргелi мемлекеттердiң заңды мұрагерi болып саналады”, – дедi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Данышпан ата-бабаларымыздың ақыл сөздерін, көрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтайық. Олардың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін үлкен парыз.


Ұсыныс

Зерттеу барысында жеті атаның білудің биологиялық маңыздылығын, туыстық некенің тиимсіздігі, сондай-ақ онымен байланысты аурулардың алдын-алу мүмкіндігі анықталды. Сондықтан балалардың тұқым қуалайтын аурулармен күресуіне баса назар аударылуы керек.

Колледждердің студенттеріне туыстық некенің тиимсіздігінің алдын-алу жұмыстары мына ұсыныс бойынша жүргізілсе:

  1. Әр отбасының шежіре QR коды болса;

  2. Әр отбасының жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кладиограмма құрылса;

  3. Түркі тілдес елдерде шежіре мейрамы тойланса;

  4. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру

  5. Туыстық некенің тиимсіздігінің кітапша ретінде ұсынамыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Медицинская биология и генетика. Куандыкова Е.У., Алматы, 2004

  2. Молекулалық биология және генетика Д.Н. Иманова, С.Қ. Қоштаева, М.Н. Турабеков, Г.П. Шынпейсова, А.А. Исмаилова Түркістан 2012ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!