Материалдар / Баяндама Кеңес Дүйсекеев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Кеңес Дүйсекеев

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге және оқушыларға арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
605
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Саяси партиялар және партиялық жүйе

Жоспар:

1.Саяси партиядың пайда болуы туралы ұғым

2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері

3. Саяси партияның классификациясы, жіктелуі, түрлері

4.Партиялық жүйелер

5.Қазақстандағы көппартиялық жүйе


Саяси партия туралы ұғым


«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұнғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған.Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентке өз мүдделерін қорғайтын партиялар құра бастайды. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті.

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар.

3. Көпшілік партиялар.

Мұнда аристократиялық үйірмелержер иелерінің мақсатың қорғаса, саяси клубтар буржуазиялық мүддесін қорғайды. Ал көпшілікпартия үнемі көпшілікпенбайланыста болады.
Тұңғыш  көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.

Американың  саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:

1.  Партия белгілі  бір идеологияны қорғайды;

2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан  бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.

3.  Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:

4. Әр партия өзіне халықтың  дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Партиялардың  өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:

1. Партия бағдарламасынын болуы;

2. Саяси билік үшін күрестің болуы:

3.  Партиялық тәртіптің болуы:

4. Партияға мүшелік ету;

5. Мүшелік жарна төлеу;

6. Партияның  жарғысының болуы:

7. Баспа органдарының, болуы;

8. Партия басшылығының көптеген  өкілеттігі;

9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе

әлеуметтік  топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

Саяси партия қызметтері:

Поляктың саясаттанушысы А.Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар  мынадай қызметтер атқарады:

1. Саяси идеология мен саяси  ілімдерді жасау;

2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау

3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

4.  Мемлекеттік билікті іске асыруға  қатынасу;

5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;

6.  Жалпы коғамды. топты саяси  тәрбиелеу:

7.  Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға

қатысу;

8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау;

9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.

Қазіргі  демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті  азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.

Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

Теориялық:

Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша  жәңе оның даму жолдарын талдап, тео¬риялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.

Идеологиялық:

Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту,

Қорыта  келе, партия деп - мемлекеттік билікті  колға алуға немесе билік жүргізуге  қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айталы.

К. Фонбейме саяси партияның төрт қызметін бөліп көрсетеді:

1)      Мақсаттың анықталуы. Тиянақты идеология және бағдарлама, партия бағдарлық стратиегиясын анықтауға тырысады.

2)      Қоғамдық мүдделерді, қызығушылықтарды біріктіру. Орталық мемлекеттік органдардың шешімдеріне ықпал жасай отырып қоғамдық пікір туғызады.

3)      Азаматтардың мобилизациясы және социализациясы. партия азаматтардың саяси  белсенділігін арттыруға ұмтылады және ұзақ уақыттық саяси әрекетін негіздейді.

4)      Жетекші элитаны және үкімет құрамын қалыптастырады

Г. Алмонд қазіргі партиялар көп функционалды деп есептейді. Олар билік органдарын бақылайды және «үкіметтік қызметті» жүзеге асырады. басқа органдармен немесе ұйымдармен келісе отырып коммуникация құрылымын құрайды. Сөйтіп ол коммуникативтік қызметті де атқарады. Сонымен қатар оның саяси  рекруттеу және саяси социализация қызметтері бар.

Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі және бар: қоғамдық пікірді қалыптастыру, кандидаттарды жинау және депутаттар әркетінің шарттарын қамтамасыз ету.

Саяси партияның классификациясы, жіктелуі,түрлері

Зерттеушінің әдістемелік бағытына және саяси партияның практикалық  элементтер ерекшеліктерінің иерархиясына байланысты көптеген партия классификациясының көптеген критериі бар. Марксистер классификациясының негізгі критериі ретінде партияның таптық сипатын ұсынады. Институционалдық бағытты жақтаушылар ұйымдасқан құрылымдық критериді пайдаланады, ал функционалистер партия қызметінің орындалуына басты назар аударады. Либеральдық бағыт партия мүшелеренің саяси және идеологиялық байланыс сипатын маңызды деп есептейді.

Саяси ғылымда М. Дюверженің классикалық концепциясы ерекше орын алады. Ол концепциядағы партия типологиясында партияның құрылымдық сипаттамалары ішкі құрылымы, мүшелік жүйесі, жетекшілік органы сондай-ақ партиның пайда болу мәселелерін қарастырады. Алғашқы ұйымдасуына қарай М. Дюверже партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ячейка және партия—боранды отрядтар деп ажыратады. Пайда болу критериі бойынша ол партияны электоральдық, парламенттік және «сырттай пайда» болатын партия деп бөледі.

М. Дюверже партияны «кадрлық» және «бұқаралық» деп бөледі. Бұқаралық және кадрлық партиялар айырмашылығы олардың көлеміне де, мүшелер санына да байланысты емес, ол партияның құрылымына байланысты. Олар мынадай белгілермен ажыратылады: пайда болуына, негізгі бағдары мен әрекет ету амалына, алғашқы ұйымдасуына, мүшелілік жүйесі және құрылымдық элементтерінің байланысына байланысты. Кадрлық партиялар парламенттік, электоральдық негізге ие болады. Бұқаралық партия партияның «сыртқы пайда болу ерекшелігіне» көп қатысты.

Өкіметтік билікке бақылау жасау деңгейіне қарай партия оңшыл және оппозициялық болады. Оппозициялық партиялар заңдық статусы критериі бойынша ашық, рұқсат етілген және мемлекеттік тіркелген, заң көлемінде әрекет ететін; жартылай ашық, тіркелмеген бірақ шектеу қойылмаған; жасырын, мемлекетпен шектеу салған.

Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген  өлшем және белгілері бар.

Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен  белсен ділер санына қарай екіге  бөлген:

Кадрлық:

Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.

Бұқаралық:

Сайлаушылары  көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.

Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі  мақсаты үміткердің сайлау алдындағы  науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ

Парламенттік  партия - екі қызмет атқарады: парламентке  бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.

Қауымдастық партиясы ортак көзкарас, ұқсас  мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді  талқылау үшін бірік-тіріледі.

Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.

Социал-демократиялық  партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.

Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

Консервативтік  партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.

Фашистік  партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде  жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық  партиялар - олар басқарушы партияның  саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық  қасиет тән.

Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң  жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жартылай  ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Құпия партиялар - заң бойынша тыйым  салынған, жұмысын жасырын жүргізеді

Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.

Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.

Коалиция  деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:

Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы  өз алдына бөлек басқара алмаған  уақытта құралған көппартиялық коалиция;

2. Екіпартия бірігіп үкіметті баскара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалиция:

3.  Билік үшін бәсеке екі партия  одағының арасында болса, екі  блоктық коалиция болады;

4.  Егер дербес|:Партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.

Барлық  саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төртке бөледі: авангардтық партиялар, сайлаушылар партиясы, парламенттік партиялар, қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеуге болады: 1) комунистік партиялар мен солшыл радикалды бағыттағы партиялар; 2) социал-демократиялық (немесесоциалистік, лейбористік) партиялар; 3) буржуазиялық-демократиялық партиялар; 4) консервативтік партиялар; 5) фашистік партиялар.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің мәні зор. Партиялық жүйе деп мемелкеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяс партиялар жиынтығын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екі партиялық (бипартизм) және бірпартиялық болып топтастырылады.

Көппартиялық деп мемекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл – адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің біріболып табылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда – консерваторлар мен лейбористер, Германияда – христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ олар шешуші рөл атқара алмайды.

Бірпартиялық жүйеде өзінен басқа бәсекелес партиялар болмайды. Ол авторитарлық және тоталитарлық қоғамға тән деп сипатталады. Тоталитаризм шарттарында басқарушы партия сол елде бұқаралық партия, мемлекеттік құрылымға айналып этатистикалық партияға айналады («этатизм»(фр.) - мемлекет). Бір партиялы жүйеге бүгінгі таңда Қытайда, КХДР-да және Кубада бар.

Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конститутциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру.

            Партиялық жүйелер.

Партиялық жүйе деген ұғымға анықтама беріп, батыс саясаттанушыларының бұл мәселе туралы жасаған тұжырымдарына қысқаша тоқтап кету керек. Бұл ұғымның Европаға кеңінен тараған мазмұнын М. Дуверже анықтаған болатын. Оның ойынша: «партиялық жүйе деп партияның мемлекетте өмір сүру жағдайы мен түрін түсіну керек». М. Дюверже: партиялардың саны олардың ішкі құрылымы, идеологиясы, көлемі, типтері әрбір елде азды-көпті уақыт аралығында біршама тұрақтанады, міне осы тұрақтылық «партиялық жүйені құрайды» - дейді.

            Е. Вятр партиялық жүйені ашық саяси партиялар арасындағы қарым-қатынас сәйкестілігі дейді. Яғни билік және биліктің жүзеге асуы үшін қарама-қарсылық немесе өзара келісімділік тән.

В. Закревскийдің ұсынысы бойынша: «партиялық жүйе» – қоғамдық арасындағы өкімет билігі үшін күрес барысындағы бақталастық пен өзара қатынастарының механизмі.

Ұғымның мазмұнын анықтағаннан кейін партиялық жүйелердің типологиясы туралы мәселе көтеру қажет.

1)      саяси режим мінездемесіне байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық партиялық жүйелер деп бөлінеді.

2)      билік үшін күрес жүргізетін партия санына қарай: бірпартиялық (саяси

билікке иелік ететін қоғамдағы монопартия); екіпартиялық (биліктік бәсекеге түсетін, яғни заң шығару органдарындағы орынға, президенттік сайлауға қатыса алатын екі қарама-қарсы партия); көппартиялық (саяси билік бәсекесіне түсетін үш немесе одан да көп партиялар);

3)      әртүрлі саяси статуспен байланысына қатысты: можаритарлық, коалициялық;

4)      партиялық құрылымы мен партия аралық қатынас тұрақтылығына байланысты: тұрақты және ауыспалы;

5)      партия аралық қатынас сипатына байланысты: бәсекелі және бәсекелі емес.

Қазақстандағы көппартиялық жүйе

Қазақстанда 1905 жылы желтоқсан айында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Алайда бұл ұмтылыс еліміздің маңызды мәселелерін шеше алмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. 1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы басылып шықты. 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды. «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері реперессияға ұшырады. Алайда осы партияның іс-әрекеті кейінгі кезеңдегі партияларға бірден-бір үлгі көрсетерлік дәрежеге көтерілді. Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды.

Еліміздегі алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселесі болып азаматтық, мемлекеттік тіл жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.

2002 жылы шілдеде “саяси партиялар туралы” заң қабылданды және 2008 жылы қарашада айтылған құжатқа түзетулер енгізіліп, бұл ҚР-дағы көптеген саяси партиялары статусын өзгертті. Осы заңға сәйкес әділет министрлігінің бекітуі бойынша партия 40 мыңнан артық емес мүшеден тұруы тиісті, ал әрбір аймақтың партиялық ұйымдарында 700 өкілден аз болмауы тиіс. Кәсіпшілік, нәсілдік, діни белгілеріне байланысты саяси партия құруға рұқсат етілмейді, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі саяси партиялардың Қазақстанда қызмет жасауына тыйым салынған.

Елімізде партиялық қатынастардың белсенділігі байқалып жатыр, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық сфераларда саяси ұйымдардың маңыздылығы өсіп отыр. Мысалы, “Нұр Отан” саяси партиясының ең басты мақсаты қоғамның саяси өміріне белсенділікпен қатынасу, қоғамның саяси және экономикалық реформаларының жүзеге асуына көмектесу, азаматтардың саяси деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықтың сақталуын қуаттау, ұлтаралық келісімді нығайту.

Бүгінгі күн ҚР-да 9 саяси партия тіркелген, атап айтқанда: “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы; “Ак жол”демократиялық партиясы; Қазақстан демократиялық партиясы; Қазақстан патриоттарының партиясы; “Ауыл” қазақстандық социал-демократиялық партиясы; “Руханият” партиясы. Қазақстан коммунистік партиясы; Қазақстан коммунистік халық партиясы; Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы. Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар орнамаған. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.

Қазақстандағы көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар. Қазіргі қоғам өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатарлы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немес оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады. Барлық қадамдар елдің саяси жаңартылуы және Қазақстанның онан арғы демократияландырылуы үшін жүзеге асырылып жатыр, мемлекеттік тұрақтылықтың сақталуы үшін барлық шаралар жасалуда. Азаматтық қоғамға жылжудың жаңа кезеңіне арнайы мемлекеттік шарттар жасалып жатыр, саяси жүйеде халық көпшіліктерінің көзқарастары қорғалатын маңызды құрылғылар ойластырылуда.

Бақылау сұрақтары

1. Саяси партиялардың басты мақсаты не?

2. Партиялардың құрылу мақстаттары?

3. Ортақ белгілері?

4. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығы.

5. Саяси партия дегеніміз не?

6. Басқа қоғамдық-саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?

7. Саяси партиялар не себепті пайда бодды? Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?

8. Партияның негізгі қызметтері қандай?

9. Партияларды жіктеу неге негізделеді?

10. Партиялық жүйе деп нені айтады?

11. Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық, жүйелердің басым және осал жақтары кандай?

12. Партия санының көптігі көппартиялық жүйені білдіре ме?

13. Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба?

  Негізгі әдебиеттер:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!