Материалдар / Баяндама: Кибербуллингтің бала психологиясына әсері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Кибербуллингтің бала психологиясына әсері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кибербуллинг дегеніміз-жас өспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың бір түрі қарым-қатынас жасау үшін киберкеңістікті пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
329
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жакипова Рафсангуль Тыныштыкона

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы

«11ЖББМ » КММ биология пәнінің мұғалімі

8г-сынып жетекшісі.


Кибербуллингтің бала психологиясына әсері.


Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғамның айықпас дертіне айналып отырған мәселелердің бірі – кибербуллинг. Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг дегеніміз-жас өспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың бір түрі қарым-қатынас жасау үшін киберкеңістікті пайдалану. Кибербуллинг – бұл әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және жедел хабарламалар қосымшалары арқылы онлайн қорлау. Ал буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды, әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шындығында, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, барлық жерде буллингпен бетпе-бет келуі мүмкін. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді. Жалпақ тілмен айтқанда, түрлі ғаламтор желілері арқылы азаматтарды бопсалау, қорқыту және қудалау.

БУЛЛИНГТІҢ ТҮРЛЕРІ:

  • Қауіп-қатер төнгізу,қорлау, тіл тигізу

  • Чаттардан шығарып жіберу

  • Топтық қадағалау

  • Әлеуметтік желілерде біреудің жеке басын иемдену

  • Жеке парақшаңды бұзу және хаттарды жіберу

  • видео және фото тарату

Қәзіргі заман инетрнет заманы. Жаңа технологияларды қолданудың танымдылығы артқан сайын оларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерінің тізімі артады деп түсініу керек. Ал соны теріс пайдаланушылар өте көп.Соның бірден бір дәлелі-Кибербуллинг. Бұл – қазіргі ақпараттық технологиялар күннен-күнге дамыған ғасырда өте өзекті мәселе. Кибербуллингтің жастарға немесе жасөспірімдерге тигізер зияны орасан зор. Қазіргі таңда кибербуллингтің құрбандары – бала. Өйткені көптеген жағдайда қорқытыудың құрбаны болған бала қорлаушы тарпынан қорқыту туралы хабарламайды,себебі бала бопсалауға бейім болып келеді. Ол баланың психологиясына әсер етеді Кибербуллинг балаларға қалай әсер етеді 1 баланың.оқу үлгерімі төмендейді;
2.алаңдаушылықты сезінеді немесе өз-өзіне күмән 
келтіреді, ашуланшақ болады;
3.сөйлесуден аулақ болады, басқа балаларға деген агрессияны көсетеді;
4.қорқытады немесе өзің-өзі өлтіруге тырысады, үйден қашады;
5.түнде жылайды немесе  таңертең өзін жақсы сезінбейді.
6.заттар бүлінеді, денеде түсініксіз жарақаттар пайда болады;
7.ақшаны «жоғалтады» немесе ұрлайды немесе әдеттегіден көбірек сұрайды;
8.интернетті немесе ұялы телефонды пайдаланудан қорқады, гаджеттерді жасырады;
9.жоғарыда айтылған жайттардың кез келгені үшін сылтау ойлап табады.
Баланың қандай да бір қысымға ұшырағандағы белгілердің тізімі:
-саған зұлым, 
ренішті хабарламалар смс немесе электронды хаттар жазса
-сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
-әлеуметтік желілерде сенің атыңнан 
жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
-сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
-саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
-жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
-сені ренжіту не қорлау мақсатында 
жеке фотосуреттеріңді жарияласа
-басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Ата-аналар не істей алады? Баланың неше уақыт әлеуметтік желіде отыратынын және қандай мақсатта пайдаланатынын қадағалау. Балаларға тиісті Интернет,мінез-құлық туралы әнгімелесіп,дұрыс пайдаланбаудың салдарын түсіндіру.Баланың интернетте жұмсалған уақытын қадағалау. Балаға үнемі қолдау көрсету керек. «Мен саған сенемін», «Бұл сенің кінәң емес», «Біз сені жақсы көреміз және қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймыз»деп балаға қорғаныш сезімін ұялатып,жалғыз емес екенін сезіндіру керек. Ал мұғалімдер буллинг орын алмауы үшін сынып сағаттары мен ашық сабақтар арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізуі керек. Балалардың арасында әлімжеттік жасау, ауыр сөздермен намысқа тию жағдайларын байқаса, дереу оған тоқтау салуға міндетті. Ата-аналармен тығыз байланыста болу, оларды да осы тақырыптағы іс-шараларға қатысуға шақыр керек. Кибербуллингпен күресу – заман талабы. Басқа да мемлекеттердің жұмыс жасау үлгілеріне қарап, олардан нәтиже шығарумыз қажет. Британ мектептерінде интернет-контрольдардан қорғануға арналған пән бар. Сабақтарда оқушыларға желідегі ізге түсуге қалай жауап беру керектігін және соның әсерінен күйзеліске қалай ұшырамауға болатындығын түсіндіреді. Оңтүстік Кореяда 2007 жылдан бері интернеттегі қудалаумен күресетін арнайы заң бар. Германияда кибермоббинг ұйымдастырған ересек адам 10 жылға дейін, жасөспірім 5 жылға дейін жаза қолданылады. Интернетте басқа баланы қудалаған кибербуллерді түзету жұмыстарына тарту да қарастырылған. Қорыта айтатын болсақ. Бала – біздің болашағымыз!!!
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, ел болып ынтымақтасып ,ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп,бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытына шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Қай заман,қай қоғам болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріуміз кере.



Пайдаланылған әдебиеттер: Интернет желісі: ERNUR.KZ МЕКТЕПТЕГІ БУЛЛИНГ: балаңыздың бұған қатысы жоқ па?
https://ziatker.kz/
«Кибербуллинг: Когда буллер атакует в сети» Автор: Хуан Мойсес де ла Серна Перевод Рындина О.А. Первое издание: апрель 2021 © Хуан Мойсес де ла Серна, 2021 ©Издательство «Tektime», 2021




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!