Материалдар / Баяндама 'Көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу - заман талабы'
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама 'Көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу - заман талабы'

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптілділікке арналған баяндама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу - заман талабы


Адамзат қоғамы ғылыми-техникалық прогресс керемет дамыған XXI ғасырға қадам басты. Біздің еліміз де білім берудің жаңа әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алды.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Педагогтардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі–оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі кезде әсіресе, экономика саласында шетелдік инвестициялардың көптеп тартылуы ағылшын тілінде сөйлей білуді талап етеді. Сондықтан, қазіргі оқу процесіндегі міндет - ағылшын тілінде сөйлей және жаза білетін мамандарды даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің «Шет тілі »кафедрасында да көптеген жұмыстар жүргізіліп отыр.

Қазіргі уақытта негізгі мақсат – оқушылардың ой - өрісін жан – жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Ал оқушыны жан – жақты дамыту дегеніміз оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетілуі емес, сондай –ақ баланың жан дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарынының анықталып, кең өрістеу, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарасының қалыптасуы болып табылады. Баланың бойында осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы – шет тілі кафедрасының оқытушылырының алға қойған мақсаттарының бірі .

« Шет тілі» кафедрасы алғаш рет 1997 жылдан бастап болашақ шет тілдер оқытушыларын даярлай бастады.

Кафедрада биылғы оқу жылында 15 оқытушы сабақ береді. Оқытушылардың сапалық құрамы : 3 оқытушы- жоғары санатты, 5 оқытушы -бірінші санатты, 4 оқытушы- екінші санатты және 3 оқытушы- оныншы разрядты.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің «Шет тілі» кафедрасында мынадай мамандықтар даярланады :

0111083 «Негізгі орта білім берудің шет тілі мұғалімі»

0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

Колледжде студенттердің жан-жақты білім алуына жағдай жасалған.Шет тілі сабақтары лингафон кабинеттерінде электронды оқу залында өтеді .Кітапхана электрондық оқулықтар мен шет тіліндегі кітаптар мен видеофильмдермен жабдықталған және әлемнің 19 елінің Білім және Ғылым министрліктері қолдаған, Халықаралық білім беру жүйесінде 20 жылдық тәжірибесі бар Edusoft бағдарламасымен, яғни online /offline жүйесінде мамандар даярланып жатырғанын жалғыз кафедра біздің кафедра екенін әрдайым мақтан тұтамыз.

Кафедра оқытушылары оқытылатын пәндер бойынша оқулықтар мен үлгілік оқу бағдарламаларының авторлары .


Ғылыми жұмыстары мен жетістіктері үшін оқытушылар «Фолиант» баспасының арнайы дипломдарымен марапатталған .

Білім мен тәрбие егіз ұғым. Біздерге шет тілінен тек білім ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар, ағылшын тілі кештері, үйірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Біздің кафедрада шетелдік қонақтармен кездесулер ұйымдастырлып отырады.Қазақстандағы Ұлыбританияның елшісі Пол Браммельмен, Шотландық қонақтармен, Амек компаниясынан Ронни Андерсонмен, Кэмбридж аймақтық колледжінің бүкілхалықтық бөлімінің басқарушысы Амина Уейкфильдпен және Edusoft бағдарламасының оқытушылары Майкл Уокер және Ева Рубенштейнмен кездесулер осының айғағы.

Кафедрада студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасалған.Әдіскерлер,топ жетекшілері және пән оқытушылары студенттерді әртүрлі ғылыми-әдістемелік,ғылыми ізденіс жұмыстары бойынша әртүрлі байқауларға дайындайды.

Биылғы жылы қыркүйек айында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студенттер сарайында өткен облыстық «Тіл - ұлт мерейі» тілдер фестивалінде үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын - 2014» республикалық байқауында 4аРШИ тобының студенті Зулкашева Дана «Білімділік танытқаны» үшін «Алғыс хатпен» марапатталса, Балтабаева Балжан бас жүлдені жеңіп алып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқының Тілдер күніне орай ұйымдастырған Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткен «Тіл шебері - 2014» республикалық байқауына жолдама алды.  Үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл байқауда  Балтабаева Балжан «Үздік тіл шебері» дипломымен және 60 мың теңге қаражатты сертификатпен марапатталды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Тіл - халық жанын танудың кілті» республикалық байқауының облыстық кезеңінде қазақ тілін меңгерген орыс жастары сынға түскен бұл байқауға 4аРШИ тобы студенті Малахова Елена қатысып ІІ орынды иеленді.

Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Шетел тілін жаңа технология қолданып оқыту шет тілінде сапалы қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігін береді. Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбейуде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бетбұрыстары қажет екендігін тудырады.

Болашақтың тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім”,- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.

Олай болса білімі жетік, өзгермелі өмірге икемді, бәсекеге бейім, жаңалыққа жаны құмар, әділетті ту еткен, ұлтына адал, еліне сыйлы мамандар дайындау мақсатында жұмыстанайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!