Материалдар / Баяндама. «Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. «Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру».
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Shape1



Авторы: Хакимов Жанасхан –көркем еңбек пәні мұғалімі;

Жобаның атауы: «Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру».

Бағыты: «Шеберлік палитрасы» (қолданбалы цикл)

Білім беру ұйымы: «М.Ғабдуллин атындағы №52 ЖББМ» КММ- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Достық» а/о, Бескетік ауылы, Ы. Алтынсарин көш. №24 тел: +77253456138

Автордың мекенжайы:: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Достық» а/о, Бескетік ауылы, Қазыбек би көшесі. №16

Тел: +7 702 757 0110

Электронды адрес: zhanas0110@mail.ru
















Маған айтсаң-мен ұмытамын

Маған көрсетсең- есімде қалады

Маған істетсең- мен түсінемін.

Қытай даналығы



Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

Проекторды қолдану. Білім беру үрдісін дамыту мақсатында проектормен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс - диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. Проектормен пайдалану оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft PowerPointбағдарламасыныңкөмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен естесақтауын қалыптастырады. Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі - түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3)Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Жұмысты толықтай көру компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді. Activstudio - да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады. Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсінудеңгейін анықтауғаболады. Оқушыға тест сұрақтарына жауапберуі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойынбілдіріп, жалқауоқушылардыңқызығушылығынартты рады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді,сонымен қатар оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс.Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.Электрондық тесттерді оқу үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады.Электрондық тесттерді Aktivstudio Professional Edition V3" бағдарламасындағы Оценка тест бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады. Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады.Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осылайша оқушылармен көркем еңбек сабақтарында СТО технологиясы бойынша берілген әдістер бойынша тапсырмалар берілгенде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады. Көмекке берілген ережелер, т.с.с құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында маңызды жұмыстарда кестелерді, графиктерді қолдану тиімді. Мысалы, географиядан карталарды, табиғи объектілердің фотографияларын т.б байланыстыра жазамыз. Интерактивті тақта сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңатақырыпты игеру, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен оқушының қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға тиімді. Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-ком муникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдайжасалып, келешекте терең білім алуға көмегі зор.





Ғаламтормен жұмыс.

Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік ғаламтор кеңістігіне көшіп бара жатқан заманда, келешек ұрпақты осы заманауи үрдістердің залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру үшін интернет желісін көркем еңбек сабақтарында кеңінен пайдалануға тырысуымыз қажет.Көркем еңбек пәнінде ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:

1. Онлайн режимде сабақтар өткізу;

2. Онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (құрастыру);

3. Әртүрлі деңгейдегі сайыстар, байқауларға қатынасу;

4. Мәліметтер қоры ретінде пайдалану.

Тәжірибе алмасу ретінде онлайн сабақтарға қатынасу әсіресе жас мамандар жұмысына методикалық үлкен көмек берері сөзсіз.



Талабы таудай, қабілет-қарым мол іздемпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса,олар ұлтымыз үшін -мақтаныш,еліміз үшін –абырой. Талантты жасқа айрықша назар аудару қажет. Көркем еңбек сабағында АТ (проектор, ғаламтордағы желілер) оқушының сабаққа деген көрқарасын өзгерткеніне көзім жетті. Сабақта тақырыпты ашу, меңгерту оңай әрі жылдам болды. Жалпы, оқушыларда конструкциялық ойлау қабілетті ояту, дамытуға АТ зор септігін тигізетіне жақсы мүмкіндік деп білемін

Мақсаты:

-мектептегі конструкциялық ойлау қабілеті бар оқушылардың қабілетін шыңдау;

-Оқушыларды шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру;

-Көркем еңбек сабағында топтық-командалық әдісті қолдану;

Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

Мақсаты:

-Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып шығармашыл тұлға қалыптастыру;

-Жұмыстың жасалу әдісін тікелей көріп үйрену

-Оқушыларда кез-келген проблемаларды шешу қабілетін дамыту;

-Конструкциялық құрастыру элесменттерін үйрету;

Нәтижелер

Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» сайысының өңірлік және аудандық кезеңдерінен оқушылармыз жүлделі орын иеленіп облыстық сайысқа қатысып қайтты. Мектепішілік конструкторлыққа байланысты сайыстарды үнемі өткізіп отырамын. 2023 жыл сәуір айында қолдан жасалған шаңсорғыш(қоқысорғыш) жасау бойынша сайыс өткізіп жеіп шыққан оқушыларды марапаттадық.

Қолдан құрастырған автомобиль сайысын ақпан айының 5-6 жұлдызына жоспарлап отырмыз. Сабаққа ынтасы күшейген оқушыларды көріп дұрсы бағытта екенімді аңғардым.

Осылайша шығармашыл оқушыларды бағыт-бағдар беріп және оларды үлгі ретінде көрсетіп өзгеде оқушылардың қызығушылықтарын оятып, сабақ кезінде үнемі насихаттап келемін. Сабақ кезінде барлық оқушыларды бір үлкен топ ретінде, ауызбіршілікке, бір команда болып жұмыс жасауға үйретіп келемін. Нәтижесі өте жақсы болып тұр. Топтағы қабілеті жоғары оқушылар басқаларына көмек беріп алға тартуы сабақтың сапасына септігін тигізіп жатыр.

Быраз елдің оқу-оқыту жүйесі туралы мәлімет алдым. Сол елдердің көпшілігінде технология, еңбек пәндеріне ерекше мән беріледі екен. Өйткені осы пәндердегі сабақтар адам өмірінде үнемі қажет болады деп есептейді екен.

Сөз соңында өз идеямның (Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру)

сабақ кезінде және үйірме жұмыстарында жақсы нәтиже беретініне көз жеткіздім. Және осы әдісті барлық көркем еңбек мұғалімдеріне кеңес беремін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!