Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясының әдістерін пайдалану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясының әдістерін пайдалану.
Жоспары:
І. Кіріспе.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Дамыта оқыту технологиясының балаларды оқыту процесінде алатын орны.
ә) Дамыта оқыту технологиясын қатынас білім саласында қолдану әдісі.
ІІІ. Қорытынды.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), танымдық, сөйлеу, іс-әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс-әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды.
Осы талаптарды орындау барысында Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым.
Даму- мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы.
Дамыта оқыту – оқыту мазмұны, әдістері, тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады.
Сапа – адамның болмысы, елесінің, таным процесінің шексіздікке дейін дамуын айтады.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр бала өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытады.
Профессор Д.Б.Эльконин пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады».
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалын балаларға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру.
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үш бөліктен тұрады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешудің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Жоғары қиындықта оқыту-принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізеді. Бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.
Мысалы: Суретті көрсетіп мынау не?
Түсі, түрі т.б. сұрақтар қойғаннан гөрі «топтастыру» әдісін қолданамын.
Қ
көктем
ар ериді күн жылынады
А дамдар талдар бүршік
жеңіл киінеді атады
құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Яғни, ол туралы не айта алатынын сұраймын.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайдалануды қажет ететіндей етіп беріледі. Балада ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігін қарастырылады. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінде ертегі кейіпкерлері жайлы не айта аласың?- деген сұрақтар қойып, балалардың пікірлерін тыңдаймын.
Дамыта оқыту барысында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді. Талдау – бірлескен ізденіс. Әсіресе оқу барысында материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттері балалар бойына жұғысты болады.
Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – салыстыру әдісі. Объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Баланың қиялы дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Байқампаздығы артады.
М
1. күн ыстық. 2. жаңбыр жауады. 3. Құстар ән салады.
1. күн жылы. 2. жаңбыр жауады. 3. Құстар ән салады.
ысалы: Көктем Жаз
Дамыта оқытудың мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағы бір тиімді тәсілдерінің бірі – Раунд-Робин әдісі.
Раунд-Робин-өткен тақырыпты немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы. Яғни әрбір бала өткен немесе жаңа тақырып туралы не біледі, бір сөйлем немесе сөз тіркесі бірінің-бірі айтқанын қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.
Дамыта оқыту жүйесінде тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуын басты назарда ұстаймын. Баланы кішкентай деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.
Белсенді оқыту әдісі – бұл оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке оқушыларды ынталандыратын әдіс. Белсенді оқыту, ең бастысы мұғалімдердің дайын білімдерін олардың жаттап алуы және қайта айтып беруінің мазмұнынан емес, ал белсенді тәжірибелік әрекеті және ойлау әрекеті процесінде оқушылардың қабілеті мен білімдерін өзіндік меңгеруі сияқты әдістер жүйесін ұсынады.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері тәжірибелік және ойлау әрекеттерін тудыруға бағдарлануында. Белсенді әдістердің көрінуі және дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қойылғанымен сәйкестеледі: оқушыларға тек қана білім бермей, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарын дамыту және шығармашылық ойлауын жетілдіру танымдық белсенділік және танымдық өзіндік сапа оқуға деген оқушылардың дара қабілеттерін көрсетеді.
Бүгінгі күнде дамыта оқытудың бірнеше теориялары анықталып, жүзеге асуда. Онда балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек. Технология бір-бірімен байланысты мынадай принциптерден тұрады:
-
Комплексті даму жүйесі негізінде мақсатты бағытталған даму.
-
Мазмұнның мақсаттылығы және жүйелілігі.
-
Жоғарғы деңгейдегі қиындықта оқу.
-
Теориялық білімнің жетекші рөлі.
-
Материалды жылдам меңгеру.
-
Оқу процесінің өзін оқушының мойындауы.
-
Жаппай дамытуды көздейтін жүйелі жұмыс.
-
Оқыту мазмұнының маңыздылығы және мәселелігі.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы окыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттенуі әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен дағдылар жиынтығын меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным негізінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл, қандай ұлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіруге бағытталған.
-
«Жаңа технологияларды сабақта қолдану»
Ұ.Төлепова «Бастауыш мектеп» №5, 2013 жыл
-
«Отбасы және балабақша» журналдары
2012 жыл, 2013 жыл
-
«Отбасы және балабақша» журналы
№4, 2012 жыл
-
Дамыта оқыту технологиясы.
Бисенбаева Әлия.