400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Баяндама: "Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңызы

Баланың бірінші әрекеті ойын, сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Жас баланың өмірді танып, еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді.

Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабаларымыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін – осы ойын.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:

  1. Олар ойнайды.

  2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Сонда ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:

  1. Ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, сезімді кеңейтеді, тілді ұстартады, өмірді таниды.

  2. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

  3. Ұжымдық сезім әрекеттері өседі.

  4. Эстетикалық тәрбие беру құралы.

  5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

  6. Бірінен-бірі ептілікті үйренеді, өзінің денесін нығайтады.

Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негізі болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі