Материалдар / Баяндама "Мектепішілік бақылау нәтижесі - мектеп жұмысының жемісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Мектепішілік бақылау нәтижесі - мектеп жұмысының жемісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Мектепішілік бақылау нәтижесі - мектеп жұмысының жемісі" Тақырыбы және бағыты: Нәтижеге бағытталған білім сапасы: проблемалар, ізденістер және оларды шешу жолдары « Мектепішілік бақылау нәтижесі - мектеп жұмысының жемісі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Тамыз 2021
2226
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиенбаева Ләззат Абдрахманқызы

(Шалқар ауданы,№4 орта мектеп)





Баяндама тақырыбы және бағыты: 

Нәтижеге бағытталған білім сапасы: проблемалар,

ізденістер және оларды шешу жолдары

« Мектепішілік бақылау нәтижесі - мектеп жұмысының жемісі»



Өзектілігі: Оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде басқару және бақылау-жалпы оқу үрдісінің ішкі механизмі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау мүмкіндігі оқушы білімінің деңгейін нақтылауда, тәрбие деңгейі, баланың жалпы дамуына, оқыту сапасының нақты бағалауында, мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыруда болады.

Демек, бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады. Сондықтан мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдау мектеп қызметінің бір бағыты деп есептелінеді.Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау қызметімен байланысты. Ол бағалау мұғалім тұлғасының ерекшелігін ескеруге бағытталған.Егер бақылаушы жас мұғалім болса, бағалау оның кәсіптік қалыптасуына, еңбек өтілі мол мұғалім болса, оның кәсіпқойлық позициясының нығаюы немесе әлсіреуі және мектептің беделіне байланысты болмақ.Сондықтан тексеру барысында тексерушіні кәсіпқойлығы мен ісін жете білуінің маңызы зор.Тексерушілік қызметті орындайтын қазіргі мектеп басшылары кісілік келбеті мығым тұлға болуы қажет.

Олардың міндеті мұғалімді қорқытып-үркіту емес, қайта істің мән-жайына әділ баға беріп, педагогикалық қызметті ынталандырып, қолдап, әдістемелік қолдау көрсетуі тиіс.Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепішілік бақылауда бірқатар кемшіліктерді атауға болады.Біріншіден, директор мен орынбасарлары арасында тексеру нысандарының бөлінбеуі, тексерудің есеп үшін немесе өзара сабаққа енудің санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы-байқаудың жүйесіздігі.Екіншіден, бақылауды ұйымдастырудағы немқұрайлылық, ол жүргізілген тексеру мақсатының анық қойылмауы, бағалаудың әділ критерийлерінің болмауы, немесе қолданылмауы түрінде көрінеді.Үшіншіден, тексерудің педагогикалық процестің бір ғана бағытын қамтудан көрінетін мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. Мысалы, тек оқу процесі немесе қазақ тілі пәнінің берілуі т с с.Төртіншіден, тексеруге тек лауазымды адамдар ғана қатыстырылып, оның есесіне тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлердің тыс қалуы.

Мектепішілік тексеруді ұйымдастыруда осындай және бұдан басқа да кемшіліктер мен түсінбеушіліктерді болдырмау үшін бірқатар жалпы талаптарды білу керек.

Жүйелілік – бұл талап мектептегі оқу процесінің бүкіл барысын басқаруға мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құрып, бақылау мен тексерудің тұрақты жүргізілуіне бағытталады;

Әділдік – бұл талап бойынша мұғалімдердің немесе педагогикалық ұжымның әрекеті мемлекеттік стандарт және білім бағдарламалары талабына сай жасалған және келісілген өлшемдермен бағала-нуы тиіс.

Ықпалдылық – тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жойып, оңды өзгерістер жасауды талап етеді.

Құзіреттілігі – тексеретін тақырыпты білу, тексеру әдістемесін меңгеру, тексеру нәтижесінің дамуын болжай алуды талап етеді.

Бақылау қызметі мектепішілік басқаруда күрделі болып табылады. Оның күрделілігі білім беру процесті бағалаудың негізділген өлшем критерийлерінің болмауында. Қазірде оқушылардың оқыту мен тәрбие сапасын бағалау мектепке жүктелгендіктен, бағалаудың мәні өсе түсті. Бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады.

Мектепішілік бақылау -мектептің оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің жалпы мемлекеттік талаптарға және мектептің даму жоспарына сәйкестігін анықтауға бағытталған мектеп басшылығының әрекеті.

Мектепішілік бақылау оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын кемшіліктердің алдын-алуға бағытталған.

Мектепішілік бақылаудың принциптері:

  • ғылымилық

  • жоспарлылық

  • негізіні бөліп көрсету

  • актуалділік

  • жариялылық

Бақылаудың кезеңдері:

  • мақсат қою

  • бақылау объектісін тандап алу

  • бақылауды жоспарлау

  • бақылау субъектісін анықтау

  • ақпаратты жинау және талдау

  • бақылаудың қорытындысын жасау, ұсыныстар жасау.


Бақылауды өткізуде мектеп құжаттарын зерттеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, болжамдау, хронометрия сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.

Хронометриялық әдіс мектептің жұмыс тәртібін, сабақ және сыныптан тыс оқу уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс бастылығын (занятость), үй тапсырмасының көлемін анықтауда қолданылады.

Мектепішілік бақылау түрлері мен әдістерін таңдау оның мақсатына, міндеттері мен нысанына, уақытқа байланысты. Олардың тиімділігі нақты жоспарлай білуге, бақылауға әкімшілік, мұғалімдер, білім беруді басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, іске асыруда ғана мүмкін. 

4 орта мектебі бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Нәтижеге бағытталған оқытудың педагогикалық технологияларын жетілдіру»

Мақсаты:Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгере

отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді

қамтамасыз ету.Мұғалімді интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік,

рухани дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға жол ашу.

Міндеті:

  • Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіруде жаңа технологияны меңгерген, өзіндік бағыты, ой-пікірі бар, алдына мақсат қоя алатын, оған жету жолдарын таба алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіндегі мамандар ісін жетілдіріп отыру.

  • Мектептің білім деңгейін арттыруда, жеке тұлғаны дамытуда білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және нормативтік құжаттарды, нұсқаулық-әдістемелік материалдарды тиімді пайдалану арқылы белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

  • Оқушыларды ғылыми шығармашылық еңбекке үйрету, дүниетанымын және ынтымақтасып жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

Мектепішілік бақылау біз қызмет ететін №4 орта мектебінде жүйелі жүргізіледі. Бақылау ауызша әңгімелесу, анықтама жазу, диагностикалау, анкета алу, озық іс-тәжірибе жинақтау, зерттеу, тарату әдістерімен жүргізіледі. Аталған мәселелер педагогикалық кеңесте, әкімшілік отырыстарда, директор жанындағы кеңесте, әдістемелік кеңестерде, директор орынбасары жанындағы кеңестерде күн тәртібіне қойылып, талдау жасалынып, хаттамаланып отырады.Әкімшілік тарапынан мұғалім сабақтарына қатысуы барысында оқу бағдарламаларының практикалық бөлігінің, жазба жұмыстарының орындалуының графиктік жоспарлары жасалынды.

Оқушылардың білімін арттыруға және оқу пәндерінің оқыту сапасын арттыруға септігін тигізетін шаралар мектепте ұйымдастырылған:

-Оқыту процесіне мониторинг, рейтинг әдістері енгізілген; -Дамыта оқыту технологиясын сабақтарда, ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде пайдалану үрдіске айналған; -Тестік жүйе енгізілді.Сыныптардан әр ай сайын мектепішілік сынақ жұмыстары тексеріліп, сараптама жасалып, мониторингісі жасалады; -Мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелері зерттеліп, таратылуы үрдіске айналды; Мұғалімдердің курстан өткізу перспективалық жоспарды басшылыққа алу нәтижесінде біліктіліктерін арттыру, өз білімін үнемі жетілдіру дағдысы қалыптасқан; -Оқушыларға жан-жақты танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынған; - Қазіргі талап тұрғысында және эстетикалық талғамға сай пән кабинеттерінің жабдықталуына және бағдарлама талаптарына сай толықтырылуына бақылауды күшейту нәтижесінде пән мұғалімдерінің, ата-аналардың көмегімен нығайту, атап айтқанда кабинеттерді заман талабына сай жабдықтау қолға алынған. Білім беру сапасының қорытынды көрсеткіштерінің оқу жылдары кезіндегі мониторингісі оқу-тәрбие үрдісінің мемлекеттік стандарт талаптарына сай жүргізілетіндігін көрсетті. №4 орта мектебі мұғалімдері кәсіби деңгейінің мониторингі Оқу үдерісінің мониторингі- бұл педагогикалық жүйенің қызметі, жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі. Оқу үдерісінің мониторинг мақсаты: Қызметкерлер құрамының сапа мониторингін жүргізу, жұмыс нәтижесі мен кәсіби іскерлігін дамыту, моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін жүргізу, білім беру қызметін коррекциялау және ары қарай дамуын болжау мақсатында білім беру процесінің қазіргі жағдайы туралы нақты обьективті және салыстырмалы ақпаратты жинақтау. Оқу үдерісінің мониторинг міндеттері: -мектептегі білім беру процесінің жағдайын үздіксіз бақылау -білім беру процесіндегі өзгерістерді және олардың пайда болу факторларын дер кезінде анықтау; -мәлімет банкін жасау. Оқу үдерісінің мониторинг кезеңдері: Дайындық кезеңі 1.Мониторинг мақсаты мен міндеттерін анықтау 2.Диагностика әдістерін таңдау (тест, сауалнама, бақылау жұмыстары, зерттеу) Практикалық кезең Ақпаратты жинақтау (мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен) Аналитикалық кезең 1)жинақталған мәліметтерді сандық және сапалық өңдеуден өткізу; 2) өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру негізінде педагогикалық диагноз қою; 3) коррекциялық жұмыстарды белгілеу. Оқу үдерісінің мониторингі екі деңгейде жүзеге асырылады: 1.Жалпы мектептік деңгей - ол әкімшілік, пәндік бірлестіктер, педагогикалық кеңес арқылы ұйымдастырылып жүргізіледі және талданады; 2.Жекелеген сынып деңгейіндегі мониторинг-мұғалім өзі ұйымдастырады, талдайды. Бұл мониторинг келесі процедуралардың көмегімен жүзеге асырылады: білім, ептілік, шеберлікті бақылау, үлгерімге талдау жасау, қиындықтарды айқындау. Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгерщілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару.Осы тұрғыда қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдениеттілік сауаттылық, яғни құзыреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Өзінің және қоғамның мүшесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту үшін педагогтің құзырлығы маңызды. Құзырлылық- оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Ең бастысы – мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі.Ақпараттық қарым қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі.Яғни, әрбір ұстаз өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруға жұмыс жасау керек.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.

2.Б.Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991ж

3. В.А.Каймин Компьютеры в учебном процессе. 1997г

4.Б.Кенжебеков. Маманның кәсіби құзыреттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, №3 2004





























Мұғалім туралы мәлімет

 

Аты-жөні: Жиенбаева Ләззат Абдрахманқызы

Жұмыс орны: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№4 орта мектебі»ММ

Қызметі: ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ғылыми дәрежесі мен атағы: жоқ

Баяндама тақырыбы және бағыты: Нәтижеге бағытталған білім сапасы:

ізденістер, проблемалар, және оларды шешу жолдары

« Мектепішілік бақылау нәтижесі - мектеп жұмысының жемісі»


Пошталық мекен-жайы: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

инд.031200

Байланыс телефондары:

Үй: 87133523967

Ұялы телефон: 8-705-838-56-48

Е-mail:  lazzat.7 @ mail. ru




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!