Материалдар / Баяндама: "Мектепке дейінгі жастағы балаларды мемлекеттік тілге оқыту тәжірибесі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "Мектепке дейінгі жастағы балаларды мемлекеттік тілге оқыту тәжірибесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім жұмыс жасап откан шағын орталықта өзге ұлт өкілдеріне күнделікті оқу қызметіне қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәнерін жетілдіру.Сюжеттік ойындар арқылы баланың сөздік қорын байыту. Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды Дұрыс айтуға дағдыландыру.Мәдениет нышандарын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
449
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды мемлекеттік тілге оқыту тәжірибесі»«Еркетай» шағын орталығы тәрбиешісі Тажибаева Феруза Сансызбайқызы

Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет.      Тәрбие басы-тіл, сондықтан шағын орталығымызда қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.Менің мақсатым:Өзім жұмыс жасап откан шағын орталықта өзге ұлт өкілдеріне күнделікті оқу қызметіне қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәнерін жетілдіру.Сюжеттік ойындар арқылы баланың сөздік қорын байыту. Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды Дұрыс айтуға дағдыландыру.Мәдениет нышандарын қалыптастыру.Міндеттерім:Қазақстан- көп ұлтты мемлекет болғаныдықтан біздің шағын орталығымызда 3-4 ұлттың балалары оқиды. Сондықтан күнделікті жұмыста балаларды бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасты нығайта білуге, біріне-бірі көмекке келуіне, рухани адамгершілікке тәрбиелеу менің міндеттерімнің бірі болып табылады.    Қазақ даналығында «Тіл- ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Балабақшада бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауызша сөйлеп үйреніп жатады. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан да балалармен жүргізілетін жаттығулар түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлерін біртіндеп күрделене береді.Біздің балабақшада өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр оқу қызметінде баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне еркіндік беремін. Оқу жылының басында өз тобымдағы балалардың кейбір әріптерге атап айтсақ з, р, с, ш дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Сондықтан мен жаңылтпашты пайдаланамын.Жаңылтпаш- баланың анық және дұрыс сөйлеуіне тілді жаттықтыратын жанры.         Осындай жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қазақ балаларының ғана емес, басқа да ұлт өкілдерінің «Мен қазақ тілін үйренемін, себебі мен Қазақстан Республикасында өмір сүремін» - деген сөздерін есту мен үшін әрине үлкен дәреже, мақтаныш.  Сондықтан балаларды таңертеңгі балабақшаға қабылдаудан бастап, барлық сабақтарда, серуенде, үйлеріне шығарып салу кезіне дейінгі уақытта, көркем сөздерді пайдалана отырып, бойларына адамгершілік қасиеттерді дарыта салса, келешекте саналы, өз елін, жерін, тілін бойына жақсы меңгерген азаматтарды, тәрбиелеп шығара аламыз. Мен өз тәжірибемде тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рөлдерге бөліп ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Жеті лақ пен қасқыр» «Үйшік» т.б ертегілері. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы сөйлеуді дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады. Атап айтар болсам «Үй жануарлары мен оның төлдері», «Қыстайтын құстар», «Менің –елбасым!» «Бауырсақ» ертегісі, ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде де көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта», «Нені қайда қоямыз?» «Түстерді ажыратамыз» «Пішіндерді құрастырамыз» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, жас ерекшелігіне байланысты, суреттерді топтап аламын. Баламен жеке және жұптасып жұмыс жүргізіп балалардың тілдерін жаттықтыруға тырысамын. Мен көбінесе балаларға қазақ тілін меңгерту барысында ата-аналармен жұмыс жасаймын. Ата-аналарға кеңестер, ұсыныстар беремін, ұйымдастырылған оқу қызметтеріме және мерекелік ертеңгіліктерге шақырып отырамын. Балабақшамыз қазақ тілде жұмыс істегендіктен қазақ тіліндегі көптеген әдебиеттерді қолданамын. Сондықтан баланың ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту, өз ана тілінде таза сөйлеуге балабақшамыздағы кітапхананы үнемі толықтырып отырамыз.2017-2018 оқу жылында шағын орталықтың кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін кітаптар, ашылмалы кітаптармен толықтырылды. Бұл кітаптардың пайдасы балалар қызыға тыңдайды, қайталайды. Ол кітаптардың ішінде етегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, сонымен қатар күнделікті оқу қызметінде тақырыпқа сай кітаптар бар. Бұл кітаптар арқылы балалардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтары артады.   Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.Ата-бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз-болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.     Біздің міндетіміз –мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып тіл дәрежесін көтеру болып табылады.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. ҚазақстанРеспубликасының «Білім туралы» Заңы2. Әбілова З. «Этнопедагогика».-А., 19973. Назарбаев Н. Қазақстан-2050 (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы). – Астана, 2012. 4. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. –Алматы, 1986.5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. – Астана, 2009.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!