Материалдар / Баяндама "Мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік коллаборациясын ұйымдастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік коллаборациясын ұйымдастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік коллаборациясын ұйымдастыру" Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың бір жолы - қоғаммен берік байланыс орнатуда. Білім берудің басты бағыты ретінде, менің ойымша оның сапасы мен байланыс өзектілігін бірінші кезекке қою керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
556
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік коллаборациясын ұйымдастыру


Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру мекемесі білім беру саласында өзіндік мүдделері бар әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыратын, жеке және топтық білім беру қажеттіліктерінің өзгеруіне жауап беретін, білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынатын ашық әлеуметтік жүйеге айналуы керек.

Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру мекемесі өз қызметін сәтті жүзеге асыра алмайды және әлеуметтік серіктестік деңгейінде қоғаммен кең ынтымақтастықсыз дами алмайды.

Әлеуметтік коллаборация - бұл белгілі бір мүдделері бар әртүрлі субъектілердің өкілдері бірлескен қызметті ұйымдастыратын құрал.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың бір жолы - қоғаммен берік байланыс орнатуда. Білім берудің басты бағыты ретінде, менің ойымша оның сапасы мен байланыс өзектілігін бірінші кезекке қою керек.

Мектепке дейінгі тәрбие процесі мен мәдени-ғылыми орталықтар арасындағы әлеуметтік байланысты дамыту баланың өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ оның жеке басының рухани дамуына және баюына қосымша серпін береді деп санаймыз. Әлеуметтік коллаборация идеясы негізінде ата-аналармен сындарлы қарым-қатынасты жақсартады.

Мектепке дейінгі мекеменің басқа мүдделі тараптармен әлеуметтік коллаборациясы әртүрлі нысандар мен деңгейлерде болуы мүмкін:

  • кәсіби қоғамдастықтың әлеуметтік топтары арасындағы білім беру жүйесіндегі коллаборация;

  • білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқа өкілдерімен коллаборациясы;

  • қайырымдылық ұйымдар және демеушілер коллаборациясы.

Біздің балабақша ұжымы қоғаммен байланысын келесі принциптерге негіздейді:

  • еріктілік;

  • тараптардың теңдігі;

  • бір-бірінің мүдделерін құрметтеу;

  • заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді сақтау;

  • шартты орындау міндеттемесі;

  • келісімді бұзғаны үшін жауапкершілік;

  • қоғамдық сұраныстарды ескеру;

  • балабақша саясатын әлеуметтік қабылдау;

  • мекеменің қоғамдағы имиджін сақтау;

  • балабақша мен қоғам арасындағы байланысты орнату.

Әлеуметтік коллаборация жағдайында жұмыс істей отырып, біз білім беру және мәдени тәрбие беру ортасын кеңейтуге және де білім беру қызметінің белгілі бір әлеуметтік әсерлерін кең қоғамға әсер етуге мүмкіндік жасаймыз.

Өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың субьектісі – бала, оның мүдделері және оған әрбір кәсіби педагогикалық ықпал ету сауаттылығының қауіпсіздігі. Балабақшамыздағы сыртқы қарым-қатынастары балалардың, ата-аналардың және педагогтардың мүдделерін ескере отырып құрылған.

Балабақшаның қоғаммен байланысы келесі бағыттарды қамтиды:

  • Мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жұмыс.

  • Білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерімен өзара әрекеттесу.

  • Денсаулық сақтау мекемелерімен өзара әрекеттесу.

  • Балабақша тәрбиеленушілерінің отбасыларымен жұмыс.

Ең маңызды және жақын серіктестердің бірі – біздің тәрбиеленушілеріміздің отбасы. «Білім туралы» заңға сәйкес, балабақша алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара әрекеттесу болып табылады. Балабақшамызда ата-аналарды бала дамуының біртұтас кеңістігіне тарту мәселесі үш бағыт бойынша шешіледі:

1. Балабақша ұжымы және отбасымен өзара тығыз қарым-қатынасты ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлерін енгізу.

2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.

3. Ата-аналарды балабақшадағы іс-шараларға қатыстыру.

Біздің бөбекжайымыздағы жұмысымыздың негізгі міндеттері :

  • отбасылармен серіктестік орнату және ата-аналармен жаңа жұмыс формаларын орнату;

  • балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін күш-жігерді біріктіру;

  • өзара түсіністік, ортақ мүдделер, эмоционалды өзара қолдау атмосферасын құру;

  • ата-аналардың тәрбиелік дағдыларын белсендіру;

  • ата-аналардың педагогикалық қабілеттеріне деген сенімділігін сақтау.

Ата-аналармен өзара әрекеттесу принциптері:

1. Педагогпен ата-аналардың достық қарым-қатынас стилі.

2. Жеке көзқарас.

3. Дайындықтың байыптылығы мен жауапкершілігі.

4. Тәлімгерлік емес, ынтымақтастық.

5. Динамизм (әлеуметтік жүйесінде бейнеленетін өзгерістер).

Ата-аналармен жұмысты жоспарлау үшін тәрбиеленушілердің ата-аналарын жақсы танып білуіміз керек. Сондықтан ата-аналардың әлеуметтік құрамынан және олардың көзқарасынан бастау керек. Осы мәселе бойынша ата-аналармен сауалнамалар, жеке әңгімелер жүргізіледі. Ата-аналармен жұмысты дұрыс, тиімді ұйымдастыруға өзара-әрекеттесудің қызықты формаларын тандау қажет. Жыл сайын қыркүйек айында топ тәрбиешілері балалардың ата-аналары арасында «Отбасының әлеуметтік портреті» тақырыбында сауалнама жүргізеді. Сауалнама нәтижелері бойынша тәрбиеленушілер отбасының әлеуметтік паспорты құрастырылады.

Біздің мектепке дейінгі ұйымның педагогтары ата-аналармен жұмысты дәстүрлі және дәстүрлі емес формалар арқылы жүзеге асырады. Дәстүрлі формалар: ұжымдық (ата-аналар жиналысы, конференция, дөңгелек үстел); жеке (әңгімелесу, кеңес, үйге бару) және көрнекі-ақпараттық (көрмелер, стендттер, жылжымалы папка) болып бөлінеді. Педагог пен ата-аналар арасындағы байланысты ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлері: ақпараттық-аналитикалық (сауалнамалар жүргізу, «Экспресс пошта»); бос уақыт іс-шаралар (бірлескен іс-шаралар; мерекелер, ата-аналар мен балалардың көрмелерге қатысуы); танымдық (семинар-практикумдар, педагогикалық брифинг, педагогикалық қонақ бөлме, дәстүрлі емес түрде кеңес беру, педагогикалық мазмұны бар ойындар, ата-аналарға арналған педагогикалық кітапхана); ата-аналарға арналған көрнекі және ақпараттық (ашық есік күндері, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері және балалардың басқа да іс-әрекеттері, газеттер шығару, шағын кітапханалар ұйымдастыру).

Қазіргі балабақшада жағдай көптен өзгеруде: COVID-19 пандемиясы жағдайында жаңа өмір сүруге және жаңа түрмен жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты педагогтер ата-аналармен жұмыс істеудің жаңа ыңғайлы және қауіпсіз түрлерін іздеуге мәжбүр. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттерін іске асыру мақсатында біз ата-аналармен қашықтықтан жұмыс жүргіземіз. Осы кезеңде ата-аналармен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік болмағандықтан, біз үйден шықпай-ақ балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болған әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді белсенді қолдандық.

Қашықтықан жұмыс формасы - бұл ата-аналар мен олардың балаларының өзіндік жұмысына мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы педагогпен және ата-аналармен тікелей байланыссыз қашықтықтан жұмыс. Мұндай жұмыстағы негізгі көмекші, әрине, әлеуметтік желілер болды. Онда қатысушылар фото, бейне-аудиоматериалдармен алмаса алады, қызықтыратын сұрақтар қоя алады, ақпаратқа түсініктеме бере алады. Педагог ата-аналарды жұмыс жоспарларымен тікелей таныстыра алады, белгілі бір тақырыпты өз бетінше зерттеуге сілтемелер ұсына алады, алдағы іс-шаралар туралы хабарлайды. Ата-аналар мен тәрбиешілердің қашықтықтан өзара әрекеттесуінің тағы бір түрі - балабақша сайты. Онда барлық әкімшілік және құқықтық ақпараты (жарғы, лицензия, қабылдау ережелері, қызметкерлер тізімі, жұмыс кестесі, ағымдағы мәселелер бойынша хабарландырулар, балабақшаның өмірі туралы фото есептер және т.б.) көрсетілген. Сонымен қатар, сайтта ата-аналарға баланың тәрбиесі мен білімі туралы ақпарат бар. Сайттағы жаңартылған ақпарат мамандар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуінің ашық кеңістігін құруға көмектеседі. Ата-аналармен жұмыс істеудің бұл түрі «педагог-ата-ана» жүйесінде сенімді және серіктестік қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, отбасының сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейтеді деп ойлаймыз. Біздің балабақшада қашықтық форматта ата-аналар жиналыстары өткізілді. Аталған форматта өткізілген жиналыстар ата-аналармен өзара іс-қимыл жасауда үлкен тиімділікке қол жеткізуге, жиналыстардан қанағаттанушылықты арттыруға, сондай-ақ ата-аналарды бала өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Ватсап мессенджері арқылы ата-аналармен бірлескен чаттар құрылды. Осы чатта педагогтар ата-аналармен шебер-сыныптар, акциялар өткізілді. Ата-аналармен «Саусақ ойындары», «Балалар аналарына қалай көмектеседі» атты шебер-сыныптар, «Құстарға үйшік жасаймыз!», «Құстарға жем шашайық» акция және т.б. шеберлік сыныптары өткізілді.

Осылайша, біздің балабақшаның ата-аналарымен жұмыстың түрлі формаларын қолдануы оң нәтиже берді: педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттесу сипаты өзгерді, ата-аналардың көбісі балабақша жұмысына белсене қатыса бастады және тәрбиешілердің таптырмас көмекшілеріне айналды.

Мектепке дейінгі ұйымның және ата-аналардың коллаборациясы шеңберіндегі бірлескен жұмыстар әрбір мектепке дейінгі ұйымның даму мүмкіндіктерін кеңейтуге және одан әрі өзара іс-қимыл стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді. Біздің жұмыс тәжірибеміз басқа білім беру ұйымдарына қызықты және пайдалы болады деп үміттенеміз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!