Материалдар / Баяндама: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясынла жазылған бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
343
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісіУтепбергенова Жадыра Шенгелбаевна



Мемлекет басшысының«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халыққа жолдауы Қазақстан халқына үлкен серпіліс тудырды. Уақыт талабымен үндесіп жатқан мемлекеттік маңызды бастаманы қолдаған республика жұртшылығы байыпты пікір білдіруде.
  • «Рухани жаңғыру» бүгіннен басталған жоқ. Тәуелсіз алған кезеңнен атқарылып келе жатқан іс» - деді Елбасымыз.
Оның жарқын көрінісі 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштерді жаңғырту болса, 2013 жылы «Халық – тарих толқынында бағдарламасы бойынша әлем мұрағаттарынан тарихымызға қатысты құжаттар жиналып зерттелді».Біздің мақсатымыз рухани жаңғыра отырып, әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу.Қазіргі таңда болашағы бұлыңғыр, өзгеше тарихи кезең басталды. Дүбірлі дүние көз алдымызда өзгеруде. Санамызды жаңғырта отырып, жаңа дәуір көшінен қалмау үшін жағымды жақтарын қабылдауымыз керек. Қандай да бір жаңғырған қоғамның өзінің терең тарихынан алатын ұлттық коды болады. Біздің де рухани жаңғыру кезінде ұлттық кодымызды сақтай білуіміз керек.Салт дәстүрімізді өркендеудің түп-тамыры ете отырып, ұлттық сананың аясында алға бастайтын қасиеттерді де, аяқтан шалатын әдеттерді де қатар қоюға болмайды.Сананы жаңғыртудың бірнеше бағыттары бар. Соның бірі:
  • Бәсекелестік: материалдық өнім ғана емес, білім, қызмет, сапалы еңбек ресурстары, сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конференциялық келісім» жөніндегі бағдарламалар.
  • Прагматизм: ұттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол бойынша тиімді әрекет ету.
  • Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық сана, сезімнің көкжиегін кеңейту. Ол ұлттық салт-дәстүріміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Жаңғыру үшін ұлттық кодты сақтау, кертартпалықтан бас тарту. Сананың сергектігі.
  • Білімнің салтанат құруы: Қашанда алға ұмтылып, білімге құштар болу қанымызға сіңген қасиет. Қазіргі технологиялық революция салтанат құрған заманға қарағанда таяу жылдарда кәсіптердің біразы жойылатын түрі бар. Осы орайда жан – жақты білімді ғана табысқа жетеді. Сондықтан да елімізде «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асуда.
  • Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы: Ықылым заманнан келе жатқан тұрмыс–тіршілігі мен салт–дәстүрі ХХ-ғасырдағы революциялық сілкіністен кейін үлкен өзгеріске ұшырады. Бар ұлттың болмысын өзгертіп жіберді. Десек те қай жұрттың болса да тарихтан алатын тағлымы өз еркіндегі шаруа. ХХ ғасыр көп халыққа зобалаң ғасыр болды. Ұлттың салт-дәстүрі күйретіліп, қоғамның өзіне жат үлгісі тағылды. Алапат қырғынның салдарынан демографиямызға соққы жасалып, еліміздің біраз өңірі экологиялық апат аймағына айналды. Елімізде индустрияландыру, әлеуметтік, өндірістік инфроқұрылым және интелегенцияның қалыптасуы сияқты аздаған жаңғыру болды. Бұл ұлттық емес аймақтық қана жаңғыру болатын.
Біз өткен тарихи жолымызды саралай келе, революциялық емес эволюциялық даму жолы ғана ұлттың өркендеуіне көзімізді жеткізді.Қазіргі кезде кейбір революциялық қозғалыстар ұлттық, діни, мәдени болып өңі өзгеріп, аяғы экономикалық тоқырауға ұшырауда. Соның салдарынан қан төгіспен аяқталуда.
  • Сананың ашықтығы: әлемдегі қарқынды өзгеріске байланысты жер жүзіндегі миллиардтаған адам өз тілімен қатар кәсіби байланыс құралы ретінде ағылшын тіліп оқып үйренуде. Ағылшын тілі айналаңдағы өзгерістер мен қатынастарға дайын болуы үшін қажет. Біздің келешек ұрпақ ғылыми – техникалық инноваиция дәуірінде өмір сүруде. Ал техника тілі ағылшын тілінде.
Таяу жылдардағы міндеттерді саралай келе Елбасымыз қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы сөз айтты. Латын әліпбиі әлемде көп тараған әліпбидің бірі. Өз бастауын ежелгі Грек және Рим елдерінен алып, бүгінгі таңға дейін жалғасып, өркендеуде. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Шетелде тұратын қандастарымыздың бәрі латын қарпін қолданады. Жаңа әліпби солардың бәрінің басын біріктіруге жағдай жасайды. Сонымен қатар қазақ тілін өркениетке жеткізіп, оны оқып үйренуді қаласақ, латын әліпбиіне көшкеніміз жөн. Қазіргі таңда әлемнің 80% осы қаріп түрін таңдаған.Біздің қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Отаның Отбасынан басталады емес пе? Сондықтан, кіндік қаның тамған жер мәңгілік ыстық. Әлемнің қай бұрышын шарласаң да туған жердің келбеті көз алдыңда тұрады. Асығасың, сағынасың! Алыс кетсең туған жеріңді, өскен еліңді, Отаныңды аңсайсың. Міне осының бәрі патриоттық сезімнен туады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша көңіл бөліп атсалысу, перзенттік парызың, патроиттық іс-әрекетің. Қай жерде болсаң да туған жеріңе, өскен ауылыңа, еліңе патриоттық сезіммен еңбегіңді сіңіру. «Туған жер» бағдарламасы аясында әсіресе ұстаздар қауымының әсері зор болмақ. Болашақ жастарға білім беру барысында экология жөнінде, ескі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандар жайында мағұлмат бере отырып, өлкетану жөнінде түсінік берілсе, жас ұрпақтың патриоттық сезімі қалыптасар еді. Туған жерге деген сүйіспеншілік, елге, Қазақстанға деген патриоттық сезіммен астасар еді.«Туған жер» бағдарламасынан бөлек халық санасына үлкен маңызға ие жалпыұлттық қасиетті орындар туралы ұғымды сіңіру болады. Қасиетті орындар туралы ұғындыра отырып, Киелі жерлердің географиялық жобасын жасау қолға алынуда. Киелі жерлерге туристерді тарту мақсатында тиісті кадрлар дайындап, оқу – ағарту дайындығын жүргізу ісі қарастырылуда. Оған байланысты БАҚ өкілдерінен толық ақпарат дайындау ісі қолға алынуда. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауй кесенесін, Таразының ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата ескерткіштерін, Алтайдағы қорымдар, Жетісудың киелі мекендерін, басқа да көне ескерткіштерді ұлт жадында ұғындырып, бейнероликтер дайындалуда.Рухани жаңғыру барысында көнеден келе жатқан қолөнер шеберлерінің дүниелері, қазіргі заманауи жетістіктермен қоса таныстырылуда.Әсіресе халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі, өткен тарихы өзге елдерді қатты қызықтыруда. Шетелден келген ұлттық ойындарға: Құс салып, тазы жүгіртуге, бәйге, көкпар тартуға, қыз қуу мен аударыспаққа қызыға тамсануда.Ұлттық тағамдардың жөні өз алдына бөлек дүние.Ата-бабамыз сақтап қалған осынау ұланғайыр даламыздың небір әсем табиғаты мен қорықтарын тамашалауға туристер зор ынта танытуда. Біздің міндетіміз түрлі қызмет түрлерін көрсетіп, келген саяхатшыларға жағдай жасау.«Рухани жаңғыру» кезінде мәдени қазыналарымызды таныстыру үшін жаңаша қызмет түрлерін пайдалануымыз керек. Ол үшін тиісті мекемелер біріге отырып (сыртқы істер министрі, мәдениет және спорт министрі, коммуникация, жазушылар мен ғалымдар) жұмыс атқаратын болады. Сонымен қатар ұлт мақтанышы болатын басқа да жетістіктерімізді, ел Тәуелсіздік алғалы сан алуанэтнос өкілдерінің тарихы маңызды.Бұл идея арқылы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы іске асырылуда. Олар туралы деректі телевизиялық туындылар жасалуда.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша Қазақстанға үлкен үлес қосып жатқан адамдарды қоғамға таныту және соларға қолдау жасап, ел-жұртқа танытып, ұлтымыздың алтын қорына енгізу.«Рухнаи жаңғырудың» басты бағыты өткенді саралай отырып, екі дәуір түйіскен өлара шақта жаңа идеяларды болашаққа баянды ету.



16.02.2018ж
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!