Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама «Менің ұстазымның бойындағы қасиеттер»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Менің ұстазымның бойындағы қасиеттер»
Мақсаты: семинардың әдістемелік жұмысы ретінде қатысушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, келесі семинарларға қатынасу қызығушылығын қалыптастыру.
Құрметті әріптестер , бүгінгі
семинарымызды қорыта келгенде ұлы ғалым
Әл-Фарабидің «Нағыз тәрбиеші
ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу
керек» деген ағартушылық көзқарасын
танытатын сөздерімен аяқтағым келіп тұр.
Қазақ тілі сабағындағы «Ұстаз»
тақырыбы бойынша мен Әбунасыр Әл-Фарабидің еңбектерін мысалға ала
отырып, білімгерлердің өз ойларын айтқызамын . Сол сабақтың
нәтижесіне сәйкес:
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер:
(білімгерлердің пайымдауы бойынша)
1. Дөрекілік
-
Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
-
Әділетсіздік
-
Өзін-өзі ұстай білмеу
-
Әдепсіздік
-
Балаларға немқұрайлы қарау
-
Өзінің пәніне немқұрайлы қарау
Білімгерлердің пайымдауы бойынша педагогтың бойында болу керек қасиеттер:
-
Мейірімділік
-
Балаларға деген шынайы махаббат
-
Эмоционалдық байсалдылық
-
Әділдік
-
Балаларға деген зейін
-
Қайырымдылық
-
Сергектік
-
Өмірді сүйгіштік
-
Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
-
Жігер
Тренинг жаттығуларын жүргізу арқылы осы қасиеттердің біздің бойымызда қаншалықты табылып жатқандығын байқап көрейік.
1. «Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер
құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға
жазылған педагогтың бойында болу керек қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап
алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын
айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған
ортада осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет
көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты
болсын!
-
Сыйлыққа жазылған қасиеттер: рухани байлығы жоғары педагог, зерттеуші-ұстаз,мәдениеті жоғары педагог,парасатты тәрбиеші, жан-жақты әлеуметтенген оқытушы, ізетті-адал ұстаз,жарқын жүзді биязы ұстаз,әділ-шыншыл ұстаз,бала жанының нағыз бағбаны, ұлағатты ұстаз, тәжірибелі тәлімгер, кәсіби деңгейі жоғары педагог, бәсекеге қабілетті шығармашыл педагог,өмірді сүйетін жігерлі шебер,эмоционалды байсалды ұстаз,беделді ұстаз, әдепті ұстаз, кәсіптік қабілеті жоғары педагог, жаратылысынан игі істерге ынтызар ұстаз,алғыр да аңғарымпаз ұстаз,білікті шебер,өр мінезді шебер,беделді шебер,әдепті шебер,кәсібін жақсы меңгерген шебер.
2. «Қайта байланыс»
жаттығуы
Оқытушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек
ала отырып өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Бүгінгі семинарда ең бірінші не ұнады?
- Өзің жаңадан не білдің?
- Алған әсеріңіз қандай?
Семинарға қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
Ұстаздарға жаднама
1.Мұғалімнің биік те, абзал
атына лайық болыңыздар.Жеке адам ретінде қалыптасу жолында
жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал
қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз,
сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар
арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп
қалатындай болсын!
2.Білімгерлерді сыйлаңыздар .
Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар –
намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты
сақтаңыздар.Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере
алмайды.
3.Өз артықшылықтарыңызды баса
көрсетпеңіздер.Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, сіздердің үлкен,
тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп правоға ие екендеріңізді
ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды.
Сіздердің білімгермен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек
болуы қажет екенін жоққа шығармаймын,бірақ ол аралық шек өте алмас
кедергіге айналып кетпесін.
4.Білімгерлер мен қарым –
қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты
өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңмен
байыта түсіңіздер.Тактикаларыңыз икемді болсын,көзге ұрып
тұратындай көрнекі болмасын.Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту
әдістеріндегі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын.Тым тіке
бетке айтудан, ақылгөиліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз
кеңес, ескерту әлде қайда өтімді.
5.Педагогикалық көтермелеуді
барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға
сараңдау болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар.
Қас – қабақтарыңызбен, көзқарасыңызбен, үнсіз қимыл –
қозғалыстарыңызбен басқаруды
ұйреніңіздер.
6.Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін
игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер. Айқай сіздің беделіңізді
түсіреді.
7.Пайдасы шамалы – ау деген
шешімнен аулақ болыңыздар,ашу үстінде шешім қабылдамаңыздар,өз
праволарыңызды ақылмен қолдануға, ақылға келіп илігуіне мүмкіндік
беретін кейінге қалдыра тұру әдісіне
жүгініңіз.
8.Педагогикалық іскерліктің
бәрі сияқты, білімгермен араласа білу де біртіндеп келеді.
Оқушылармен қарым – қатынас жарасымдылығы – тиісті білім, іскерлік
және тәжірибе бірлігі.Пән айырмашылығына қарамай өздеріңіздің
тәжірибелі әріптестеріңіздің сабақтарына барыңыздар, олардың
оқушылар алдында өздерін қалай ұстайтынын, қай уақытта және қандай
ескертпелер жасайтынын.тәртіп бұзғанға қалай қарайтынын, тіпті
оларды қалай тыңдайтыны, қалай отырып, қалай тұратынын, топта
қалай жүретінін де
бақылаңыздар.
9.Педагогикалық тұрғыдан
алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, білімгерді мақтауға
сылтау іздеңіздер.Егер білімгер өзі мұндай сылтауға мүмкіндік
бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мақтау – ондаған ескертулерден
пайдалы.
10.Тұтас топпен тіл табысу
белгілі бір дәрежеде сіздің әр білімгермен жеке тіл
табуыңызға байланысты.Олармен оңаша болуға, мектептен бірге
қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден
жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз,
не болса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда бүкіл
білімгерлермен жақындаса түсесіз.
11.Білімгердің ата – аналарын
қуанышқа бөлеңіздер.Өз білімгеріңізді көп жамандамаңыздар. Балалары
туралы ата – аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын
қорғаштайды, қайшы шаралар қолданады.Оның үстіне басқа біреудің
әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз
болады.
12.Реті келгенде білімгерге
өздеріңізде бар жақсылықты қабілетіңізді, іскерлігіңізді көп
білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т.б.) асырмай, жасырмай
көрсете біліңіз.
13.Өз білімгерлеріңіздің сенімін
ақтаңыздар.Бұл сенім – білімгермен қарым – қатынастарыңыздың ұшар
шыңы, олардың жан –дүниесіне енер жол.Бір білімгердің, сенімін
ақтамасаңыз бүкіл топ сенімінен айырылуыңыз
мүмкін.
14.Жылдан – жылға, күннен –
күнге, балалардың бойына қазақ азаматына тән жоғары сезімдерді,
еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның
мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты
сіңіре беріңіздер.
Ұстаздығыңызды кемсітеді, оларға тигізер ықпалыңыздың
мүмкіншіліктерін төмендетеді.Айқай күштілікті емес,әлсіздікті
білдіреді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
БАЯНДАМА
«Менің ұстазымның бойындағы қасиеттер»
Орындаған қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Ш.Т.Абушарипова
Талдықорған 2014