Материалдар / Баяндама «М.О.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама «М.О.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны Кіріспе............................................................................................................... 1.Экологиялық проблемалардың көркем әдебиеттегі көрінісі.................... 1.1 Қазақ әдебиетіндегі «адам мен табиғат» арасындағы қарым-қатынас тақырыбына алғаш қалам тартқан жазушы – бұл М.Әуезов……………………………………………… 2. М.Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы табиғат суреттері…………………………………………………………… 2.1 «Көксерек» повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы үйлесімділік пен қарама-қайшылық.................................................... 2.2 М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» әңгімелеріндегі табиғат суреттері....................................... . Қорытынды..................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2021
1076
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10


«М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК




















«М.О.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ»

Серікбаева Т.О.

Биология пәні мұғалімі.

(педагогика және психология магистрі)


























Семей 2021.






Мазмұны




Кіріспе...............................................................................................................


1.Экологиялық проблемалардың көркем әдебиеттегі көрінісі....................


    1. Қазақ әдебиетіндегі «адам мен табиғат» арасындағы

қарым-қатынас тақырыбына алғаш қалам тартқан

жазушы – бұл М.Әуезов………………………………………………

2. М.Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы

табиғат суреттері……………………………………………………………

2.1 «Көксерек» повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы

үйлесімділік пен қарама-қайшылық....................................................

2.2 М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат»,

«Жетім» әңгімелеріндегі табиғат суреттері....................................... .

Қорытынды.....................................................................................................


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................


































Кіріспе


Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы жиырма жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас біршама жанданды. Алғаш рет экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель 1866 жылы санамызға енгізген және бұған «табиғат пен тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деп анықтама берген. Дегенмен, экологияның қалыптасуына төлнегіз болған алғашқы ғылыми тұжырымдар сонау ежелгі Греция мен Рим кезеңдеріндегі табиғат құштар философтардың еңбектерінен туындаған болатын. Қазақ аңызында жарғақ құлағы жастыққа тимей, желмаямен бірге жер кезіп, елге жайлы жер іздеген Асан қайғы даланы ерсілі-қарсылы аралап, әр мекенге әртүрлі баға береді. Арман қуған Асан атаның сын сөздері мен терең ойлы тамаша толғаулары бүгін де соншалықты ғибратты, соншалықты мәнді…Өйткені, адамзаттың табиғатқа зәрулігі күн санап ұлғайып келеді. Адам мен табиғат арасындағы тұтынушылық тепе-теңдіктің бұзылуы және бұл теңсіздіктің қатерлі бағыт алып, жердегі тіршілік атаулыға тікелей қауіп төндіруі – бүкіладамзаттық ортақ тұжырым жасауға мәжбүр етіп отыр.

Адам табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан адам табиғат ананың қадірін біліп, өмір бойы оны аялауы, мейріммен қарауы қажет. Әйтпесе, табиғаттың құдіретті тепе-теңдігі бұзылады да, ол жер бетіндегі тіршілікке қауіп төндіреді. Біз бұған ұзақ жылдар бойы табиғаттың даму заңдылықтарымен санаспай жасаған қадамдарымыздың нәтижесінде көз жеткіздік. Бұл тұста өзін бүкіл тіршіліктің иесіміз, сондықтан бәрі де бізге қызмет етуі тиіс деп ойлап, табиғаттың бермесін тартып аламыз, жерді адамға табындырамыз, техникалық прогресстің шексіз жетістіктерімен ғарышты бағындырамыз деген адамзат қатты қателесті. Шындығында адамзат Фрэнсис.Бэконның атақты «табиғатты табындыр» деген ұранынан бастап, О.Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер енді!» дастанына дейінгі кезеңде табиғатты табындырып қана қоймай, «жалындыра» бастаған болатын. Осыдан түрлі экологиялық апаттарға душар болдық. Ата-бабадан мирасқа қалған ұлан-байтақ туған жеріміз қаншама зардап шекті.

Семей полигонында түрлі атом бомбаларын сынау жарылыстары жерді аздырып тоздырды. Шексіз өнім аламыз деп суармалы егістің көлемін есепсіз көбейтіп, су ысырабына жол берілді. Ғұмыр бойы ағып жатқан өзендер кесіліп қалды. Арал теңізі тартылып, адам айтса нанғысыз дәрежеге жетті. Қазір осы экологиялық апаттардан бүкіл әлем зардап шегіп отыр. Бұл оқиғалар адамның рухани өміріне ықпал жасап, көркем ой қорытуға жетелейтін өмірлік деректерді алдыға тартты. Табиғат, қоршаған орта – өмір сүрудің негізгі күре тамырына айналған тұста, оның көркем өнерге, оның ішінде әдебиетке әсер етпеуі мүмкін емес. Бұл тұста көркем сөз өнерінің атқарар қызметі орасан зор.

Адамға экологиялық жауапкершілік пен сана-сезімді сіңіріп, экологиялық тәрбиені өрістетуде көркем әдебиеттің рөлі қандай, жалпы табиғатқа жанашырлықтың әдебиетіміздегі бейнеленуі, насихатталуы, көріністері қай дәрежеде десек, қазақ әдебиеті де бұл аса күрделі мәселеге өз шама-шарқынша үн қосуда.

Бұл жағынан келгенде Әуезовтің орны бөлек. М. Әуезовтің көркемдік – шығармашылық мұрасы өз әдебиетімізде ғана емес, бүкіл кеңес, тіпті әлемдік әдебиетте өз алдына жеке құбылыс ретінде бағаланады. Жазушының осындай әдебиетімізге алып келген жаңалықтарының – бірі - көркем шығармадағы адам мен табиғат тақырыбы, яғни, адам мен табиғат арасындағы үндестік пен қайшылық.

Адам мен табиғат жалпы адамзаттық мәні бар мәңгілік философиялық тақырып. Адам мен табиғат тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді десе де болады. Адамдарды тек қоғам ғана емес, табиғат та байланыстырады. Сондықтан да оның әдебиеттегі алатын орны ерекше. Бұл әлем жазушылары шығармаларына арқау болған мәселе.






2. М. Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы


Әр халықтың төл әдебиетінде өзінің өмірлік тәжірибесінің молдығымен, ұланғайыр білімімен, үздік жазушылық талант–шеберлігімен, дарындылығымен ерекше танылып, топ жарып алға шығатын қалам қайраткерлері болады. Қазақ әдебиетіндегі осындай ғұламалардың бірі – М. О. Әуезов. Жазушы шығармалары мейлі халықтың өткен дәуіріндегі тарихына арналсын, мейлі осы заман тақырыптарын арқау етсін әрдайым суреткерлік парасатымен, талант – дарынының өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көзге түседі. Ол өзінің жазу үлгісімен де, шындықты бейнелеу жолындағы ізденістерімен де қазақ әдебиетінде жаңа жол бастады. Оның ұлылығы да осында.

М. Әуезовтің көркемдік – шығармашылық мұрасы өз әдебиетімізде ғана емес, бүкіл кеңес, тіпті әлемдік әдебиетте өз алдына жеке құбылыс ретінде бағаланады. Жазушының осындай әдебиетімізге алып келген жаңалықтарының – бірі - көркем шығармадағы адам мен табиғат тақырыбы, яғни, адам мен табиғат арасындағы үндестік пен қайшылық.

Адам мен табиғат жалпы адамзаттық мәні бар мәңгілік философиялық тақырып. Адам мен табиғат тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді десе де болады. Адамдарды тек қоғам ғана емес, табиғат та байланыстырады. Сондықтан да оның әдебиеттегі алатын орны ерекше. Бұл әлем жазушылары шығармаларына арқау болған мәселе.

Жалпы әдебиетте пейзажды табиғаттың әсем суретін, бояуларын жан-жақты суреттейтін шығармалардың көп екені белгілі. Тіпті онсыз шығарма болмайды десек те болады.

Пейзаждың қазақ әдебиетіндегі реалистік көріністері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев бастаған бірегей жаңа өзгерістермен бірге келді. Табиғат суреттері алдыңғы қатарлы әдебиет көшін бастаушы А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев шығармаларында да көрініс тапты. Қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларында пейзаждық суреттердің неше түрлі әдемі үлгілері кездесіп отырады. Қазіргі жазушыларымызда бұл суреттер бірінде көбірек, бірінде азырақ болса да кездеседі.

М. Әуезов пейзаждың көркемдік шығармадағы қызметін анықтап берді. Оның шығармашылығындағы табиғат суреттері сюжеттік оқиғаның уақытын, өлшемін, композициялық тұрғыдағы көркемдік жолмен кеңістік тұтастығын, шығарманың идеялық мазмұндылық астарларына қатысты образдылығын айқындайды.

Бұл туралы А. Нұрқатов: «М. Әуезов табиғат суретін беруде де өзін үлкен суретші ретінде көрсетеді. Оның шығармаларынан қазақ совет әдебиетіндегі пейзаждық классикалық үлгілері болып табылатын тамаша табиғат суреттерін кездестіреміз. М. Әуезовтің қолдануында пейзаж оқиғаның болған орны мен мерзімін дәл көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге ол әрқашан адамдардың характерлерінің типтік сипаттары мен олардың өзара қатынасын мейлінше мол ашуға қызмет етеді. Табиғат суретін беру М. Әуезов үшін дара мақсат емес, ол пейзажды өзінің авторлық идеясына сәйкестендіріп үнемі құбылтып, құлпырта отырып қолданады. Жазушы табиғат суреттерін көбіне геройлардың ой-сезімдері, олардың түсінулері арқылы береді.

М. Әуезовтің қолдануында пейзаж пайда болғалы тұрған оқиғаға ая ретінде алынады да оқушыны соны терең түсінуіне алдын ала дайындай түседі», – дейді. /9/.

М. Әуезовтің табиғат пен адам қарым-қатынасын философиялық тұрғыдан қарастырған ертеректегі шығармаларына тоқталайық. Мұндай философиялық шығармалардың бір ерекшелігі – жануарлар әлемі өкілінің адамдармен қатар, тең дәрежеде көрінді. Яғни, олардың ішкі жан-дүниесі, психологиясы арқылы сыртқы дүниеге, адамға деген көзқарастарын, түсінігін беруі.


2.1 «Көксерек» повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы үйлесімділік пен қарама-қайшылық

Мұхтар Әуезотің табиғат пен адам қарым-қатынасын философиялық тұрғыдан қарастырған шығармалары қатарынан алғашқылардың бірі болып орын алған «Көксерек» повесі. Бұл шығарманың жаңалығы неде?

Жазушы шеберлігінің суреткер дарынының бір сыналар тұсы – кейіпкер образын жасауда шындығында да кейіпкердің бүкіл жан-дүниесін, мінез-құлқын көркем сөз арқылы суреттеу оны қайткен күнде де дара тұлға, типтік бейне етіп көрсету жазушы үшін үлкен сын. Жазушы осы мақсатта теңеу, салыстыру айналадағы заттар мен құбылыстарды адам образына балау сияқты түрлі тәсілдерді қолданады. Адам өзі, жер бетіндегі құдірет, бүкіл тіршіліктің иесі, тірі бола тұрса да, жазушы оның бейнесін ашуда жер бетіндегі барлық жан-жануарлармен салыстыруға жол табады. Озбыр, қорқау адамды қасқырмен, қу адамды түлкімен, тұрпайы адамды шошқамен, қылықсыз адамды итпен т.с.с. салыстырыла суреттеледі. Адам бейнесін шығармада бақа–шаян, құрт–құмырсқамен де салыстырып жатады. Мұның бәрі де бізге ертеден таныс шығармалардағы көрінетін адам мен табиғат өкілдері, тіршілік иелері арасындағы қатыс байланыс. Ғалым Ә. Хайдаров сөзімен айтқанда: «Бұл адам баласының табиғатпен бірге туып, біте қайнасқан сонау балаң дәуірінен қалған әсер, көркем сөз дәстүріне айналған ұғым, түсінік, шынайы өмір шындығы». /10, 48/.

Міне, осындай жан-жануарлардың бір қырынан ғана бейнеленетін бұрыннан келе жатқан ескі соқпағын М. Әуезов бұзды.

«Көксерек» повесінің бір ерекшелігі – қазақ әдебиеті тарихында экология, адамгершілік тақырыбына жазылған тұңғыш туындылардың бірі екендігі.

«Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған тобылғы басқан. Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп бүрленіп қалған қалың қарағай жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып, теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді» деп Қарадыр сайының құлпырған табиғатын суреттеуден басталатын повесть сегіз тармақтан тұрады. Әр тармақта әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған.

Шығарма басында сол жерде мекендеген қасқырлардың тағылық тіршілігінен де хабар береді. Дүниеге жаңа келген күшіктерімен жатқан екі қасқырдың қорғансыз жас қозыны жем қылуының берілуі де тегін емес.

«Қозы екі қомағай ауыздың керегесінде қан жоса болып дар-дар айрылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш құрқ-құрқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған қасқырдың жасыл көздері от шашады» деген сипаттауды оқығанда-ақ денең тітіркенеді. Жазушы о бастан қасқырдың өзіне тән тағылығын, жыртқыштығын ескерткендей. Осындай өмір сүру заңдылығы бар жыртқыштың бір сәттегі әрекетін беру арқылы сақтандырады. Бұл көріністер қатқыл табиғат алда болар бір ащы күйді білдіріп, соған дайындағандай. Әрі қарай табиғат суреті азайып, психиологиялық сипаттама беріледі.

«Ін үстінде мүйіз тұяқтар тасырлап, дүбірлетіп келді. Айқай дабыр молайды. Бірі үстінен бірі келіп жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сұрт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін аузына қадалды». /13, /. Бұл қасқырдың түсінігі арқылы берілген көрініс. Екі аяқтылар қасқырдың бес күшігін өлтіріп, біреуінің тірсегін қиып, ең кенжесін алып кетеді. Бұл екі қасқырдың ызасын тудырады. Артынша олар маңайдағы ауылдың малына тиіп, у-шу қылады. Бұл адамдардың табиғатқа жасаған зұлымдығына, қиянатына жыртқыштардың тағылық жауабының бір көрінісі тәрізді. Жазушы шығармада үнемі Адам, Қасқыр, қоршаған орта үшеуін тығыз байланыстыра бейнелейді.

Кішкентай Құрмаш қолына түскен Көксеректің өсуін суреттегенде жазушы оның шынайы өсіп-дамуына ғана тоқталмай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жағдайларға баса назар аударады. Шығармада түз тағысының адаммен қарым-қатынасы, адамның Көксерек түсінбейтін мінез-құлқы, ауыл иттерінен көрген қорлығы, осыдан оның бойында пайда болған ыза кегі, долылық сезімі жан-жақты көрсетіледі. Өзін адамның төсегіне алып жатып мәпелеп, итаяққа ас құйып: «Іш» деп тұра өзіне бермегенді жегені үшін ұратыны ауыл иттерінен көрген зәбірі бөлтірікті ызаландырады, ол бірте-бірте қорықпай иттерге тап беретін болады. Қара ала төбетке қарсы шығып жеңеді. Бірде Көксерек қойға шапқан қасқырларға еріп кетеді. Бұл оның далада еркін өмір сүретін қырдың дүлей перзентінің бостандыққа ұмтылуы, өз ортасын іздеуі заңды құбылыс. Сонымен қатар, Көксеректің кетуіне ішіне шемен болып қатқан үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жапасы да себепкер болады. Табиғатты күшпен бағындыруға болмайды, оның өз заңдылығы бар. Онымен санасу керек дегенді көрсетеді. Небір тағыларды үйреткенде ақыл-айла, іскерлік, білгірлікке қоса, адамның онымен жылы қарым-қатынасы да қажет. Ал жалғыз Құрмаштың қамқорлығы, мейірімі Көксерек үшін аздық етеді. Бірақ ол өз тобына бірден қосыла алмайды. Аты қасқыр болғанмен өзге ортада өскен Көксерекке қасқырлар тобына қосылып сіңіп кету оңай болмайды. Ауылға үш рет келіп, үш рет кетті. Оның ауылға оралған кездегі түрі: «Бұл келгенде Көксерек екі бүйірі суалып ашыққан, өзінің үсті-басы батпақ болып сыбағысқан сабалақ жүдеу пішінмен келеді» деп суреттеледі. Бірақ жазушы оның қасқырлар тобымен кездескені туралы кеңінен айтпайды. Осылайша келіп кетіп жүрген Көксерек соңғысында тұқымын сезіп, адамдардан мүлде кетеді. Өз бетінше өмір сүруге көшкен ол басынан әрбір қиыншылық өткен сайын ысылып, ширай түседі. Осының бәріне адамдар кінәлі деп, адамға деген өшпенділігі, ыза кегі күн сайын арта түседі. Ішінен алғаш рет шыққан дауыс оны Ақ қасқырмен табыстырады. Енді олар екеулеп малға ауыз сала бастайды. Көксерек өзінің жыртқыштық тегіне тартып, адамдардан қорықпайтын болды. Жаз шыға Қарадыр ауылы екі қасқырдан құтылады. Екі қасқыр адам көзінен таса жайға орналасты. Көксерек басқа жақты торыды. Ақ қасқыр күшіктеді. Көксерек оған жем таситын болды. Көп ұзамай екеуі бірігіп жорытатын болды. Осылайша өз бетінше өмір сүріп жатқан қасқырдың тыныштығын тағы да адамдар бұзды. Олар тағы да қасқыр інін ойрандап, күшіктің бірін жарымжан қалдырып, қалғанын алып кетті. Адамдардың бұл ісі қасқырдың жанын жаралады, арыды, жалғыз қаңғып кететін, аш қалатын күндері болды. Көп ұзамай, екі қасқыр Қарадыр елін қан қақсатып, қиянатқа қиянатпен жауап берді.

Бір күні зор қуғында Көксерек серігінен айрылды. Қайғысы жанына батқан ол жалғыз жортты, қатты құтырды, ауылдың малын қырды. Сөйтіп, Көксерек жыртқыш аңға айналды. Ұлысып табысқан қасқырлар тобында топ басшысы Көкшолақтан басқа Көксерек ығатын ешкім жоқ. Қарындары тоқ, жемтік көп кезде бұл екеуінің жұбы жазылмайды. Ал ашыққанда олар бір-біріне көзін алартып, қолға түскен аз олжаға таласып қалатын болды. Көксеректің алғашқы құрбандығы ала төбет болып еді, енді міне ақыры жемге таласқан Көксерек Көкшолақты жер жастандырады. Шығармадағы Көкшолақпен тартысын оқығанда жаның түршігеді. «Тамағынан қапсыра қысып буындырып алып, мойын сүйегін қырт-қырт шайнайды. Көкшолақтың аузы арандай ашылып, тынысы құрып, тыпырлауға шамасы жетпей қалды. Сол уақытта артқы қасқырлар топырлап келіп жетіп, Көкшолаққа ауыз салысты. Балбырап аққан қызыл қанның иісі аш қасқырларға мас қылғандай белгі берген еді. Шаптал, қолтықтан, жалаңаш төстен мықты, өткір тістер жұлқып-жұлқып жатқанда, Көкшолақтың қаны жосылып ағып, ішінен бұрқырап буы да шықты. Бұл арада бар ауыз түгелімен жабылып кеткен еді. Аз уақытта Көкшолақтан бұрқыраған жүн мен төрт табан қалды». /13, /.

Дүние кезек деген осы. Кеше өздерін қорғап, басшы болып, ішер ас тауып беріп жүрген Көкшолақты араларынан шыққан одан да мықтының соңына еріп жарып тастады. Көксеректен де күшті шықса, ол да Көкшолақтың кебін кимесіне кім кепіл.

Шығарманың төртінші тармағының жартысынан бастап, бесінші, алтыншы тармақтар Көксеректің жыртқыш ретіндегі жортуылдарын бейнелейді. Бұл жердегі көріністердің көбі Көксеректің көзімен көрсетіліп, түйсігі арқылы беріледі.

Жолға бел буып, қарақшы қалпына түскен Көксеректің түйеші адам оғынан жаралануы оның ызасын ушықтыра түседі. Өзге қасқырлар бір бөлек, бұл бір бөлек кетіп, тағы да жалғыз қалды. Жарасы жанына батты, аштық қысты. Арада бірнеше күн өтті. Бір жылқыны бір күн азық етті, тыңайды. Тағы жортты.

Жорта-жорта ауылдан алыс емес, шашыла жайылған қойдын үстінен шықты. Жыртқыш бақташы баланы елемейді де. Бір мезгілде жотасына сарт етіп тиген ағаш оны ызаландырады. Оның төзімі, шыдамы осы сәтте шегіне жеткендей, ол баланы бас салады. Бұл бала өзін бөлтірік кезінен асырап, қолымен тамақтандырып, қойнына алып жатқан иесі – Құрмаш еді.

Көксеректің бұл қылығы – адамның өзіне жасаған қиянатына, зұлымдығына деген жауабы тәрізді. Не нәрсенің де шегі болады. Адамға деген ыза кегі, ашуы біріне-бірі қосыла келіп, ақыры кінәсіз сәбидің өліміне алып келеді.

Адамзат түз тағысына осыншама қиянат жасамай, жанашырлық көрсетіп, өздерін дер кезінде тоқтатқанда, мұндай қайғыға ұшырамас па еді? Қасқыр түз тағысы жыртқыш болғанымен, ол да тіршілік иесі. Адам қалай қайғырып қиналса, онда да сондай сезім бар екендігі шығармада анық көрінеді. Жазушы қасқыр әлемін, жан-дүниесін, күйзелісін шебер бергендігі сонша, шығарманы оқығанда, бейкүнә сәбиді өлтірген Көксеректі бірден кінәлай алмайсың. Себебі қасқырдың адамдар тарапынан көрген мейірімсіздігін оның жанындағы арпалысты, күйзелісті өзінің түйсігі арқылы нанымды етіп суреттеген. Жазушы Көксеректің бұл қылығын әбден пісіріп, шегіне жеткен, басқа амалы жоқ, мәжбүрліктен туған қадам ретінде көрсетеді. Басқаша болуы мүмкінде емес сияқты.

Адам баласы басқа жан иелерінен артық жаратылған. Бұл артықшылық – оларға берілген ерекше ақыл-еспен ерікте. Бұл бүкіл жан иелерінің арасындағы жетілудің жоғарғы деңгейінде тұрған адамзатқа берілген ерекше мүмкіндік. Адам оны дұрыс пайдалану арқылы өзінің болмысын түсіне алады. Ал хайуанаттарда мұндай мүмкіншілік жоқ. Адам мен хайуанның арасындағы негізгі айырмашылық та осы. «Малда да бар жан мен тән, ақыл мен сезім болмаса», – деген сөзінде Абай мал мен адамның айырмашылығын анықтай түседі.

М. Әуезов шығармалары адам мен табиғат арасындағы мәселелерді шешпейді, тек оқырман алдына қояды. Адамдар мұндай қауіп-қатерден шығудың, болдырмаудың жолын өздері қарастыруы керек, соған сәйкес шара қабылдауы қажет екенін ескертеді. Жазушы үкім айтпайды, ол табиғат пен адам арасындағы байланыстырушы ғана.

«Көксерек» повесі жазушының туған жер табиғатын жан-жануарлар мінезінің құпиясын зердесіне терең сіңіріп, кең оқығандығы, өз халқының тұрмыс-тіршілігін ұңғыл-шұңғылына дейін толық меңгергендігімен әлі күнге дейін таңдай қақтырады. Асқан пейзаж, өткір байқағыштық пен жануарлар тіршілігінің картинасы терең танытқыштық, авторлық өзіндік көзқарас, тілдің ықшам, кестелілігі, повесті адам мен табиғат, адам мен жануарлар қарым-қатынасын зерттеген әлемдік әдебиеттің інжу-маржандарының қатарына көтерді. Әуезов повесі тақырыпты өткір шешуімен сезім терберлік әсерімен интеллектуальдық өрнегімен дара көрінеді.



2.2 М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» әңгімелеріндегі табиғат суреттері

М.Әуезов шығармаларының қай-қайсысында да қазақ даласының көктемі мен жазы, боранды қысы, жауынды-шашынды күзі оның қай шығармасында болсын мейлінше шешімін табады. Сөйтіп қандай кез, қандай жағдайда да оқиғаның өрлеу, шарықтау барысына қарай қиюын таба пайдаланып отырады. Оларды көбіне айналадағы өзге байқай бермейтін сырлы дүниелерден алады да, шығармасына тігісін білдірмей табиғи түрде ендіре біледі. Оқырман М. Әуезов шығармаларындағы әрбір көріністің тұтастығын, бірлігін сезінеді. Әуезов жаратылыс құбылыстарын кейіпкерінің басынан өткен күйініш-сүйінішін оқиға бірлігімен байланыстыра суреттегенде олардан құбылыстың тек сыртқы көрінісі ғана емес, ішкі мазмұны да ашылғандай әсерге бөлейді.

Кейіпкердің ішкі дүниесіне үңіліп, жан құбылыстарының қалтарыстарын адамның көңіл-күйімен сәйкес суреттеу, қатар өру Әуезовтің алғаш жазылған еңбектерінен көптеп кездеседі. Табиғатқа жан бітіріп, оның түрлі көріністерін әр қырлы мазмұнды образдармен сипаттау шеберлігі кейіпкер жан дүниесіндегі болып жатқан арпалыс пен ызғырық боранды қатар берумен-ақ оқырман назарын бірдей баурай жөнеледі.

Мысалыға алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күнін» алсақ. Онда төңкерістен бұрын қазақ аулының аса аянышты кезін баян еткен. Осы әңгімедегі табиғатты беру тәсілдерінің өзінен-ақ жазушының нені айтпақ болғандығын өз болмысымен табиғи көрініс сол қалпында аңғарылып жатады. Жазушы алдымен «Семей қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар» /24, 67/, – деп тауды суреттеуден бастайды. «Даланың көңілсіз ұзақ жолында келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп, дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанымен, елсіз кереге сықылды жалғыз тау», - дей отырып, жердің көрінісі ретінде таныстырып алады да қыс күнінің өзгеше суретті бейнесі арқылы елестетеді. Одан әрі жыл сайын қыс басынан қарлы болып, панасы жоқ болғандықтан малға жайсыз, елге қиын жайшылықтың өзінде де жұттың құрығынан құтылмай таудың етегін жайлаған ел кедей болатындығын айтып өтіп кезеңінің өзі Күшікбай аталатынын ескерту үшін батырдың көп мұратына жете алмай долданып, өлгендігінен моласы тұрған биіктен боран үзілмейді деп әңгімені табиғатпен өзі айтайын деген ойына орайластыра, қабыстыра бөліп-жаруға болмайтындай етіп тұтас күйінде береді.

Жазушының «Қыр суреттері» әңгімесі бастан аяқ табиғаттың сұлу суреттеріне құрылған шығарма. «Кешкі дөң басында» бөлімінде жаздың бойды сергітер жайлы, қоңыр кешінің салқын лебіне ендіреді. Бұл шақта зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп бара жатады. Жұқалаң көп бұлт қызыл сеңдей болып оның айналасын ентелей қамап тұрады. Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт. Алыста қара қошқыл тау да бетіне көлеңкедей әжімі жиылып, салқын пішін де түнереді дегендей кештің әдемі суреттерін жасайды. Пейзажды өтіп бара жатқан адам өміріне қарсы мәнде келтіруі көптеп кездеседі. Осы әдіс арқылы да көп сырды ұқтырады, талай оқиғаны ашады. «Қысқы түндегі» ұзақ түнді аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы келген жанды қатты жерге қаққандай болып, құлшынып тұр десе, кейде бұның бәрін тастап, Ұрысайға тығылып отырған кішкене қораның үстіне келіп ақ түтек болып ойнақ салғанын елестеді.

Соңғы үміті үзіліп, жас сәбиін өлімге беріп, мүшкіл хал кешкен қос қарияның аянышты тағдырын басқаша беру мүмкін емес. Бүкіл қайғы, зар, көз жасы төгіліп тұрған сурет. Зұлымдық пен қорлықтың небір ауыр күйіне төзе алмай, жапан түзде жалғыз келе жатқан жылаулы Рабиғаның тағдырын «ақ кебінге оранған дүние ұзақ ұйқыға батқандай, өлім тыныштығындай зор тыныштық басында бағып ұйқтатып тұрғандай» болып келетін суреттердің қай-қайсысында болмасын жазушы табиғат бейнесін оқиғамен жанастырып астастырып бере білген. Әңгімеде мезгіл мен мекен қатар көрініп, оқиғаның дамуына септігін тигізген.

Жазушының бұл шығармасында табиғатты кейіпкердің жан сезіміне қатарластыра отырып, қоян қолтық араластырып жіберген. Өзінің жазбақ болған шығармасына бармас бұрын алдымен соған дайындалады, оқиға болар жердің әрбір көрінісін, жай-жағдайын білуді қолданады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!