Материалдар / Баяндама Мұғалімнің кәсіби дамуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Мұғалімнің кәсіби дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамға барлық салада білікті мамандар қажет. Білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде мектепте де кәсіби, тәжірибелі педагогтердің болуы – уақыт талабы. Себебі кәсіби дамыған педагог қана алдында отырған баланы жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытуға, оның білімді болып өсуіне, болашақтан өз орнын қиналмай табуына ықпал ете алады. Сондықтан да педагогтің кәсіби дамуы мәселесі – әр мектептің күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
49
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗІ


Тортаева Айгуль Сериковна

«№11 ЖББМ» КММ, Қоскөл ауылы, Ұлытау ауданы


Қазіргі қоғамға барлық салада білікті мамандар қажет. Білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде мектепте де кәсіби, тәжірибелі педагогтердің болуы – уақыт талабы. Себебі кәсіби дамыған педагог қана алдында отырған баланы жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытуға, оның білімді болып өсуіне, болашақтан өз орнын қиналмай табуына ықпал ете алады. Сондықтан да педагогтің кәсіби дамуы мәселесі – әр мектептің күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Мұғалімнің кәсіби дамуы – бұл кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерді, кәсіби білім мен дағдыларды дамыту, интеграциялау және оны педагогикалық жұмысқа енгізу процесі [1]. Ал мектептегі жас маманның бұл талапқа сай болуына мектеп ұжымының, тәжірибелі педагогтердің әсері болуы керек. Себебі жас маманның тәжірибелі ұстазға айналу үшін тынбай еңбек етуі, оның болашағын мектеппен байланыстыруы оларға мектеп қабырғасында көрсетілетін педагогтік қолдау мен тәлімгерлік жұмысқа байланысты болады. Сондықтан да Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы Қоскөл мектебінде жас мамандармен жасалатын жұмыс жолға қойылған. Бұл орайда мектептегі «Жас педагог мектебі» жобасының орны ерекше.

«Жас педагог мектебі» – жас маман мен тәлімгер арасындағы жүйелі жұмыстың, мектепішілік бақылаудың құрылымдық элементі. Оның жұмысы жас мұғалімнің мектептегі жұмысқа тезірек бейімделуіне, жеке тұлға ретіндегі өсуіне, педагогтік қызметінде өзіндік стилін қалыптастыруына көмектесуге бағытталады.

«Жас педагог мектебінің» негізгі міндеті:

  1. Жас мұғалімдерді заманауи психологиялық және кәсіби қолдауды қамтамасыз ету;

  2. Жас педагогтің әлеуетті кәсіби құзыреттілігін, тұлғалық және іскери қабілеттерін қалыптастыру;

  3. Жас маманның бейімделуіндегі кәсіби-тұлғалық қиындықты анықтау;

  4. Кәсіби әлеуметтендіру: тәжірибелі педагогке тән құндылық, кәсіби мәдениет пен әдеп сабақтастығы;

  5. Жас педагогтерде үздіксіз өз бетінше білім алу қабілетін қалыптастыру;

  6. Жас маманның кәсіби өсуі мен өзіндік дербес педагогикалық стилінің дамуына қолдау көрсету;

  7. Жас педагогтің білім беру ұйымында тұрақтап қалуы үшін оның бойында білім беру ісіне қызығушылықты қалыптастыру.

Аталған мақсат-міндеттердің орындалуы барысында жас педагогтің:

  • мектептің педагогикалық ұжымына кәсіби бейімделу мерзімі қысқарады;

  • мектеп өміріне араласу көрсеткіші артады;

  • мектепте тұрақтап қалу мүмкіндігі артады;

  • кәсіби өзін-өзі даму қабілеті жоғарылайды;

  • озық тәжірибелі әріптестерінің үздік педагогикалық тәжірибесін шығармашыл қолдануға дайын болады;

  • ғылыми-зерттеу, жобалық жұмыстарды жүргізуге араласады;

  • өзіндік педагогикалық стилі қалыптасады;

  • түрлі деңгейдегі жарыстарға, жобаларға, конференцияларға қатысу белсенділігі өседі.

«Жас педагог мектебі» жобасының моделі мынадай:

Shape1



Shape2

«ЖАС ПЕДАГОГ МЕКТЕБІ» МОДЕЛІ



Shape3

Ә

К

І

М

Ш

І

Л

І

К



к


Shape4

Тәлімгер ұстаз аз


Shape5

Shape6

ЖАС МАМАН


Shape7

Пән мұғалімдері ӘБ аз


Shape9 Shape8

Кәсіби педагог болып қалыптасу


Shape10

Shape12 Shape11

Shape13

Сынып жетекшілері ӘБ аз




Shape14 Shape15

Психологиялық қызмет





Мектепте жас педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қазіргі қоғамның сын-тегеуріндеріне сәйкестендіру үшін білім беру мекемелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалуы қажет. Сонда ғана қандай жоба болмасын өз нәтижесін береді. Білім мекемесіндегі «Жас педагогтер мектебінің» жоспарына сәйкес жыл басынан бастап бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, мектепте «Жас сынып жетекшісімен жеке жұмыс» жүргізіледі. Аталған бағыттың өзіндік жоспары бекітілген.

Жалпы мектепте биылғы жылы 7 жас маман сынып жетекшісі болып отыр. Олардың ішінде бір маманның еңбек өтілі 2 жыл болса, қалғандары – биылғы оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмысқа аса назар аударуды жөн көрдік. Бұл салада мектептің тыныс-тіршілігімен таныстыру, тәрбие жұмыс жоспарын талдау, сыныптың жеке тәрбие жұмысын жасауына әдістемелік басшылық ету, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдерімен таныстыру, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас құру маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ата-аналар жиналысының тақырыптық өзгешелігіне тоқталып, онда пайдаланылатын заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту, түрлі педагогикалық ситуациялар арқылы жас маманның оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасында кездесетін қиындықтан шығу жолдарын талқылау, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау, оларға мотивация беру жолдарын көрсету, оқушыларды байқауларға, конкурстарға қатыстыру арқылы сыныптағы ұжымшылдықты, өзін-өзі басқару моделін нығайту мәселелерінде көмек көрсетіледі. Аталған жұмыстардың барлығы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен тәжірибелі педагогтердің қолдауымен, қадағалауымен жүзеге асырылады.

Мәселен, мектепте жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, олардың заманауи мектепке табысты бейімделуіне ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау мақсатында семинар өткізілді. Сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған жылдық тәрбие жоспарымен және біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстырылды. Бұл ретте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Тортаева біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсат, міндеттерімен және тәрбие құндылықтары-ұлттық мүдде, ар-ұят, талап жөнінде және тәрбиенің үздіксіздігі, оны жүзеге асыру тетіктері туралы түсіндіріп, жас сынып жетекшілермен жеке жұмыс жоспары, жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдер таныстырылды. Семинарда тәрбие жұмысын жоспарлауда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар да айтылды. Жағымды психологиялық ахуал мен мотивация қалыптастыруға арналған түрлі тренингтер де ойнатылды. Бұндай жұмыстар жас маманның мектептегі алғашқы жылын жеңілдетуге, оның педагогикалық ұжымға бейімделуі мен кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Білім беру мекемесіндегі жас педагогтермен жұмыстың бір бағыты – тоқсан сайын анықталатын «Үздік сынып» номинациясы мен мектепте өткізілетін «Үздік жас сынып жетекшісі» сайысы.






Мектепте тоқсан сайын сыныптардың тәрбиелік диагностикасы бойынша мониторинг шығарылып отырады, «Үздік сыныптар» марапатталады, белсенді, креативті сынып жетекшілерге алғыс білдіріледі. Жас мамандарға сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, қызықты іс-тәжірибесімен бөлісу үшін «Үздік жас сынып жетекші» байқауы ұйымдастырылады. Бұл байқау сынып жетекшілерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қызметінің беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, сынып жетекшілердің жеке қабілеттері мен тиімді тәрбие технологияларын анықтау, сондай-ақ өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуы үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.

«Үздік жас сынып жетекші» атағына үміткердің қызметін бағалауды мониторингтеу мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылды:

  • Бір ашық сынып сағатын өткізу;

  • «Мен – сынып жетекшісімін» сыныптың және сынып жетекшісінің шығармашылық тұсаукесері (таныстыру бейнеролигі);

  • «Менің көңілді әрі тату сыныбым» тақырыбындағы жарнамалық буклет дайындау (сынып жұмысының міндеті мен мақсатын айқындау, сынып ұжымының ерекшелігі, девизі, сынып дәстүрі және т.б.).

Осы талаптарға сәйкес өнері мен білімін ортаға салған сынып жетекшілерінің арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, мектеп әкімшілігі, «Қамқоршылық кеңесі» және демеушілер атынан сыйлықтар ұсынылады. Бұл жұмыс жас маманның сынып жетекшілік функциясын табысты атқаруына ықпал етеді деп санаймыз.

Жас маманға педагогикалық қолдау көрсету, оны мектеп ұжымына бейімдеу жұмыстарының бірі – мектеп педагогтері арасында өткізілетін бос уақытты тиімді ұйымдастыру шаралары. Бұл бағытта мектепте әр жұма сайын түрлі сайыстар, «КВН», «Волейбол» т.б. сияқты спорттық жарыстар өткізіледі. Аталмыш жұмыстар, біріншіден, жас маманның ұжыммен етене араласуына ықпал етсе, екіншіден, ұжымдағы салауатты қарым-қатынасты нығайтады. Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінен тыс жұмыстардың да маңызы зор деп есептейміз.



Жас маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыру, тәжірибе жинауына, оқыту мен тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруіне аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін біліктілікті арттыру курстарының, конференциялардың көмегі көп. Сол себепті мектептегі «Жас педагог мектебі» жұмысының бір бағыты жас мамандарды түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатыстыру болып табылады. Мәселен, Жезқазған қаласында Ұлытау облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы оқу жылында 14 қыркүйек күні «PRO-МҰҒАЛІМ» , анти-конференциясы өтті. Аталған жиынға Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, «№11 ЖББМ» КММ атынан Е.А.Қалдыбек, А.Б.Сапар, П.Б.Серік, А.М.Өмірбек жас маман ретінде қатысты. Конференция жоғарғы деңгейде өтіп, онда жас мамандарға қажетті педагогикалық құндылықтан мен дағдылар сөз болды, тәжірибелі ұстаздар жастарға білім беру барысындағы тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Мектептегі бұл жоба жұмысы енді басталғандықтан, нәтижелер көрініс табуда . Дегенмен де жас педагогтардың сабаққа ынтасы, мектеп өміріне белсенді араласуы, оқыту мен тәрбие ісінде бастамашылық жасауы жоба бағытының дұрыстығын аңғартады. Яғни мұғалімнің кәсіби дамуы – жас маманның дамуымен тығыз байланысты және білім беру жүйесін жаңарту жолы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!