Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама "Мұғалімнің кәсіби мәдениеті"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мүғалімнің кәсіби мәдениеті
1. Білім ордасы – мектеп, мектептің жаны –
мұғалім.
2. Мұғалім – қоғам
айнасы.
3. Мұғалімнің кәсіби міндетін көтеру — өмір
талабы.
«Мектеп —
әлеуметтік
мәселенің ең
өзектісі»
Н.Ә.
Назарбаев.
Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі
мәселе–білім беру,
ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы–мектеп, ал
мектептің
жаны – мұғалім екені баршаға
мәлім.
А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері»
еңбегінде «…. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы.
Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім
алып
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –
білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін
мұғалім» делінген.
Ұстаз адам тағдыры, болашақ ел тағдыры үшін жауапты. Ол
өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Жас ұрпақты бүгінгі
күн жаңалығынан сырт қалдырмай ізденіске ұмтылдырыпрып, заман
талабына сай жаңа білім, жаңа тәрбие беру керек. Сондықтан, мұғалім
сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық
қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен өз кәсібін
қадірлеу қажет. Осы қасиеттері арқылы ұстаз педагогикалық үрдісте
әрбір оқу- тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен
қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапасы – педагогикалық
әдебі мен мәртебесін биік қоғамда қажетті де осындай ұстаздар, өйткені тәуелсіз
Қазақстанды әлемге танытатын – ғылымы мен білімі десек, Ел
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мектеп — әлеуметтік мәселенің ең
өзектісі» деп Үкімет пен жұртшылық назарын жалпы білім беретін
мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайының өзі жаңа
заман мұғалімінің жауапкершілігін арттырып, мұғалім кәсібі мен
педагогикалық әдебінің әлеуметтік маңызының зор
екенін
дәлелдейді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке адамды
қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал
бұл міндеттерді шешу үшін жеке адамның дамуы қалай жағдайлар ықпал ететінін білу
қажет. Бұл дамуды қамтамасыз ету үшін мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы
арасында ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнату –
басты
мақсат. Ешкім де педагог болып тумайды, педагог
болып
қалыптасады. Ол үшін оның бойында
психологиялық- педагогикалық білім, шеберлікпен шектесетін ептілік,
ерекше ұстаздық мінез-құлық, ойлау қабілеті болуы
керек.
Мұғалім – үйретуші болумен қатар, үнемі
үйренуші де болуы
керек, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,
адамгершілік тәрбие беру
керек.
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған
адамдардың
немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын
әлеуметтік-
педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мен
мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз
қалғандық,
қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда
болады.
Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасындағы және
мінез-құлқындағы ауытқушылардың алдын алу, оларды психологиялық
имунизациялауды қажет етеді, яғни әлеуметтік-құзырлы адам болып
қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық
дағдыларына,
дұрыс таңдау жасай алу біліктерін
үйрету.
Мектеп жасөспірім тұлғасының дамуы үшін,оған жағымды
сапалары мен жағымды әлеуметтік тәжірибесін үйренуге, оған ұқсауға
тырысатын үлкендермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере
алады.
Өзінің ішкі әлеміне жақсы көретін, құрметтейтін адамдарының
құндылықтары мен ұстанымдарын, нормаларын енгізген жасөспірім
еліктеу арқылы өзінің қандай болғысы келетіндігі жөніндегі идеалын
қалыптастырады. Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адамдармен
қарым-қатынас жасау – жасөспірімге мінез-құлқына қатынасын
өзгертуге мүмкіндік
береді.
Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адам – ол, бірінші кезекте, ұстаз болуы керек!
Мұғалім–мектептің жаны, мұғалімнің
кәсіптік мәдениеті-мектеп міндеттерін шешудегі басты шарт. Бүгінгі
таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеюде,
ойшыл,зерттеуші,
жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте шебер, іскер
мұғалімді қажет
етеді.
Қазіргі заман, қоғам, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерген, кез келген мұғалімді жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Сондықтан, мұғалім жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана үлкен беделге ие бола алады. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай алатын, ойшылдық қасиеті бар маман болуымен қатар, ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеруі қажет, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.
«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші
барлық адами құндылықтарды ұстаз тәрбиесінен алады, сондықтан
мұғалімнің оқушы тәрбиесіндегі ролі маңызды
мәселе.
Ең алдымен бала жүрегіне жол таба білу үшін балалық жүрек,
балалық тіл керек. Бала жүрегіне жолды сөзбен де,
айла,әдіс-тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі – махаббатпен де
табуға болады.
Бұл- шәкірттерімен қарым-қатынаста таптырмайтын құрал. Жылы
– жылы сөйлесең жібімейтін жүрек жоқ, тек соған апарар жолды таңдай
білуі керек.
Әрбір мұғалімнің өзіндік «тактикасы» болуы заңды. Бала
тәрбиесінде қатып қалған заң жоқ. Болуы да мүмкін емес. Ал, біз
оқып- біліп жүрген психологиялық, педагогикалық заңдылықтар
дегеніміз – тек негізгі бағыт қана. Сол бағытты бетке ұстап, әрбір
мұғалім ұстанымы арқылы әр баланың көңіл кілтін табуы тиіс.
Екіншіден, шынайы ұстаз болу үшін өз пәнін, өз мамандығын жақсы
игерген біліктілік керек. Бірақ,кей ұстаздар өз пәнін жақсы игерсе
де сабақтары сәтсіз шығып жататыны сөзсіз. Неге
?
Бірдеңе жетпей тұрады … Ол Не ? Ол – тәжірибенің аздығы,
ниеттің жоқтығы. Мәселе, мұғалімнің қанша жыл жұмыс жасағанында
емес, өз білгенін балаға жеткізе білуінде. Жеткізе алмау –
қабілетсіздік емес, тәжірибесіздік, яғни өзін-өзі қалыптастыруға
ұмтылмауында. Осы сәтте бала сабақ үстінде
сөйлейді, қозғалады. Қызықсыз сабақ кесірінен қақтығыс туындайды. Ол
қақтығыстан шыға білу педагогикалық әдептілікті талап етеді.Дәл осы
жерде мұғалім қақтығысты өзінің кәсіби кемшілігінен туындағанын
біліп, сөйлеген балаға ақырып-жекірмей, сабақ мазмұнын, әдісін
өзгертіп балаға ықпал жасау арқылы жағдаяттан шықса – үлкен шеберлік дер
едім.
ХХІ ғасыр – ақпараттық-қоғам дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс бастамалары мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде ғана баға беру немесе пән мұғалімі ретін қабылдау олқылық көрсетеді.
Мұғалім – қоғам
айнасы. Бүгінгі ұстаз кім ?
Ол – ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері ! Мұғалім –
оқытушы, мұғалім– ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім –
технолог, мұғалім – жаңалықты дәріптеуші,
таратушы.
Мұғалімнің кәсіби міндетін көтеру — өмір
талабы.
Мұғалімнің әлеуметтік беделі және кәсіби мәртебесін көтеру
қажеттілігін алдымен білі және ғылым қызметкерлерінің ІІ
республикалық съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев айтқан
болатын.
Бүгінгі білім беру саласындағы көкейтесті мәселенің бірі –
біліктілікті арттыру. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі:
біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы; екіншіден, пәнді жетік
білуі, оны оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді
сіңіру, моральдық нормаларды білу; үшіншіден, оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Әр
мұғалімнің қояр мақсаты: оқытудан күтілетін нәтижелерді алдын ала
жоспарлау, мұғалім мен мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында
ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнату, өз бетімен
білім алуға, оқулықпен және басқа да оқу әдебиеттерімен жұмыс
істей білуге, алған білімін күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларға
қолдана білуге баулу. Әр педагог бойында
психологиялық-педагогикалық білім, шеберлікпен шектесетін ептілік,
яғни ұстаздық мінез-құлық, ойлау қабілеті болу керектігін білеміз.
Шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын ұйымдастыру бағыттары
төмендегіше топтау
керек:
-
Кәсіби сапалық тұрғыда дамыту ұстанымдары.
-
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының ұстаным-бағытын қалыптастыру.
-
Білімдік ғылымдарды оқытудың педагогикалық ұстанымы.
Қорытынды: Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз – шәкірт – ұстаз болуы қажет. Белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениет мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.
-
Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті.
-
Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.
-
Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс ырғағы,сазы.
-
Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзіммен сабыр сақтауы.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары жеке
кәсіби педагогикалық әдебін көрсететін өлшем. Олай болса, егемен
еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы
білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім - жастарға басты
қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге
көмектесетін жолбасшы болып табылады.
Ұлы Абай «Кісіге біліміне қарай – болыстық қыл» деген екен,
олай болса, мұғалім өз беделін асқақ ұстаудағы педагогикалық тосын
жайлардың психологиялық астары мен педагогикалық тәлім – тәрбиеге
қайшы келер тәлімнің алдын ала білуі
тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
«ХХІ ғасыр мектебі» № 3-4, 2006.
-
Мектеп директорының орынбасары. № 1. 2008.
-
«Жайық ұстазы» 16 қаңтар, 2009 жыл.