Материалдар / Баяндама: Мультфильмдердің, компьютерлік ойындардың балалар мен жасөспірімдер санасына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Мультфильмдердің, компьютерлік ойындардың балалар мен жасөспірімдер санасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндаманың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің санасын тазарту және бағыт беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мультфильмдердің, компьютерлік ойындардың  балалар мен жасөспірімдер санасына әсері


XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры екені бәріңізге мәлім. Ал енді сол жаңа технлогиялық туындылардың біздің санамызға, яғни жасөспірімдер мен балалар санасына әсері қандай?

Американдық зерттеушілер теледидар көрермендерінің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екенін дәделдеген. Олардың пікіріне назар аударсақ,  әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді екен. Осыған орай зерттеушілер баланың мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын да дәлелдеген. Сонымен қатар шамамен балаларымыз күніне 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Осыдан-ақ өз балаңыздың дүниетанымы мен жүйке жүйесінің қалыптасуына теледидардың қаншалықты әсер етіп жатқанын аңғаруға болады. Бүлдіршіндердің теледидардан көріп тамашалайтын туындыларының басым бөлігін мультфильмдер құрап отыр…

Осы жөніндегі Қадыр Мырза Әлінің мына сөзіне тоқталсақ:

- Адам адам болып та, азамат болып та, ұлт болып та бала кезінен, сәби шағынан қалыптасады. Ал сәби шақтағы ең керегі – ана тілі, ана тіліндегі әдебиет және ана тіліндегі мультфильмдер. Осы үшеуі болмаса, ол баланы "толыққанды ұлттық тәрбие алды" деп айтуға болмайды.


Ал сіз балаңыздың күнделікті қандай мультфильм тамашалайтынын білесіз бе? Ол сол мультфильмнен кейін қандай өзгеріске ұшырайды?

Кез-келген отбасында бүлдіршіннің өзін Бэтмэнға, Суперменге, Человек паукке теңейтінін жоққа шығара алмаймыз. Балаларымыздың осындай дәрежеге дейін жетуіне себеп те жоқ емес. Оның бірден бір себебі ата – аналардың бос уақытының болмауы, балаларының көгілдір экранға шектен тыс телміруі.Мысалы, жақын туысымның үйіне барған сайын кіші ұлының теледидарға телміріп отыратынын көретінмін. Ата-анасы күнұзақ жұмыста. Кішкентай бала тәрбиешінің қолында қалады. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». Қалағанын істейді. Қалағаны сол – күні бойы теледидар қарау. Екі жасқа да толмаған бала теледидардың қай тетігін басу керектігін жатқа біледі. Санау түгілі өз есімін айта алмайтын бала мультфильмдер тоғысқан арнаның қайсы арна екенін де көзді жұмып табатын дәрежеге жеткен. Көзін тырнап ашып, теледидарға телміреді. Онда да балаларға арналған жар дегендегі жалғыз арна «Балапанды» қарап та қоймайды. Көретіні – шетелдік «TiJi», «Nickelodeon», «Cartoon Network», «Gulli», «Boomerang», «Карусель», «Disney канал», «Multimania», «Детский мир» сынды телеарналар. Ал тәрбиешінің онымен ісі де жоқ. Тіпті баласы кешке ата-анасы келер тұста өзі қалаған арнаны қойып, теледидардың басқарушы құрылғысын (пульт) тығып тастайтынды әдетке айналдырған. Енді балалардың қай телеарналарды көретініне және ол телеарналардағы мультфильмдердің қысқаша мазмұнына тоқталсақ. Осы көгілдір экраннан бүлдіршіннің көретін, барша бүлдіршінге таныс телеарна - “Никелодеон” телеарнасы.

Бұл телеарнада баланың жүйке – жүйесіне, мінез – құлқына әсер ететін мультфильм топтамалары көрсетіледі. Бұл арнадағы мультфильмдердің перзент психологиясына әсер ету мүмкіндіктері терең ойластырылып, шебер қиылыстырылған... “Никелодеонның” хабарларын үзбей көрген бала айғайлап-шыңғырып, басын қабырғаға соғып жүретін кейіпкерлердің қимылын айна-қатесіз қайталайды.Ал “Джетикс” арнасынан берілетін мульт­фильм­дердің кейіпкерлері шетінен қатыгез. Арнада мутанттардың, шамандардың әрекеттерін насихаттауға арналған дүние­лер жеткілікті. Осы арнада “Монстр Уориерс” атты сериал жүреді. Сериалдың қысқаша мазмұнына тоқталар болсақ, онда кезінде өзі жасаған фильмдерді қабылдама­ған адамдарға өштескен Клаус Фонштайн Хауер деген профессор алып монстрларды, өрмекшілерді, динозаврларды және т.б. қорқынышты кейіпкерлерді ойлап тауып, оларды адамдарға қарсы қоюмен шұғыл­данады.

Бұндай мультфильмдер балаларды қатыгездікке, жауыздыққа, ұлттық құндылықтарды ұмытуға, патриоттық сезімді түпкілікті жоюға әсер етеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда жан түршіктірер бүлдіршін өлімдеріде белең алуда. Бұл кезде балалар өздерін мультфильм қаһарманына теңеп, дәл сол кейіпкердің іс-әрекетін толығымен қайталаймын деп көп қабатты үйлердің терезелерінен секіріп ойнайды. Еш қараусыз қалған бүлдіршін өз ойына келген іс – әрекетті орындап, жазатайым қазаға ұшырапта жатады.

Біз қазіргі таңда жастарға қатысты сөз қозғала қалса «өскелең ұрпақ жігерсіз, намыссыз, ұлтжандылықтан жұрдай» деп кінә артамыз. Бірақ оның себеп-салдарына мән бермейміз. Себебі батыстың былапыт дүниесі біздің жастарға тәрбие құралы болып отырған жайы бар. Өзіміз білетін мультфильмдердің бірқатар кемшіліктерін саралап көрелік…
Біріншіден, ондағы жағымды кейіп­керлердің өзі басқа кейіпкерлерді өлтіріп, қылмыс жасайды. Зұлымдыққа барады. Қан суша ағады. Баланың осыдан барып сол кейіпкерге ұқсағысы келіп, қа­тыгездікке бармасына кім кепіл? Ма­ман­дардың айтуынша, мұндай мульт­фильмдер баланың психологиясына кері әсерін тигізеді.
Екіншіден, қаншама зұлымдық, қатыгездік жасап жатса да ондағы кейіпкерлер жазаланбайды. Ондағы кейіпкерлер ата-анаға деген құрметті де білмейді. Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып бермейді. Бұдан бала санасында «дәл сондай жасасам мені де ешкім жазаламайды» деген ой қалыптасары анық.
Үшіншіден, мультфильмдердегі қуыршақтардың сыртқы көрінісі де балалар үшін аса маңызды. Бірақ шетелдік туындыларда жағымды кейіпкерлерге тән жылылық, мейірімділік кездесе бермейді. Ал жағымсыз кейіпкерлер іс-әрекетіне қарай түр-әлпеті де сүйкімсіз болуы тиіс. Бірақ ол шығармалардан ондайды ажыратудың өзі қиын. Өйткені ондағылардың бәрі дерлік – құбыжықтар.
Төртіншіден, телеарналардан көрсетіліп жатқан мультфильмдерде ері қайсы, әйелі қайсы ажыратып болмайсың. Ол туындылардағы ер адамдар бойынан жігітке тән намысшылдықты, қайсарлықты көру қиын. Ал қыздары нәзіктіктен жұрдай. Бұл мәселе де балаға оң әсер ете қоймасы анық.
Бесіншіден, ондағы сөздердің өзінде мәдениеттілік көрінбейді. Кейбір анима­циялық фильмдерде кейіпкерлер аузынан небір былапыт сөздердің шығатындығы да шындық. Бұл әлі қалыптасып үлгермеген бала үшін қандай тәрбие болмақ?
Алтыншыдан, ең сорақысы да осы, кейбір телеарналардағы мультфильмдер жыныстық қатынасқа жақын дүниелерді де көрсетіп жатады. Бұл дегеніміз барып тұрған сорақылық…


Ендігі кезекте бала психологиясына әсер ететін тағы бір нәрсе – компьютер ойындары.

        Дәрігерлер мен психологтардың ұзақ уақыт жасаған зерттеулерімен оның қорытындысы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс жасау, компьютерлік ойындарды мөлшерден тыс ұзақ уақыт ойнаудың балаларға мынадай зияны бар екендігін дәлелдеді: 

Қимылдамастан ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.

Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Сондықтан да жоғарыда айтылған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.
— 1-4 сынып оқушылары тәулігіне  30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмауы керек.
— жұмыс орнын өзіңізге қолайлы етіп әзірлеңіз.
-бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.
— компьютермен жұмыс істегенде реттелетін кресло немесе орындықты қолданыңыз.
— биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.

егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз.
— өз көздерiңізге демалыс беру үшін көз жаттығуларын жасаңыз.

баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз.

Қазіргі жаңа технологиялар заманында кез келген бала компьютер ойынына құмар екені барлығыңызға мәлім. Сол ойындармен ұзақ уақыт ойнау адамдарды жалқаулыққа, түрлі қауіпті ауруларға жетелейді.

Ол жай ғана жетелеп қоймайды, өмірін қию ға да мәжбүр болып жатқандары аз емес.

Тек, біз ғана емес, компьютер ойынын жастарына насихаттаған басқа елдер де бұған бүгінгі таңда алаңдаулы. Оған біраз мысалдарымыз да дайын: 2002 жылы наурыз айында 21 жастағы американдық Шон Вили виртуалды EverQuest онлайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсаған болатын. Ол ол ма, шетелде 17-18 жастағы жеткіншектер арасында айлап далаға шықпайтыны көп кездеседі. Тіпті, кейбіреулері онлайн ойыннан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен. Психологтардың зерттеуінше, компьютерде ойнағанда адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жақсы жұмыс істейтін көрінеді. Ал, көгілдір экран бетіне үңіліп, ойынға берілген адам бүкіл дүниені ұмытып, ессіз күйге түседі.Бұндай күйге түскен бала небір қателікке ұшырайды. Бұл жағдайлардың алдын – алу қажет, барлық ата – ана өз балаларына қатаң тыйым салу қажет.

Мойындауымыз қажет қазіргі таңда үлкен – кішілі барлығымыз вконтакте, watsapp,instagram ,twitter сынды желілерге кіретініміз шындық.

Жастар әлеуметтік желілерге әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін. Мания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, әлеуметтік желілерге құл болмау жолын ойлау керек. Манияға ем сол әлеуметтік желілерге жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Әлеуметтік желіні тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін сағаттап отырмау керек. Әлеуметтік желінің зияны бұл ғана емес, қазіргі таңда жасөпірімдер мен жастардың Сирияға кетіп, экстремальдық діндерге кіріп, өліммен бетпе – бет келуі барлығы осы желінің әсері. Тіпті кейбір адамдар өздерінің жеке парақшасына күнделікті не істейтінін, қай уақытта үйінде болып - болмайтынын жазып қалдырады. Ал бұл деген қылмыскерге нағыз қажет мәлімет, сол кісінің үйінде жоқтығын пайдаланып, үйін тонапта жатады. Әлеуметтік желінің әсерінен жай мүлігіңнен айырылсаң ештеңе емес, тіпті кейбіреулер өміріненде айырылып жатады. Мысалы, осы жақында бір жалғыз басты, орта жастағы әйел бір кісімен танысады, бірақ ол кісінің қылмыскер екенін білмейді. Қылмыскер әйелмен жақын араласып, оның сеніміне кіреді. Сосын әйелдің үйіне келіп, оны өлтіріп, есімін, мал – мүлкін өзіне жаздырады. Міне, осындай зардабы бар дүниелермен қазіргі таңда біз күнделікті пайдаланамыз.

Тәуелсіздік таңы атып, Тәуелсіз Қазақстан көк байрағын желбіретіп төрге өтіп, дербес түтін түтетіп, дербес тіршілік иесі атанып, егемен ел болудың талай ауыр белесінен өтіп, дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына да тайсалмай түсіп, көк найзаның ұшы арқылы келген дәулеттен, тәуелсіздіктен ендігі жерде айырылып қалуға еш құқымыз жоқ. Сол себепті де болащақ ел тізгінін ұстайтын жастарымыз бен бүлдіршіндерімізге өзіміздің ұлттық телеарналарымызды көрсетіп,сол арқылы ұлттық тәрбиемізді, салт – дәстүрімізді, тарихымызды білуге, құрметтеуге талпындыра алсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ал енді осы айтып өткен нәрселеріміздің бала психологиясына және денсаулығына зиян екені белгілі. Бұдан бөлек қазіргі мультфильмдер мен компьютерлік ойындардың және желілердің кесірінен бала өз ұлтының тілін, дінін, дәстүрін, әдет – ғұрпын, ата – анасын, ата – анасына деген құрметін ұмытады.Осыған байланысты ата – аналар балаларына ұлттық баларымызға арналған телеарна Балапанды көрсетсе, балалар ата – ананы сыйлап, өздеріне пайдалы кеңестер алып, қазақтың дәстүрін, тілін, дінін,ділін құрметтеуді үйренерме еді. Ал компьютер ойындарының орнына қазақтың ұлттық ойындарын немесе баланың ойлау қабілетін арттыратын интеллектуалды ойындарды ойнатса балалардың ойлау қабілеті артып, денсаулығы мықты, ұлтжанды болып өсер еді. Енді жастарымыз түрлі ғаламтор желілерінде отырғаннан көрі бос уақытын кітапханаларда өткізсе немесе спорт кешендерінде спортпен айналысса нұр үстіне нұр болар еді.




Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 8-том

  2. http://www.namys.kz/

  3. Егемен Қазақстан

  4. Баймұратова Б.Б., М.С.Сәтімбекова, Ф.Н.Жұмабекова «Балбөбек» бағдарламасы,Алматы, 2006 ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!