Материалдар / Баяндама "Ойын технологиясы арқылы мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің шығармашылығын қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Ойын технологиясы арқылы мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің шығармашылығын қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
736
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын технологиясы арқылы мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің шығармашылығын қалыптастыру

Жоспар

І. Кіріспе.

Ойынның шығу тарихы.

ІІ. Негізгі бөлім.

Ойын элементтерін қолдана отырып балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

ІІІ.Қорытынды.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін іс - әрекет ойын

































Кіріспе

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар оқу іс-әрекеті барысында қолайлы деген жағдайларда пайда болып, балаларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойлау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған.
Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Оқу іс-әрекетінде тиімді қолданылған ойын түрлері-тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, 2-3 жастағы балалар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.Алтәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Оқу іс-әрекеті барысындағы ойын әдістері балаларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Оқу іс-әрекеті барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі.Оқу іс-әрекеті процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.Тәрбиешілердің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ.Оқу іс-әрекеті үстінде балалардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс балалар білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни балаларға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін топтағы балалардың барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр баланың оқу іс-әрекетіне қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан балалардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді.Ал ойын элементтері кез-келген баланың қызығушылығын тудырады. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып тәрбиеші балалардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, тәрбиеші ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.Ересек топтардағы тіл-дамыту оқу іс-әрекеті дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Ересек топтардағы балалар әлі де ойын баласы, сондықтан тәрбиеші оларды жалықтырмай оқу іс-әрекетін әртүрлі ойын түрлерімен қызықты өткізуге тырысуы қажет.Ойындар балалардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу-іс әрекетінде мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы бала нені меңгереді? 1.Балалар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 2.Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді. 3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 4.Балалар оқу іс-әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 5.Уақытты үнемдеуге үйренеді. 6. Ойын барысында шешім қабылдау балалардан аса жауапкершілікті талап етеді. 7. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі. 8.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде балалар ата-аналарымен, өзге балалармен,тәрбиешілермен көбірек әңгімелеседі. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысында баланың қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Ойын түрлерін пайдалану оқу іс-әрекеті мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, балалардың оқу іс-әрекетіне ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға көңілді, жеңіл келеді.Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Өмір ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін тәрбиешінің басты қолданатын тәсілі ойын. Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға,шығармашылыққа адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, Антон Макаренко былай деп жазады: “Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады”. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Бұл кезеңде баланың бойында адамға тән барлық қасиеттердің негізі қаланатындықтан, тәрбиеге ата-аналармен қатар педагогтер де аса зор жауапкершілікпен қарағаны абзал. Сырттай қарағанда оп-оңай тәрізді көрінген ойын – іс жүзінде бала үшін күрделі нәрсе. Айталық, ойынға қатысатын балалармен тіл табысу, өзіне ұнамсыз рөл тигенде өзін қалай ұстауы сияқты нәрселердің көп мәні бар. Балаға тән тағы бір қасиет – бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру – мұғалімнің ең бір ұтымды әдісі. Мұғалім балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көпті кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуі тиіс. Тегінде көп нәрсе баланың өмірін дұрыс ұйымдастырып, жақсыға қарай баулып, шебер басқара білуге байланысты. Сондықтан педагог балаларды ойындарға өз қызығушылығымен, бар ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай жағдайда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.
Ойын – баланы жасытпай оқытуға, балалардың бойында сенімсіздікті жоюға, дарындылыққа, жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеудің негізгі құралы. Ойындарды дұрыс таңдап, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын, қазақ тілінде ауызекі сөйлесе білуді меңгертудің маңызы зор. Балалар ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: ұлттық ойындар, желілі-рөлді ойындар, дидактикалық ойындар, қимылды-қозғалысты ойындар, спорттық ойындар сияқты сан алуан түрлері бар. Мен өз сабақтарымда, ертеңгіліктерде, мерекелік іс-шараларда ұлттық ойындарды өте көп қолданамын. Жақсылыққа меңзейтін ұлттық ойындар да қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес әр кезеңдерде жетілдіріліп отырады. Балабақшаның әр тобындағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұлттық ойындарды өңдеп, жаңартып пайдалануға болады.
Мысалы “бесікке бөлеу”, “ат қою”, “ “тұсаукесер”, “қырқынан шығару”, т. б. дәстүрлерді өткізген жөн. Тіл дамыту оқу іс-әректі барысында қызықты ойналатын ұлттық ойындар: “Сақина салу”, “Қамшы тастау”, “Ханталапай”, “Орамал тастау”, “Шаңырақ”. Сонымен қатар оқу іс-әрекетінде кеңінен қолданатын ойындардың бір түрі- дидактикалық ойындар. Олар: “Дұрыс ата”, “Не өзгерді?”, “Не жоқ?”, “Ғажайып қалта”, “Төлдерді ата”, “Гүлдене бер, Астана”, т.б.
Балалармен бірге қызыға ойналатын ойындардың тағы бір түрі – желілі-рөлді ойындар. Ондағы мақсат: ойын барысында әлем туралы, өзін қоршаған ортадағы өмірді және өзі туралы білімдерін кеңейту, әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту, көзбен көріп ажырата білу қабілеттерін дамыту. Бұл ойындардың ерекшелігі сол – оны балалардың өзі жасайды. Мұндай ойындар қызық та, қысқа да болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологиялар енгізілуі керек. Бұл орайда біздің балабақша “Тәй-тәй” технологиясы бойынша жұмыс істеуде. Ондағы басты мақсат – балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту Балалардың ой-өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Ойын баланың кез келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. “Баланы ойын өсіреді” деген даналық сөз бар. Ойын – балалар өмірінің нәрі. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман- тілегін білуге, зейінін, жадын қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне тәрбиеші назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, тәрбиеші бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада қолдануға бейім тұрады. Әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады 
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арнаған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, мен – оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отырамын. Баланың ойынында да белгілі бір дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын. 
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.  Ойын арқылы бала тілін дамыту  Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. 
Ойынның негізгі ерекшелігі - балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның,негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. 
Ойынньң түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с болып ойнайды. 
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ретінде ойынды ақылмен ұйымдастыра білуі қажет деп түсінемін. Балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.  Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. 
Сюжетті рольді ойындар - мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелгі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.  Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. 
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс - әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рольді: ойынға ұқсас келеді, және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде кетрлер, стадиондар, театрлар, цирктер т. б. ірі құрылыстар салады. Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тең оқыту формасы болып табылады. Ойын ой мен қимылды ұштастыру непзінде жургізу керек, Мысалы: «Сиқырлы қақпаның сырын ашайық» деген ойында балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға коядым. Ойын міндеті қақпақтың астында не бар екенін білу. 
Дидактикалық ойынның нәтижесіне қандай жолмен болса да жету емес, балардың білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамыту да, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерін көрсетеміз. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережесін ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсік жене қабылдау қабілеттерін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруге көмектеседі. Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға жене жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке - психикалык дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимылды ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым - қатынасын, баланың мінез - құлқын анықтайды. 
Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруга болады. Мысалы: «Соқыр теке», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамак» т.б. ойындар жатады. Баланың бірінші даму кезеңі ойын арқылы жетіледі.  Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, өйткені бала жәй дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. 
Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рольдік ойындарда барлық балаларға бірдей роль тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал біз тек бағыттаушы боламыз.  Рөлдік ойындардың негізгі талаптары 
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рольді өзі тандап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. 
Рольдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.  Бала өзін рольде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады. 
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.  Бастапқы кезде балалардың ынта-жігерін бақылап аламын.  Сөйтіп, бақылаушы бола бастаймын. 
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді. Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн. 
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!