Материалдар / Баяндама: "Оқу-тәрбие үдерісін ұлттық ерекшеліктерге сай ұйымдастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Оқу-тәрбие үдерісін ұлттық ерекшеліктерге сай ұйымдастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу-тәрбие үдерісін ұлттық ерекшеліктерге сай ұйымдастыру" баяндамасы күнделікті сабаққа тақырыпқа сай ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімді ояту мақсаты қамтылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
699
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ САЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Еліміздің болашағы, келер ұрпақтың рухани жаңарып, жандануына қазіргі уақытта тірек болатын жаңаша білім беру көкжиегінде тұрған – мектеп дер едім. Біздің көп ұлтты республикамызда үздіксіз білім беруді жүзеге асырудың және ұлттық мектептерді дамытудың негізі – бұл қазақ мектептері. Сондықтан қазіргі жаһандану заманында қазақ мектептері оқу-тәрбие үдерісін ұлттық ерекшеліктерге сай ұйымдастыруға ат салысуда. Ал білім мазмұнының деңгейін халықаралық деңгейден кем қылмау мақсатында мұғалімдерді деңгейлік бағдарлама негізінде оқытып, тәжірибеден өткізуде. Себебі, білім берудің әдіс-тәсілдері мен технологиялары өскелең өмір талабына сай келуі тиіс болып отыр.

Білім беру жүйесінің негізгі бағыты білім алушылардың білімі мен іскерлік дағдысын дамыту мен кеңейтуге, мәдениетті қарым-қатынасқа жетелеуге және ерекше қабілеттерін аша біліп, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталған. Білім алушының жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыттап жұмыс жасалуда.

Интеллкт дамуының қайнар көзі-адамның өзі. Олай болса, тіршілік барысында туындайтын күрделі мәселелер, түрлі қиындықтар, қайшылықтар адамның өз араласуы арқылы ғана шешілетіні белгілі.

Қазақ халқының рухы да, рухани байлығы да ол-қазақ тілі. Орыс тілін алсақ, ол өзгелермен байланысқа түсер тіліміз. Ал ғылым, инновация, технология мен бизнеске ағылшын тілі қажет болып отыр. Сондықтан елімізді өзге мемлекеттер үш тілді де бірдей қолдана алатын ел ретінде тануы тиіс.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуальды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясы жайлы ата келіп, бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім және жылдам қабылдай білу, технологиялар мен инновацияны меңгеру қабілеттеріне ерекше мән беретіндігін бірнеше рет атап өткен болатын. Елбасы қоғамда жаңашыл, креативті мінез-құлық басым болу керектігін айтуы ел болашағын оқыту мен тәрбиелеуде еңбек етіп отырған мұғалімдерге үлкен міндет жүктейді.

Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Ол-руханият. Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, санасының жоғарылығынан, ізгілік үшін белсенділігінен, өзгелерге сүйіспеншілікпен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен көрінеді. Сондықтан да ел болашағы - білім алушыларды рухани жағынан да дамытып, жетілдіретін жұмыстардың барлығын да үнемі қолданыста жүруі тиіс.

Оқыту мен оқу үшін оқушыларға жаңа технологияларды пайдалана отырып білім беру мен тәрбиелеуде мектепте жүргізіліп жатқан іс-әрекетті зерттеу жұмыстарының маңызы зор дер едім. Осы жұмыстардың білім мазмұнын жүзеге асыратын сабақтың тәрбиелік мәнін толықтыратынын байқадық. Мысалы, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыстар ерікті түрде жүргізілетіні белгілі. Сонымен қатар оның міндетті бағдарламалар көлеміне байланысты болмайтындығында. Осы оқудан тыс шаралар арқылы оқушылар өмірмен байланыстыра тығыз жұмыс жасалатындығыерекше болып отыр. Оқудан тыс жұмыстар оқушылардың күнделікті сабақтан алатын білімдерін толықтыруға және оны қызықты етіп өткізуге ықпал етеді. Көптеген қосымша материалдармен таныса отырып, терең талдау жасалады, түрлі қызықты тапсырмалар орындалады.

Осы мақсатта тарих сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланатын ерте кезеңнен ұзақ жылдар бойына жинап-терген халқымыздың рухани мол қоры жеткілікті. Соларды іріктеп, таңдап оқу-тәрбиелеу үрдісінде пайдалана білсек, біршама жетістікке жетеріміз ақиқат.

Халық байлығын, халық қазынасын біздің қазақ зиялыларынан бастап жастарға дейін зерделеп, ең жақсы деген қасиеттерін байытып, толықтырып, диалектикалық дамытумен ұл-қыздарының бойына сіңіріп келген, біздің ендігі мұратымыз соларды заманымызға лайықтап жалғастыра білу. Ғасырлар бойына қолданып, сұрыпталып, тұрмыс, тіршілік, оқу-тәрбие жұмыстарының сынынан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде қолдануды білімділік, біліктілікпен ұтымды жалғастыру алда тұрған үлкен белестерге жеткізерлік баспалдақ болмақ. Халықтық педагогика ұлттық және жалпыадамзаттық қазіналарға негізделген. Ол әрбір адамды рухани байытып, жетілдіріп келуімен маңызды. Халқымыздың жалпыадамзаттық құндылықтарына мыналар жатады дер едім: біріншіден – халық педагогикасының теориялық-әдістемелік саласы; екіншіден – қазақ халқының педагогикасындағы тәрбие негіздері; үшіншіден – қазақтың халықтық дидактикасына арналуының мән-мағынасы артып, әрбір пәндермен байланыстырылуы.

Елбасымыз Н..Назарбаев: «ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін»-деді. Олай болса келе жатқан жаһандану кезеңінде қазақ халқы өзгелердің арасында жұтылып кетпеуі үшін біз не істей аламыз? Халықтық, ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіру арқылы өз ұлтымыздың жер бетінде ұзақ ғұмыр кешуіне жағдай жасай аламыз ба? – деген сұрақтар мені көп мазалайды. Ал этнопедагогика жаһандану жағдайындағы жалпы адамзаттық құндылық бастауы бола ала ма?

Жастар тәрбиесі оның ішінде ұлттық тәрбие баланың дүниеге келген уақытынан бастау алуы тиіс. Ол үшін әр азамат өз халқының салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын біліп, оны өз өмірінде күнделікті орындап отырғанда ғана бала бойына дариды. Жалпыадамзаттық құндылықтардың бастауы да осы халықтық дәстүр. Мұғалім қауымы оқушылармен күнделікті сабақ тыс жұмыстар уақытында үнемі байланыста болатындықтан, олармен атқарылатын жұмыстарды адамзат құндылықтарын, руханияттың қоғаммен байланысына мән бере отырып, қолдануға тырысамыз. Жалпыадамзаттық құндылықтардан алшақтамауға, үнемі қолданысқа енгізуге тиіс боламыз. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізгенде көбінесе атқарылатын жұмыстың мақсатын осы деңгейде құруға және нәтижеге бағыттаймын. Бұл дегеніміз ұлттық құндылықтарымыздың бала бойына егуге қосқан үлесімнің аз да болса бөлігі деп білемін.

Қазақстан тарихы пәнін оқытуды жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды күшейту, білім мазмұнын тар шеңберде - оқулық көлемінде қалдырмай, тұлғалық тәжірибемен кеңейту, келешек алатын кәсібіне негіздеп, нәтижеге бағыттау, ұлттық құндылықтарды көбірек пайдалану – бұл менің сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудегі негізгі мақсатымның бірі. Оқушының білім алудағы қызмет тәсілін өзгерте отырып жұмыс жасау көбірек нәтижеге жеткізетіні анық. Қазіріг білім алушылар ұлттық құндылықтарға көбірек мән бере бастады. Соның негізінде дизайн-көркемдеуші мамандығын қалаушылар қатары көбейіп келеді. Оқушыларды ұлттық құндылықтармен алыстан іздемей-ақ ауылымызда туып өскен, қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі суретші А.Дүзелханов шығармалары арқылы таныстырамын. Қазақстан тарихы бойынша 9-11-сыныптарда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгені енгізу тақырыпшасын өту барысында, теңге авторларының бірі – Ағымсалы Дүзелхановтың шығармаларындағы ұлттық құндылықтарға да тоқталып өтемін. Бұл жұмыс оқушыларды қызықтыра түседі. Оқулықта айтылған ой оқушылардың көз алдына әкелініп, ой-қиялдарын дамытып, қосымша білімдерін толықтырады. Бұл атқарылған жұмыстың кері байланысында мақсатты толықтай қамтып, нәтижеге жеткендігі көрінді. Осы тақырыптан кейін мен оқушылардың сұранысы бойынша А.Дүзелхановтыңшығармашылығымен таныстыру және сол жұмыстар арқылы мамандыққа негіздеу мақсатында жоспар жасап, сыныптан тыс жұмыстар жүргіздім. Ондағы мақсатым: оқушыларды қазақ халқының мақтанышына айналған өз ауылдастарының туындыларымен таныстыру, А.Дүзелханов туындыларындағы ұлттық құндылықтарға мән бере отырып, ондағы әсемдік пен нәзіктікті оқушы көңіліне ұялату. Туындылармен таныса отырып, әсіресе қыз балалардың көңілін ұлттық нақыштарға, ою-өрнектердің түрлеріне көбірек мән бергіздім. Ондағы мақсатым қыз балалардың қолөнерімізбен таныса отырып, бұрынғы апа-әжелеріміз сияқты осы ою-өрнектерді жасай білуге итермелеу болды. Қыз балалардың киім-киісі, жүріс-тұрысы, өздерін ұстауы портреттерде керемет берілген. Сол портреттерді сынып ішіне ілдім, оны көрген қыздардың пікірлері де өзгеріп жатты. Әсемдікке тәрбиелеумен қатар қыз балалардың рухани қазынасының дамуына да әсер берді.

Ал қазақтың хандары мен батырлары туралы суреттермен танысу барысындағы ер балалардың ой-пікірлерін де ортаға салдырдым. Ақ киізге отырғызып хан көтеру, Тұмар патшайым, Ғұндар мен Сақ жауынгерлері біздің ұрпақ көрмеген мифтік образдарды көз алдына әкеліп, шебер суреткердің бейнелеу мүмкіншілігінің арқасында бәрі де дәл солай болғанына кәміл сеніп, бойында ата-бабаларға деген мақтаныш сезімі оянып, солармен бірге жорыққа аттанып бара жатқандай әсер алды. Әрине мен бұны оқушылардың өз ауыздарынан естіп, іштей таң қалып тұрдым, бір жағынан кеудемде бір қуаныш сезімі де кернеп тұрды. Ал Қорқыт баба бейнесі де шынайы, нанымды салынған. Ұшқан құс, жүгірген аң жыртқышы бар, момыны бар, бәрі адам парасатының алдында бас игені көрермен бойында тылсым бір күшке деген сенім, парасаттылықты мойындау сияқты бір қасиеттер тудырады. Парасаттылықты сөзбен айтып жеткізу қиын, сондықтан көзбен көріп, сезіну керек. Ал парасаттылықты көкірекке құйып, сезіне білу кез-келген адамға бұйыра бермес қасиет. Қорқыт баба бейнесі арқылы оқушылар осы қасиетті бойларына сіңіруге ұмтылады.

Ұлттық рух беретін үлкен туындыларының ішінде өзінің тектілігін тұрысы мен көзқарасымен – ақ жеткізіп тұрған Абылай хан, қаталдығы мен ержүректілігін айқындап көрсеткен Әбілқайыр хан, жүзінен мәдениеттілік пен биязылық сезілетін Жәңгір хан портреттері арқылы елінің өз тағдырын сеніп тапсырған ардақтыларының келбетін мақтауға тұрарлық етіп бейнелеген. Осы көркем туындылар білім алушыларды өз-өзін тәрбиелеу арқылы, оларға еліктеу арқылы тұлға болып қалыптасуға көмектесетініне сенімдімін. Ал парасаттылық пен қара қылды қақ жарып, әділдікті жақтаған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би келбеттері шәкірттерге терең ой тастайды. Олар туралы алған білімдері, оқыған кітаптарындағы бейнелері соларға ұқсауға, әділ жолмен жүріп, қиянат жасамауға, достары арасында беделді болуға, қандай қиындық кездессе де әділдікті жақтауға тәрбиелейді. Сонымен қатар оқушыларды батырлар бейнесімен де танысып, сырласуға жағдай жасадым.

Күлтегін, Қобыланды, Қарасай, Сырым батыр бейнелері оқушыларды өздері оқыған тарихтағы кейіпкерлермен жүзбе-жүз кездестіргендей әсер берді. Олардың ат үстіндегі мығым отырысы, асынған қару-жарағымен бірге, тіпті астындағы атының өзі ақылды көзбен қарайды. Қолына ұстаған найзасы, үстіне киген сауыты оларды өзгелерден ерекшелеп, зор етіп көрсетеді. Өзінің сұсымен-ақ жауын жайпап өтердей. Батырды алыстан көрген жау шайқаспай-ақ қаша жөнелетіндей әсер береді. Әсіресе ер балалар үшін ел қорғаған батырлар бейнесінің әсері мол. Өздері табынып жүрген шетел киноларындағы актерлермен салыстыруға да келмейтінін көріп, біледі, түсінеді.

Ұлттық педагогика мен тарихты зерттеу, оқытуға қызмет ететін де өнер түрі. Қазір осы бағыттағы шығармаларға зәрулік басым. Ал дарын иесі А.Дүзелхановтың туындылары осы қажеттілікке жауап беретін таптырмас туындылар. Қазақстанның көркем тарихын қалыптастыру жолында сомдалған туындылар ұлттық мұралық қорымызды байытуға қосқан зор үлес деп білемін. Оның картиналары мен портреттері – ұлттық рух беретін үлкен туындылар. Суреттері қазақы бейнелер салуда шебер, тапқыр, көркемдік талғамы өте жоғары. Міне, осының өзі оқушының көңілінен шығып отыр. Ұлтжанды, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсетін ұрпақ үшін осындай ұлттық иіс шығып тұратын туындылар өте қажет. Отаншылыдық, патриоттық сезім, туған жерге деген сүйіспеншілік тарих сабағының сыныптан тыс жұмыстары арқылы шәкірт жүрегіне жол тауып жатады. Білім-тоқтаусыз, толассыз үнемі қозғалыста алға жылжудағы үдеріс. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Қол жеткізгің келсе әрекет ет, күш сал. Ол өз бетінше білім алу болып табылады. Ал оқушы өз бетінше білім алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың күшті болуы керек. Заманына сай білімді де, мықты болу тек қана өз қолыңда екенін үнемі оқушыларға сыныптан тыс жұмыстар уақытында ескертіп отырамын. АҚШ астанасы Вашингтонда Мемлекеттік «Портреттер галереясы» бар екен. Онда мемлекеттің бүкіл тарихындағы барлық президенттерінен бастап, барлық атақты қайраткерлердің портреттері қойылған. Мектеп оқушыларына сол галереяда ұдайы тарихи тұлғалар жайында сабақ өткізіліп тұрады. Мен де осындай галерея әрбір қала, ауданда болса, оқушыларымыздың халықтық құндылықтармен ұдайы байланыста болатынын көрсек деймін. Сол шығармаларды әр түрлі тақырыпта, әр уақытта жастарымызды тәрбиесін жетілдіруде пайдалансақ, ұтарымыз көп болар еді. Міне, осындай жұмыстар көшпелі елдің ұғым түсінігіне сай келетін, жастардың рухани әлеміне күш беретін шаралар болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізін, халықтық педагогиканың мол байлығын, тамаша дәстүрлерін өз пәніме негіздеп пайдалануым, 2030 жылға өркениетті елдер қатарынан көрінуге жеткізерлік негіз боларына сенемін.

Қорыта келгенде егемен еліміздің оқыту жүйесін қалыптастыруда ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар білім алушылар бойына сіңірілуде. Бұл жаңарулар оқушылардың ақыл ойын, қоғамдағы қалыптасу деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік туғызады.




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Савин Н.В. Педагогиканың жалпы негіздері. Мектеп, 1975 жыл.

  2. Оңғарбай Ә. Этнопедагогика мәселелері. Шымкент, 1998 ж

  3. Тұрсынов Қ. Жалпыадамзаттық құндылықтар бастауы. Алматы, «Жалын», 1981 ж

  4. Каталог. Казахские изобразительное искусство художники 70-90 гг, Алматы, 2003 г

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!