Материалдар / Баяндама: "ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫНЫҢ БІРІ – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫНЫҢ БІРІ – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен әдіс алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
593
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі






Shape1

Баяндама






Shape2

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫНЫҢ БІРІ – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



Picture 2




Дайындаған: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Баршабекова Назгүл Бекұлықызы






Кентау -2020

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫНЫҢ БІРІ – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Бірақ бүгінгі таңда бұл жаңашылдыққа ата-аналардың пікірі сан түрлі. Бірі бұл жүйені қолдаса, екіншілері кері пікір білдіруде. Әлем елдерінің барлығы сандық жүйеге көшіп жатқанда, қашықтықтан оқытудың біздің елдің білім алушылары үшін де берері көп деп ойлаймыз. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, қашықтан оқуда қолданылатын қазақстандық онлайн білім платформаларының саны 8-ге жеткен. Олардан бөлек, шетелдік WhatsApp,Telegram мессенджерлері, Zoom видеоконференциясы, Microsoft Teams, Google Classroom платформалары қосымша қолданыста. Бір қарағанда бәрі жақсы. Алайда, Білім және ғылым министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жаз бойғы дайындығына қарамастан, өткен тоқсанда сыр берген ресурстар болды. Мысал көп, ең бастыларын тізсек, келесілер: оқушылар мен ата-аналардың аталған платформаларға қосыла алмау мәселесі де өзекті болып отыр. Оған негізгі екі себеп бар:

  • интернет сапасы төмендігі;

  • оқушының платформаны қолдана білмеуі.

Осыған орай сіздермен өз тәжірибемде қолданып, нәтижесін көрген платформалармен бөліскім келеді.

BilimLand

42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны пайдалану туралы келісімшарт жасалған.

1. Платформаға тіркелу/кіру

Бұл платформаны қолданатын мектеп мұғалімдері мен оқушыларына логин және құпиясөз берілген. Бұл уақытқа дейін әлі алмаған оқушылар болса, оны мектеп әкімшілігінен алуға болады. Мұғалім өз аккаунты арқылы жаңа оқушыны тіркей алады және жаңа сынып қоса алады. Платформаға кіру үшін https://onlinemektep.org/ сілтемесі арқылы өтіп, мектеп әкімшілігі берген логин мен құпиясөзді жазып, "Кіру" батырмасын басу керек.

2. Сабақ оқу

Оқуды бастау үшін кестедегі сабақты таңдап, алдымен сабаққа шолу, яғни, сабақ мазмұнымен және мақсатымен танысу қажет. Кейін "Алға" батырмасын басып, теориялық бөлімге көшеді. Теориялық бөлімде бейнетүсіндірме, конспект немесе өзге материалдар болуы мүмкін. Теориялық бөліммен танысқаннан кейін оқушыға әртүрлі қиындықтағы жаттығулар беріледі. Оқушы қате жауап берсе, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Барлық тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бөлімнің нәтижесін, ал оң жақтағы "Сабақ қорытындысы" бөлімінде алған бағаны көруге болады.

3. Үй тапсырмасын орындау

Үй тапсырмасын орындау үшін сабақ кестесіндегі "Үй тапсырмасы" бөлімін таңдап, "Көшу" батырмасын басыңыз. Сол жақ мәзірдегі "Үй тапсырмасы" бөлімінен де барлық үй тапсырмасын, орындалған-орындалмаған тізімді көруге болады. Бұл жерде сабақтың тақырыбы, пән және орындаудың соңғы мерзімі берілген. "Өту" батырмасын басып, үй жұмысын орындау керек. Мұғалімнен келіп түскен үй тапсырмасымен толық танысып, сабаққа қайта өтуге мүмкіндік бар. Төменде үй тапсырмасын орындау терезесінде оқушы тапсырма жауабын жазады. "Файл қосу" батырмасы арқылы қосымша файлдарды жүктеп, "Жіберу" батырмасын басады. Үй тапсырмасын жібергеннен кейін қайта өзгеріс енгізуге болмайды.

4. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс

Мұғалім "Чат" бөліміне кіріп, сынып оқушыларына хабарлама жаза алады. Одан бөлек, белгілі бір оқушыны таңдап, "Жеке хабарлама" батырмасын басу арқылы жеке хабарлама жібере алады. Сол жақ мәзірдегі "Оқушымен байланыс" бөлімшесінде жеке оқушыны таңдап, кері байланыс жасауға болады.

Ал оқушы мұғаліммен байланысу үшін сабақ кестесінен сол мұғалім сабақ беретін пәнді таңдап, "Чат" бөліміне кіру арқылы хабарлама жазады. Сондай-ақ, сол жақ мәзірдегі "Мұғаліммен байланыс" батырмасын басып, қажет мұғалімді таңдап, жеке хабарлама жібереді немесе жаңа хабарлама батырмасын басып, мұғалімді таңдау арқылы жеке хабарлама жазу мүмкіндігі бар.

5. Видеоконференцияға қосылу

BilimLand жаңа оқу жылында платформаға Zoom баламасын қосты. Енді мұғалім сабақ кестесінен сабақты таңдап, "Видеоконференция" батырмасын басу арқылы бір уақытта 45 адамға синхронды сабақ өткізе алады. Ол жерде сабақты өту уақытын көрсету керек. "Құру" батырмасын басқан соң шақыру сілтемесі шығады немесе "Видеоконференция" бөлімінде "Сабақты бастау" батырмасын басу керек. "Чат ашу" батырмасы арқылы оқушылармен жеке хабарлама алмасу мүмкіндігі бар. Оқушылар шақыру сілтемесіне өту арқылы сабаққа қосыла алады.


Daryn.Online

Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.

Оқыту 2 форматта өтеді:

  • синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;

  • асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.

Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.

1. Платформаға тіркелу/кіру

"Тіркелу" батырмасын басып, келесі бетке өтесіз. Ол жерде келесі мәліметті енгізіу қажет:

  • аты-жөні;

  • электронды пошта;

  • ұялы телефон;

  • құпия сөзді ойлап табу;

  • "Мен оқушымын" батырмасын басу.

Ұстаз болсаңыз, "Оқушы емеспін" батырмасын басу керек.

Келесі бетке өтіп, облыс, мектеп, сыныпты таңдайсыз. Сосын "Тіркелу" батырмасын басу қажет.

2. Сабақ таңдау

"Сабақтар" батырмасын басқан соң Daryn.Online платформасындағы барлық пəннің тізімі шығады. Өзіңізге керек сабақтың жанындағы  "Жазылу" батырмасын басыңыз. Жазылатын сабағыңыз бойынша толық ақпарат алатын парақшада "Корзинаға өту" батырмасын басыңыз.

  • Пəн туралы – пəн бойынша толық ақпарат, мақсаты, сабақ авторы жəне автор жетістіктерімен танысу бөлімі.

  • Пəн мазмұны – пəннің жоспарымен танысуға арналған бөлім, өтетін тақырыптардың тізімі.

  • Тесттер – əр тақырып бойынша тест тізімі.

  • Тапсырмалар – тақырып бойынша А, Б, С деңгей тапсырмалары.

Артық пəндер қосылып кетсе, "Алып тастау" батырмасы арқылы жүзеге асыруға болады. Керек сабақтар қалғаннан кейін "Жазылу" батырмасын басу қажет. "Менің сабақтарым" бөлімінде керек сабақтар тізімі шығады.

3. Сабақ оқу жән тапсырма орындау

Сабақты бастау үшін "Менің сабақтарым" бөліміндегі керек сабақ астындағы "Оқуды жалғастыруды" басыңыз. "Пəн мазмұны" батырмасын басып, пəн бойынша түсірілген видеосабақтар тізімі шығады. Бірінші тараудың бірінші сабағынан басталады.

Əр тақырып 2-10 минуттық видеосабақтан, 10 тест сұрағынан, 3А, 2В, 1С деңгейлі тапсырмадан тұрады. Бір тақырыпты оқып біткенде бонустар беріледі. Жаңа тақырыпқа өту үшін келесі шарттарды орындау керек:

  • видеосабақты толығымен көру;

  • 10 тест сұрағының кем дегенде 7-уіне дұрыс жауап беру.

4. Видеотрансляция жасау

Оқушылармен немесе мектеп əкімшілігімен конференция өткізу үшін жеке кабинетке кіріп, "Конференция" батырмасын басасыз немесе https://daryn.online/profile/stream сілтемесін жазу арқылы кіре аласыз. "Қосылу" батырмасын басқан соң берілген сілтемені көшіру арқылы басқалармен бір конференцияға кіру мүмкіндігіне ие боласыз. Join meeting батырмасын басып, видеотрансляцияға кіресіз.


Kundelik

2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.

1. Жүйеге тіркелу/кіру

Ата-аналар мен оқушылар жүйеге кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымындағы деректерді толтыруға жауапты қызметкерге, яғни білім беру ұйымының әкімшісіне хабарласуы керек. Әкімші туралы ақпарат болмаса, сынып жетекшісімен байланыса аласыз. Қолыңызда логин/пароль болса, https://kundelik.kz/ сайтына өтіп, "Кіру" бөліміне өтіңіз. Логин мен парольді енгізіп, "Кіру" батырмасын басыңыз. Содан кейін "Қауіпсіздік параметрлері" бөлімінде электронды поштаны толтыру қажет. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ, жоғалған жағдайда логин мен парольді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет.

2. Үй тапсырмасын орындау

Бас бетте сабақ кестесін, мұғалімдер берген тапсырмалар мен мектеп әкімшілігінің хабарландыруларын көруге болады. Жүйеге кірген соң "Мектеп" батырмасы шығады. Соның ішінде "Менің сыныбым" бөлімін таңдап, "Файлдар" батырмасын басқанда әр пән бойынша ашылған папкалар шығады. Оқушы пәннің папкасына кіріп, өзіне сынып жұмысы мен үй тапсырмалары жазылған файлды жүктеп алады. Орындаған тапсырмаларды файл түрінде "Файлды жүктеу" батырмасы арқылы жүйеге қосуға болады. Үй тапсырмаларын "Мектеп" бөліміндегі "Үй тапсырмалары" бөлімшесінен көру мүмкіндігі бар.

Тапсырманы жеке мұғалімге жіберу үшін "Мектеп" – "Менің мектебім" – "Адамдар" – "Қызметкерлер" батырмаларын басқаннан кейін мұғалімді аты-жөнімен іздеу керек. Мұғалім табылған соң жаңа хабарлама арқылы файлдары жүктеп жібересіз.

3. Бағаларды көру

Бас беттің сол жақ бөлігіндегі сабақ кестесінің астында "Күнделікті көру" және "Барлық бағалар" деген батырмалар бар. Сондай-ақ, жоғарыдағы "Мектеп" бөліміндегі "Күнделік" бөлімшесінен әр күннің, әр аптадағы жән әр тоқсандағы бағаны көруге болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!