Материалдар / Баяндама "Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту, алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге уйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2972
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру


ХХІ ғасыр – жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің уақыты..

«Қазақстан-2030 Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміз жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлтқа айналуымыз керек. Қазіргі кезде тек қана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып тұр. Біздің азаматтарымыз заманауи өндірістік құралдарымен жұмыс жасауға, үнемі білімдерін жетілдіруге дайын болуы тиіс. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың функционалды сауаттылығына көп көңіл бөлуіміз қажет» - деп атап көрсетті. Осы мақсатта 2012 жылдың маусым айындағы №832 ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2012-2016 жылдарға оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді.

Оның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы оқушыларының функционалдық сауаттылығының дамуы үшін жағдай туғызу, алған білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету.

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады. Осы стратегиялық маңызды мәселенің басты негізі тұлғаның  функционалдық сауатттылығы: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және мәселенің шешімін, даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі тетігін нақтылап түсіндіре кетейік: Бірінші тетік – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру. Екінші тетік – оқу нәтижеле­рін бағалау жүйесін жаңарту. Функционалдық сауаттылықты дамытудың үшінші тетігі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы . Төртінші тетік – қосымша бі­лім беру жүйесін дамыту.

Қазіргі таңда жеке адамның білімділік деңгейіне деген талаптар өсуде. Жаңа жағдайдағы оқу үрдісі оқушылардың жан-жақты құзыреттілігіне, өмір бойы білімдерін жетілдіруіне бағытталу міндетті. Жеке тұлғаның құзыреттіліктерінің даму алғышарты – ол адамның бойындағы функционалды сауаттылықтың болуы. Функционалды сауаттылыққа ие болудың жағымды жақтары көп, оның ішінде – оқушылар әлемнің өзгерістеріне жедел әрі оңай бейімделеді. Олай болса, олар заманға сай дамып, әр саланың білікті де білімді мамандары бола алады. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік білімдер, ептілік және дағдылар, ал ұйымдастыру түріне – мәселелік жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі оқушылардың құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығының дамуына сеп болады.
Функционалды сауаттылық (functionalliteracy, ағылшын сөзі) – білім алу, мәдениет жетістіктерін игеру, кәсіби міндеттерді дұрыс атқару, жеке тұлғаның өмірінде қолданылатын, оның келешек дамуына қажетті білім алудың нәтижесі. Заманауи ұстаздың терминологиялық сөздігінде функционалды сауаттылық көрсеткіші - адам қызметінің барлық салаларындағы тиімділігі. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар оқу нә­ти­же­ле­рін бағалау жүйесін жа­ңар­туда, яғни  функционалдық сауат­тылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бо­йынша оқу жетістіктерін ба­ға­­лаудың жаңа тәсілдерін бір­тін­деп мектеп өміріне енгізу қолға алына бастады.  Білім саласындағы ең өзекті мә­селенің бірі– функционалдық сауаттылықты дамытуда оқу­шы­лардың жетістіктерін мо­ни­то­рингілеу мен кешенді ба­ға­лау   ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.    

Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі жүргізілсе, 2012 – жылдан бастап PISA,TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерт­теулер өткізілуде. Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері болмақ және де осы шараларға толық дайындық республика көлемінде жүргізіліп жатқаны мәлім.

Осы халықаралық зерттеулер ішіндегі PISA  15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімін, іскерлігін және дағдыларын адамзаттың әр түрлі қызметінде өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларды тұлға аралық қатынаста және әлеуметтік қатынастарда қолдана білу қабілеттерін бағалайды. Қазақстанда өткізілген алғашқы зерттеу нәтижелері аса күрделі емес мәтіндерін қолданатын және пайдаланатын оқушылар саны төмен екендігін көрсетуі-жалпы білім беретін мектептерде пәндік білім беру жақсы болса да, ол білімді өмірде  кездесетін жағдайларда дұрыс қолдануға үйретпейдіндігіміз анықталып отыр. Қалалық жерде  әр түрлі сервистік қызмет көрсету орталықтары, әр түрлі мекемелерде қарым- қатынас ,үнемі байланыс мүмкіндігі бар, ал ауылдан қыр асып шықпаған , ғаламтор мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендердегі оқитын оқушыда ондай құзіреттілік  қайдан болсын?! Сондықтан  ұстаздардың алдында  табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру міндеті  тұр. Ал тұлға құзыреттілігін дамытуда   ұстаздың   кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін арттырудың маңыздылығы жоғары.

Осы ретте PISA бағдарламасы бойынша Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында кәсіби біліктілігімізді  арттырдық. Ғылыми негізде ұғынып, курс тыңдаушыларымен іс- тәжірибеде қолданудың әдіс- тәсілдерін қарастырдық. Қазіргі заманауи ағымдағы Кембридж тәсілі, ақпараттық коммуникативті технологиялар, СТО, т.б. технологиялар және интербелсенді әдістерді қолдану арқылы  оқыту үрдісін жандандыруға, танымдық ынталарын дамытуға  және осының әсерінен білім сапаларын  арттыруға үлкен әсері болады және осының бәрі оқушылардың түрлі салаларда ең жоғарғы нәтижеге жетулеріне мүмкіндік береді деген  ой түйіндедік. Енді қысқаша осы PISA бағдарламасына тоқтала кетейін:

PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлік өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу құралдары, оқушылардың өмірде кездесуі мүмкін проблемаларды шешуде жалпы оқыту дағдыларының қалыптасқандығын және жаңа қоғамда тиімді қызмет етуін бағалау мақсатын көздейді.

Зерттеу объектісі болып 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктері. Kөптеген елдерде жасөспірімдер 15-жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.Енді осының ішінде математикалық сауаттылыққ тоқтала кетейін:

15 жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделі, саналы азамат жасайтын қажеттілігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді.

Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:

Қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу;

Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;

Шешімдерде қолданылған әдістерді талдау;

Қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;

Шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу.

PISA зерттеуінде оқушыларға қазақстандық мониторингтік зерттеулерге тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және т.б. туралы мәліметтер ұсынылады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді:

Сандар;

Кеңістік және форма;

Өзгерістер мен қатынастар;

Белгісіздік.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы атаған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттіліктің» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттілігі зерттеуде «тұлғаның математикалық білімдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттіліктің деңгейлері қарастырылады: елестету деңгейі, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейі.

«елестету деңгейі» -ақпаратты берудің әдеттегі формасы; белгілі фактілерді,стандартты әдіс-тәсілдерді тура қолдану,таныс ережелерді қолдану;

«байланыс орнату» - ақпараттың бір формасынан екінші формасына ауысу, математикалық модельдер құру; есеп шығаруда белгілі әдістерді,белгіліге жуықтарын қолдану,шешімді интерпретациялау;

«талдау» - күрделі мәселелер; ойлану және интуиция; шығармашылдық; шығару тәсілдерін жасау,негіздеу.

Осы халықаралық зерттеулер ішіндегі PISA  15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімін, іскерлігін және дағдыларын адамзаттың әр түрлі қызметінде өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларды тұлға аралық қатынаста және әлеуметтік қатынастарда қолдана білу қабілеттерін бағалайды. Қазақстанда өткізілген алғашқы зерттеу нәтижелері аса күрделі емес мәтіндерін қолданатын және пайдаланатын оқушылар саны төмен екендігін көрсетуі-жалпы білім беретін мектептерде пәндік білім беру жақсы болса да, ол білімді өмірде  кездесетін жағдайларда дұрыс қолдануға үйретпейдіндігіміз анықталып отыр. Қалалық жерде  әр түрлі сервистік қызмет көрсету орталықтары, әр түрлі мекемелерде қарым- қатынас ,үнемі байланыс мүмкіндігі бар, ал ауылдан қыр асып шықпаған , ғаламтор мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендердегі оқитын оқушыда ондай құзіреттілік  қайдан болсын?! Сондықтан  ұстаздардың алдында  табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру міндеті  тұр. Ал тұлға құзыреттілігін дамытуда   ұстаздың   кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін арттырудың маңыздылығы жоғары.

Осы ретте PISA бағдарламасы бойынша Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында кәсіби біліктілігімізді  арттырдық. Ғылыми негізде ұғынып, курс тыңдаушыларымен іс- тәжірибеде қолданудың әдіс- тәсілдерін қарастырдық. Қазіргі заманауи ағымдағы Кембридж тәсілі, ақпараттық коммуникативті технологиялар, СТО, т.б. технологиялар және интербелсенді әдістерді қолдану арқылы  оқыту үрдісін жандандыруға, танымдық ынталарын дамытуға  және осының әсерінен білім сапаларын  арттыруға үлкен әсері болады және осының бәрі оқушылардың түрлі салаларда ең жоғарғы нәтижеге жетулеріне мүмкіндік береді деген  ой түйіндедік.

2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2020 жылы 40-45орын.

Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.  

Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді:

1)    Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға бейімделу  оқу сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 5% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 28,6%);

2)    Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);

3)    Әртүрлі ғылыми жаратылыстану ғылымдарындағы түсіндірмелерді біріктіретін, аталмыш түсіндірмелерді өмірлік жағдайларда қолдануға бейімдеу, жаратылыстану ғылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді жұмыс істеу ғылыми жаратылыстану сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 3,6% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%)

Күтілетін нәтижелер:

1. Белсенді оқытудың стратегияларын қолдануды меңгеру

2. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену

3.  PISA бағдарламасының математикалық сауаттылығының элементтерін сараптау және элементтерді жемісті қабылдауға қажетті стратегиялар мен дағдыларды анықтау.

4. Элементтерді сараптау мен шешу үшін PISA бағдарламасының элементтер құрылымы мен стратегияларын түсінуді жетілдіру.

5. Оқушылар үшін  PISA  бағдарламасы элементтеріне ұқсас үлгілер құра білу

6. Сабақтарда PISA  бағдарламасы элементтерін тиімді қолдану





Қорытынды:

Жоғарыда аталған жайтты жалпылай келе, функционалды сауаттылық – оқу қызметінде және күнделікті өмірде жалпы білім беретін мектептер бағдарламалары бойынша оқушылардың пәндік білімдерден басты құзыреттіліктерді игеріп, белгілі бір деңгейге жетуі деуге болады.

Функционалды сауаттылыққа адамның логикалық сауаттылығы, заң сауаттылығы, оқу және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, отбасылық өмір мәселесіндегі сауаттылық, ден саулық мәселесіндегі сауаттылық, қауіпсіздік жөніндегі сауаттылық, компьютерлік және ақпараттық сауаттылық жатады.
Функционалды сауаттылық адамның өмір бойы оқып-үйрену, ақпараттық байланыс технологияларын қолданып, шығармашыл ойлау, дер кезінде дұрыс шешім қабылдау, әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерде тиімді қарым-қатынас орнатудағы орасан зор ықпалын тигізетін фактор. Сондықтан, біздің мемлекетіміз үшін оқушылардың функционалды сауаттылығының маңызы аса зор, себебі бүгінгі оқушылар еліміздің болашағын қалайды.
Оқушының бойында функционалды сауаттылықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді, алайда, функционалды қабілеттер мектеп қабырғасынан және жанұядан басталады. Сондықтан, біз мектептегі функционалды сауаттылықты дамыту жөніндегі жұмыстың сапасын мүмкінідігінше жоғары деңгейде дамытуын қамтамасыз етуіміз қажет. Бүл – заман талабы.
Балалардың функционалды сауаттылығына тек қана мектеп, тек қана оқу-тәрбие ісіне ата-ананың қатысушылығы ғана емес, ата-аналардың өз функционалды сауаттылығы да ықпал етеді. Сол үшін, мектеп отбасылармен, ата-аналар ұжымымен бірлесе отырып, жұмыс атқару қажет.


Ойымды қорыта келе, оқушылар арасындағы дер кезінде және сапалы функционалды сауаттылық қалыптастыру - олардың бақытты болашағының кепілі дегім келеді, олай болса, еліміздің бақытты болуы да осыған байланысты. Елі­міз­дің Президенті Н.Назар­баев ерекше көңіл бөліп отыр­ған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  Осылайша, әлемдік деңгейдегі білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделін қалыптастыру білім саласының алға қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мұғалімнің де кәсіби даярлығы да соған сай болуы  және оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттерге қол жеткізуге бағытталуы керек деп ойлаймын . Ендеше, біз жұмысымызды осы бағытта құра отырып, жұмыс жасауымыз керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!