Материалдар / Баяндама "Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы топтық жұмыстың рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы топтық жұмыстың рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы топтық жұмыстың рөлі" қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2018
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы Жақсы ауданы Подгорное орта мектебі

Тамыз конференциясы




Баяндама

Тақырыбы:

«Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы топтық жұмыстың рөлі»


Дайындаған: Аренова Меруерт Жумабековна

ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі















2016-2017 оқу жылы

Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті проблемалар бар: Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үдерісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Бүгінгі таңдағы оқыту үдерісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе, шығармашылықпен жұмыс істесе екен деген мақсаттарды көздеймін. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптасcа екен деймін.

Мұғалім топтық жұмыс түрін қолданғанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отырады.

Топпен жұмыс жүргізу кезінде оқушылар:

  • Бір - біріне бірдей бағынышта, сыйластықта болады;

  • Бір - біріне деген жауапкершіліктері артады;

  • Топтың барлық мүшелердің бір - бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесе сөйлеу дағдылары қалыптасты. Топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалады;

  • Оқушылардың есте сақтау қабілеті жоғарылайды;

  • Жиі - жиі ой талқысын жасау және өз пікірін білдіру арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым - қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады .

Сабақ беру кезінде мен сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қазақ тілі сабақтарында қолдана бастадым. Олардың жаңашылдығы мен көп уақыт алатындығы топтық жұмыс түрінде көп қолдануға мүмкін болды. Оқушылардың тілдерін жетілдіру мен шығармашылыққа баулуда сыни тұрғыдан оқыту стартегиялардың маңызы зор. Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн диаграммасы”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта”, “Автор орындығы” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, тапсырмаларды орындау барысында өз ізденісімен қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сондай - ақ топтық жұмыс арқылы оқушылар өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру (дебат), жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім сапасының көтерілуіне көп әсерлерін тигізеді. Сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысады.

Сынып оқушыларының топтағы білімдерін бағалау үшін бағалау критерийлерін белгілеп алу қажет. Олар:

  • Оқушылардың сабақта белсенділік танытулары;

  • Өз ойларын ашық та еркін жеткізе алуы;

  • Тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білулері;

  • Барлық топтар бойынша сыйластық, тәртіп, ұйымшылдықтың болуы.

Бағалау критерийлері оқушыларға алдын ала таныс болуы тиіс немесе тақтаға ілініп қоюы тиіс.

Топтық жұмыс жүргізу арқылы байқағаным: оқушылар сабақты өз еріктерімен қажеттілік ретінде қабылдады. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. Алдағы уақытта да топ мүшелері топ ережесін ұстанып, жұмыс істеуге тырысып отырды. Мен өз тарапымнан ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етіп отырдым. Мен оқушыларымның мінез - құлқының ерекшеліктерін жақсы білемін. Сондықтан маған сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру айтарлықтай қиындық туғызбады. Сыныбымдағы тәртіп ережелері мен нормалары сақталды. Оқушылар бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезінді. Олар топта, жұпта тапсырмаларды талқылау кезінде әңгімелесуге құлықты болды.

Топтық жұмыс түрін қолданған кезде менің сабағымда оқушылар арасында:

  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың;

  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

  • бір-біріне құрметпен қарауға;

  • өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

  • достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

  • белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмауы керек. Мұғалім баланың білімді игеруге қызығушылығын оятуы, шығармашылықтарын дамытуы қажет.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырғанын байқадым. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылды. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады.

Өз тәжірибемде оқытудың диалогтік тәсілдерін қолдануда топтық әңгімеге басты назар аудардым. Себебі сабақ берген сыныбымда оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге тартынып тұрды. Ал топта жұмыс істегенде оқушылар меңгеретін материалды топта талқылап, бір - біріне айтып, тілдерін жаттықтырып алады. Содан соң сынып алдына шығып сөйлейді.

Топпен жұмыста оқушы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Топтық жұмыс жүргізу арқылы байқағаным: оқушылар сабақты өз еріктерімен қажеттілік ретінде танып, белсенділік танытуға тырысып бақты.

Қорыта келгенде, аталмыш бағыттағы жұмыс жүргізуге дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Тәжірибе барысында көзім жеткені: оқушылардың топпен жұмыс жүргізу барысында сабақтағы белсенділіктері, шығармашылықты қажет ететін жұмыстарға қызығушылықтары арта бастады.

Сабақтарымда топпен жұмысты әрі қарай қолданып, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына деген қызығушылықтарын әрі қарай арттыру, топпен жұмыс істеу жағдайында оқушылардың құрбы-құрдастарымен қарым - қатынас жасауға, жаңа идеяларды ұсынуға және қорғауға, әр түрлі ұстанымдармен алмасуға, шығармашылықтарын дамытуға және сабаққа белсенді қатысуға ықпал жасауды жалғастыруды көздеймін.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!