Материалдар / Баяндама "Оқушылармен қарым қатынас әдістемесі"

Баяндама "Оқушылармен қарым қатынас әдістемесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасындағы оқушылармен қарым-қатынас барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу. Оқушылармен қарым-қатынас негізі туралы баяндама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
536
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі


Оқу жылының соңына қарай балалар сабақта бірлесіп жұмыс істеу жөнінен біраз тәжірибе жинақтайды. Олар енді қажет болған кезде, жалпы оқу құралдары мен кітаптарын пайдалана алады, бір-біріне көмектесіп, өз білімін ортаға сала біледі, олардың бойымда ұжымдық жұмыс түрлеріне деген ұмтылыс пайда болады.

Орыс тілі, жаратылыстану, математика және басқа пәндер бойынша оқу материалын меңгеру қазіргі балалар үшін едәуір қиындық туғызады. Сондықтан қажетті ақыл - ой салмағы балаға ауыр, ұнамсыз әсер етпей, күш салудың, «жаңалық ашудың», жаңа, бұрын белгісіз нәрсені түсінудің арқасында қуанышқа бөленетіндей оқу процесін ұйымдастыру талап етіледі.

Оқу, грамматика және тіл дамыту сабақтары адамдардың қарым - қатынасы туралы балалардың көзқарасын байытуға, оларды қоғамдағы тұрмыс нормаларымен және ережелерімен таныстыруға мүмкіндік береді, баланың еліктеуге тырысатын адамгершілік мұратының қалыптасуына көмектеседі. Биология сабақтары табиғат оның байлықтары, адамның табиғатқа көзқарасын туындатады. Оқуға арналған кітаптарда қазіргі балалардың өмірі бейнеленген әңгімелер берілген. Әңгімелердің мазмұны балалардың назарын күнделікті өмірде жақсылық, ілтипаттылық, қамқорлық көрсетуге аударады. Сөйтіп, балалардың басты назарында айналасындағы адамдар достары, жолдастары, ата-аналары болады.

Өнегелік мағынасы бар әңгімелер арқылы баланы сипатталып отырған оқиғаның тереңіне жеткізуге болады. Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі сабақтарында өткізілетін қысқаша мазмұндаманы пайдалануға болады. Бұл үшін мазмұндамаға арналған әңгіменің мәтініне тиісті мінез-құлық әдісін таңдауды талап ететіндей проблемалық адамгершілік міндетті енгізген жөн. Оқу тапсырмасын орындай отырып, бала адамгершілік көзқарасты қалыптастыруға арналған қажетті материал алады [1, 76б.].

Мысалы, жетінші сынып оқушыларына мынадай әңгіме оқылды; "Жаз мезгілі жетті. Орманда бүлдірген пісті. Үш дос-Орал, Болат, Қасым - үйге бір-бір кәрзеңке піскен жидек әкелуді ұйғарды. Олар орман ішін ұзақ аралады. Бүлдіргенге тойып, кәрзеңкелерін толтырды. Кенет Қасым қалтасында үйдің кілті жоқ екенін байқады. Бүлдірген терген жерге қайтып барып іздемекші болды. Болат жолдасын аяп, күрсінді де, үйіне кетті. Ал Орал ..... Тапсырма: Қасым не істеуге тиіс екенін жазу.

Мүғалім оқушылар үшін өзекті болып табылатын осы сынды материалдарды алдын - ала даярлап алуы қажет. Балалардың ойлау қызметінің негізгі түрлері сабақтағы жұмыс түрі ұжымдық болған кезде тезірек әрі жақсы дамиды. Жетінші сыныптағы сияқты сегізінші, тоғызыншы сыныптарда да ұжыммен құрылған әңгімелер қызықты болады. Бұл жұмыстың барысында балалардың бойында берілген шешу жолдарын салыстырып, ортаға салып, дұрысын таңдай білу, ал, қажет жағдайда қарсы ой білдірген оқушы өз ойының дұрыс екендігін дәлелдеп шығуға мүмкіндік алады. Осындай тәсілдер арқылы сабақ өткізген кезде оқушы бойында өз ойын дәлелдеу мен қатар белсенділік сияқты жақсы қасиеттер қатар дамиды. Математика сабақтарында есеп шығарған кезде бірлесіп жұмыс істеудің әр түрлі варианттары болуы мүмкін, мысалы:

1) есептің шартын өз бетімен оқып шығу. Оның мағынасын, берілген мысалдың арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын сөздерді табу. Тапсырманың осы бөлігін олардың әрқайсысы дұрыс шешкен-шешпегені туралы өзара кеңесу;

2) есепті өз бетімен шығарып, одан кейін орындалған жұмысты өзара тексеру және жолдасы орындаған жұмысқа ауызша баға беру;

3) жолдасы ойлап тапқан есепке сұрақ қоя білу. Есептің кез келген шартына математикалық мәні жағынан әр түрлі бірнеше сұрақ қойылуы мүмкін екеніне балалардың назары аударылады;

4) тақтаға жазылган схема бойынша есеп мынадай саты бойынша жасалады; а) компоненттердің арасындағы байланыс белгіленеді; ә) математикалық ұғымдар арқылы есептің құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыс анықталады; б) есептің мазмұны анықталады. Ұжыммен құрылған бөлшектерден тұтас есеп жасалып, ол класта өз бетімен шығаруға ұсынылады.

Үлестіріліп берілетін материалмен жұмыс істеу бір партада отыратын балалардың зерттелетін заттарды бірлесіп қарауына, салыстыруына, бейнелеуіне мүмкіндік береді. Бұл балалардың оқу пәніне деген назарын күшейте түсуге және олардың тату, жолдастық қарым - қатынасын нығайтуға көмектеседі.

Мысалы, «Бөлме өсімдіктері» деген тақырып бойынша сабақ өткізген кезде класты төрт-төрт адамнан топтарға бөлуге болады. Балалар өсімдіктерді күтіп - баптау жөніндегі міндеттерді топ мүшелерінің арасында өздері бөледі: бірі топырақ қопсытады, екіншісі сарғайған жапырақтарды үзеді, құрғақ бұтақтарды кесіп тастайды, үшіншісі суарады; төртіншісі өсімдіктің аты жазылған белгі жасайды. Топтарда әр түрлі оқушылар кезекпен ұйымдастырушы болуға тиіс. Жұмысты қабылдап, талдау жасаған кезде мұғалім орындалған тапсырманың сапасын ғана емес, сонымен бірге жұмыс барысында қалыптасқан өзара адамгершілік қарым-қатынасты да бағалап өтеді. Сөйтіп, балалар бүкіл ұжыммен табысы әркімнің істеген жұмысына байланысты екеніне тағы да көз жеткізеді. Олар өзінің ғана жақсы жұмыс істеуін жеткіліксіз, жолдасың да сондай жақсы жұмыс істеуі керек, демек, оған дер кезінде көмек көрсету керек екенін түсінеді.

Топтық тапсырмаларды ұйымдастыру және оларды сабақта орындау оқушылардың бірлескен қызметі кезінде ұзақ уақыт бойы топтасып араласуына және ұжымдық сыннан өтуіне мүмкіндік береді.

Жалпы жұмыс үшін топтар құра отырып, балалардың арасындағы жолдастық байланысты, олардың өзара қарым - қатынасын, бірлесіп жұмыс істеуге балалардың әзірлік дәрежесін ескеру қажет. Бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланбаған бала ондай жұмысқа дағдыланған балалармен ынтымақтасып жұмыс істейді. Егер сыныпта ұжымдық жұмысқа әзірленбеген балалар көп болса, педагог бүкіл класты топқа бөлуге асықпауға тиіс. Ол балалардың жұмысын мұқият қадағалауға мүмкіндік алу, оларды бірлесіп жұмыс істеуге, әркімнің еңбегін бағалай білуге үйрету үшін алдымен бір топқа, одан кейін екінші топқа тапсырма береді. Пәндік сабақтардағы ойластырылып құрылған топтар балалардың бір -біріне адамгершілік игі ықпал жасауының, олардың арасында өзара дұрыс қарым - қатынас қалыптасуының пәрменді құралы бола алады [2, 123б.].

Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту барлық сабақтарда болатын үрдіс - бұл мұғалімнің назарында болатын ерекше обьект. Балалардың сабақта да, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да араласу сарыны көбінесе сөйлеу мәдениетіне байланысты болады. Кейбір балалар өз жолдастарына әр түрлі дөрекі сөздерді қолданады, қатты сөйлейді немесе заңды талаптарын жоғары сарынмен қояды. Жолдастарына көзқарасын білдірудің осындай сыртқы түрі көбінесе қарым - қатынастың мазмұндық жағын анықтайды. Мұғалім балалардың өзара араласу сарынын қадағалауға және қажет болған жағдайда оны алға қойылған тәрбиелік міндеттерге байланысты өзгертіп отыруға тиіс. Балалар ұжымында "сыйластық сарыны" басым болса, онда жеке адамның өзара адамгершілік қарым - қатынасы мен қасиетті неғұрлым тезірек әрі оңайырақ қалыптасады.

Сабақта бәрі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Сабақтағы балалардың өзара қарым-қатынасының сипаты көбінесе мұғалімнің жеке өзіне өзінің балалық шағын еске түсіру, баланың кездейсоқ жасаған қылықтарын байқамағансу, балалармен бірге қуанып, бірге ренжи білу, олардың мүддесімен өмір сүре білу қабілетіне байланысты болады. Мұндай реттерде бала өзінің жақындығын сезініп, сыныпта жолдастарына мұғалім сияқты қарауға тырысады. Мұндай жағдайда бала мұғалімнің тарапынан, одан кейін сыныптас жолдастарының тарапынан да демеуді сезінеді. Бұл оның адамгершілік жағынан дамуы үшін де жағдай туғызады [3, 67б.].

Жоғары сыныпта балалар бірін - бірі жақсы біледі және жолдастық қарым-қатынастан басқа, олардың арасында ынтымақтық пайда болады. Мұғалім оқуға арналған мәтіндерді пайдалана отырып, нағыз жолдастық пен шынайы достық туралы, бұл үшін қажетті қасиеттер (кішіпейілділік, қайырымдылық, әділеттілік және өзара көмек) туралы балалардың көзқарасын кеңейтіп, нағыз достыққа не кедергі келтіретінін оларға көрсете алады. К.Д.Ушинский; «Шығармада келтірілген адамгершілік іс - әрекетті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма - өнегелі шығарма» - деп жазған [4,57б.].

Оқу үшін көркем шығармалар таңдау олардың негізінде жоғарғы сынып оқушыларының өзара қарым - қатынасында адамгершілік мәдениетін дамытуға болатындай етіп жүзеге асырылады. Әдеби шығармаларды оқи отырып, балалар адамдардың мінез - құлқы мен іс - әрекетін, іс - әрекеттің болу себебін ажырата білуге, игі істің әдемілігін сезінуге, бұзақылықты, мейірімсіздікті айыптауға үйренеді.

Ұсынылған шығармаларды талқылауға арналған сұрақтар балалардың кейіпкер іс-әрекетін түсінуін бағалай білуін тереңдетеді. Осы шығармалардың негізінде өткізілетін этикалық әңгімелер, егер олар баланың жақын туыстарымен, жолдастарымен қарым - қатынасына байланысты болса, егер мұғалім адамның халық, Отан, табиғат дүниесі алдындағы жауапкершілігі туралы мәселе көтерсе, әлбетте, балаларды өте қызықтырады. Сөйтіп, балалардың алдына қойылған мәселелерді ұжымдық түрде шешу адамгершілік көріністерді анықтауға ғана емес, сонымен қатар балалардың өмір тәжірибесін кеңейтуге де жәрдемдеседі. Әңгіме кезінде мұғалім практикалық істерді ұйымдастыру туралы балалармен міндетті түрде сөйлесуге тиіс.

Оқи отырып және оқылған материал бойынша әңгіме өткізе келе, балалар бірте - бірте адамдардың ісі мен әрекетін өнегелік жағын ажырата білуге, адамгершілік норма тарапынана тәртіпті бағалай білуге үйренеді. Балалардың назарын игі көріністерге ғана емес, жаман көріністерге де аударып отыру, оларды әділетсіздікке, қаталдыққа, арамдыққа қарсы күресуге ынталандыру өте маңызды. Әдеби шығармадағы кейіпкердің мінез -құлқын жоғарғы сынып оқушылары көбінесе үлгі тұтады, ол арқылы бала жолдастары мен өзінің іс - әрекетіне баға береді.

Тәрбиелік жағынан баланы әңгімеде, өлеңде келтірілген "адамгершілік мәселемен" қызықтыру өте маңызды. Осыған байланысты мұғалімнің мәнерлеп оқуы үлкен роль атқарады, баланың шығарманы ұғыну қабілеті көбінесе осыған қатысты болады.

Мәселелердің бағыттылығы, оқылған шығарманы талқылау қорытындысы бала сезімім оятардай "өзекті" болуға тиіс. Бұл – жоғарғы сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен алға қойылған мәселені өздері шешуге, шешімді дайын түрінде шығармай, ереже жасауға тиіс деген сөз. Шығарманы талқылау баланың білімі мен сезімінің бірлігін қамтамасыз етуге тиіс, сабақта оқыған материал баланы толғандыратындай жағдай тудыруы тиіс [5].

Сыныптың ерекшелігіне қарай мұғалім мәтінді іріктеп пайдалануы, адамдардың адамгершілік сезімі, түсінігі мен іс - әрекеті туралы баяндайтын басқа әңгімелер таңдауы мүмкім.

Жоғарғы сынып оқушыларын еңбек қызметіне тәрбиелеуде елімізде жасалып жатқан зкономикалық және әлеуметтік өзгерістер туралы білімдерді жинақтаумен тығыз байланыста жүзеге асыру қажет. Балаларға түсінікті материал арқылы мұғалім оқушыларды еңбекшілерінің алдағы міндеттерімен таныстырады, жалпыхалықтық құрылыстардың маңызы туралы айтады.

Жоғарғы сынып оқушыларымен «сана», «үнем» «рационализатор-лық», «тиімділік» сияқты ұғымдарды қалыптастыру жөнінде де жұыс жүргізіп отыру керек. Бұл ұғымдар еңбек процесінде және оның натижелеріне, меншікке, табиғатқа деген көзқарасты анықтайды. Мәселен, балалар сызу сабағы бойынша машина моделін әзірлеуді үйренеді. Модель оқушыларға көрсетіледі, оның негізгі бөлшектері қағазда бейнелену реті белгіленеді, ірі бөлшектерінің жазықтықта бейнелену сипаты анықталады. Мұғалім түсіндіру барысында қандай шартты сақтаған кезде уақыт пен күшті аз жұмсап, сапасы өте жақсы зат жасауға болатынын еске түсіруге көмектеседі. «Сапа» ұғымын түсінудің келесі кезеңі - заттарға баға беру. Баға беру үшін таңдалып алынған қадағалау тобы (әдетте ол үш адамнан тұрады) заттарды үш топқа бөледі: үлгіге сәйкес келеді, ауытқушылық бар, затта өрескел қателер бар. Заттарға ауызша баға беріледі. Еңбек нәтижелерін таңдау тез өтеді, заттың авторы әдетте аталмайды, әңгіме еңбек нәтижелері жайында болады. Балаларды бақылау зат авторларының фамилиялары аталмаса да, әрбір бала өз үлгісінің бағасын қадағалап, табысына қуанатынын немесе сәтсіздігіне ренжитінін көрсетеді. Еңбегінің нәтижесін ұжым мадақтап, еңбек қуанышын сезінген бала іштей күш-қуат алып, еңбек процесінен тағы да қуанышқа бөленсем деген ішкі ниеті пайда болады. Бұл бала бойынша адамдық қасиетті қалыптастыратын, оны парасатты және адамгершілікті түрде жетілдіретін бала еңбегінің екінші «рухани» нәтижесі.

Жоғарғы сыныпта «үнем» деген ұғымды тереңірек түсіндіру жұмысы одан әрі жүргізіледі. Бұл жұмыста балалардың қолда бар материалды пайдалану жөніндегі дербес қызметі едәуір орын ала бастайды. Жаңа заттың сызбасын қағаз бетін түсіре отырып, балалар бірнеше нұсқа ұсынады. Мұғалім бір топ баланың материалды неғұрлым үнемді жұмсауға мүмкіндік беретіндей етіп орналастырған сызбасына назар аударады. Тәжірбиеде мұғалімнің ұғымды түсіндіре отырып, істің бір жағына ғана, материалды үнемдеуге күш салатынын байқауға тура келеді, ал үнемдеген материалдың қайда жұмсалатыны балаларға әрдайым түсінікті бола бермейді. Үнемделген материалды пайдалануды, оны қайда жұмсауға болатынын ойластыру қажет. «Үнем» ұғымын түсіну процесінің тұжырымдылығы жұмыс барысында балалардың творчестволық қабілет, ептілік, тапқырлық көрсетуіне мүмкіндік береді [6, 235б.].

Балалардың еңбекте дұрыс ұжымдық көзқараста болуын қалыптастырудың зор маңызы бар. Оқушылардың жалпыға ортақ аспап пен материалдарды пайдалануларына, ті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ