Материалдар / Баяндама "Отбасы- бала үшін маңызды әлеуметтік орта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Отбасы- бала үшін маңызды әлеуметтік орта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамамнын тақырыбы "Отбасы-бала үшін маңызды әлеуметтік орта". Әріптестеріме көмегі болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы бала үшін –маңызды әлеуметтік орта.



Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып ,өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылы. Тәрбиенің негізі отбасында қаланады да ,одан ірі балабақшамен байланыс арқылы жалғасады. Мұнда баланың жас ерекшеліктері және бейім қабілеті назарға алынады .Көбінесе ата-аналар жалпы оз өмірлері, алған білімдері барысында кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып ,балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады . Тәрбие мақсатында сондай-ақ сол отбасының ұстанатын этикалық , діни,мәдени дәстүрі де есепке алынады. Сондықтан ата-аналар педагогтармен жиі ақылдасып, бала тәрбиесінде көмек алып отыруы қажет.Бала тәрбиелене отырып,ойын, оқу іс-әрекеті барысында білім алады.Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізеді

Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол-салауаттыда ,саналы ұрпақ тәрбиелеу.Отбасы бала үшін -өмірлікмаңызды әлеуметтік орта.Бұл ортаның маңызы өте зор.Себебі,отбасы-баланың эмоциялық қорғаны,психологиялық жан тыныштығының саяси өмірлік тірегі.Отбасының жылылығы мен махабаты-баланың озіне сенімін арттырып,болашагына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.Қабілетті бала тәрбиешілерге отбасымен ынтымақтаса отырып ,бала тәрбиесінде оң нәтежелерге жету жолында бағыт –бағдар береді

Мақсаты:Ата-аналарды олардың қүзреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кенестермен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1.Әр баланың отбасымен серіктестік карым-қатынас орнату.

2.Баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында күш біріктіру.

3.Ортақ қызығушылықтар мен туындаған қиыншылықтарда бірлесіп шешім

қабылдау, бір-бірін қолдау .

4.Ата-аналардың тәрбиелік шеберлігін,білімдерін ынталандыу мен байыту, өзіндік педагогигалық мүмкіндіктеріне сенімін арыттыру.

5.Балаларды жақындарына сыйластық сезімімен қарауға тәрбиелеу.

Мазмұны: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс бағдарын және баланың ата-анасына ,жақындарына сыйластығын қалыптастыру. Ашық , еркін қарым-қатынас жасауға жағыдай жасау.

Баланың балабақшадағы танысуға,құрдастарымен қарым-қатынасын байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі(ойын, еңбек,компьютер,тамақтану,серуендеу кезінде,бассейнде,спорт залындағы) жағыдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру.

Балалардың ересектермен бірлесіп әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би, т.б. жасауына жағыдай жасау.Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру үрдісіне қатыстырып, ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді. Осылайша ата-аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болады.Ата-аналар мен педагогтардың үздіксіз қарым-қатынасы (диалог), тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен балалардың жетістігі,әрекеті туралы айтып отырады .

Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде(әлжуаз, жетілуі мен дамыуында ауытқушылықтары бар ,көңіл-күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе отырып шешім қабылдайды.

Балаға ата-анасы оны қандай болсада жақсы көретінін сезінетіндей эмоционалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру жөнінде ақыл-кенестер береді.

Педагогтар баланы жан-жақты дамуга ,оның білуге құштарлығын арыттыруда ,есі мен зейінін тұрақтандыруда , тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды.

Сонымен қатар, отбасымен тәрбиешілер бірлесе отырып, баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып ,талантын шыңдауға күш салады .

Тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады. Мысалы:тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер, лекциялар.Арнайы маман-

дар мен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау (психолог,логопед). Ата-ана-

ларды психолог,логопед, медицина қызыметкерлерінің,қосымша сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып,баланың дамуындағы ерекшеліктері менкедергілері туралы мәлімет беріп отырады. Отбасының бала тәрбиесіндегіқиыншылықтарын, жіберген қателіктерін, ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады. Отбасының құпиясын жария етпей,қиыншылықтарды ата-аналармен бірлесіп шешеді. Қажет болса ,арнайы мамандардың қызметіне жүгінеді. Бала тәрбиесінде оң нәтеже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады.

Ата-ана махабаты дегеніміз баланың амандығын,денсаулығын және ішкі дүниесінің саулығын қолдайды. Сондықтан ата-ананың басты және негізгі мақсаты-баланы жақсы көру және қамқорлығы туралы сенімділік туғызу.

Тәрбиеші-педагогтың баламен өзара қарым-қатынасындағы басты міндеттері мынадай:

-балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді:

-балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды:

-өз тобындағы әр баланың қызығуы мен қажеттілігіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды.

-балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселесі туралы ата-аналармен жүмыс жұргізеді.

Балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіе жоспар құрып күнделікті технологиялық картамен бірге, апталық циклограммаларды жасақтайды.

Педагог ғалымдардың ғалымдардың тұжырымына сүйенсек ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге байланысты екенін білеміз. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер»-деген қазақ халқының мақалы осы жерде орынды болар.Отбасындағы ересектердің мінез-құлқына, мәдениетіне іс-әрекетіне қарап өсіп,тәрбие көрген баланы бірден көруге болады. Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып ,балалардың бақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс-шаралар жиі өткізілуі қажет.Ата-аналармен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас,бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтежелі болмақ .Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл ,шығармашылық , мәдениетті ,жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!