Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Баяндама Отбасы бақыты
Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
29 Қаңтар 2019
1642
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасы бақыты – ел бақытыОтбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірімен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажетті жағдай жасау – отбасындағы ата-ананың міндеті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады», - деген аталы сөзі қазақтың санасында сақталу қажет.«Семья – шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер, арттым саған көп міндет, премьер жолдас, бер пример», -деп жырлаған Қасым Аманжол отбасының мемлекет, Отан алдындағы қасиетті борыш екенін жас ұрпаққа аманаттап кетті. Отбасы өзінің берекесімен, бірлігімен, сол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қаяусыз көңілімен өлшенуі тиіс.Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне тән адамгершілік мәдени құндылықтары қалыптасады.Қазақта «Отан – отбасынан басталады», -деген дана сөз бар. Шынында да, пенде үшін Отаннан кейінгі қасиеті ұғым – отбасы. Отбасы осы алтын ұядағы әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайып, қатарға қосатын маңызды мекен. Данышпанның да, ғалымның да ең алғаш тәлім-тәрбиесі осы мекенде қаланған.«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді халық даналығы. Ең алғаш отбасын құрған әрбір жастар үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты етемін деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың, келеңсіз жағдайлардың басы шешілер еді. Қазіргі кезде қоғамда ажырасу дертінің күн санап артуы көңілді алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болып бақытқа кенелуі, Отанды құрайтын отбасы мықты болу керек. Үйленетін ер адам өзінің мойнына үлкен жауапкершілік артылғанын барынша сезіну керек. Ер адам әрқашанда отбасының асыраушы отағасы, отбасы үшін негізгі жауапты адам. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке қарастырған. Ұлдың бойына өжеттік, қайсарлық, батырлық секілді өзіне тән қасиеттерді сіңірсе, қыз баласына нәзіктік, сыпайыгершілік, ибалылық сияқты қасиеттерді тәрбие арқылы дарытқан. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары әке мен ұлдың, шеше мен қыздың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелер арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат зор үлгісі іспетті. Қасиетті құранда «Ей, иман келтіргендер, өздеріңді және бала-шағаларыңды оттан қорғаңдар, ол оттың отыны адамдар мен тастар». Әрбір әйел – үйдің берекесі, отбасының ұйытқысы, ардақты ана және адал жары. Ата-бабаларымыз: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі –талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ер сақтау, бәріне ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық деген екен». Шынындада отбасының берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Әрдайым ақылын басшылыққа алса, ой таразысына салып шешім қабылдаса, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын бәрінен де қымбат сақтаса және ең бастысы өмірін ардақтап, оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса, міне, бұл отбасы бақыттың кілті болар еді. Бақыттың бастауы – отбасынан тараған шапағат, ата-анамның махаббаты. Біздерге өмір сыйлап, осынау өмірге жолдама берген ардақты ата-анам сендердің үлкен құшақтарыңа бүкіл әлем де сыйып кетердей. Сіздердің жүректеріңіздің жылуы жер бетіне көктем шуағындай жылылық себеді. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ата-ана. Ал бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер отбасынан дариды. Яғни балаға тәрбие сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресін» деп ұрсып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзіңіз жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңызды бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Осылай баланы бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, олда ересектерді силап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық бідірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен ұстаздың рөлі қандай? Отбасы – баланың өмір сүру және даму ортасы. Отбасының негізгі міндеті – балаларды тәрбиелеу. Баланың дамуының қай жағын қарастырсақ та, бала қай уақытта болса да оның дамып қалыптасуына отбасы үлкен әсер етеді. Жан Жак Руссо – «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туылады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстанымдылығы, ақыл-ойы,сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез-құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері әкесі мен анасының ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми-педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оқу-ғылым жайлы болса, ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине, егер ата-анасы соған оны тарта білсе.Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Әрине, ел болашағы жастарды мектеп білім құшағына құшақ жая қарсы алады. Тәрбиелей отырып жан-жақты білім береді. Баласының болашағын ойлаған әр ата-ана мұғаліммен бірлесе жұмыс жасайды. Мұғалім де олармен тығыз байланыста болып, балаға ақылдас, сырлас дос, қамқор, кішіпейіл бола біледі. Ұстаздар әрбір баланың жан-дүниесін түсініп, оған сапалы білім-тәрбие беруге талпынып жұмыс істесе, ұтары көп. Балаға мектеп және отбасынан кейінгі тәрбиеші – сыртқы орта. Үйден және мектептен тыс орта – көше баланы кішкентайынан өзіне тарта алатын, теңіздей толқынданған бір алапат ағыс. Өмір даңғылы – көше. Оның балаға, бала түгілі ересекке, ықпалы орасан. Отбасы тәрбиесімен өскен және көшеде еркін кезіп жетілген балаларды көзіңізге елестетіңіз, айырмасы жер мен көктей. Көше баланың жеке даралығын, өзіндік мінезін өшіреді, сана-сезімін көше аумағымен шектеп, ақыл-парасаты тұрмыстық деңгейде қалып қояды. Бір жағынан дұрыс, көше, балаға адамдармен араласуды, жақсы мен жаманды ажыратуды біршама үйретеді, өмірге және өзіне шынайы көзқарас қалыптастырады. Бала ерте есейеді, қатаяды. Бала неге көшеге шығып кетеді?!. Иә. Балаға отбасы мен мектептің ықпалы төмендеген сәтте «баланы» көше өзіне тарта бастайды. Баланы «үйде қамап отыр» деген сөз емес, көшеге де шығу керек. Тек, көшедегі тіршілікке баланың көзқарасы үйде қалыптасуы тиіс. Көшедегі ғана емес, отбасындағы, мектептегі әрбір уақиға ата-ана бала арасында күнделікті талқыға түсіп, өз бағасын алып, айқындалып отыруға тиіс. Уақиға адамгершілік, қоғамдық тұрғыдан және ақыл парасат пен білім, әдебиеттік мазмұны жағынан жіктеліп, оның ақиқат мәнісі балаға ұғындырылып отыруы қажет. Көшенің «жақсысын» түсінген бала ең бірінші әдепті істерді, яғни орта балалары жаман, лақап сөздерді айтып жатса да өз бойына жинамауға тырысады. Ұрлық ортасынан өзін алыс ұстайды. Зиянды әрекеттер – темекі, насыбай, нашақорлық т.б іс-әрекеттерден айнала өтуді жөн көреді. Ал, көшенің «жаманын» жақсыға балаған жас бала барлығын көру үшін ұрлықта жасайды, зиянды әрекеттерді – темекі, насыбай, есірткі тартып көреді, ұрып-соғып өзін күштімін деп бойына өрескел қасиеттерді жинап алады. Баланың мұндай қылықтарын білген ата-анамен мұғалім, тәртіп сақшылары кездесіп сөз бастаса, кейбір ата-ана, балама «айтып жатырмыз, тыңдамайды» деген сөздермен тоқталады. Кейбір отбасында ата-ана қарбалас жүрістерін «бала-шағаның қамы» деп, айтып та өтеді. Ал баланың оқу, білім, мінез-құлық жағдайы, ішкі жан- дүниенің рухани талаптары ұмытылып қараусыз қалады. Балаға, оның тағдырына жауапкершілікпен қарау, өзін сыйлау, денсаулығын сақтау керектігін түсіндіріп, баланың психологиясын білу ата-ана мен мұғалім үшін парыз. Отбасы құндылығы – мемлекет ұстанып отырған басты саясат. Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылдығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ой түйген. Баланы жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа баулып өсіру шарт. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, қоғамда, тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдыққа, әділдік пен адамдыққа инабат пен ізгілікке, иба мен иманға үздіксіз тәрбиелеп отырған. Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып қоғам болып тәрбиелеген. Салауатты, білімді, өнегелі, үлгілі бала тәрбиелеу үшін мектеп пен отбасы арасындағы өте тығыз байланыс үзілмеуі керек.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)