Материалдар / Баяндама "Пәндердегі экологиялық білім мен тәрбие беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Пәндердегі экологиялық білім мен тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық тәрбие мен білімнің маңызы, мақсат міндеттері туралы сипатталған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
860
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәндердегі экологиялық білім мен тәрбие беру

Экологиялық тәрбие

Жоспар:
1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі.
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған күрделі мәселенің бірі - өзімізді қоршаған тіршілік ортасын биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп - көріктендіріп жеткізу. Өйткені тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты. «Не ексең, соны орасың» демекші еліміздің болашағы қазіргі жастарға байланысты, біз оларға қандай білім беріп тәрбиелесек, олар да сондай жеміс береді.
Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс - әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экалогиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз. 
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен баилатнысты. Өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б. 
Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау. 
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты - жеке оқушы бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, «Адам - Қоғам - Табиғат» арасында толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру өте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте - бірте қалыптастыру көзделеді.
Халқымыздың табиғатқа деген қайырымдылық, қамқорлық сезімі, аялы алақаны, көздің қарашығындай қорғай білуі аты аңызға айналған Асан қайғы, күй атасы Қорқыт бабаларымыздың өсиетке толы сөздерінде елеулі орын алған. Қорқыт бабаның: «Қара орманың шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын»деген сөзі көп нәрсені аңғартпай ма Қазақта «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті» деген даналық сөздері ұрпағына мирас етіп қалдырып, табиғаттың арайлы ажарын, көркін, сымбатты сұлулығын сақтай біл дегенді білдіріп тұр.
2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
•  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
•  жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
•  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
•  экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
•  мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің  негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру; 
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерелейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Әдебиеттер:
1. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.
2. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.
3. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.

 







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!