Баяндама "педагогикалық идеалар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "педагогикалық идеалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "педагогикалық идеалар" тақырыбында жазылған. Онда сабақта қолданылған әдістерімнің тиімділігін баяндадым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімділігі де жойылады»
К. Д.Ушинский.

Picture 1

«№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Тоқхожаева Айбаршын Бейсеновна

Мен өз сабақтарымда әр-түрлі әдістерді кеңінен қолдануға тырысамын. Мен сабақ беретен  7-11 сыныптарда география пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың қоршаған ортасы мен өз жаратылысын білуге, географиялық термин сөздерді дұрыс оқып, айта білуге, бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру, ойын ашық айтып дәлелдей алатындай дәрежеге жеткізу. Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір мұғалім өз пәнінің хас маманы ғана емес, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырушы дәнекер шебер ұстаз бола білу керек. Өзінің әр сабағын түрлендіріп, оқушылардың ынта-назарларын осы пәнге аударта білу керек. Сол себепті мен де әр сабағымды түрлендіріп, өз дәрежесінде өткізе білуге тырысамын.
Осы мақсатта, мен, төмендегі үш әдісті кеңінен қолданамын. Олар:
1. Сұрақ-жауап әдісі.
2. ДЖИГСО әдісі.
3. « Түймедақтың алты үлтесі» әдісі.
1. Сұрақ-жауап әдісі – география пәнінде қолданылатын ең тиімді әдістердің бірі. Бұл әдіс, әсіресе, үй тапсырмасын сұрауда, өткен тақырыптарды еске түсіруде балалардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру үшін өте пайдалы. Мысалы, оқушыдан сыныпқа кірген мұғалім бірден сабақ, болмаса үй тапсырмасына не берілгенін сұрамай тұрып:
- Қазір қай мезгіл?
- Қай ай, нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Бұл күні қандай сабақтар болатын еді?
- Жаңа қандай сабақ болды?
- Қазір қандай сабақ?
деген секілді жеңіл сұрақ-жауап алудан бастаған өте тиімді . Осы әдісті пайдалану оқушының сабаққа да қызығушылығын арттырады, бір жағынан сыныптың психологиялық ахуалы қалыптасып сабаққа зейіні мен ынтасы арта түседі. Сұрақ-жауап әдісі тек сабақтың басында ғана емес, ортасында, соңында да пайдалануға тиімді.
2. ДЖИГСО әдісі – ауызша сабақтарда тиімді де ең қажетті әдістердің бірі. Ең алдымен, оқулық арқылы жұмыс жасалып, оқушыларға мәтін бойынша бөліктер беріп ізденуге мүмкіндік жасату. Бұл жұмыс күнделікті сабақта қолданылуы тиіс. Себебі, оқушы жаңа тақырыпты болсын , жеке тапсырманы орындауда болсын кантекспен жұмыс жасауға дағдыланады.Терминдерді географиялық тұрғыда меңгерте отырып оқулықтағы тапсырмаларды орындауға жаттығады. ДЖИГСО әдісі бойынша бірін бірі оқыта отырып , тақырып мәтіні қайталана беретін болғандықтан естерінде жақсы сақталып қалады. Мысалы, әр топ меңгерген тақырып бөлігін келесі топтарға түсіндіру барысында өзі де және достарына да түсіндіріп, мәтінді меңгеруді үйренеді.
4. «Түймедақтың алты күлтесі» әдісі – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, ойларын ашып айта білу үшін тиімді әдіс. «Түймедақтың алты күлтесі» әдісінің ең тиімді жағы, бала суретті көріп қана қоймай, ондағы сұрақтармен танысады, мәтінді жадында сақтай да алады.
Cонымен қатар, 8 – сыныпта «Тянь-Шань тауы» тақырыбында өткізген ашық сабағымда осы суретке байланысты «Түймедақтың алты күлтесі» әдісін пайдаландым. Мәтінде берілген Тянь-Шань тауы суретін беріп, оқушылардан 10 минуттық әңгімелесу болды. Осы әдіс арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктері көрінді, олар тау жүйесінің бөлінуі, оның маңызы бойынша сипаттап ойларын ашып айтып, өз білгендері туралы ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Осы әдіс арқылы оқушылардың жақсы нәтижеге жеткендігін көрдім, оқушылардың қызығушылығы да арта түсті.

Блум түймедағы немесе «Түймедақтың алты күлтесі» әдісіндегі сұрақтар:

  1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы әңгімелеп беруге болады.

  2. Анықтаушы сұрақтар. «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ...», «Менің түсінімгенімше сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ меніңше сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдарлы көңілмен берілуі керек.

  3. Түсіндіруші сұрақтар. Сұрақтар жай сұраққа айалуы керек. Мысалы: Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?

  4. Шығармашылық сұрақтар. «Егер», «болса», «қалай болар еді» деген сөздермен келеді.

  5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман» деген баға алды?, «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» деген сұрақтармен бағалайды.

  6. Тәжірибелік сұрақтар. Күнделікті өмірде қай жерде байқадыңыз? Саяхатшының немесе зерттеушінің орнында болсаңыз, не істер едіңіз? Теория мен практиканы ұштастырады.

«Түймедақтың алты күлтесі» әдісі география пәнінде тиімділігі зор.

Қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру басты міндеті болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әр түрлі әдіс тәсілдермен түрлендіру әр мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Сондықтан да ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар шыңының биік болу мүмкіндігі мол. Нәтижеге жету үшін ылғи да ізденіп, талаптану қажет.
Елбасының жолдауында айтылған «Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болу керек. Әрине мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, мен де өз білімімді әрі қарай жетілдіріп , оқушылардың білімі мен білігі сай нәтижеге бағытталған құзіретті тұлға дайындауға ат салысамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі