Материалдар / Баяндама: «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» мекемесі жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды л
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» мекемесі жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды л

Материал туралы қысқаша түсінік
ПМПК мекемесі дефектолог, логопед, психолог, тифлопедагог, сурдопедагог, әлеуметтік мұғалім және дәрігерлер невропатолог, психитр яғни әр саланың мамандары жұмыс істейтін ұйым. ПМПК-дағы баланы тексеру бір мезгілде мұғалімдер мен дәрігерлердің біртұтас команда ретінде бақылау- қатысу- талқылау түріндегі мамандардың өзара әрекеттесуін талап ететін процесс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Шілде 2022
374
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі балаларды тексеруды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.

ПМПК қызметінің негізгі бағыттары:

      1) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;

      2) балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру;

      3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының түрін белгілеу;

      4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес беру;

      5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының мамандарына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;

      6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уақытылы анықтау бойынша бірлескен жұмыс;

      7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есебін жүргізу және жиынтық есептілікті қалыптастыру.

ПМПК мекемесі дефектолог, логопед, психолог, тифлопедагог, сурдопедагог,әлеуметтік мұғалім және дәрігерлер невропатолог, психитр яғни әр саланың мамандары жұмыс істейтін ұйым. ПМПК-дағы баланы тексеру бір мезгілде мұғалімдер мен дәрігерлердің біртұтас команда ретінде бақылау- қатысу- талқылау түріндегі мамандардың өзара әрекеттесуін талап ететін процесс.

Баланы жеке басындағы ерекшелікпен оны қоршаған ортаның түрлі сезімдегі әсері, баланың оқуға деген мүмкіндігі ескере отырып, логопед тілдегі кемістік пен ерекшеліктерді белгілеп, сөйлеу тілінің даму дәрежесін, оның ой-өрісі деңгейіне сәйкестігін анықтайды. Күрделі жағдайда, баланы тереңірек логопедтік қосымша тексеруден өткізеді;

Сөйлеу тілінің даму деңгейі мен ерекшеліктерін бағалау, сөйлеу тілінің бұзылыс түрін анықтайды. Отбасына баланың сөйлеу тілін дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді;

Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

Логопед тексеруі келесі алгоритмде жүреді:

Ата-анамен, баламен амандасу.

Ата-анадан (заңды өкілден) ПМПК келу мақсатын сурау. Баланың жасын, сырт келбетіндегі ерекшеліктерін ескере отырып тексеруді кай жерде өткізген ыңғайлы екенін анықтап алу.

Баланы тексеруден алдын мамандарды таныстыру.

ПМПК жағдайындағы логопедиялық тексеріс ПМПК-дағы кешенді түрде өткізілетін тексерудің бір бөлігі болғандықтан логопедте анамнестік мәліметтерді жинақтаудан бастайды.

Ата-анамен сөйлесу. Анамнез жинау

Физиологиялық есту қабілеті: есту қабілеті , тілдік емес дыбыстар мен айтылған сөздерге реакциясы бар немесе жоқ. Тұрмыстық жағдайда айтылған өтініштерді орындауы.

Дауыс реакциясының және сөйлеу белсенділігінің азаюы немесе пайда болған уақыты. Гуілдеу, былдыр сөздер және сөз тіркестері пайда болу уақыты. Сөздердің, сөз тіркестерінің коммуникативті бағдары (қарым-қатынас және байланысқа түсуі).

Анамнез жинақтауда баланың қалыпты дамуына сүйенеміз. (Сөйлеу тілінің онтогенезде (организмнің жеке дара дамуы) даму нормативтеріне сәйкес жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты үн шығара алады. 2- айдан бастап Ересек дамдарға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталап, дауыстай алады. 3-айға жеткенде гу-гулейді. 5-6 айдан кейін буындарды айта бастайды. 1 жасында 6-10 сөз, 2-жасында 250-300 сөз, 3-жасында -1500 сөз қоры жиналады. Бұл ересек адам тарапынан балаға сапалы көңіл бөлініп, жағдай жасалғанда сөйлеу тілінің даму кезеңдері)

Тілдің коммуникативті функциясы:

Диалог жүргізу қабілет: сұрақтарға жауап беруі, өзі сұрақ қоюы. Сөз сөйлеуге қалауын білдіруі, сөздер мен сөз тіркестерін қолдануы.

Баламен сөйлесу.

-сенің атың кім?

- сенің жасың нешеде?

- кіммен келдің?

- сен немен келдің?

2.Түсінігі мен ауызша сөйлеу тілін зерттеу. Лексикалық құрылым. Заттың сипаты мен іс-әрекетті білдіретін сөздерді түсінуін зерттеу. Сөздік қорын тексеру.

Балаға суретте берілген заттарды көрсету ұсынылады: Сұрақ қою арқылы.

«Бұл не?», «Бұл кім?» сұрақтарға жауап берген соң, ауызша сұрау арқылы көрсетуін сұраймыз: «шарды көрсетші?», «балалар қайда?» «мысық, гүл, шар» көрсетші. Егер суретті көрсетпеген жағдайда түсінуін зерттейміз.

Баланың өз бетімен тақырыптық қатарды толықтыруы. Мысалы: «Түлкі,сиыр, арыстан ....».

Логопед бірыңғай мүшелерді атап өтеді, ал бала оларды бір сөзбен атайды: «диван, үстел, шкаф ...».


Заттардың іс-әрекетін атау: «қоян секіреді, ал қарлығаш ....», «жылан жорғалайды, ал балық .....». «машина жүреді, ал ұшақ ....».

Заттың сын сипатын атау: «Жастық жұмсақ, ал тас- ....», «Лимон қышқыл, ал алмұрт - ...», «Күндіз жарық, ал түнде- ...». «Машине тез жүреді, ал тасбақа -...».

Тексеріс барысында баланы мақтаймыз, теріс бағаламаймыз. Егер заттың атауын дұрыс айтпаса, тексеру барысында енжар (пассив) сөздік қорында бар жоғын тексереміз.


Грамматикалық құрылым.

Сөз өзгерту дағдыларын тексеру:

Заттарды жекешеден көпше түрге өзгерту мен ажырату: «Қыз қайда? , Қыздар қайда?» «Орындық қайда?, Орындықтар қайда?» суреттен және айналадыға заттармен мысал келтіріп, көрсетуін өтінеміз. Кейін затты бір дана ретінде айтып, баланың көпше түрде айтуын сұрау: үстел-үстелдер, диван-дивандар, терезе-терезелер, адам-адамдар.

Кішірейту мағынасындағы жұрнақтардың көмегімен зат есімдерді қолдану: «үй-үйшік; кітап-кітапша; кілем-кілемше; көл-көлшік; құлын-құлыншақ» .

Жинақтық сан есімдердің жасалуы: бір-біреу, екі-екеу,үш-үшеу, төрт-төртеу т.с.с» .

Мамандықтар сурет бойынша атау: тігінші-тігеді, дәрігер емдейді, мұғалім- білім береді,оқытады.

Сөз тіркесін және байланыстырып сөйлеу тілін тексеру. Әртүрлі әрекеттер жасалып жатқан сюжетті суреттер арқылы сөйлем құрайды: «Қыз тамақ жеп отыр», «Қыз тамақты қасықпен жеп отыр», «Қыз кереуетте ұйықтап жатыр», «Ұл бала апасына телефон соғып отыр».


«Қай суретте қыз тамақ жеп отыр?», «Қайсысында кітап оқып отыр?» «Бұл жерде кім тігіп отыр?», « Қай суретте емдеп отыр?» көрсетші.



Байланыстыра сөйлеу тілін тексеру. Мәтінді тыңдап, мазмұнын айту: мәтінді 3 рет тыңдап мазмұндау. Сұрақтарға жауап беру.

Жас ерекшелігін евкеріп балаларға«Құмырсқа мен кептер»мәтіні оқылады:

Құмырсқа су ішуге бұлаққа келді. Қатты толқын оны өзіне тартып, құмырсқа бата бастады. Жақын арада кептер ұшып бара жатты. Ол батып бара жатқан құмырсқаны көріп, оған шыбық тастады. Құмырсқа сол шыбықтың көмегімен судан жағаға шықты. Ал келесі күні аңшы сол кептерді тормен ұстамақшы болды. Құмырсқа білдірмей жақындап келіп, аңшының қолынан тістеп алды. Оны күтпеген аңшы айқайлап, қолындағы торын түсіріп алды. Сол кезде кептер пыр етіп ұшып кетті.

«Арыстан мен түлкі» мәтіні оқылады:

Арыстан ауырып, інінен аң аулауға шыға алмай қалды. Содан кейін ол аңдарды өзіне қонаққа шақыра бастады. Қасынан өтіп бара жатқан түлкіні де шақырды. Бірақ ол табалдырықтың алдында тұрып қалды. Арыстан одан «– Сен менің үйіме неге кірмейсің?» – деп сұрады. Ал түлкі оған былайша жауап берді: «– Мен сенің үйіңе кірген көп із көріп тұрмын, бірақ шыққан із көрінбейді». Соны айтып, түлкі қашып кетті.

Артикуляциялық аппараттың құрылымы мен қимылын зерттеу:

Еріндері, тістері, тіл, қатты таңдай,жақ сүйектерінің құрылысы.

Артикуляциялық аппараттың қимыл қозғалысын тексеру мимикалық бұлшық еттердің қозғалыссыз қалпындағы жағдайын бақылау.

Артикуляция мүшелерінің қимылын бірнеше рет қайталау:

1-10 дейін санау арқылы кең ашылған ауызды бір қалыпта ұстап тұру;

1-10 дейін санау арқылы жалпақ тілді төменгі ерінде ұстау;

Тілдің жоғары төмен қазғалуы (Әткеншек 5-6 рет);

Жоғары ерінді жалау (Тәтті тосап 5-6 рет);

Таңдай қағу (Ат шабады);

Қалыптар (Кесе, түтікше 1-5 дейңн саңау);

Тілмен, ретпен бірнеше қимылдар орындау (Жымию және түтікше, сағат, әткеншек).

Дыбыстарды айтуы.

Дыбыстық және буындық қатарды қайталау: А -И-У, У – И – А, И – У – А

КА-ТА-ПА, ПА-ТА-КА, ТА-ПА-КА

ПЛА-ПЛО-ПЛУ, ПЛО-ПЛУ-ПЛА

КАК-ПАК-КАК-ПАК

РАЛ-ЛАР-РАЛ-ЛАР

Фонематикалық үдерістерді тексеру.

Дыбыстарды қайталау: айтылуы бойынша алшақ (м, т, а, к, ш, ғ , с) және жақын (б-п, с-ш, р-л).


Қол-қимыл праксисін тексеру. 1,2,3,4, 4,3,2,1, Санамақты санаймыз, Саусақтармен ойнаймыз.


ПМПК логопед маманының негізгі қызметі баланың сөйлеу тілінің даму дәрежесін және тілдік кемістік түрін анықтау кіреді.



«Түркістан облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» мекемесінің логопед маманы А.Конратбаева









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!