Материалдар / Баяндама "Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына сай әдістемелерді саралау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына сай әдістемелерді саралау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына сай әдіс тәсілдерді қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2023
357
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ








Баяндама тақырыбы:

«Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына

сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді саралау»

Секция атауы: «Қ. Қайсенов шығармаларын оқытудың әдістемесі»

Орындаған: Д.О.Баймулдинова

Оқыту пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Оқыту тілі: Қазақ тілі


























2023 жыл



«Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына

сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді саралау»


Мазмұны:

Кіріспе

Ұлы Отан соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетінің көтерген мәселесі.

Негізгі бөлім:

І. Қ. Қайсенов шығармашылығы.

ІІ. Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу.

Қорытынды.


Ұлы Отан соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетінің көтерген мәселесі –соғыс зардаптары салдарынан өздерінің балалық, жастық шағын жоғалтқан балалар, жастар тағдыры жайлы болды. Үш бағытта өріс алды:

  1. Жау тылында партизандармен бірге жүріп Отан үшін алысқан, ерлік көрсеткен, көп қасірет шеккен жасөспірімдер мен балалар ерлігі, олардың тағдыры сөз болды. 

  2. Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Бұлқышев сияқты жастардың ерлігі жайлы туындылар өріс алды.

  3. Майданды қарумен, жылы киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған тылдағы ата-аналар мен балаларға арналған еді.

1940-1960 жылдар аралығында әдебиет әлеміне келген дарындар көркемдігі жағынан еленуге тиісті шығармалар бергенін жоққа шығаруға болмайды.

Осы шығармалардың көшбасшысы ретінде Қ. Қайсенов туындыларын айтуға болады. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртышылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

  • 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді.

  • «Илько Витряк»

  • «Переяслав партизандары»

  • «Ажал аузынан»

  • «Жау тылындағы бала»

  • «Днепрде»

  • «Жау тылында»

  • «Паризан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.

Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Осы шығармаларының ішіндегі «Жау тылындағы бала» повесі мектеп бағдарламасына сәйкес 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша оқытылады. Тақырыпқа жиыны 5 сағат бөлінген.

«Жау тылындағы бала» — Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазған повесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.

Отан соғысы жылдары қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі соны тақырып, ол – жау тылындағы партизандар қимылы туралы болды. Бұл тақырыпты әдебиетке енгізген екінші дүниежзілік соғыс жылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы құрылған астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді. Украина жерінде ол 1942 жылы Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Партизан отрядының сапында Украина, Молдавия, Чехословакия мен Румынияда фашистерге қарсы арпалысады. 1955 жылы «Илько Витряк», 1957 жылы «Переяслав партизандары» және 1959 жылы «Ажал аузында» деген очерктер жинағын шығарды. 1960 жылы «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесть жазды. 1963 жылы «Днепрде» кітабы жарық көрді. Қ.Қайсеновтың жоғарыда аталған үш кітабындағы оқиғалар Украина, Чехословакия жерлерінде болған.

Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.

Партизандар жау тылының алыс түпкірлерінде жүріп, ірі шайқастар жасайды. Олар жаудың мүлде күтпеген жерінен тұтқиылдан шығады. Жауынгерлер фашизмге қарсы күресте олардың басым күштеріне үздіксіз тойтарыс беріп отырады. Партизандар оқ-дәрі мен қару-жарақтар тиеген эшелондарды қиратып, жаудың гарнизондарына шабуыл жасайды, әлденеше қоймаларын өртеп жібереді. Партизандардың үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде неміс фашистерінің түрмелеріндегі, азап лагеріндегі тұтқында жатқан кеңес солдаттары мен офицерлері, бейбіт адамдар құтқарылады.

Қ.Қайсенов шығармаларында соғыс күндерінің осындай қиян-кескі кезеңдері суреттеледі. Оқиғаның барлық желісі бастан-аяқ жазушының өз атынан баяндалады. Шығармалары кейіпкерлерінің мақсаты – фашизмнің күлін көкке ұшырып, бейбіт өмір орнату.

Шығарманы оқыту барысында ұсынылған оқу мақсаттары:

7.2.4.1 шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау;

7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс - әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау;

7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;

7.1.1.1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.1.4.1 .Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. 7.2.2.1.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Оқу мақсаттарын игеру барысында мұғалім осы мақсаттарға сәйкес әдіс-тәсілдерді таңдай білуі қажет.

Оқу мақсаттары

Әдіс-тәсілдер

Ескертпе

7.1.1.1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

«Түйінді сөздер»

Оқушыларға көрсетілім арқылы немесе парақшаларға жазылған түйінді сөздер беріледі. Олар топтарда сол сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрайды және сабақ тақырбын анықтайды. Түйінді сөздер: Ұлы Отан соғысы, қазақ жауынгерлері, қазақтың қайсар ұлы, Вася т.б

Шығарма авторы, партизан жазушы Қ.Қайсенов туралы мәлімет беріледі.

7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс - әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау;

«Әдебиет алаңы»

«Мазмұндаушы»

Шығарма атауы ..........................................

Оқушының аты, тегі ............................

Мазмұндаушының атқаратын міндеті:

- Шығарманы оқып, кейіпкерлер, негізгі оқиға, айтайын деген ой (идея) туралы түртіп ал.

-Шығарманы түсініп, есте сақтау үшін қажетті негізгі оқиғаларды анықта.

- Өз жазбаңды пайдаланып, 1-2 минуттық қысқаша мазмұндау жаса.


Топ үшін сенің мазмұндауың өте маңызды болуы мүмкін, себебі ол шығарманың мазмұны мен кейіпкерлер туралы естеріне салады. Шығарманы жақсылап мазмұндау үшін бірнеше рет оқып, түсінбеген топ мүшелері үшін қайта қайталауыңыз да мүмкін.

Кілтті сәттер:

Негізгі оқиғалар ........................................................................

Негізгі кейіпкерлер: ................................

Қысқаша мазмұны ........................................



Шығарманы толықтай қарап, кейіпкерлерге мінездеме береді, негізгі оқиғаны анықтайды.

7.2.4.1 шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау;

«Жазушы тілінің сөздігін» құрастыру.

Тілдік ерекшеліктер

Мысалдар

Поэтикалық бейнелі, образды сөздер


Шешендік сөздер, афоризмдер


Алғыс, қарғыс сөздер, бата-тілектер


Мақаләтелдер



7.1.4.1 .Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі.

1-қадам. Шығармадан үзінді оқыту, оқылған мәтіннің мазмұнына, кейіпкер бейнесіне байланысты әр деңгейлі сұрақтар дайындау;

2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, талқылайды. Кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, жаттайды.

Мәтін өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды.

7.2.2.1.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

«Дөңгелек үстел» әдісі.

1-қадам. Мәселенің қойылуы: Шығармадағы автор бейнесі;

2- қадам. Кіші топтарға бөлу;

3- қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша бойынша:

- әр сөйлеуші берілген мәселе бойынша өз ой-пікірін бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы сол қағазға тағы да өз ой-пікірін жазып, көршісіне береді.

4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес мәселе жайлы пікірталас;

5-қадам. Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың әңгімелері нәтижесінде тұсаукесер жасатуға болады.

7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;

«Байланыстырушы»

Оқиғалар: Осы оқиғаға ұқсас оқиға бастарыңнан өткен жоқ па, мүмкін танытарыңның басынан өтуі? Шығармадағы оқиғалар шынайы өмірде болған бір оқиғаларды естеріңе түсірген жоқ па? Мысалы, оқыған немесе теледидардан көрген, әлеуметтік желілерден кездестірген оқиғаларға ұқсатығы бар ма?

Кейіпкерлер: Шығарма кейіпкерлері сенің танысыңды тб еске түсірген жоқ па? Неге? Өзіңнің бойыңда шығарма кейіпкерінің бойындағы ойлар мен сезімдер болды ма? Осы шығармадағы кейіпкерге ұқсайтын адамдарды білесің бе?

Жауабын сыныптастарымен талқылап, терең сараптама жасауға талпынады.

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

«Әңгімеге негізделген жазу»

Оқушылар шығармадағы өзіне ұнаған оқиға желісін дамытып жазады. «Дүниежүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді» деген ойды тереңдете отырып, тарихи, көркемдік құндылығына баға береді.



Пән бойынша оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттелген. Өйткені бұл оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай білу қабілетін дамытуға, оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өзі оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетінше оқытылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталады.


Әдебиеттер:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі (әдістемелік құрал), Б.Керімбекова, Ә. Қуанышбаева, 2017ж .

2. Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» .

3. Қазақ тілі 7-сынып «Мектеп» баспасы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!